Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: "Мамандықтармен танысайық"

Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: "Мамандықтармен танысайық"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Таным.

Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру/ экология.

Тақырыбы: Мамандықтармен танысайық.

Мақсаты:

Білімдік: Мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Мамандық түрлерімен таныстыру арқылы жаңа сөздермен сөздік қорларын толықтыру.

Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа баулу.

Көрнекіліктер: мамандықтар бейнеленген суреттер, құрылыс материалдары, үлкен хатқалта.

Сөздік жұмыс: мамандық.


Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық –

қозғаушылық

1.Педагог топқа үлкен хатқалта алып кіреді.

-Балалар, бізге «Мамандықтар қаласынан» хат келіпті. Тыңдаңдар.


«Құрметті балалар, біздің шеберлер қаласында мамандық түрлері өте көп, Сендер өскенде әрқайсысың бір мамандық иесі боласыңдар. Әзірше, сендер кішкентайсыңдар, сондықтан мен сендерді Мамандықтар қаласына қонаққа шақырамын».


Балалар, бұл қалаға бару үшін бізге сиқырлы кілем керек. Өйткені біз өзен-көл, тау мен ормандардың үстінен ұшып өтеміз.

Мамандық- адамның белгілі бір саладағы еңбегі. Мысалы, тіс дәрігері т.б.






Хатты мұқият тыңдайды.






Сиқырлы кілемшеге отырып, музыкамен мамандықтар қаласына жол тартады.

Ұйымдастыру-

шылық-ізденістік

2. Білімді өзектендіру:

(Тақтаға түрлі мамандықтар суреті ілінеді).

-Біздің қалада әртүрлі мамандық иелері тұрады. Мнемокесте арқылы балаларға мағлұмат беру.


hello_html_422ac141.gif


Аспаз- ең басты мамандықтардың бірі.

Безендіріп үстелді,

Тәтті тамақ пісірер.


Аспаз дәмді тамақтың қаншама түрін пісіреді.

Сендерге қандай тамақ түрлері ұнайды?


Құрылысшылар зәулім үйлерді тұрғызады. Олардың бірі кірпіш қаласа, бірі ауыр жүктерді кранмен жеткізіп тұрады. Енді бірі дайын болған үйдің есік-терезелерін сырлайды.


Жүргізуші дегеніміз- көлік түрлерін жүргізетін адам. Мысалы: автобус жүргізушісі т.б.


3. Сөздік жұмыс: мамандық.


4.Сергіту сәтін өткізу.


Дидактикалық ойын: «Кімге не керек»


D:\Диск С\Desktop\Новая папка (2)\1363864661_e012b505052bt-1-1.jpg


5.Пысықтау.

-Мамандықтар қаласында аурухана бар.

Ауруханада дәрігерлер жұмыс жасайды. Дәрігер ауру адамдарды емдейді.

Аспазшы дәмді тағамдар пісіреді.


D:\Диск С\Desktop\Новая папка (2)\detsad-215361-1408976329.jpg



-Міне, мамандықтар қаласынан қаншама мамандық түрлерімен таныстық. Өздерің өскен кезде тағы да көптеген мамандықтар туралы біліп, өздеріңе қажеттісін таңдайсыңдар.

6. Үлестірмелі материалдар.

7. Жеке жұмыс жүргізеді.








Балалар әңгімеге қатысып, сұрақтарға жауап береді.






Суреттер бойынша өздері білетін мамандық иелері туралы әңгімелейді.





Қайталайды.


Педагопен бірге қимылдар жасайды.


Дәрігерлер туралы білетіндерін айтады. Мысалы: тіс дәрігері ауырған тісіңді емдейді. Көз дәрігері көзді емдейді т.б.


Тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық -түзетушілік

-Ал енді балабақшаға оралатын кез келді.

Кілемге отырыңдар, топқа ұшамыз.

-Балалар, біз қайда саяхаттадық? Қандай мамандық түрлерімен таныстық?

-Қай мамандық сендерге ұнады? Өскенде кім болғыларың келеді?



Балалар кілемге отырады.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:


Біледі: мамандықтар туарлы берілген тапсырманы.


Игереді: мамандықтар туралы мәліметті және тұрмыста мамандықтардың пайдасы бар екенін.


Меңгереді: мамандықтар туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және ақпаратты талдай білу дағдыларын.





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 17.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров399
Номер материала ДВ-463745
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх