Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Научные работы / Қоршаған орта: "Үй жануарлары" Детсад
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Қоршаған орта: "Үй жануарлары" Детсад

библиотека
материалов

Мақсаты:

1) Балаларды күздің кереметімен таныстыру.

2) Күз туралы түсініктерін кеңейту.

3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:«Алтын күз» жазуы бар плакат, күз туралы суреттер.

 

Жүргізуші:

 Саламатсыздар ма құрметті шақырулы қонақтар, ата-аналар. Біз бүгін сіздерді «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз!

Балалар жеміс-жидектерді, көкөністерді қай мезгілде жинап аламыз?

Балалар күз мезгілі сендерге ұнайды ма? Несімен ұнайды?

Ендеше күзге арнаған өлең, тақпақтарымызды айталық.

Ендеше күз ханшайымын ортаға шақырайық!


Ақторғын - Күз маусымының алғашқы айы-қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі.Қойма алтын астыққа толады.

 

Нұрдәулет-Күз маусымының екінші айы-қазан. Бұл ай-жиын –таеін аяқталатын, дихандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін қуаныштайтын мереке айы.

 

Ұлан- Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Қараша десе дегендей, айнала қоңырқай тартады. Ағаш-қурай жапырағыннан айрылып, орман-тоғай сирейді. Қара суық түсіп, қыс демі сезілетін кез.

 

Ақторғын- Мен күзбін. Өте еркемін. Сәл нәрсеге бұртиып, қабағымды түйе қаламын.

Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін.

Әйтсе де, менің жомарттығым мен ақ көңілділігімді бәрі де ұнатады.

 Хор: Әнұран

Ұлан

Күз де келді, күз келді

Құстар мекен іздеді.

Күз де келді, күз келді

Қондырмайды түзге елді.

Күз де келді, күз келді.

Керек оқу бізге енді.

 

Құралай

Қыркүйек келіп, күз келіп

Шопан көшті күздеуге

Мектепке бет түзедік

Гүл құшақтап біздер де.

Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.


ВАЛЬС: Күз ханзадасы мен Күз ханшайымы







Ж-ші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын жарай ма?

 

Жұмбақтар:

1.Іші-жұмсақ,сырты қатты.

Еті қызыл, сүті тәтті.

                            (Қарбыз)

2.Дөп- дөңгелек доптай

Іші қызыл шоқтай

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмді жоқтай.

                             (Алма)

3.Бұл не деген көп киім

Жетпіс қабат көп киім

Жаңбыр жауса өтпейді,

Қабат-қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді.

                       (Қырыққабат)

Қабат-қабат тоны бар,

Шешіндірсең жылатады.

(Пияз)


Жер астында басы,

Жер үстінде шашы.

(сәбіз)


Күзде піседі,

Домалап түседі.

(алма)


Көкөністер мен жемістер айтысы.

Ж-ші:

Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса:

Сәбіз, картоп, кәдіш пен қып-қызыл піскен қызанақ,

Қырыққабатқа қарашы!

Көкөністер мен жемістер жиыла қалып дауласты.

 

Көкөністер мен жемістер.

 Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайысымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?

 

Гүлнұр Бұршақ

 Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріне!

Дәмді тағамдарыммен

Сый жасаймын бәріңе!

 

Берекет Қырыққабат

 Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана!

 

Жахангер: Сәбіз

 Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

 Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.


Құралай Алма: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай татар бар дәмім.

Мына тәтті бал-дәмді

Дастарқандарыңа арнадым

Жаннұр Қызылша: Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.

Ақтілек Өрік: Өрікпін мен, өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін.

Баптап мені күткен соң,

Талды бойлап өріппін.


Нұрлыбек Қарбыз: Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.

Жансая Алмұрт: Қарап ұқсап сұрқына

Ұқсатты алма тұрқына

Біздің жеміс деп мұны

Мақтанар грек жұрты

Қуаң, мейлі шөлмекен

Ете берер ол мекен

Шырыны мол жеміс бұл

Жеп көр өзің, сенбесең

Кәусар Қауын: Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргенде тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын


Бекасыл Қияр

 Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде!

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне!

 







Динара Қызанақ

Піскен кезде қызанақ;

Көз тартар қызыл түсімен.

Бар ма адам сүйсінбей

Томат шырын ішпеген?

 

Данияр Шалқан

Кім білмейді шалқанды?

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын,

Тауыпкөр менен дарханды.

 


Нұрасыл Пияз

 Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық-барлық тағамға.

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға.

 

Ақбидай Шие

 Шиемін мен, шиемін

Піскенше тон киемін.

Бала келсе қасыма,

Басымды мен иемін.

 

Ерғанат Картоп

Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендермен балалар!

Бос айтысты қояйық, дауласуды тоқтатайық.



Көкөністер  мен жемістер:

 Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайысымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?

 

Ж-ші: Көкөністер бәрі де,

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліңдер, оларды жақсы көріңдер!

   

Ендігі ортаға Бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаймыз.


Ж-ші: 

Жаушы, жаңбыр, жауа түс, жаушы, жаңбыр,
Естімеген адамзат ән шығар бұл?!
Періштелер қондырған қанатымен,
О, құдірет ! Тамып тұр тамшыдан нұр !



Кәусар, Нұрасыл, Нұрлыбектің орындауында «ЖАУ ЖАУ ЖАҢБЫР»



Ж-ші: 

Жаушы, жаңбыр, жауа түс, жаушы, жаңбыр, 
Естімеген адамзат ән шығар бұл?! 
Періштелер қондырған сендегі мен 
Ғашық болып өтермін тамшыға әрбір.


Ақбидай, Жаннұр, Гүлнұр, Динараның орындауында «ЖАУ ЖАУ ЖАҢБЫР»



Ұлан мен Жахангер «Әрқашан күн сөнбесін»


Жүргізуші

Өнерлі өрге жүзер талаптының,

Талантты талмай ұшар қанаттының.

Мың бұралған бишілері сыныптың

Мерейі үстем болсын таланттының ,- деп ендігі кезекті биге береміз.

 

Көбелек - ау, көбелек
Әдемісің гүлдейсің
Ұстап сені не керек
Ойнамайсың күлмейсің

«Көбелек» биі ортада Ақторғын, Кәусар, Жансая, Ақтілек, Гүлнұр, Құралай




ЕР БАЛДАРЫМЫЗДЫҢ ОРЫНДАУЫНДА БИ «ФЛЭШМОБ»


ҚЫЗДАРЫМЫЗДЫҢ ОРЫНДАУЫНДА ТАҢҒЫ ЖАҢБЫР БИІ

Хор «КҮЗ ЖОМАРТ»


Жүргізуші: Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.Күзде күн суытып, барлық жан-жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!?

Ата-аналарға сөз кезегі.. Осымен концертіміз аяқталды


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Научные работы
Просмотров156
Номер материала ДВ-485548
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх