Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Қоршаған әлем бала көзімен
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Қоршаған әлем бала көзімен

библиотека
материалов





Экологиямен таныстыру арқылы айнала қоршаған ортаны тануға деген қызығушылықты дамыту



hello_html_4fc10c87.jpg





hello_html_m4cb2aada.gif











Мазмұны:



І. Кіріспе………………………………………………..4

ІІ. Экологиямен таныстыру арқылы айнала қоршаған

ортаны тануға деген қызығушылықты дамыту

  1. Балалардың дамуындағы экологиялық тәрбиенің маңызы……………………………………………….6

  2. Мектепке дейінгі экологиялық оқыту – тәрбиелеу үрдісін ойын арқылы дамыту……………….…….12

  3. Ата-аналармен жүргізілген жұмыстардың

нәтижелері………………………………………….15

ІІІ. Қорытынды бөлім…………………………………18

Қосымша 1………………………………………...21

Қосымша 2………………………………………...44

Қосымша 3…………………………………….…..67

Қосымша 4………………………………………...77

Қосымша 5…………………………………………82

Қосымша 6…………………………………………85

Қолданылған әдебиеттер.











hello_html_305c879e.gif

Кіріспе


Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақ-сат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе бі-летін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, руха-ни ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс. Оған “Еліміздің білім беру жүйесінің Қазақстанның бәсе-кеге нақты қабілеттілігіне қол жеткізудегі негізгі міндет-тері - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назар-баевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстанның әлем-дегі бәсекеге қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру стра-тегиясы” атты Қазақстан халқына жолдауы” негіз болады.

Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашыл-дығы, көп ізденісті қажет етеді.

Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыла-рымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.

Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен білік-тілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында экологияны тереңірек та-ныстырудың ерекше орны бар екенін іс-тәжірибемде та-ныстым. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы – денсаулық-тың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.

Менің шығармашылық ізденіс жұмысымның тақыры-бы: “Экологиямен таныстыру арқылы айнала қоршаған ортаны тануға деген қызығушылықты дамыту”.

Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген көзқарасын да-мыту. Өлі және тірі табиғатпен таныстыру, айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.

Міндеттерім: 1. Болашақ табиғат жанашыры болатын ұр-

пақ тәрбиелеу.

2. Мектепке дейінгілердің экологиялық көз-

қарастарын кеңейту және жүйелеу.

3. Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден

тұжырым шығаруға үйрету.

4. Шығармашылықты, елестету мен ойлауды

дамыту.






hello_html_m41dd1604.png

Балалардың дамуындағы экологиялық

тәрбиенің маңызы

Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өне-тін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талап-тану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиет-терді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен ма-саттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Бала-лардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұр-мыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақ-тарға жауаптар іздейді.

Сайф Сарай: - “Ағаштың жемісін жеймін десең, түбі-не балта шаппа…” - деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін түсі-неді, әсемдікті танып, талғауды үйренеді. [1] Мысалы: Ба-лаларды гүлдермен таныстыру сабағында, олар олардың түрлерімен, пайдасымен танысып, хош иісімен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғыла-ры келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиял-дарынан бейнелеп салады. Шоқан Уәлиханов: “Табиғат-тың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар” – деген екен. [2]

_________________________________________

[1] Қ.Жарықбаев “Ақылдың кені” 1991 ж. 239бет

[2] Қ.Жарықбаев “Ақылдың кені” 1991ж. 238 бет.

Жоспарлы – прогностикалық оқыту үрдісінің

біріккен сұлбасы


hello_html_584245be.gif




















Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушы-лық өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы ұяларды т.б.

Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгеріс-тер, түстердің ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тар-тады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады.


Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылы-ғын ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік, қор-ғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең маңыздысы біздің та-биғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз та-биғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда балалардың дамуында экологиялық білікті-лігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Эко-логиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз бай-ланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне жә-не сезіне білу адамгершілік негіздерді қалыптастыруға кө-мектеседі. Оның міндеттері күрделі де сан алуан. Эколо-гиялық тәрбие балалардың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанымдардың орнығуына жәр-демдесе отырып, оның дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адам-дар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз.

Мен өз мақсатымды орындау үшін әр топқа жобалық жоспар құрдым. (Қосымша1) Техниканың жедел дамып, оның табиғатқа тигізетін әсері күшейе түсіп отырған жағ-дайда (қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресурстардың сарқылуы) балалардың бойында табиғатты, оның байлы-ғын, ол адамдарға тартатын сұлулықты аялау көзқарасын тудыру міндетінің маңызы ерекше. [1]

Сабақтарда мақсатты серуендер мен саяхаттарда ой-ындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізді. Ойын тәр-биешілер мен мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы десек те бола-ды. Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы болуы.

Сабақта экологиялық ойын түрлерін пайдалану – са-бақтың әдістерін жетілдіру жолдарындағы ізденістердің маңызды бір буыны.

_________________________________

[1] В.И.Ядэшко. Ф.А.Сохин “Мектеп жасына дейінгі педагогика” 1982 ж. 55 бет

Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді ашуға болады. Жалпы экология барлық оқыту – тәрбиелеу үрдісімен байланысты.

hello_html_6156d7ea.gif





















Осы сабақтастықтарды тиімді дұрыс пайдалану мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыта отырып, бі-лімді игеруге қызығушылықтарын тудырады. Балалар сабақта алған білімдерін іс-жүзінде тәжірибелерде өздері жасап, нәтижесін көреді. Мысалы: өсімдікке ауа қалай енетінін анықтауды қызыға орындайды.

Сабақтарда дамытушы ойындар мен сөздік ойындар дың маңызы өте зор. Олар байланыстырып сөйлеу мен есте сақтауды, ойлауды дамытады.

Менің балалармен жұмысымның тәжірибесі мынаны көрсетеді: егер балада мектепке дейінгі кезеңнен бастап

экологиялық тәрбие терең деңгейде меңгерілсе, онда ол айнала қоршаған ортамен, ұжыммен жеңіл қатынас жасай-ды, жаңа ережелер мен өзгерістерді оңай қабылдайды, қа-жетті білімді қиналмастан меңгереді. Осыған орай мен өз алдыма тапсырма қойдым – балалардың мектепке дайын-дығы, ой-өрісін кеңейту, белсенділік пен қабілеттілікті жақтайтын, жауапты балалар тәрбиелеу. Бұл тапсырма-ның шешілуі үшін экологияны қорғап, сақтап, айнала қоршаған ортаны танытуда балаларда нақты түсінікті жи-нақтау керектігін көрсетті. Балбөбек бағдарламасына сү-йене отырып, әр топта жобалық жұмыс жоспарын құрас-тырдым, түрлі экологиялық материалдар, ойындар, көр-некіліктер жинақтап жасадым. Балалармен экология саба-ғын жүргізу арқылы жер анамыз табиғатты өз анамыздай құрметтеп, қорғап, мақтан ету керекпіз деген түсінік бер-дім.

Кейде мектеп жасына дейінгі балалар өзін қоршаған табиғат тамашаларын бақылап, түсінгісі келеді. Бала ал-ғаш жауған қарға алақанын тосып, аузына салып, дәмін татып көреді. Қардың қалай қайдан пайда болғаны, неге еритіні және тағы басқа жәйттер сәбиді қызықтырады. Мі-не осының бәрі бала табиғатына тән қасиет. Бірақ оның үлкендердің басшылығынсыз өздігінен игерген білімі мен түсініктері жүйесіз, таяз болады. Сол себептен балабақша-ның оқыту тәрбие бағдарламасында балаларды сәби жасы-нан бастап табиғатпен таныстыру көзделген. Баланың ақыл-ойы мен тілін дамыту мақсатын негізге ала отырып, табиғатпен таныстыру кезінде әр түрлі әдіс-тәсілдермен саяхат сабақ, еңбек, бақылау, серуен жұмыстары ұйым-дастырылады. Бірақ оны таңдап алу оқу-тәрбие жұмысы-ның мақсатына, бағдарлама талабына, балалардың жас ерекшеліктері мен табиғат жағдайының маусымдық өзге-шелігіне байланысты. Мысалы, ересектер тобының бүл-діршіндерін өлі табиғатпен таныстыруда мынадай міндет қойылған: табиғатта заттардың бір қалыптан екінші қа-лыпқа өзгеретінін байқатып, оның себебін түсіндіру, аязда су мұзға, жылы кезде мұз суға, су буға, керісінше бу суға айналатынын білдіру, бақылату.

Бұл мақсатты жүзеге асыруда тек құрғақ сөзбен тү-сіндіру немесе суретін көрсету жеткіліксіз болады. Сон-дықтан мұнда бақылау қарапайым тәжірибе арқылы дә-лелдеу қажет. К.Ушинский бұл жөнінде былай деген: “Егерде педагог бір нәрсені баланың есінде қалдыруды көздейтін болса, ол сабақта көзбен көру, дыбыс органы-мен айту, қолымен ұстау және сезім мүшелерін қолдануы керек”.

“Гүлдер туралы аңыз”, “Жер әлемі”, “Әже әлдиі” т.б ашық сабақтар көрсетілді.(Қосымша2). Осы сабақтарда балаларға экологиялық білім беру арқылы жан-жақты дамыту көзделді. Олар осындай сабақтарда глобус, өлі және тірі табиғат, олардың өзара тығыз байланысы туралы толық білім алды. Экология сабағын басқа да оқыту-тәрбиелеу үрдісімен сабақтастырдым. Көркем әдебиет са-бақтарында жылдың төрт мезгілі, үй жануарлары, құстар т.б туралы тақпақтар жаттап, ертегілермен танысты. Олар-дың есте сақтау, байланыстырып сөйлеу, ойлау, елестету, бейнелеу қабілеттері осы экологиялық тәрбие арқылы дамыды.

Ыбырай Жақаев атамыз – “Барша байлықтардың анасы – Жер.[1] Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған орта-ны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда” – деген екен.

Балаларды экологиялық тәрбиелеуде еңбекке баулу-дың дамуы қоса жүреді. Олармен табиғи материалдардан

оларды суарамыз, күзде тұқымын жинап аламыз. Осының бәрін көріп-білу нәтижесінде “табиғат өмірін бұзба” – де-ген ереже шықты.

____________________________________________________

[1] Қ.Жарықбаев “Ақылды кені” 1991ж. 240 бет.


Мектепке дейінгі экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін ойын арқылы дамыту


Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын барысында балалардың айна-ладағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп таным бел-сенділігі артады.

Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділі-гін арттырудағы басты құрал. Бала ойын ойнағанда өзіне ұнайтын адамның іс-әрекетіне, жануарға т.б еліктейді. Қай бала болмасын ойнап өседі. Мен ойын арқылы әрбір баланың экологиялық деңгейін, қабілетін, белсенділігін анықтадым. Мысалы, кей бала құмнан неше түрлі бейне-лер құрастырса, кей бала жапырақтан құрастырады.

Баланың ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралы да ойын. Балабақшада, үйде алған білімдерін балалар іс жүзінде ой-ындарда дамытады. Мен экология сабақтарында дидакти-калық, дамытушы, логикалық ойындарды пайдаланам. Олар балалардың алған білімдерін еске сақтауға, қорытып тиянақтауға көмектеседі.

Балаларды үй жануарлары, құстар, балықтар, гүлдер, аңдар, жәндіктер, жеміс – көкөністермен таныстырып бол-ған соң, “Қайсысы артық, неге?”, “Не өзгерді?”, “Дәмінен айыр?”, “Даусынан айыр” т. б. ойындар ойналады. (Қосымша 4) “Егерде мен үлкен болсам” ойыны балаларды шығармашылдыққа, жауаптылыққа үйретеді, табиғатты қорғауға тәрбиелейді.

Сонымен қатар экологиялық сәттер оқып беру арқы-лы балалардың адамгершілік, танымдық қабілетін дамыта-мыз. Ойын барлық сабақпен тығыз байланысты, ойынсыз сабақ өтпейді десем жаңылмаймын. Ойын баланы жан-жақты дамытып, оқыту мен тәрбиелеуде өз септігін мо-лынан тигізеді. Жиі сұрақ қойылады: тәрбиеші ойынға қатыса алама және қатысуға тиісті ме? Әрине құқық қа біз иеміз, егер бұл ойынға қажетті бағыт берсе. Бірақ үл-кендердің ойынға араласуы тек оны бала қалап, сенім білдіріп, сыйласа, егер ол ойынды қызғылықты өтіп, ере-жесін бұзбай ойнай алса ғана іске асады.

Көркем шығармаларды сахналауды балалар өте қы-зығушылықпен ойнайды. Мысалы: “Аңшы мен бала”, “Гүлдер туралы аңыз” бойынша сахналауда олар жағым-ды және жағымсыз кейіпкерлерді тауып, шығарманың мазмұнын талдағанда табиғаттың қорғаушысы болған ба-лаларға ұқсағысы келетіндері байқалды.

Қызықты тәжірибелерге қатысуда балалардың өз жұ-мысының қорытындысын көруге деген ынта пайда бола-ды.(Қосымша 6). Оларды ауа мен судың қасиеттерімен таныстыруда түрлі ойындар мен тәжірибелер жасалады. Мысалы: “Кім тез үреді?”, “Толқын”. Көптеген ойындар таза ауада ойналады, балалардың қимылдауына, ойлауына септігін тигізеді. Жылдың әр мезгілінде әр түрлі ойындар ойнауға болады. Мақсатты серуендерде ағаштарды бақы-лау, өзгерісті айту, құстарға қамқорлық жасау, гүлдерді суару т.б арқылы балаларды еңбек сүйгіштікке, сұлулық-ты көруге, сезінуге тәрбиелейміз.

Оhello_html_472135cb.jpgйын алаңында қимылды ойындарда ұйымдастырылады “Аю мен түлкілер”, “Қасқыр мен қояндар” т.б ойындарда балалар жануарлардың мінез-құлқын, жүрісін, даусын сала-ды. Ойын арқылы олардың шығармашылық қиялдауы да-мыды. Олар ойындарда бірнеше құбылысты біріктіреді, жаңасын қосады, кейде өмірден, ертегіден қосып алады. Мысалы: Орманшы, зообақтағы аңдар т.б олар өз ой-ындарына қосып біреуі орманшы болып, қалғандарына өз ақылын айтады, оған қаладан зообаққа аң қоюға адам келеді.

Экологиялық шығармашылықты ойын арқылы дамы-туда бала белсенділігі мен қабілеттілігінің маңызы зор.





hello_html_m3b5e0ca4.jpg









Ата-аналармен жүргізілетін

жұмыстардың нәтижелері


Ата-ана баланың бірінші ұстазы және тәрбиешісі. Жаңа қалыптасатын жеке тұлғаны тәрбиелеуде оның ық-пал күші айырықша зор. Ата-ананың балаға әсерінің негізі олардың қалтықсыз сүйіспеншілігі, қамқорлығы болып табылады.

Ата-аналар А.С.Макаренконың “Балаларды тәрбие-леу–біздің өміріміздегі ең жауапты сала. Дұрыс тәрбие-леу–бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәр-биелеу–бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің көз жа-сымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы, бүкіл ел алдындағы айыбымыз” – деген пікірінің мағынасын түсі-нуі тиіс.[1]

Тәрбие ғылымы мен өнерін меңгеруде ата-аналарға кім көмектесуге тиіс? Бұл жұмыста мектепке дейінгі ұйым педагогтары маңызды рөл атқарады. Мен жанұяммен бірі-гіп жұмыстана отырып балаға тәрбиелік ықпал жасауда бірлік пен ынтымақ орнатуға ұмтылып, ата-аналарды пе-дагогикалық біліммен қаруландырдым. Ата-ананың бала тәрбиесі үшін қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуіне ықпал жасадым. Өз балаңның тәрбиесін өз ісің деп қара-май, қоғам алдындағы азаматтық борышың деп санау ке-рек. Ата-аналар жиналыстарында жанұядағы тәрбие мәсе-лесіне ақыл-кеңестер беріп отырдым. (Қосымша3)

Жұбайлардың бала көзінше жанжалдаспауы, жанұя мүшелері арасында дұрыс қарым-қатынас, ізгі тілектестік, өзара құрметтеу және қамқорлық жасау, ортақ тәртіп пен жанұя дәстүрі, ересектердің балаға қоятын талаптарының бірлігі маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар ата-ананың


_________________________________________________

[1] Макаренко А.С. Соч. т ІҮ 341 бет

бала алдында беделі болуға тиіс, мұнсыз тәрбие мүмкін еместігі де айтылды.

hello_html_m55659c68.gif














Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналармен бірлесіп жа-саған жұмыстарым балалардың бойында дұрыс мінез-құлық қалыптасуын қамтамасыз етті, дағдыларды, білім-дерді, іскерліктерді меңгеру үрдісін тездетті.

Мұндай бірліктің негізі ата-аналардың педагогика-лық білімділігі, олардың мектепке дейінгі ұйым жұмысы-мен хабардар болып табылды.

Әр ата-анамен жеке отырыстар өткізу арқылы бала-ның жанұядағы жағдайын, ата-ананың қарым-қатынасын біліп, керек жеріне көмектесіп отырдым.Үйге тасымалды кітапханалар беру арқылы ата-аналардың экологиялық бі-лімдерін байыттым. Оның нәтижесін алуда жиналыстарға сауалнамалар бердім. (Қосымша3). Сараптау арқылы жылдың басы мен аяғындағы нәтижені салыстырып, же-тістігімді көрдім. Бала тәрбиесінде үлгі болар отбасыла-рының жұмыстарын, жетістіктерін атап айттым.

Баланың экологиялық мәдениеттілігі”, “Отбасындағы бала тәрбиесі” т.б баяндамалар оқылып, талданды. Ата-аналарға арналған кештер: “Кітап бала өмірінде”, “Бала және табиғат”, “Әжелер мектебі”, “Әкелер мектебі” т.б.(Қосымша3). Өте қызықты өткен сұрақ-жауап кештері бала тәрбиесіне үлкен көмегін тигізді.

Сонымен қатар ата-аналармен бірігіп “Экология” мұ-ражайына, “Киров” саябағына, күзгі орманға мақсатты се-руендер мен саяхаттарға шығып, өз өлкеміздің табиғатын балаларға көрсеттік. Қызықты ойындар ойналып, бақы-лаулар жүргізіп, таза ауаның жанға берер рахатын бірлесе түсіндіріп, экологиялық тиым сөздермен таныстырдық.

hello_html_m280b2413.jpg













Қорытынды


Сонымен шығармашылық ізденіс жұмысымның нәти-жесінде мынандай қорытындыларға келдім. Олардың бас-тылары мыналар:

  1. Балалардың дамуында экологиялық тәрбиенің маңызы зор, ол өз жұмысымда дәлелденген. Балалардың барлық іс-әрекеті, ақыл-ойы осы айнала қоршаған экологиямен тығыз байланыста және экологиялық тәрбие балабақ-шамен шектелмейді, мектепте осы білімдерін одан әрі өрбітіп, байытады.

  2. Экологиялық саяхаттар, серуендер, сабақтар барлығы ойындар арқылы өрбіп, дамиды, түйсікте сақталады. Бала алған білімді көру, ұстап қарау арқылы тез қа-былдайды. Балалармен өткізген ойындарым көп жетіс-тіктерге жеткізді.

  3. Шәкірттерім алған білімдерін іс жүзінде көрсете білді, қалалық және облыстық “Кел, балалар оқылық!” бай-қауының жеңімпаздары Айталиева Жанбота мен Ишан-бекова Алинаны мақтанышпен айта алам.

Сөзімді қорыта келе мынадай тұжырымға келдім: мектепке дейінгі балалардың экологиялық білімі, білік-тілігі, тәрбиесі, мәдениеттілігі дамыған. Оны әр жыл сайынғы басы мен аяғында өткізілген сараптама көр-сеткіштерінен көруге болады.



hello_html_4fc10c87.jpg






hello_html_m2339434.gif










hello_html_64fdb2c8.gif








hello_html_2eab1abb.gif












Оқыту жүйесінің біріккен сызбасы

hello_html_22a7850b.gif



























Қосымша 1

Жобалық жоспар тақырыбы:

Экологиямен тереңдете таныстыру арқылы айнала қоршаған ортаны білуге деген қызығушылығын дамыту”


Мақсаты: Айналадағы дүниені, тіршілік тылсымын бағдарлап экологиямен тереңдете таныстыру арқылы ай-нала қоршаған ортаны білуге деген қызығушылықты дамыту.

Туған өлкенің табиғатын аялауға қорғауға, әсемдікті көріп сезуге тәрбиелеу.

Міндет:

  1. Табиғаттағы құбылыстарды таныстыру барысында балалардың танымдық, бақылаушылық, қызығушы-лықтарын дамыту.

2. Балаларда барлық тірі нәрселерге қайырымды көз-қарас қалыптыстыру.


Өтілетін уақыты

Жұмыс түрі

Тақырыбы




Мақсаты




Басқа жұмыстармен сабақтастығы

Қыркүйек

Сабақ

Күз


Күз айларын атауға жыл мезгілдері ерекшеліктерін айыруға үйрету. Ойын, бақылауларға белсене қатысып, ойлау қабілеттерін дамыту. Еңбекке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.


Бақылау: Күзі бақ.

Ойын: Бұл қай кезде болады?

Мақсатты серуен: Жапырақтардың өзгерісі.

Көркем әдебиет: Н.Жанаев “Күз” жаттату.

Сурет бойынша әңгімелеу: Алтын күз.



Сабақ

Жеміс-жидектер”


Жемістерді түр-түсі пішіні бойынша, сабағына, дәміне қарай ажырата білуге үйрету.

Дидактикалық ойындар, суреттер арқылы сезім, шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Дидактикалық ойын:

Ғажайып қапшық.”

Сурет: “Жемістер”.

Сөздік ойын: Жеміс, көкөніс.

Жаттау: “Апорт”.

Мазмұнды рөлді ойын:

Жеміс - жидек дүкені”.

Мүсіндеу: “Жемістер”.

Жеміс салатын ыдыс”.

Жапсыру: “Алма, алмұрт”.


Қазан

Сабақ

Көкөністер”


Көкөністерді түр-түсіне, пішініне, дәміне қарай салыстырып, ажырата білуге үйрету. Дидактикалық ойындар, еңбек, бейнелеу сабақтары арқылы ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Әсемдікті сезінуге, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.



Дидиктикалық ойын:

Не қайда өседі?”

Мүсіндеу: Қияр мен қызылша.

Қимылды ойын: “Кім тез жинайды?”

Ертегінің мазмұнын көрсету:

Шалқан”.

Әңгімелесу: “Көкөністердің, жемістерден айырмашылығы”.

Б.Әбілов.

Ала қарбыз ертегісі”.



Сабақ

Ағаштар”


Бақтағы, ормандағы, ауладағы ағаштарды бақылату. Үйеңкі, емен, қайың жапырақтарын түр-түсі пішіні бойынша салыстыру, айыру, тануға үйрету. Логикалық ойлау, байланыстырып сөйлеу, есте сақтау, елестету қабілеттерін дамыту, айнала қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.



Ойын: “Ағашты жалғашты бұтағы?”

Тақпақтар: “Емен, қайың”.

Жапсыру сабағы: “Күзгі жапырақтар”.

Мақсатты серуен: Ағаштардың күзгі тіршілігі.

Қимылды ойын: “Өз ағашыңды тап”.

Бақылау: “Ағаштардың өзгерістерін бақылау”.

Еңбек: “Жапырақтармен табиғи материалдар жинау”.


Қараша

Сабақ

Құстар”


Құстарды бақылату, қарға, торғай. Көгершін, шымшықты білуге үйрету. Қамқорлық жасап, жем, су беруге тәрбиелеу. Серуендер, ойындар, бақылаулар арқылы есте сақтау, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін тиянақтау.



Дидактикалық ойын:

Қандай құс?”

Қимылды ойын: “Құстар қайтты”.

Бақылау: “Құстар ұшып барады”.

Сурет салу: “Торғай”.

Ертегі оқу: “Қарлығаш

пен дәуіт”.

Торғай мен түлкі”.



Сабақ

Табиғат бұрышы”


Топ бөлмесіндегі табиғат бұрышымен таныстыру. Гүлдер мен аквариумдағы балық атын білуге үйрету. Суреттерін салуда түсті айырып, тегіс бояуға жұмыстану. Ойындар ойнауда есте сақтау, ойлау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту. Еңбекке тәрбиелеу.



Еңбек: “Гүлдерді суару, балықты тамақтандыру”.

Дидактикалық ойын: “Атын атап, көрсету”.

Әңгімелесу: “Бөлме гүлдерінің пайдасы”.

Тәжірибе: күннің көзінде және қараңғы жердегі бөлме өсімдіктерінің өсуі.

Сурет салу: “Бөлме өсімдіктері”.

Бақылау: “Аквариумдағы балықтың тамақтануы”.


Желтоқсан

Сабақ

Қыс”


Қыс мезгілі, айлары, табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. Шағын әңгіме құрап, өз ойларын жеткізуге үйрету. Жаңа сөздермен сөздік қорын байыту. Сурет бойынша әңгімелеу, дидактикалық ойындар, тәжірибелер арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.




Бақылау: “Қар сықырлайды, күн сәулесінен жалт-жұлт етеді”.

Ойын: “Қардан түрлі бейнелер салу, мүсіндеу”.

Дидактикалық ойын:

Бұл не?”

Еңбек: Ағаштар түбіне қар үю.

Жапсыру: “Қар жауып тұр”.

Тәжірибе: “Қардың қасиеттері”.



Сабақ

Қардың қасиеті”


Қардың қасиеттиерімен таныстыру. Тәжірибе жасауға қатыстыру. Табиғат құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту, қармен ойындар ұйымдастыру. Ертегілер оқу арқылы адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу.



Бақылау: “Ауа райы, қардың жауғанын, аязды күнгі терезе”.

Дидактикалық ойын: “Суретті құрастыр”.

Қимылды ойын: “Шанамен жарыс”.

Көркем шығарма оқу.

Еңбек: “Ауланың қарын тазарту”.

Сурет салу: “Қысқы ағаштар”.


Қаңтар

Сабақ

Қыстап қалатын құстар”


Қыстап қалатын құстар мен таныстыру, атап, айыруға үйрету, оларға қамқорлықпен қарауға баулу. Серуенде құстарды бақылату, жем шашу. Дидактикалық , қимылды ойындар, суреттер салғызу арқылы білімдерін тиянақтау. Өлең, тақпақтар арқылы тілдерін дамыту.




Суреттер бойынша әңгімелеу.

Бақылау: “Қыстап қалған құстар”.

Ертегі оқу: “Қарға мен түлкі”.

Еңбек: “Құстарға жем шашу”.

Сурет салу: “Құстар іздері”.

Дидактикалық ойын:

Құсты атап көрсет”.


Сабақ

Табиғи материалдар”


Табиғи материалдармен таныстыру, ойын кезінде олардың қасиеттерін әңгімелеу, топырақ құрғақ, су сусымалы, топырақты сулап түрлі бейнелер жасауға болатынын, ағаштың қасиеттеріне тәжірибелер жасап көрсету. Бақылаулар нәтижесінде маңыздылығын түсіндіру.



Тәжірибелер: “Ағаштың, топырақтың, судың қасиеттеріне жасау”.

Бақылау: “Қысқы ағаштар мен топырақты бақылау”.

Дидактикалық ойын: “Ұстап қарап, атын ата!”

Әңгімелесу: “Табиғи материалдардың пайдасы”.

Мазмұнды рөлді ойын: “Құрылысшы”.

Еңбек: “табиғи материалдар”.


Ақпан

Сабақ

Қызыл кітап”


Қызыл кітап туралы түсінік беру. Тәрбие жұмыстары барысында мақал, мәтел, жұмбақтар, тиым сөздерді қолданып, қызыл кітапқа енген аң-құстар туралы айтып өту. Баланың айнала қоршаған ортаға, табиғатқа, жан-жануарға деген мейірімділік сезімдерін бекіту.



Дидактикалық ойын:

Кім зейінді ?”

Саяхат: “Экологиялық мұражай”.

Әңгімелесу: “Қызыл кітапқа енген аң-құстар”.

Сурет салу: “Қызыл кітап”.

Қимылды ойын: “Аңшылар”.

Еңбек: “Табиғат бұрышындағы гүлдерді суару”.


Сабақ

Жабайы аңдар”


Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту. Аю, түлк, қоянның қысқы тіршілігімен таныстыру. Оларды айырып атауға, тануға үйрету. Ертегілер оқу арқылы жануарлардың жағымды-жағымсыз жақтарын, мінездерін, жүрісін салуға, айыруға тәрбиелеу. Сурет салуды, әңгімелеп айтуға жаттықтыру.



















Мазмұнды рөлді ойын:

Зообақ”.

Диафильм қарау: “Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі”.

Көркем шығарма: “Түлкі мен қасқыр”, “Аңқау аю”.

Мүсіндеу: “Жабайы аңдар”.

Әңгімелесу: “Жабайы аңдардың үй жануарларынан айырмашылығы”.

Сурет бойыншы әңгімелеу:

Қайсысы ұнайды? Неге?”

Наурыз

Сабақ

Көрікті көктем”


Көктемгі табиғат өзгерістері туралы түсініктерін кеңейту. Монолог түрінде сөйлей білуге жаттықтыру. Наурыз, сәуір, мамыр-көктем айларын атауға үйрету. Көктем туралы өлең, тақпақтар жаттату. Сурет және бақылауларда өз ойларын толық жеткізуге жұмыстану. МАқал, мәтел, жұмбақ т.б ауыз әдебиеті арқылы есте сақтау, ойлау, сезіну қабілеттерін дамыту, еңбекке, әсемдікке тәрбиелеу.



Табиғатты бақылау: “Айналадағы өзгерістер”.

Баққа саяхат: “Ағаштар мен жердегі өзгерістерді аңғару”.

Сурет көрсетіп әңгімелесу:

С.Мәуленов

Көктем”.

Оқып түсіндіру: Ж.Қашқынов. “Наурыз”.

Еңбек: “Гүлзарларды дайындау”.

Ән айту: “Көктем”.

Қимылды ойын: “Бұлақтан секір”.

Сурет салу: “Көктем көрінісі”.

Тәжірибе: “Ағаш бұтағын суға салып, көктегенін көру”.


Сабақ

Көктем құстары”



Жабайы үйрек, қаз, тырна, қарлығашпен таныстыру. Жылы жақтан оралуларын бақылау. Олардың көктемгі тіршіліктері, өсіп-өнуі туралы түсінік беру. Атап, көрсетуге, танып айыруға баулу. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Танымдық қабілеттерін арттыру. Байланыстырып сөйлеуді, сөздік қорын молайтуды жүзеге асыру.




Жаттату: “Құс келді” Б.Қозыкеев.

Қимылды ойын: “Мысық пен балапандар”.

Әдеби шығарма: “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”

Мүсіндеу: “Құстар”.

Еңбек: “Құстарға жем шашу”.

Бақылау: “Құстардың ұшып келуін бақылау”.

Дидактикалық ойын: “Өз құсыңды тап!”

Сәуір

Сабақ

Алғашқы көктем”



Алғашқы көктем гүлдері: бәйшешек, жауқазын, қызғалдақпене таныстыру. Әсемдікті көруге, сезуге тәрбиелеу. Гүлдердің пайдасы, қажеттілігін айта білуіне жұмыстану. Олардың емдік қасиеттеріне тоқталу. Суреттер, ойындар, тиым сөздер және т.б. арқылы танымдық есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.







Дидактикалық ойын: “Алтын алма”. “Қолыңа ал”.

Тақпақтар: “Қызғалдақ”.

Жаттату: А.Бақтыгереева. “Анаға сыйлаймын”.

Бақылау: “Гүлзардағы гүлдер”.

Еңбек: “Гүлдер отырғызу”.

Жапсыру: “Қызғалдақ”.

Қимылды ойын: “Кім тез гүлдер жинайды?”


Сабақ

Үй жануарларының тіршілігі”



Үй жануарларының көктемде жайлауға шығуы, төлдеуі туралы білімдерін кеңейту. Үй жануарларының пайдасы, олардан алынатын тағамдар, жасалатын заттар, киімдер туралы түсініктер беру. Үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.






Дидактикалық ойын: “Өз енеңді тап!” “Дәмінен айыр!”

Мүсіндеу: “Ауыл ұжымдық жұмыс”.

Диафильм қарау: “Төлдердің тамақтануы”.

Әңгімелесу: “Сүттен жасалатын ұлттық тағамдар”, Мақал-мәтелдер: үй жануарлары туралы.






Мамыр

Сабақ

Баққа саяхат”


Баққа саяхатқа шығарып, көктемнің әсемдігін, айналаның жап-жасыл кілемге орнағанын көрсету. Қысқы бақпен салыстыра, өзгешелігін айтуға жұмыстану. Бүршік, жапырақ, гүл, жеміс сөздерін меңгерту. Көргендерін қағаз бетіне бейнелеуге үйрету. Табиғатты қорғауға, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.




Қимылды ойын:

Өз ағашыңды тап!”

Көктем күні”.

Еңбек: “Сынған

бұтақтарды жинау”.

Тақпақ: “Көктем”.

Халық ауыз әдебиеті: Табиғат туралы мақал-мәтел, жұмбақтар айтқызу.

Тәжірибе: “Жапыраққа

ауаның енуі”.



























Жобалық жұмыс жоспарының тақырыбы: «Экологиямен таныстыру арқылы айнала қоршаған ортаны тануға деген қызығушылықты дамыту».


Мақсаты: Естияр топта басталған жұмыстарды іске асыру, күрделендіріп жалғастыру. Өсімдік және жануарлар тура-лы түсінікті кеңейту. Бақылау, талдау, салыстыру, табиғат ерекшеліктерін бөліп көрсету біліктіліктерін дамыту. Ту-ған өлке табиғатына сүйіспеншелікке және табиғатта дұ-рыс ұстай білуге тәрбиелеу.

Міндеттер: 1. Ағаштарды қабығынан, жапырақтарынан, гүлінен айырып атауға үйрену 5-6, 2-3 тал, 5 жеміс түрін, 3 бөлме өсімдігін

  1. 5-6 құс түрін, 8-10 жәндік, 5-6 балық және және жерасты тұрғындарын атауға үйрету







Өтілетін уақыты

Жұмыс түрі

Тақырыбы

Мақсаты

Басқа жұмыстармен сабақтастығы

Қыркүйек

Сабақ

Табиғат деген не?”

Табиғат пен адам жасаған құ-былысты айырып айтуға үйре-ту. Қоршаған әлемнің әсемдік және іс тәжірибелік бағалығын көрсету өлі және тірі табиғат туралы, жануарлар өміріндегі экологияның маңызы туралы түсінік беру


Бақылау таза ауада. Ди-дактикалық ойын: «Қа-йырымды тастар».

Жұмбақтар.

Әңгімелесу табиғат туралы қимылды ойын: «Ауа, су, жер».

Сурет салу: «Тамаша табиғат».

Мақсатты серуен: «Ба-лабақша ауласында»


Сабақ

«Өсімдіктер әлеміне саяхат»

Өсімдіктер түрлері олардың өміріне қажетті жағдайлар туралы көзқарастарын жинақ-тау. Олардың адамға пайдасын айту. Олардың өсетін жерлері-мен таныстыру: орман, бақ, бақша, дала. Табиғат заңдылы-ғын белгілеу: барлық өсімдік-тер икемделген орындарда өс-еді. өсімдік бөліктерін атап, айыруға ойындарды пайдалану. Еңбекке тәрбиелеу


Әңгімелесу: «Өсімдіктер әлемі туралы».

Суретпен жұмыс: «Орман қабаттары».

Дидактикалық ойын: «Дәмінен айыр», «Не қайда өседі?».

Халық ауыз әдебиеті: «Өсімдіктер, жеміс-көкөніс туралы жұмбақтар, мақал-мәтелдер».

Тақпақтар: «Раушан», «Бақ-бақ», «Алма», «Өрік».

Жапсыру: «Күзгі бақ».

Бақылау: “Ағаштарды бақылау”.

Еңбек: “Гүлдерді суару”


Қазан

Сабақ

«Ауа, су, күн»


Балаларға жер бетіндегі барлық тіршілікке ауа, су, күннің қан-шалықты маңызды екенін көр-сету. Таза су, ауа табиғаттың ақы жоқ сыйлығы екенін тү-сінуге үйрету. Өсімдіктер өсуі үшін күннің маңыздылығын тәжірибе арқылы көрсету. Ауа мен судың тазалығын ұқыпты-лықпен қарауға тәрбиелеу



Ертегі оқу:

Әңгімелесу: “Өмір сүру үшін не қажет?”

Сумен ойын: «Суды та-залау»

Тәжірибе: «Өсімдік үшін күннің маңыздылығын көру»

Мақсатты серуен: Таби-ғаттағы су, ауа, күннің рөлі.

Табиғат туралы шығарма шығару.

Сурет салу: «Жарқын күн».




Сабақ

«Туған өлкенің күзі»

Күздің өзіндік ерекшеліктері мен белгілері туралы түсінік-терін кеңейту, оларды табыға, өзгерістер туралы көзқараста-рын нақтылау, күздегі өсім-діктер мен жануарлар тіршілі-гіндегі өзгерістерді білуге үйрету. Адамдардың күзгі еңбегі туралы білімдерін тиянақтау.

Табиғатқа деген қорғаныш сезімдерін тәрбиелеу, оның әсемдігін көруге баулу

Әңгімелесу: «Жыл мез-гілдері туралы»

Шығарма: Қысқа аңдардың дайындалуына ауызша шығарма

Бақылау: «Күзгі ауа райын»

Қимылды ойын: «Күн мен түн»

Мақсатты серуен: “Гүлдердің тұқымын жинау”.

Көркем әдебиет: «Күз»

Сурет: «Алтын күз»


Қараша

Сабақ

Орман жануарлары мен”


Өсімдіктер мен жануарлар өмір сүретін күрделі организм, орман туралы түсініктерін нақтылау. Балаларды онда мекен етушілердің тамақтануы, бір-бірінен тәуелді деген түсінікті жинақтау. Ормандағы басты бөлік өсімдіктер, олармен көптеген жануарлар қоректенеді. Орманшы еңбегі туралы түсінік беру. Табиғатқа деген қызығушылықты тәрбиелеу.

Қимылды ойын: “Өз ағашыңды тап!”

Сөздік ойын: “Суретке қарап әңгімеле”

Мақсатты серуен: “Орман тынысы”.

Ойын: “Орманда нелер бар?”

Сурет: “Күзгі орман”.

Халық ауыз әдебиеті: Орман, табиғат туралы мақалдар, жұмбақтар.



Су сүгіш, құрғаққа төзімді өсімдіктер


Балаларды бөлме өсімдіктерімен су сүйгіш және құрғаққа төзімділігі туралы түсініктерін жинақтау. Бақылағыштықты дамыту, өсімдіктің сыртқы түріне қарап топтастыруға үйрету. Оларды күтуге баулу.



Тәжірибе: “Өсімдікке судың қажеттілігі”.

Дидактикалық ойын: “Өсімдікті ата”.

Саусақты ойын: “Гүл”.

Мүсіндеу: “Бөлме өсімдігі”.

Бақылау: “Өсімдіктердің өсуін бақылау”.




Желтоқсан

Сабақ

Жер асты патшалығымен таныстыру


Жер туралы түсінік беру, табиғаттың бөлігі екенін айту. Өсімдік пен жердің қарым-қатынасы, бір-біріне тәуелділігі туралы айту. Жер асты тіршілігімен таныстыру, ондағы мекен етушілердің тіршілігі, сыртқы түрі, мінезі, бейімділігі туралы түсінік беру.





Әңгімелесу: “Жер асты тіршілігі”.

Сурет бойынша әңгімелесу: “Кроттар жанұясы”.

Дидактикалық ойын: “Кім қалай бейімделген”.

Сурет салу: “Қысқы крот өмірі”.



Сабақ

Қыс”


Қыстың маусымдық белгілері туралы білімдерін кеңейту; қар қайда және қалай пайда болатыны туралы түсінік беру. Қыста ол табиғат өмірінде қандай рөл атқарады? Осы белгілерді өздіктерінен таба білуге, талдауға, салыстыруға қорытынды жасауға үйрету. Табиғатқа қызығушылық, қорғауға тәрбиелеу.


Жыл мезгілдері: әңгімелесу.

Әңгіме оқу: “Қыс”. М.Дутов.

Дидактикалық ойын: “Табиғат және адам”.

Бақылау: “Қардың жауғанын бақылау”.

Сурет салу: “Қар жауып тұр”.

Көркем шығарма: “Қыс”.

Жұмбақтар: “Қыс туралы”.


Қаңтар

Сабақ

Қызыл кітап”


Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы түсініктерін қалыптастыру, оның маңызы туралы түсіндіру, табиғатқа сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Өсімдіктер мен жануарлар туралы білім жүйесін тереңдету.


Серуендей бақылау: “Сирек кездесетін аң-құстардың суреттерімен әңгіме өткізу”. Көркем шығарма оқу: “Қызыл кітап”. Н.Хасенов.

Сурет салу: “Қызыл кітап”.

Дидактикалық ойын: “Зообақта кім тұрады?”


Сабақ

Біз жер планетасында тұрамыз”


Балаларға жер туралы түсінік беру, экологиялық мәселелер, олардың айналаға әсерін айту, жердегі тіршілік иелеріне және жерге сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.





Әңгімелесу: “Ғаламшар туралы”.

Саяхат: “Қазақстан республикасының жеріне”.

Талдау: “Экологиялық түйінді мәселелер”.

Дидактикалық ойын: “Сен жасыр, біз табамыз”.

Жапсыру: “Ғаламшар”.




Ақпан

Сабақ

Құстар туралы”


Балалардың құстар, олардың өмір талаптары туралы түсініктерін кеңейту,табиғат бұрышында және қыстап қалатын құстардың өміріндегі адамдардың рөлі туралы түсіндіру. Жерде өмір сүріп, ауада ұшатын құстардың өмірі туралы толықтырылған түсініктер жинақтау, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.


Инсценировка: “Құстар".

Дидактикалық ойын:

Менің үйім қайда?”

Сөздік жұмыс өткізу.

Жаңылтпаштар, жұмбақтар.

Тәжірибе: қанаттармен.

Мүсіндеу: “Құстар”.

Ертегі оқу: “Қарға мен бұлбұл”.

Бақылау: “Тамақтануын, қонуын”.


Сабақ

Алты аяқты кішкентайлар”


Көркем шығарма көмегімен жәндіктермен таныстыруды жалғастыру, олардың бейімделуін, жүруін, өмір сүру орнын, сыртқы түрі туралы білімді балаларға жүйелендіру. Жәндіктердің негізгі белгілері мен айырмашылықтарын бөліп айтуды үйрету. Танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу.


Ертегі оқу: “Құмырсқа илеуіндегі оқиға”.

Ойын – пантомима.

Дидактикалық ойын:

Кім қандай, қалай?”

Сурет салу:

Құмырсқа илеуі”.

Бақылау: “Құмырсқаның тіршілігі”.

Наурыз

Сабақ

Көктем”


Көктемнің табиғи ерекшеліктері мен белгілері туралы түсініктерін кеңейту.Осы белгілерді өздігінен табуға үйрету. Талдай, бақылай, салыстыра, қорытынды жасай білуді дамыту, соларды тілде қолдануға үйрету. Көктемгі құстар мен орман жануарларының

өмірі туралы түсініктерін кеңейту.


Әңгімелесу: “Наурыз туралы”.

Бақылау: “Наурыз” Ә.табылдиев.

Еңбек: “Ағаш бұтақтарының сынығын жинастыру”.

Дидактикалық ойын:

Бұл қандай құс?”

Сурет салу:

Көктем келді”



Сабақ

Қазақстан қорықтары”


Қазақстан қорықтары, олардың маңызы, орналасқан жерлері туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Қорықтарда атқарылатын жұмыстар туралы білім беру. Жануарлар мен құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.


Мақсатты серуен:

Үлкендердің көктемгі іс-әрекеттері”.

Қимылды ойын: “Қасқыр мен қаздар”

Дидактикалық ойын:

Не қайда тұрады?”

Сурет бойынша әңгімелесу: Қазақстан қорықтары.

Мүсіндеу: “Қорықтағы жануарлар”.

Сәуір

Сабақ

Дәрілік өсімдіктер”


Дәрілік шөптермен таныстыру, олардың қасиеттілігі туралы түсінік беру, оларды қажетті мөлшерде жинап, өзге өсімдіктерге зиян келтірмеу жағын ескертуге үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыту. Дәрілік өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.



Өлең оқу: “Итмұрын тергенде”. М.Жаманбалинов.

Дидактикалық ойын:

Бөлме өсімдіктерімен дәрілік өсімдіктерді ажырат”.

Қимылды ойын:

Кім тез жинайды?”.

Мазмұнды рөлді ойын:

Дәрігер”

Сурет салу: “Дәрілік өсімдіктер”.

Мақсатты серуен:

Дәрілік өсімдіктерді теру”.



Сабақ

Табиғат және адамдар”


Балалардың табиғат, ағаш түрлері туралы білімдерін тиянақтау, туған өлке табиғатына қорғаныш сезімін тәрбиелеу, өз ойларын толық жеткізе білуге, ағаштарды жапырағынан еркін айырып атауға, олардан нелер жасалатынын білуге үйрету.

Танымдық, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.



Жұмбақтар: “Ағаш, табиғат, аң-құстар туралы”.

Дидактикалық ойын:

Жапырағына қарап ажырат”.

Өлең оқу: А.Шаяхметов.

Алуан-алуан ағаштар”.

Қимылды ойын:

Өз ағашыңды тап!”

Сурет салу: “Біздің өлкенің табиғаты”.

Бақылау: “Адамның табиғатқа әсері”.


Мамыр

Сабақ

Қызанақты отырғызу


Балалардың өсімдіктерді егіп өсіру тәсілдері туралы білімдерін нақтылау; көшетке отырғызу тәсілдерімен таныстыру, балалардың өсімдік отырғызуға деген қызығушылығын тудыру, бірікке жұмыстан қуаныш, бақылаушылықты дамыту, ойлау, сөйлеу жауапкершілікке тәрбиелеу, өсімдікті күтіп өсіруге талаптарын дамыту.


Әңгімелесу: “Өсімдікті неден өсіруге болады?”

Ұжымдық еңбек:

Қызанақ егу”.

Жұмбақтар жасыру:

Көкөністер туралы”

Мүсіндеу: “Көкөністер көшеті”.

Мақсатты серуен:

Қызанақтың өсуін бақылау, суару”.



Сабақ

Көңілді тапқырлар клубы”:


Жыл мезгілдері туралы түсініктерін негізгі белгілері арқылы жинақтау және толықтыру: күн мен түннің ұзақтығы, температуралық шарттар, табиғаттың өзгерістері. Алған білімдерін ойындар, сурет салуда қолдануға үйрету. Тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын қолдау. Тәрбиешіні, өз достарын тыңдауға жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу.



Жарыс ойын: “Көңілді тапқырлар клубы”

Дидактикалық ойын:

Жыл мезгілдері”.

Сурет салу:

Қыс және жаз”.

Ән айту: “Жас әлем”.

Дамытушы ойын:

Сипатына қарай тап!”.














Жобалық жұмыс жоспарының тақырыбы: «Экологиямен таныстыру арқылы айнала қоршаған ортаны тануға деген қызығушылықты дамыту».


Мақсаты: Мектепке дайындық топта ересектер тобындағы алған білімдерін тиянақтап күрделендіре түсу. Өлі және тірі табиғат туралы, адамдар мен жануарлар дүниесінің арасындағы байланыс, халық болжамдары, тыйым сөздер-дің мазмұнын түсіне білуді қалыптастыру. Болашақ таби-ғат жанашыры болатын, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеттер: 1. Ағаштарды қабығынан, жапырақтарынан, гүлінен айырып атауға үйрену 5-6, 4-5 тал, 8-9 жеміс түрін, 5-6 бөлме өсімдігін

  1. 8-9 құс түрін, 10-12 жәндік, 8-9 балық және және жер-асты тұрғындарын атауға үйрету.





Өтілетін уақыты

Жұмыстың түрі

Тақырыбы



Мақсаты



Басқа жұмыстармен сабақтастығы

Қыркүйек

Сабақ

«Күз»


Жыл мезгілдері (Күз) туралы балалардың ұғымдарын кеңейту. Күзгі табиғат жөнінде ерте, кеш, күз мезгілдері туралы білім беру. Күзгі еңбекке араласуға тәрбиелеу. Дидактикалық ойындар арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.



Мақсатты серуен:

«Күзгі бақ»

Бақылау: «Құстардың

ұшып кетуі»

Еңбек: «Гүл

тұқымдарын жинау»

Сурет салу:

«Күздің әсемдігі»

Дедактикалық ойын: «Бұл қай кезде болады»



Сабақ

«Құстар»




Құстардың күзгі тіршілігімен таныстыру. Қарға, сауысқан, торғай, көгершінді, бақылату арқылы олардың айырмашылығын аңғарту, айыра білуге, тануға үйрету. Олардың пайдасын түсініп, қорғауға тәрбиелеу.







Дидактикалық ойын: «Құсты құрастыр, дауысынан айыр»

Мүсіндеу: «Құстар»

Еңбек: «Құстарға жем беру»




Қазан

Сабақ

«Жаңбыр»




Жаңбыр туралы түсінік беру, оның неден пайда болатынын түсіндіру. Жай жауын, қатты жауын, нөсерлі жауындарды айырып атауға үйрету. Ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту.






Бақылау: «Күзгі жауын»

Қимылды ойын: «Күн шықты, бұлт шықты»

Сурет салу:

«Жаңбырлы күн»

Сурет бойынша

әңгіме: «Жаңбыр»


Сабақ

«Тірі және өлі табиғат»


Тірі және өлі табиғат

туралы білім беру олардың айырмашылығын суреттер, диафильмдер, ойындар арқылы көрсету. Балалардың есте сақтау, көру, есту, ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты аялауға құрметтеуге, қорғауға

тәрбиелеу.




Дидактикалық ойын: «Зейінді бол»

Жапсыру: «Біздің

өлке табиғаты»

Диафильм қарау: «Табиғаттағы тіршілік»

Мақсатты серуен: «Тірі және» өлі табиғаттың өзгешелігі.



Қараша

Сабақ

«Орман жануарлары мен құстардың үйі»




Өсімдіктер мен жануарлар өмір сүретін күрделі организм орман туралы түсініктерін нақтылау. Балаларда онда мекен етушілердің тамақтануын бір- біріне тәуелді деген түсінікті жинақтау. Ормандағы басты бөлік өсімдіктер, олармен көптеген жануарлар қоректенеді. Орманшы еңбегі туралы түсінік беру. Табиғатқа деген қызығушылықты тәрбиелеу







Қимылды ойын: «Өз ағашыңды тап»

Сөздік ойын: «Суретке қарап әңгімеле»

Мақсатты серуен:

«Орман тынысы»

Ойын: «Орманда

нелер бар?»

Сурет: «Күзгі орман»

Халық ауыз әдебиеті: Орман табиғат туралы мақалдар, жұмбақтар


Сабақ

Су сүйгіш ,құрғаққа төзімді өсідіктер






Балаларда бөлме өсімдіктерінің сүу сүйгіш және құрғаққа төзімдігі туралы түсініктерін жинақтау. Бақылағыштықты дамыту, Өсімдіктің сыртқы түріне қарап топтастыруға үйрету. Оларды күтуге баулу.













Тәжірибе: «Өсімдікке

судың қажеттілігі.»

Дидактикалық ойын: «Өсімдікті ата»

Саусақты ойын: «Гүл»

Мүсіндеу: «Бөлме өсімдігі»

Бақылау: «Өсімдіктердің өсуін бақылау»

Желтоқсан

Сабақ

«Алғашқы қар»




Салауатты өмір салтын дәріптеу мақсаты мен сауық, мерекелерді өткізу. Табиғат пен адам денсаулығының өзара байланысы жайлы түсініктерін қалыптастыру. Қыс мезгілінің өзіндік табиғи ерекшеліктерін, ойындар мен бақылаулар арқылы көрсету. Тәжірибелер арқылы қардың қасиеттері мен таныстыру. Сұлулықты көруге, сезінуге, бағалауға тәрбиелеу.









Әңгімелесу:

«Қыс мезгілінің суреті бойынша»

Өлең оқу: Б.Жақып «Сырғанақ»

Дидактикалық ойын:

«Кім жылдам?»

Жапсыру: «Қар жауып тұр»








Сабақ

«Су өмірдің нәрі»





Қазақстандағы су қөздері олардың адам өміріндегі алатын орны. Қыс мезгіліндегі будың қарға айналуы тағыда басқа қасиеттері туралы түсіндіру суды үнемдеу жолдары мен таныстыру. Халық ауыз әдебиетін пайдалану арқылы жұмбатар, мақал-мәтелдер үйретіп, жаттатып сөздік қорларын молайту, есте сақтау ойлау қабілеттерін дамыту.









Карта бойынша жұмыс.

Тәжірибе жұмыстары: «Судың қасиеттері».

Әңгімелесу: «Судың

да сұрауы бар»

Дидактикалық ойын: тамшының жыл

мезгіліндегі саяхаты.

Бақылау: «Өсімдік

сусыз өсе ме?»


Қаңтар

Сабақ

Құстардың қысқы тіршілігі






Құстардың қысқы тіршілігі, (жеміс аз, үйлерге жақын келуі, адамдар көмегін қажет етуі) балалардың қыс кезінде құстарға қамқорлық жасауға деген белсенділігін арттырып, қамқорлық көз қарасын дамыту.











Сурет бойынша әңгіме құрастыру: “Құстардың қысқы тіршілігі”

Өлең оқыу: Тайбазар үлан

Қайтпай қалған қарлығаш”

Дидактикалық ойын: “Құстар”







Сабақ

«Табиғатты қорғаудағы халық болжамдары»





Туған өлкенің табиғатын қорғау, халық болжамдары жөнінен түсінік беру. Халық болжамдарын өз тәжірибелерінде пайдалана білуге үйрету, балалардың сөздік қорларын молайту. Табиғаттың әсемдігін көруге қорғауға тәрбиелеу. Бақылаулар мақсатты серуендер арқылы танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту








Мақсатты серуен: “Балабақша ауласы”

Халық болжамдары: хрестоматиядан

Дидактикалық ойын:

Қай жануар қайда мекендейді?”

Сурет салу:

Еркін тақырып”

Ақпан

Сабақ

«Қазақстан қорықтары»




Қазақстан қорықтары және олардың маңызы, орналасқан жерлері туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Қорықтарда атқарылатын жұмыстардың түрлері туралы білім беру, жануарлармен құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Дидактикалық ойындар, суреттер арқылы Қазақстан республикасының қорықтарындағы аң құстарды таныту.









Сурет бойынша әңгімелемсу: “Сирек кездесетін аң-құстар”

Дидактикалық ойын:

Бұл қандай құс?”

Оқып беру: “Қорықта”

Сурет салу: “Шығармашылық сурет”

Халық ауыз әдебиеті: “Жұмбақтар, мақал-мәтелдер”


Сабақ

«Жануарлардың қысқы мекені»




Жануарлардың қысқы тіршілігі (азық дайындауы, қыс бойы ұйқыда болуы, өзіне азық табуы) туралы әңгімелеу. Туған өлкенің дала жануарларын таныту, оларды қорғау, қамқорлыққа алу сезімін дамыту. Диафильмдер көру, ойындар ойнау, сурет бойынша әңгімелесу арқылы балалардың шығармашылық қиялын, есте сақтауын, танымдық қабілеттерін дамыту.








Сурет бойынша әңгімелесу: “Қыс мезгіліндегі

жабайы аңдар өмірі”

Әңгіме оқу:

М.Дулатов. “Қыс”

Дидактикалық ойын:

Қай жануар қайда мекендейді?”

Сурет салу: “Қысқы ормандағы көжектер”.


Наурыз

Сабақ

«Орман көркі ағаштар»




Туған өлке орманы, ондағы ағаштардың түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру, ағаш атауларымен таныстыру. Орманды оттан қорғау жөнінде түсіндіру. Орманда экологиялық ережелерді сақтауды үйрету. Табиғатқа қамқорлық көзқарасқа тәрбиелеу.







Сурет бойынша әңгімелесу: “Ағаш түрлері”

Сурет салу: “Орман”

Дидактикалық ойын:

Жапырағына қарап ажырат”

Өлең оқу: А.Шаяхметов

Алуан, алуан ағаштар бар”


Сабақ

«Табиғат бұрышындағы тіршілік»



Табиғат бұрышындағы өсімдіктердің құпия сырлары мен жануарлар (қоян, балық, құс, тасбақа) тіршілігі туралы түсінік беру. Өсімдіктерді күту, жануарларға қамқор болу дағдыларын, іс-әрекеттерін жетілдіру.





Еңбек: Өсімдіктерді отырғызу

Дидактикалық ойын: “Аквариумдағы балық”

Өлең оқу: М.Жаманбалинов “Кірпі”, “Қоян”

Бақылау: “Табиғат бұрышындағы жануарлар” Сурет салу “Аквариум”

Сәуір

Сабақ

«Құстар-біздің досымыз»




Құстар және олардың көктемгі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Құстарға деген қамқорлық сезіміне және оларға жағдай жасауға үйрету.



Мақсатты серуен: “Балабақша ауласына”

Сурет бойынша

әңгіме: “Құстар”

Дидактикалық ойын:

Бұл қандай құс”

Әңгіме оқу: С.Көбеев “Құстың ұясы”

Мүсіндеу: “Қарлығаш”




Сабақ

Қызыл кітап құпиясы




Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы түсініктерін қалыптастыру, оның маңызы туралы түсіндіру. Табиғатқа сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу






Өлең оқу: Н.Хасенов “Қызыл кітап”

Серуендегі бақылау: “Құстар”

Сурет салу:

Қызыл кітап”

Дидактикалық ойын: “Зейінді бол”

Мамыр

Сабақ

«Дәнінен жемісіне дейін»




Балалардың өсімдіктердің дәнінен жемісіне дейінгі өсу және даму жлдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғат бұрышында, аулада еңбектену және күн тізбемен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Бақылау кезіндегі байқағыштыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.







Бақылау:

Көшетті бақылау”

Еңбек: “Гүлдер мен бақшаны суару”

Өлең жаттау: “Көктем”

Сурет салу: “Пияздың

өсу жолы”


Сабақ

Жасыл дәріхана




Жасыл дәріхана және оның қажеттілігі жөнінде түсінік беру. Емдік қасиеті бар өсімдіктермен таныстыру оларды қажетті мөлшерде ғана жинап, өзге өсімдіктерге зиян келтірмеу жағын ескертуді үйрету.







Көрме: “Дәрілік шөптер”

Әңгімелесу: “Дәрілік шөптердің пайдасы”

Өлең оқу: М.Жаманбалинов

Итмұрын тергенде”

Дидактикалық ойын: “Бөлме өсімдіктері мен дәрілік шөптерді ажырат”


Қосымша 2

hello_html_m78e31d7a.gif













































Тақырыбы: Гүл туралы аңыз


Мақсаты:

    1. Білімділік – Көркем әдебиет арқылы экология-лық білімдерін терендету. Аңызбен таныстырып табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту, өз ой-ларын толық байланыстыру.

    2. Дамытушылық жеткізе білуге үйрету. Логикалық ойлау есте сақтау қабілетін дамыту.

    3. Тәрбиелік, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.


Керекті құралдар: Гүлдер, құстар, ағаштар суреттері, аңыз желісі бойынша салынған мазмұнды сурет, ақ қағаз, түсті бояу, қарындаш, логикалық ойын.

Әдіс тәсіл: ойын, сұрақ-жауап, импатия, оқып беру, көр-сету, түсіндіру.

Алдын-ала жұмыс: тәжірибе жасау.

Барысы: Шеңберге тұрып, қонақтармен амандасу.

Арайлап таң атты

Алтын күн сәуле таратты

Сәлематсыздарма,

Қайырлы күн болсын.

Тәрбиеші: Мен бүгінгі күн сендерге жаңа бір жаналық, көтеріңкі көңіл күй әкелгенін тілеймін балалар.

Ақторғын: Аспанымыз ашық болғанын тілеймін.

Жанбота: Балабақшамыз жайнай түссін.

Самал: Ата-анамыз аман болсын.

Мерлан: Табиғатымыз таза болсын.

Тәрбиеші: Балалар біздің тақтада жасырын сурет тұр, қане ашып көрейік.

Мынау ашылмайды ғой. Арасына хат түседі. Тәрбиеші оқып береді, гүл ханшайымынан, көмек сұрайды: Мен сендерге келе жатқанда, мыстан кемпір ұстап алды.

Ойын: «Сиқырлы қоржын»

Шарты: Балалар, мынау қоржын ішіндегі асықтарды алып, түсіне сәйкес хатты ашсақ тапсырма бар дейді. Әрбір екі тапсырманы орындасақ тақтадағы жасырын сөз ашылады дейді. Осы сиқыршы біздің білімімізді қарағысы келетін сияқты.

- Ойнаймыз ба, балалар?

- Иә.

Балалар орындарына отырады.

Бір бала шығып қоржыннан асық тандап: Мен қызыл асық алдым, қызыл түсті хатты тәрбиешіге береді.

Тәрбиеші ашып тапсырманы оқиды.

Жылт жылт етемін

Жылғалардан өтемін дейді.

- Бұл не, балалар?

- Су

- Кім су болып, су туралы айтады?

Екі бала: Көк асықты алып, көк түсті хатты тәрбиешіге оқытады.

- Өз атын өзі атайтын құсты қалай атаймыз?

- Кім суреттен қыстайтын құстарды атап көрсетеді?

Света: Қарға, көгершін, торғай, сауысқанды көрсетіп, аттарын айтады.

3 тап: - Қандай ағаш түрлерін білесіңдер? Суреттен көрсетіп атандар.

4 тап: - Жыл мезгілдерін атап айт? Қазіргі жыл мезгілі туралы не білесің?

5 тап: - Қандай гүлдерді білесіңдер?

Тәрбиеші: - Балалар, кім қандай гүл болғысы келеді?

Раушан: Қызыл, күлгін, ақ сары

Шешек атқан сақтары

Хош иісі сүйсінткен

Ең әсем гүл бақтағы.


Бақ-бақ: Бақбақтан бай тұрасыз

Қыздар гүлін жиды

Дәрігерлер еле беріп

Райымбек Шипалы гүл дейді

Жолжелкен: Қай өсімдік болады екен

Самал Десек бұл шөп жолжелкен

Болмаса да ең көркем

Шипалы шөп жолжелкен

6 тап: - Біздің өлкенің өзен, көлдерін ата?

Карим: Біздің өлкеде Жайық өзені, Шалқар, Шаған, Дер-кул көлдері бар. Олар сазан, шортан, көксерке, тағы басқа көп балыққа бай.

Міне балалар, мынау жасырын сөзде ашылды. Сөзді оқу, дыбыстық талдау жасау. Осы гүлдердің қандай пайдасы бар?

- Олар ауаны тазартады.

- Әсемдік береді.

- Емдік дәрілер жасалады.

Тәрбиеші: Қане, енді «Көленкесін тап» деген ойын ойнап жіберейік.

Шартымен таныстыру.

Сергіту сәті: Отырайық жүрелеп

Гүлдерге су құяйық

Орнымыздан түрегеп

Басқа гүлге барайық.

Гүлдер ханшайымы келіп, аңызды береді.

Ерте, ерте, ерте еді

Жер мұнанда көркем еді

Шаруалар тұқым сеуіп

Күні - түні тер төгеді

Шаруалар тер төгеді

Гүл мен жерді көмкереді

Бидай мен гүл қатар өссе

Қызығын хан, ел көреді

Хан: Бидай ғана елдің көркі

Дән өсіру ел міндеті

Пайдасы жоқ, гүл деген де

Толып кетті жердің беті

Деп, хан бірде жарлық етті

Құртындар бар гүл біткенді

Деп, хан бірде жарлық етті

Гүл де егеміз

Дән де егеміз

Туған жерге сән береміз

Дегендерді тындамады

Хан ашулы әрі айбатты

Гүл үстімен мал айдатты

Хан бір күні ауырып қалды

Айлар бойы сауықпады

Емші айтты: Бал қосылған беріндер тауып дәрі.

Бал табылса, қалар жаны

Бал іздеп, ел таба алмады

Бір тал гүлдің табылмауы

Хан жанына қайғы салды

Бір бала тек сақтап қапты

Ханға гүлін таптатпапты

Сол маңайға жиналыпты

Бал аралар қаптап бақты

Күлкілі де

Қайғылы әрі

Бала балғын жайды ұғады.

Хан ауырудан айығады

Гүл егіпті ел қайтадан

Түрленіпті жер қайтадан

Бидай-тамақ, гүл-сұлулық.

Бұл екеуі егіз дейді

Бидайменен гүл өседі

Ел қызықпен күн кешеді

Бүгін гүлдің солмауы үшін

Барлық адам күреседі

Дамытушы ойын: « Көлеңкесін тап»

Мазмұнды суретке қарап, сұрақ жауап әдісін қолданып, балалардан аңыз туралы әңгімелеп беруді талап ету.

Тәрбиеші: Көрдіңдерме балалар, табиғаттың бізге берер пайдасы шексіз.

Ол туралы ата-бабаларымыз дана сөздерді көп айтқан.

Мысалы: «Гүлді жұлма», «Бұтақты сындырма», т.б.

Сендер не айтар едіндер?

Ислам: Ұмытпай күнде су құйям гүлге.

Жайнайды гүлім, құлпыртып түрін


Света: Кешкілік пе күндіз бе

Өсіп тұрған гүлді үзбе

Дыбыс тарап сан қилы

Жұпар иісі аңқиды.

Сурет салу: «Менің сүйікті гүлім». Келген қонақтарға сыйлау.

hello_html_m3338f503.jpg






















hello_html_1edd8a23.gif




































Тақырыбы: «Жер әлемі»


Мақсаты: Тірі және өлі табиғат туралы түсініктерін жал-ғастыру. Глобус туралы білімдерін тиянақтау, табиғат құ-былысының әсемдігін көруге, қабылдауға, қорғауға тәр-биелеу. Табиғат тағдырына араласып оған аяушылықпен қарауға үйрету. Жер, су, ауа туралы білімдерін молайту, үнемдеп бағалауға тәрбиелеу. Сурет салуға қызығушылы-ғын арттыру, табиғи материалдармен жұмыстануды жал-ғастыру.

Керекті құралдар: глобус, қапшық, кілем, гирляндылар, жануарлар, өсімдіктер, құстар суреттері, магнитті қармақ балықтар. Жер, су, ауаның киімдері, бос ыдыстар, қай-наған су, шар, аңшы киімі, мылтық, Жер-ананың киімі.

Алдын-ала жасалған жұмыс: орманға, жануарлар мен құс-тар мұражайына саяхат. Серуенде, бақылаулар жасау, өлеңдер мен тақпақтар жаттау, «Аңшы мен бала» көрі-нісіне дайындалу.

Барысы: Балалар бізге бүгін қонақтар келіп қалған, қане амандасып әдепті бала екендігімізді көрсетейік.

Нұрға толы бар аймақ

Күн шыққанда арайлап

Ұйқымыздан тұрғанда

Күлімдейді жан анам

«Қайырлы таң ботам» - деп

  • Қайырлы таң балалар!

  • Қайырлы таң қонақтар!

  • Салематсыздарма!

Енді әдемі отырып сабағымызды бастайық:

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем айларын атаңдаршы?

  • Ал мынау не?

  • Глобуста не бейнеленген?

  • Осы жер әлемі туралы кім әңгімелеп береді?

1 бала: Глобуста көк түспен су, қоңыр түспен жер, жасыл түспен орманды жерлер көрсетілген. Біздің Жердің көп бөлігін, ашып айтсақ 70 пайызын су алып жатыр, соның ішінде ащы су көп бөлігін алады.

Есік қағылып өзі жүріп сиқырлы қапшық кіреді, хат бере-ді, тәрбиеші хатты оқиды:

  • Құрметті балалар сиқырлы әлемге саяхатқа шақыра-мын, егер келіссеңдер есікті ашыңдар. Сендерді ме-нің сиқырлы кілемім күтіп тұр.

Тәрбиеші:

  • Балалар барғыларың келе ме? – Иә.

  • Ендеше шуламай сиысып отырайық.

Балалар айналасы жанып-сөніп тұрған сиқырлы кілемге отырады, сиқыршының дауысы шығады: - енді көздеріңді жұмып, көз алдарыңа аспан әлемін елестетіңдер, аспанда нелер болады?

Сендер таулар мен көлдер, ормандар мен қалалар үстімен, бұлттар арасымен ұшып барасындар.

Тәрбиеші: Қане көзімізді ашайықшы келіп те қалған сияқ-тымыз, іздермен жүру.

Сиқырлы әлемнің есігі ашылады, тас қараңғы, мұңлы саз ойналып зарлы дауыс шығады:

Табиғат пен тіршілік,

Көк түтінге тұншығып.

Аяқ асты тапталып,

Жатыр қанша гүл солып.

Ей адамдар күн мен гүлден жаралған,

От сезіммен мейірім содан таралған.

Зар қайғыдан күрсінгенде,

Аһ ұрады дүние.

Жаратылыс заңдылығы бұзылса,

Сонда болар кім ие?

Тәрбиеші: Балалар мынау табиғат ананың мұңлы дауысы, ол табиғатты ластап сындырып опат қылып жатқанын айтып жылап тұр. Біз олай етуге жол береміз бе? – Жоқ.

Тәрбиеші: Қане оны қалай сүйетінімізді көрсетейік:

1 бала: Әлемге қуатты,

Сәулемен шуақты.

Алып күн беріп тұр,

Жарық күн көріп тұр.

2 бала: Жер шары дәу әлем,

Қоршаулы ауамен.

Ауасыз кім шыдар,

Ауасыз тұншығар.

3 бала: Өңірдің өзені,

Өмірдің өзегі.

Сусыз Жер өмірсіз,

Нусыз өр, өңір түз.

4 бала: Табиғаттың тарылтпасын, мөлдір кәусар тынысын,

Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысын.

Ей адамдар қалай ғана қатыгездік жасайсын?

Ол анаң ғой, ал Сен кенже ұлысың.

Су кіріп балалармен амандасады, жұмбақ жасырады:

  • Жылт-жылт етемін, жылғалардан өтемін (Су).

  • Өте дұрыс бұл су екен, су туралы не білесіңдер?

Балалар: Сусыз өмір жоқ, ол ащы және тұщы болады, ол сұйық, қатты, және газды күйде болады. Суды үнемдеу ке-рекпіз, кранды жауып жүру керекпіз, суды шашып ой-науға болмайды, көлге лас қалдықтарды болмайды.

Су: қандай білімпаз балалар, сендермен «Балықшы» ойы-нын ойнағым келіп тұр, қане, кім көп балық ауласа сол жеңеді.

Ойын ойналып бола келгенде ауа кіреді. Амандасып өз жұмбағын жасырады:

Барма, жоқпа оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде, өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)

Осы ауа туралы кім не айтар екен?

Балалар: ауа түссіз, көзге көрінбейді, ауаны өсімдіктер та-зартады, ауамыз таза болу үшін, заводтар мен фабрика-ларды қаланың шетіне салу керекпіз.

Ауа балалармен «Шарды кім тез үреді?» ойынын ойнай-ды.

Жер кіріп, олда жұмбақ жасырып, ойын ойнатады. Бала-лар жердің пайдасын айтады. Дауыс шығып табиғат ана кіреді: мен өте қуаныштымын, сендерге риза болып тұр-мын. Біздің болашақ ұрпағымыз менің табиғатымның қорғанышы, тірегі, серігі болады. Сендер өздеріңнің жы-луларыңмен мынау табиғатты тірілттіңдер, рахмет.

Тәрбиеші: Балалар қане табиғат анаға өзіміздің балабақ-шамыздағы «Аңшы мен бала» көрінісін көрсетейікші: Аңшы – құс аулауға шығамысың?

Бала: - Шығамын.

Аңшы: Атқаныңды жығамысың?

Бала: Жығамын.

Аңшы: Мә, мылтығым атамысың?

Бала: Атамын.

Аңшы: Сен атып қайт, мен демалып жатамын.

  • Құсың қайда қарағым-ау?

Бала: Атпадым.

Аңшы: Таппадың ба, тоғайдан құс?

Бала: Таппадым.

Аңшы: көп еді ғой көлде құс.

Бала: Көп екен.

Аңшы: Иә, неге атпадың?

Бала: Түк дәлелім жоқ.

Аңшы: Атуға сен қимадың ба?

Бала: Қимадым.

Туған жердің табиғатын, құстарында сыйладым.

Табиғат-ана: Өркендерің өссін.

Үлкен боп өз елін, табиғатын сүйетін ұлан болыңдар. Сендерге мынау табиғатымның мөлдір таза суы мен ба-ғымның дәмді алмасын тарту етемін. Сау болыңдар.

Тәрбиеші: Балалар бізді сиқырлы кілем күтіп тұр, қане балабақшамызға қайтайық.

Топқа келген соң, - Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?

Өздеріне ұнаған сюжетті суретке салу.




hello_html_78278389.jpg



hello_html_m34887291.gif

































Сабақтың тақырыбы:

Әже әлдиі”


Мақсаты: Ата-бабамыздың салт-дәстүрін әдет-ғұрпын, өнерін, тұрмысын таныстыруды жалғастыра отырып, бе-сік жыры, оның маңызы туралы түсінік беру. Әже әлдиі-нің мағнасын түсінуге, қабылдап сезінуге үйрету, өз елін, ата-анасын сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу. Мақалдар, жұмбақтар, өлеңдер мен айтыс өнерін айта білуге, сөй-лемді толық аяқтауға үйретуге жұмыстану. Есте сақтау, ойлау, қабылдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.

Әдіс тәсіл: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын, түсіндіру, жа-рыс.

Керекті құралдар: бесік, қуыршақ, төрт түлік суреті, тау, киіз үйлер макеты, асық, қоржын, домбыра, ұнтаспа, сандық, диермен, келі.

Барысы: - Амандасу рәсімі;

Нұрға толы бар аймақ,

Күн шыққанда арайлап.

Ұйқымыздан тұрғанда,

Күлімдейді жан анам.

«Қайырлы таң ботам» - деп,

  • Қайырлы таң балалар!

  • Қайырлы таң қонақтар!

  • Салематсыздарма!

Тәрбиеші: әдепті бала алдыменен амандасар деп өзіміздің әдептілігімізді көрсеттік. Қане енді қолымызды ұстасып, алақандарымыздың жылуын бір-бірімізге беріп, жақсы ті-лектер айтайық.

Мен бүгінгі күн бізге ананың алақанындай жылулық сила-сын деймін.

  • Ата-анамыз аман болсын.

  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Еліміз тыныш болсын!

  • Балабақшамыз жайнай түссін!

  • Ана тіліміз биікте асқақтап, еліміз гүлдене берсін!

  • Ата-әжелеріміз аман болсын!

  • Бәріміз дос болайық!


Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Әже әлдиі». Сендер жайлауға әжеге қонаққа барғыларың келе ме?

  • Иә

  • Қазір Әсемнің әжесіне жайлауға барамыз.

Тәрбиеші: Мына автобусқа отырайық. Райымбек жүргі-зуші болады. Қане бәріміз көзімізді жұмып жасыл жай-лауды елестетейік. Айнала жап-жасыл, әдемі гүлдер жайқалып тұр, киіз үйлер жайылып малдар, төлдер жүр. Қазан басында әжеміз құрт жасап жүрген шығар. Ал енді көзімізді ашайық. Мәссаған, міне айт дегенше жайлауға да келіп те қалдық.

Балалар автобустан түсіп төлдермен амандасады.

  • Сәлематсың ба қошақаным,

  • Амансыңба ботақаным,

Алдарынан күн шығады:

Жарқыраған мйірімді күн боламын,

Адамзаттың алғысын мен аламын.

Қош келдіңдер жайлауға балдырғандар.,

Аман болсын әрдайым аналарың.

Балалар: Сәлематсыз ба жарқын күн.

Тәрбиеші: Келіңіз күн бізбен бірге болыңыз!

Жылаған сәби дауысы шығады.

Тәрбиеші: Біздің шуымыздан кішкентай бөпе оянып кетті-ау. Қазір жұбатамыз.

Осы кезде сырттан әжесі кіреді.

Балалар: Сәлематсыз ба Әже!

Әже: - Амансыңдарма айналайын құлындарым.

Қош келдіңдер төрлетіңдер. Кішкентай бөбегім жылап қалды ғой, қазір әлдиіммен ұйықтатып тастайын. Әже әлдиін айтады 4-5 шумақ.

Тәрбиеші: Міне әжесінің бесік жырынан соң бөпе ұйық-тап қалды. Балалар тәрбие осы бесіктен басталады. Нәрес-тенің әрбір ұйықтар алдындағы айтылатын бесік жыры-ның орны ерекше. Ол ана мен баланың қарым қатынасы, сәбидің жүрек және ақыл тәрбиесінің жетілуі. Сәби бәрін естіп, көріп, түсініп, сезініп жатады. Ұлы Абай атамыз: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» - дей келіп. Жүрек тербеп оятар, басты, миды – деп бесік жырының мәні мен маңызына ерекше көңіл бөлуді меңзеген. Яғни өмірге деген талпынысын бесіктен бастап оятуға болады. Бәріңде осындай әжелеріңнің әл-диін тындап, өнегелі, ақылды, өнерлі болып өсіп келе жа-тырсындар, балабақшаға келіп балдырған болдыңдар. Қа-не енді әжемізге өз өнерімізбен тәрбиемізді көрсетейік. Ұлдар мен қыздар болып сайысқа түсейік. Әжеміз сарап-шы болсын.

Тәрбиеші: Балалар сайысқа тапсырманы мынау қоржын-ның ішіннен суырып алыңыздар. Ал қане кім батыр.

Самал: Мақал-мәтелдер сайысы.


Женя:

Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер.


Кына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.


Дана:

Тұз астың дәмін келтіреді,

Мақал сөздің дәмін келтіреді.

Райымбек:

Даланың көркі мал болар,

Өзеннің көркі тал болар.


Бірлік болмай тірлік болмас.


Шолпанай:

Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.


Оқу білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.


Самал:

Ақыл жас ұланнан,

Жүйрік тай құлыннан.


Өзге елге сұлтан болғанша,

Өз елінде ұлтан бол.


Азиз:

Еңбек ерлікке жеткізеді,

Ерлік елдікке жеткізеді.


Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.


Асылбек:

Төлден мал өседі,

Шыбықтан тал өседі.


Туған жердің топрағы да сүйікті.


Диляра:

Таспен ұрғанды аспен ұр.


Айсұлтан:

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.


Жанар:

Екпей егін шықпас,

Үйренбей білім жұқпас.

Өнер алды қызыл тіл,


Ақмарал:

Еңбек етсең, ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Әже әр мақалға бір асықтан беріп отырады.

Тәрбиеші: Келесі жұмбак жасыру , шешу сайысы.

-Ал қане кім бастайды?

Самал:

Шыр-Шыр етеді,

Құлағыңнан өтеді.

Ұстай алсаң,

Сөйлеп кетеді. (Телефон)


Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз. (Зымыран)


Асылбек:

Жерді де мекен етеді,

Көлді де мекен етеді.

Бұл не? (бақа)


Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады.

Бұл қай кезде болады? (Көктем)


Карина:

Мен ақ қалам, ақ қалам,

Жазған сайын жоқ болам. (бор)


Азиз:

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.

Бұл не? (Қалам)


Ақмарал:

Асты тас, үсті тас

Ортасында шандыр бас (Тасбақа)

Өзі қу жүрген жері шу (Түлкі)

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады (Аю)


Райымбек:

Күнде оған қараймын,

Қара шашты тараймын. (Айна)


Дана:

Ән салады чемодан,

Ішінде жүр көп адам.

Естімейді сөзіңді,

Сөйлесең де сен оған. (Теледидар)


Жанар:

Тілден ұшып, құлаққа қонады, (Сөз)

Суға батпайды,

Отта жанбайды. (Мұз)


Қимылды ойын «Тенге ілу»

Балалар «Ана тілін сүйеміз» әнін айтып берейік. Әже біздің арамызда болашақ айтыскер ақындарымызда бар, қане кім шығады айтыс өнеріне?


Асылбек:

Ата-баба дәстүрін,

Үйренуден қашпаймын.

Айтыс десе тіл қышып,

Қыздар іздей бастаймын.


Шолпанай:

Біржан болып сен шықсаң,

Ақын Сара мен болам.

Сәйгүлік боп сен шықсаң,

Аққу құсың мен болам,


Асылбек:

Біздің топтың ұлдары,

Шеттерінен ақылды-ақ!

Жұмбақ-мақал сайыста,

Айтып берді тақылдап.


Қыз:

Үй жабдығын сайысқа,

Біздің қыздар сәндеді.

Қонақ күтіп ән салды,

Ұлдарынан кем бе еді.


Ұл:

Бармаймын деп бақшаға,

Жылауыңды қойдың ба.

Көтерші деп арқаға.

Сұрауыңды қойдың ба?


Қыз:

Ерке қызбын білесің,

Бірақ кімге күлесің?

Кәмпит сұрап өзің де,

Күнде жылап жүресің.


Ұл:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Қоса алдың ба мән беріп,

Қанша нәрсе болды сол.


Қыз:

Бес қосу бес он болады,

Оны бәрі білетін.

Сен дейсің бе саусағын,

Санай алмай жүретін.




Ұл:

Әділ сөзді жақтаймын,

Ойдаң шықсаң мақтаймын.

Лағындай еліктің,

Сендей құрбы таппаймын.


Қыз:

Мен де әдептен аспаймын,

Достығыңнан қашпаймын.

Қандай ақын болсаң да,

Жеңілем деп саспаймын.


Тәрбиеші: Келесі өлең оқу сайысы. Қане кім өлең оқып береді?


Жанбота:

Әбділдә Тәжібаев

Ана тілім

Ана тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім менде бірге өсемін,

Өшсе тілім менде бірге өшемін.


Райымбек:

Мұқағали Мақатаев
Үш бақыт

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Саған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса мен бармын қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей кезде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмеймін.



Ислам:

Мұхтар Шаханов

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада.

Болу керек құдіретті төрт ана,

Туған жері – түп қазығы айбыны.

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр – салт-санасы тірегі.

Қадамына шуақ шашар үнемі,

Және туған тарихы еске алуға қаншама.


Тәрбиеші: Балалар енді сендерге әженің алтын сандығы-нан сұрақтар қойылады:

1 сұрақ: Әженің ұлттық бас киімі қалай аталады?

Бала: Әженің ұлттық бас киімін кимешек дейміз.

2 сұрақ: Атаның кысқы бас киімін қалай атаймыз?

Бала: Тымақ деп атаймыз.

3 сұрақ: Киіз үйдің ағаштан жасалған бөлшектерін атаңдар (уық, кереге, шаңырақ, есік)

4 сұрақ: Асық малдың қай жілігінен алынады?

Бала: Асық жіліктен алынады.

5 сұрақ: Шаңырақты көтеру үшін не керек?

Бала: Бақан керек.

6 сұрақ: Баланы тайға отырғызу үшін ер салады. Ол ерді қалай деп атайды?

Бала: Ашамай деп атайды.

Тәрбиеші: Әже өркениетті елдің қатарына қосылу үшін ғылыми түрдегі білім қажет. Біздің балалар түрлі жаңа технологияда жасақталған ойындар ойнайды. Қане бала-лар келесі сайыста қай топ тез оюларды тауып қосады ек-енін көрейік.

Дидактикалық ойын: «Ұлттық оюлар тізбегі»

Тәрбиеші: Ал кәне әже қай топқа көңіліңіз толды?

Әже: Ұлдарым менің қыздарымның айырып алары жоқ екен, бәрі де тамаша болды. Болашағымыздың осындай ақылды, білімді болып өскеніне өте қуанып төбем көкке жетіп тұр. Әжелері мен ата-аналарының әлдиінен тамаша нәтиже шығарған.

Тәрбиеші: Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Әже сізге көп-көп рахмет. Балалар сендерге де рахмет.

Әже: «Тоқтаңдар, менің сендерге беретін аманатым бар» деп қалтасына қол салады.

  • Ой-бой дорбамды жоғалтып алыппын ғой. Қане кім тапса, соған сүйінішім бар.

Бала: Сүйінші, сүйінші әже, жоғалған затыңыз табылды.

Әже: «Міне сүйіншің, әкеле ғой дорбамды, өркенің өссін. Бұл жай дорба емес, сиқырлы дорба» деп аузын ашқанда үнтаспа сөйлеп кетеді. Дорба ішінен дән шығады.

Балалар дәнді алақанға салып бір-біріне беріп айнал-дырып шығады. Тәрбиеші дәнді алып: - бұл дәнді балабақ-шаға барған соң егеміз. Күтіп қамқор болып өсіреміз. Ол да сендер сияқты өседі.

Ал енді «Апатайым анашым» әнін айтып, топқа қайтайық.

Әже құрт беріп, шығарып салады.

hello_html_110dc2c0.jpg











Ата-аналармен жұмыстар

Әкелер мектебі


Тақырыбы: балалардың тәрбиесімен психологиялық да-муындағы әкенің рөлі.

Өткізу жоспары:

1. Әңгімелеу: Тақырыпқа байланысты қысқаша, эмоция-лық, бейімдеу.

2. Өз-өзіне баға: Педагог тәрбиенің негізгі ережелерін оқиды. Бұл бөлімді аяқтай отырып, тәрбие ережесінің ма-ңыздылығын көрсетіп өту және барлық әкелер осыны бас-шылыққа ала отырып жұмыстанады деп үміттену.

3.Отырыс: Көп сұрақтарды қарастырмау маңызды олар-дың болашақтағы өзара байланысына әкенің балаға әсе-ріне жағдай жасайтын ең маңызды шарттың бірі олардың ерте бастан қарым-қатынасы.

Бала мен әкенің арасында біріккен іс-әрекет нақты байла-ныс бар, ол балалық шақта және болашақта өрбиді. Өз ба-лаларына қарауға мұршалары жоқ әкелердің, болашақта олармен байланыста қиындық болуы мүмкін. Сондықтан-да баламен қарым-қатынасты кейінге қалдырмау, оның өсуін күтпеу, барлық жауапкершілікті анаға ысырмау ке-рек.

Егер сіз айтылған бойынша жасасаңыз үстелге қызыл текшені қойыңыз, әрдайым емес – сары, бұлай ешқашан жасамайсыз – жасыл.

  1. Күнде кеште балаға әңгіме, ойынға, өзіңіздің балалық шағыңыздан әңгіме айтуға уақыт бөлемін.

  2. Түнгі ұйықтар алдында ертегі айтам, ол менің қайы-рымды, ақылды, инабатты, үлгілі, тіл алғыш бала (қыз) деп айтам.

  3. Баламен бірге балалар бағдарламасын, мультфильмін қараймын, оларды талдаймыз.

  4. Бала үлкендермен, үлкендерге арналған теледидар бағ-дарламаларын қарамайды.

  5. Ұйқы алдында серуенге шығамыз.

  6. Ұйықтар алдында қорқынышты оқиғалар айтпаймыз.

  7. Бала ешқашан ұйқыға кешірімсіз жатпайды.

  8. Үлкендер жан-жалын бала көзінше шешпейміз.

  9. Баланы күнде бір уақытта жатқызамыз. Сағат 21 кеш емес.

Қай бөліммен сіз келіспейсіз? Текшелерге қараңыз, егер алғашқы үш бөлім сіздің сүйіспеншілігіңіз туралы айтса, онда одан кейінгілері – оның денсаулығы мен нерв жүйесін қорғауға жағдай жасау.









Ата-ананың ұстанатын он қағидалары”


  1. Баланы тыңдаңыз, оның сұрақтарына қысқа түсінікті жауап беріңіз, сонда ол сізбен өз ойларымен және сезімдерімен бөліседі.

  2. Баланың шындықты айтуын бағалау, сонда ол қорық-пайды және өтірік айтпайды.

  3. Баланы жиі мақтаңыз, сонда ол өзін жақсы сезінеді және сізге әрдайым ұнайды.

  4. Балаға көңіл аударыңыз, онымен көп уақыт өткізіңіз, сонда ол сізге қымбат әрі маңызды екеніне сенеді.

  5. Ол сіздің істегеніңізді қайталайды, сондықтан жақсы үлгі болыңыз.

  6. Балаңыздың өзіңізден кішілігіне қарамастан оны сый-лаңыз және оған сеніңіз, оның сезімдері мен арманы тап сіздікіндей.

  7. Оған өзінің жеке қызығушылықтарын, дарынын, қабі-летін білуге көмектесіңіз.

  8. Жеке тұлға болыңыз және өз бақытыңызды құрыңыз, сонда сіз оны балаға үйрете аласыз, сонда ол бақытты, толық өмір сүреді.

  9. Егер сіз балаға уәде берсеңіз – оны кеште болса орын-даңыз.

  10. Өз балаңызды сол күйінде жақсы көріңіз.

Маңыздысы баламен қарым-қатынасты кейінге қал-дырмау, оның үлкейіп өсуін күтпеу, барлық қамқорлықты анаға сырып тастамау. Есіңізде болсын баланың тәрбиесі – бұл әрдайымғы жұмыс, онда ана мен әке қатысады. Әкелердің қарым-қатынасы аналардан өзгеше екенін бел-гіленген. Аналар баламен көбіне оларды күтуде айналы-сады, ал әкелер ойын барысында іс-әрекет жасап, олардың психикалық дамуына әсерін тигізеді. Аналар балалармен нәзік, жай, дәстүрлі ойындар ойнайды («Алақан», «Сана-мақ» т.б). Әкелер өзгеше, айтылмайтын, төбелес пен қор-қынышпен байланысты ойындар ойнайды. Кейде зұлым Бармалей болса, кейде төбелес бастаушы каратист бола-ды. Әке балаға маңызды рөлдегі үлгі болып табылады. Тек әкемен қарым-қатынаста болып, оған ұқсап бала ер жігіт болуға үйренеді, ер жігітке сай мінез-құлықты бо-йына сіңіреді.

Әрбір әке бұны әрдайым есте ұстауы керек, бала бар-лық нәрседе оған ұқсағысы келеді, тіпті ұсақ жайттарда да: бет әлпетінде, сөйлеу, анамен қарым-қатынаста. Әке-нің анаға көзқарасы, баланың қызға көзқарасын анықтай-ды. Әкенің назарынан тыс қалған балалар жиі-ұжымға шамалы үйренеді, қорқақ, қатыгез, кекшіл, тез ренжігіш болады. Әкенің әсері баланы тәртіпті, ашық, шыншыл, міндетті етеді.

Қыз бала ана мен әкенің қарым-қатынасынан жанұя деген не екенін түсінеді.












Ата-аналарға арналған ақыл-кеңес тақырыбы: «Баланы - жастан»


Үш жасқа аяқ басқанда баланың әрнәрсеге қызығушы-лығы арта түседі. Көзіне көрінгеннің бәрін сұрап, «мынау не?» деп мазаңды алатын да, әнге құлақ түріп өлең жат-тайтын да, ертегіге құмартып, сурет салуға ынтасы оянатын да баланың осы шағы. Тап осы кезеңде бала ынтасына зер салып мұқият көңіл бөлінсе, бала әрекеті жемісті нәтиже берері сөзсіз. Сондықтан әке-шешесі балаға «әліппе» сияқты кітапты сатып алып берсе, бала сол кітаптағы суретті көре отырып оның атын атауға, түсін айыруға, тіпті бара-бара әріптерге деген қызығу-шылығы артып, оны білуге талпынады. Түрлі мазмұнды суреттерге зер салу арқылы, қарау, көру арқасында баланың сурет салуға деген құштарлығы артады. Тұйық-талмаған шеңбер, қисық сызық, ірілі-ұсақты нүктелер мен сопақшаларды дәптер бетіне қалай болса солай айқыштай бастаған бала әрекетін бағыттап жіберсе, мазмұндық су-реттерді байқауға болады дер ем. Баланың ертегіге деген қызығушылығы екі жасқа толар-толмас шағында-ақ ояна-ды. Бұл кездегі сәбидің тыңдауын үш кезеңге бөлуге бола-ды.

        1. Ертекшінің сөзін бөлмей, үнсіз тыңдау.

        2. Бала еске қалар тұсында сұрақ қойып отырады.

        3. Ойында қалған тұстарында өзіңмен жарысып айтып отырады.

Осылай баланың танымдық жетілуі қалыптасады.

Біз табиғаттан жасампаз күштердің организмде қимыл жасап, сыртқы дүниемен жалғастырып жатқанын жиі байқаймыз. Мысалы: ара өзінің ұясын алты бұрыш тү-рінде пластинкалардан құралады.

Сол сияқты баланы да ойын үстінде бақылап кө-рейікші. Ойын бала үшін қимыл, ал бірдеңе жасауға ұмтылу, бала аяқтарын бұлғаңдатып отырады және оның қимылдарын өзі қадағалайды. Бала ойнағанда үлкендер-дің қимыл, әрекетіне еліктейді, бірақ бұл жай еліктеу емес, қиялға толы еліктеу. Бала ойын кезінде алдына мақсат қоймайды, оның мақсаты қиялынан туындайды. Бала сұлулықты тамашалауды қаламайды. Мысалы: ағаш балаға қызықтау үшін емес, өрмелеуге қажет. Сондықтан бала ойынына ерекше ден қою керек, ойын арқылы бала-ның денсаулығы нығаяды, мінез-құлқы қалыптасады, тілі дамиды.

