Инфоурок Другое КонспектыҚоршаған ортамен таныстыру Сабақтың тақырыбы: «Қыс қызығы»

Қоршаған ортамен таныстыру Сабақтың тақырыбы: «Қыс қызығы»

Скачать материал

Қоршаған ортамен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: «Қыс қызығы»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Балаларға қыс туралы түсінік беру, қыс мезгілінің табиғат ерекшеліктерімен таныстыру және  ажырата білуге үйрету.

2. Түзете- дамытушылығы: балалардың сөздік қорын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру,  көргендері мен байқағандарын дұрыс баяндауға, сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Ойлау, көру қабілеттерін дамыту.

3 .Тәрбиелігі: Көз алдарына елестетуге, табиғатты аялап әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру,  ой қозғау.

Көрнекіліктер: қыс мезгілі бейнеленген сурет, қардың суреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау

2) Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру

- Балалар, бүгін күн өте суық сияқты. Сондықтан біз бір - бірімізге алақанымыз арқылы жылу беріп, жылы сөз айтып амандасып алайықшы!
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, денелеріңді бос ұстап, көздеріңді жұмып, мені тыңдап, айтқанымды көз алдарыңа елестетіп отырыңдар.
«Орман ағаштарын қалың қар басқан. Орманшының үйінің төбесінен будақ - будақ түтін шығады. Үй иесі есік алдын қалың қардан тазалап, қорадағы малдарға шөп, жем салып жүр. Басқан аяғы қырт - қырт етеді».
- Ал енді көздеріңді ашыңдар. Бұл жылдың қай мезгілі туралы айтылған?

-Қыс мезгіл.
- Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
- Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
- Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
-  Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
-  Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы
-  Желтоқсан, қаңтар, ақпан
- Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Қане, іс - қимылмен көрсетейікші (Балалар іс - қимылмен көрсетеді)
-  Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!
-  Қандай ойындар ойнайсыңдар?
- Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.
- Жарайсыңдар!

    Бүгінгі сабағымызда қыз мезгілінің керемет көріністерінің, табиғаттың қаншалықты сұлулығын, бүгінгі тақырыппен байланыстыра отырып, әңгіме құраймыз.

Әңгімелесу. «Қыс қызығы» Сурет бойынша.

         Далада қыс мезгілі. Қыста күн суық, ызғарлы, аязды болады. Қыста адамдар жылы киініп жүреді. Өйткені күн суық. Қыс мезгілінде аспанды бұлт басып түнеріп тұрады. Қар ұшқындап, жапалақтап жауады. Қар жапалақтап ұзақ жауса, жер бетін түгел қар жамылып, айнала аппақ болып әсем көрініске енеді. Қар суық, оны қолғапсыз ұстауға болмайды. Ағаштар ақ қырауға оранып, әдемі болып тұрады. Жауған қардан балалар аққала жасап, сырғанақ жасайды. Балалар шанамен сырғанап ойнайды, қар атысып ойнайды. Мұздың үстінде коньки теуіп, хоккей ойындарын ойнайды. Аязды күнде тереземізде аяз оюлар салады, оны қырау дейді. Қыс мезгілі қызықты, көңілді. Қыста ауа таза болады.

                                            суық

Қыс                                               аязды

                                                       қарлы

                                                    боранды

http://xn----8sbiecm6bhdx8i.xn--p1ai/sites/default/files/zima.jpg

Тілді жаттықтыру

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

ІҮ.Сергіту сәті

Жүріңдер балалар,

Сырғанақ тебеміз.

Құрыспай – құрышпай,

Шынықсын денеміз            2-3рет

 

Ү. Бекіту

Дидактикалық ойын: «Ойлан тап?»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Жұмбақтар

1.     Қыста ғана болады,

          Ұстасаң қолың тоңады.       (қар)

2.     Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ.                            (қар)

3.     Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады.          (аяз)

4.     Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы

Танып көрші сен оны.          (аққала)

 

       1.  Сурет салу.   «Қар жауды»

Шарты: Жауып тұрған қардың суретін салады.

 

2.Дидактикалық ойын:  «Аққала құрастыру»

Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін арттыру, ұсақ қол моторикасын жетілдіру.

 

ҮІ. Қорытынды

Қыс мезгілі  – аязды, боранды, суық, қарлы болады

ҮІІ. Бағалау

Балаларды жеке-жеке мадақтау

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қоршаған ортамен таныстыру Сабақтың тақырыбы: «Қыс қызығы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 701 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2016 7263
    • DOCX 102.8 кбайт
    • 68 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тлеубаева Гулназ -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тлеубаева Гулназ -
    Тлеубаева Гулназ -
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13212
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой