Ортаңғы
тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі. Өткізу күні:04.02.20ж
Тәрбиеші: Бейсенбина Н.А.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Кіші сала: «Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Недеу керек?»
Мақсаты:
1.Тәрбиелік:
Балаларды әдептілікке , инабаттылыққа, шыдамдылыққа,сыйласымдыққа
тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Тыңдау қасиеттерін дамыту. Есту
қабілеттерін жақсарту. Есте сақтау қасиеттерін дамыту.
3.Оқытушылық: Үлкенді
сыйлау керектігін түсіндіру. Әдептілік сабағын еске түсіру. Өлең шумақтарының
соңын аяқтап отырыру. Өлеңді жаттап
алу.
Педагогикалық технологиялар:сенгвин, денсаулық сақтау технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету:ойын әдісі, сұрақ –
жауап, көрнекілік әңгімелеу.
Билингвалдық
компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: Ұйымдастырушылық кезең:
Балалардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық
сәт.
-Жылдың
қай мезгілі?
-Қыс
мезгілінде неше ай бар?
Аптаның
қай күні?
Балалар
сабаққа зейін қойып, жауап береді қызығушылықтары оянады.
Негізгі
бөлімі:
-Ендеше балалар біз бүгін : «Не
деу керек?» Әнуарбек Дүйсенбиевтің. Өлеңімен танысамыз.
Өлеңді
мәнерлеп оқып беру.
Не
деу керек?
Әнуарбек
Дүйсенбиев.
Анаң
сенің базардан,
Алма
сатып әкелді.
Ең
үлкенін, жақсысын, Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
Балалар жүр көшеде, Естіледі шу, айқай.
Сен де шықтың көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Жөн еді не айтқаның?
Сен қай сөзді айтпадың?
Суреттер
бойынша жұмыс.
-Балалар
, мына суреттерге қарап айтыңыздаршы: қай қылық жақсы, ал қай қылық жаман. Есте
сақтаймыз : «Жаман адам болмайды, адамдардың барлығы бірдей. Жаман қылық,
жаман мінез болады».Сондықтан жаман қылықтарға бармайық, жүректерімізді таза
ұстайық.
Қортынды
кезең: Балалар әдептілікке ,
инабаттылыққа, шыдамдылыққа Үлкенды сыйлау керектігін түсінеді. Әдептілік
сабағын еске түсіреді Кейіпкердің бейнесін интонация арқылы көрсете отырып,
айтып меңгерді.,сыйласымдыққа үйренеді.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.