Мен, әсіресе аналарға мынандай 2-3 ойын түрлерін, демалыс кезінде балалармен ойнаса, дұрыс сөйлеуге, сұраққа толық жауап беруге, нәрсені айыра білуге деген мүмкіншіліктері, бала бойында қалыптасар дер едім.

1. Ойын: «Ана мен бала» арасындағы қарым-қатынасы:

Анасы кешкі тамақты әзірлеп жүріп, баласына «кесені алып берші», «маған көмектесіп жіберші», немесе «аспан бүгін ашық па, әлде бұлт бар ма?». т.с.с әрекеттер арқылы баламен диалогты түрде сөйлесу, тіл байлығын арттыру, ойлау қабілетін дамытары сөзсіз дер едім.

2. Ойын: Демалыс күндері балаға 2-3 сағат уақыттарын бөліп, әр түрлі ойындар өткізуге болады. «Ұқсас суретті тап». Тік төртбұрышқа ұқсаған кішкене әдемі суреттері бар «Домино» ойыншығы, бұл ойыншықты ойнау кезінде баланың ойлау, есте сақтау, суреттердің аттарын атап, тани білу процестері дамиды. Бала «Міне мынау шырша, мынау тағы да шырша», «Екі шырша» деген сияқты сөй-лем құрастыру ерекшеліктері қалыптасады.

4. Ойын: «Төл баласын шақыру» немесе «Қайсысы қалай дыбыстайды».

Үй шаруасын жасай жүріп баланың ойлау, тез таба білу, тез арада ойын жинақтай білу ерекшеліктерін қалыптас-тыру.

Анасы: Қойдан жуас бозымды,

Шақырамын қозымды.

Қалай шақыру керек.

Бала: Пұшайт- пұшайт.

Қысқа ғана құлақты,

Шақырамын лақты.

«Шөре, шөре».

Желбіреген туымды,

Шақырамын құлынды.

Құрау-құрау т.с.с.

Осындай өлең жолдары арқылы балалардың төлге деген сүйіспеншілігін арттыру.


Ата-аналарға арналған сауалнама


Құрметті ата-аналар!

Сіздерді мектепке дейінгі балалардың экологиялық дамуындағы тәрбие тақырыбы бойынша қатысуыңызды сұраймыз.

Сіздің көзқарасыңызбен сай келетін жауапты белгілеңіз.


1. Сізді пікірлерімнің тақырыбы қызықтыра ма?

а) маңызды деп санаймын.

б) екінші кезекті деп ойлаймын.

в) мүлдем қызықтырмайды.

Сіз өзіңіздің балаңыз үшін экологиялық дамудан түйінді мәселені ахуалды деп санайсыз.


2. Экологиялық дамудағы қандай түйінді мәселені сіз өзіңіздің балаңыз үшін көкейкесті деп санайсыз?

а) дұрыс бағытталған көзқарас.

б) экологиялық дамуы орташа.

в) менің баламда экологиялық даму көкейкесті мәселеге жатпайды.


3.Сіздің балаңыздың экологиялық көзқарасында орын-дамаушылықтар бар ма?

а) иә.

б) жоқ.

в) көңіл аудармадым.


4.Сіздің балаңыздың экологиялық тәрбиесінде бұзылу-шылықтар бар ма, сіздің ойыңызша не істеу керек?

а) тәрбиешіден ақыл – кеңес сұрау керек.

б) баламен жеке өзім жұмыстануым керек.

в) күнделікті маманмен айналысу.

г) көңіл аудармау.


______________________________________________________________________________________________________________________________________________________


5.Сіз қалай ойлайсыз экологиялық тәрбиеленбегендіктен сіздің балаңыздың болашағы мен қазіргі өміріне септігін тигізе ме?

а) жоқ.

б) балабақшада өз қатарларымен байланысты қиында-тады.

в) алдағы уақытта экологиялық білімділігіне септігін ти-гізеді.


6.Сіздің ойыңызша жанұядағы экологиялық даму жұмы-сының деңгейі қандай?

а) орташа.

б) жақсы.

в) мүлдем жоқ.

7. Балабақша қызметкерлерінен сіз өзіңіздің балаңызбен жұмыста қандай қосымша көмек алғыңыз келеді?










































Ата-аналарға арналған тест.

Бұл тест сіздің ата-ана туралы көзқарастарыңды то-лықтырады, балаларды тәрбиелеудегі түйінді мәселе-лерге қатысты нақты шешімдер жасауға көмектеседі.


А” жауабы – з ұпай.

Б” жауабы – 2 ұпай.

В” жауабы – 1 ұпай.


30-39 аралығы, бала сіздің өміріңіздегі үлкен байлық еке-нін көрсетеді. Сіз оны тек түсініп қана қоймай, сонымен қатар оны білуге, оған сыйластықпен қарауға, оның тәр-биесі мен тәртібінде түрлі қағидаларды ұстауға тоқта-ласыз. Басқа сөзбен айтқанда: сіз дұрыс әрекеттенудесіз, жақсы қорытындыға сенім артуыңызға болады.


16-30 аралығы, бала туралы сұрақ сізде екінші кезектегі маңыздылық. Сіз тәрбиешінің қабілеттерін меңгересіз, бірақ оны іс жүзінде мақсатты және уақытымен қолдан-байсыз. Кейде тым қаталсыз, ал кей жағдайда тым жұм-сақсыз. Сонымен қатар сіз тәрбиелеу коэффициентін төмендететін ымыраға бейімдісіз. Сізге балаңыздың тәр-биешісіне баруды ойлану керек.


16 ұпай – бұл сіздің бала тәрбиесінде түйінді мәселелер бар екенін айтады. Сізге баланы жеке тұлға етуге білім жетіспейді, не көңіл-күй, не осының екеуіде.




















Педагог, психолог мамандарға баруыңызды кеңес етеміз. Отбасындағы тәрбие басылымындағы ақпараттар-мен танысыңыз.

Қосымша 4


Экологиялық ойындар

1. Ойын тақырыбы: «Біріктіріп бір сөзбен ата».

Көрнекілігі: бір парақтың ортасында аралас салынған құс-тар, жануарлар, балықтар, жәндіктер суреті.

Парақтың төрт бұрышында бос төрт дөңгелек.

Ойын шарты: бос төрт дөңгелек ішіне әр түрлерін топ-тастыру сызық арқылы. Оларды атау, бір сөзбен атау. Неге олай бөлгенін түсіндіру.

2. Ойын тақырыбы: «Артығын тап».

Көрнекілігі: Әр балаға әр түрлі суреттер, ішінде біреуі өз-геше болуы тиіс.

Ойын шарты: Суреттерден артығын тауып қоршайды. Неге ол артық екенін түсіндіреді. Құстар ішінде аю артық. Гүлдер ішінде көбелек артық т.с.с.

3. Ойын тақырыбы: «Қазір не, бұрын не болды?».

Көрнекілігі: Әр түрлі табиғи заттардан жасалған суреттер.

Ойын шарты: Өзіне берілген суретті атайды, логикалық ойлау арқылы оның бұрын не болғанын айтады.

Мысалы: нан – ұн – бидай – дән.

Шаңғы – тақтай – ағаш – ақ қайың.

4. Ойын тақырыбы: «Кім шығармашыл?».

Көрнекілігі: Күзгі жапырақтар, талдар, дәндер.

Ойын шарты: Таза ауада әрбір бала өз ойынан табиғи ма-териалдардан түрлі бейнелер, мазмұнды бейнелер құрас-тырады, өз жұмыстары туралы айтып береді.

5. Ойын тақырыбы: «Бұлттар неге ұқсайды?».

Мақсаты: Шығармашылық, қиялдау, елестету қабілеттерін дамыту. Өз ойларын қысылмай айтуға тәрбиелеу.

Ойын шарты: Бұлттардың неге ұқсайтынын айту, бейне-леу.

5. Ойын тақырыбы: «Бұл ненің мүшесі».

Көрнекілігі: Аңдардың бөлек-бөлек дене мүшелері.

Ойын шарты: Дене мүшелерін әр балаға таратып беру, топпен құрастыру. Өз жұмыстарын талдау. Дене мүше-лерінің қызметтері туралы білімдерін ортаға салу.


6. Ойын.

Сызбаны пайдаланып табиғаттың адам

өміріндегі рөлі туралы айт

hello_html_m6da815a8.jpg














№7. Ойын
Көкөніс пен жемісті бөліп көрсет
hello_html_m6da815a8.jpg
№8. Ойын
Табиғаттағы су айналымын сызықпен сызып көрсет



hello_html_m6da815a8.jpg



















9 Ойын: «Ауа»
Ауаның неден ластанатындығын, оны қалай таза ұстауға болатынын айт. Қызыл бояумен неден ластанатындығын қос, жасылмен таза ауаны қос.
hello_html_m6da815a8.jpg
hello_html_m6da815a8.jpg
№ 10 Ойын: «Не нені жейді?»
hello_html_1fe1c33e.jpg
hello_html_m6da815a8.jpg
11. Ойын: «Не ненің талғамы?»
Қосымша 5

Көкөністер



hello_html_70a755f1.jpg













































Экологиялық жұмбақтар


Тырсылдап түседі,

Жекрге түскен соң

Ғайып боп кетеді.


Жұрттың бәрі оны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді.

(Күн)

Бір түкті кілем,

Бір түксіз кілем.

(Жер, аспан)

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің.

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(Ауа)

Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады.

(Аяз)

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді,

Аузы жоқ ұшады.

(Боран)

Жазда жатсаң-көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң-жаның рахат табады.

(Ағаш)

Отқа жанбайды,

Суға батпайды.

(Мұз)

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қашады.

(Жел)

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады.

(Жұлдыз)

Жылт-жылт етеді,

Жырадан өтеді.

(Су)


Экологиялық асыл сөздер


        1. Өсіп тұрған далада,

Жалғыз ағашты кеспе.

        1. Шелектегі суға аузыңды батырма.

        2. Суға түкірме, лас тастама.

        3. Жердегі өскен көкті жұлма.

        4. Ағашты сындырма, гүлді жұлма.

        5. Туған ел табиғатын аяла.

10.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

11.Құс ұясын бұзба.

12.Құмырсқа илеуін таптама.

13.Гүл өссе елдің көркі.

14.Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкені жоқ болса, кішіден сұра.

15.Жерде өлшеуіш жоқ,

Аспанда тіреуіш жоқ.

Таста тамыр жоқ,

Тасбақада талақ жоқ.

Аққуда сүт жоқ,

Жылқыда өт жоқ.







Қосымша 6

Экологиялық тәрбиедегі тәжірибелер


1. Өсімдік жапырағына ауа қай

жағынан енетінін анықтау


Мақсаты: Өсімдік жапырағына ауаның бару жолын білу, анықтау.

Керекті құрал. Ыдыстағы гүл, вазелин.

Барысы: Вазелинді қалың қабатпен төрт жапырақтың үс-тіңгі бөлігіне жағу. Сосын дәл солай басқа төрт жапырақ-тың астыңғы бетіне жағу. Бір апта бойына күнде жапырақ-тарды бақылау. Екі түрінен қандай айырмашылық барын анықтап қарау.

Қорытындысы: Вазелинмен астына жағылған жапырақтар солып қалады, ал үстінен жағылғанына дымда болмады. Ауа жапырақтың астынан енетіні дәлелденді.


Балықтың жасын анықтау


Мақсаты: балықтың жасын анықтауға үйрету.

Керекті құралдар: балық қабығы, лупа, қоңыр түсті қағаз.

Барысы: Қабықты қағазға қойып, лупамен қабықты дұ-рыстап, мұқият қарау. Ондағы дөңгелектер балықтың жа-сын білдіреді.

Қорытынды: Дөңгелектер саны балықтың жасын жылмен көрсетеді.









Жұлдыздар әрқашан жанады


Мақсаты: Жұлдыздың әрқашан жанып тұратынын көрсе-ту.

Керекті құрал: Дыракал, қатты картон, ақ конверт, фона-рик.

Барысы: Картонды бірнеше жерден тесу, конвертке салу. Жарық бөлмеде картон мен конвертті бір қолға, екінші қолға фонарик ұстау. Фонарикті 5 см қашықтықта кон-вертке өзім жағынан түсіру, сосын келесі жағынан түсіру.

Қорытынды: Конверттің ақ жағына қараған бетінен сәуле түскенде, картондағы тесіктер көрінбейді. Ал сізге қарсы сәуле түссе, картондағы тесіктер көрінеді. Жұлдызды сол күннің сәулесімен, аспан ашықтығымен күндіз көрінбейді, бірақ тұрады.


hello_html_1a8b93b8.gif













Қолданған әдебиеттер


1. Қ.Б. Жарықбаев. “Ақылдың кені”, Алматы, 1991 жыл.

  1. Е.И.Солокова. “И учеба, и игра: природоведение”, Москва 1997 жыл.

  2. Отбасы және балабақша” №9-10, 1995 жыл.

  3. Дошкольное воспитание”, №10, 1998 жыл.

  4. Ж.О.Жылбаев. “Қоршаған ортамен және экология негіздерімен таныстыру”, Қарағанды, 2003 жыл.

  5. Б.Қ.Игенбаева. “Мен адаммын”, Алматы, 2000 жыл.

  6. Н.А.Рыжова. “Воздух - невидимка”, Москва, 1998 жыл.

  7. Қ.А.Аймағанбетова. “Мен және бәрі, бәрі, бәрі”, Алматы, 2005 жыл.





















81



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.11.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров281
Номер материала ДБ-393147
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх