Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / "Ортақ іс табысы" тақырыбында өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ. 4 сынып

"Ортақ іс табысы" тақырыбында өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ. 4 сынып


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағы


Мектеп : № 137 Мерзiм: 8.12.2015 14 сабақ

Тақырып: Ортақ іс табысы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: достық, ынтымақ, бірлік

Мұғалiм: Батырбекова Асел Сынып: 4 Оқушылар саны: 16


Сабақтың мақсаты: оқушылардың «еңбек», «сыйластық», «ынтымақ» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • ынтамақ, бірліктің адам өміріндегі мыңызын түсіндіру;

  • бірлесіп жұмыс істей білу іскерліктерін дамыту;

  • өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!


Ресурстар:

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

М.Төрежанов «Көп біріксе-береке» әңгімесін оқып келу.

1.Мектеп жанындағы ағаштардың ну орманға айналуының себебі неде?

2. «Көп біріксе-береке» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талқылау:


  • Дәйексөз.

«Келісіп істесе,көп іс бітеді» Құтып


  1. Мұғалім сыйы.

«Төрт дос» Т.Сарыбайұлы

Әңгімеде достардың бірлігі неден аңғарылады?

Олар бірліктің нәтижесінде неге қол жеткізді?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Суретке қарап, әңгіме құрастыру. (75-76 бет)

Ойын-жаттығу «Күш-бірлікте»


  1. Топпен ән айту.

Дос болайық, бәріміз!

Сөзі: Х.Талғаров

Әні: И.Нүсіпбаев

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіндер.


Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз.

Атсын күліп танымыз.


Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста.

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.


Қайырмасы



  1. Үйге тапсырма.

«Төле би туралы аңыз» «»Үш пайғамбар» кітабынан

оқып келу.


  1. Тыныштық сәті.

Бұл әдістемелік тәсілді Динейк методикасы арқылы төмендегідей мазмұнмен ұйымдастыру.

Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.

«Мен өз ағзамның қорғаныс күшіне сенемін».

«Мен жайдары, ақкөңіл бола бастадым».

«Менде бәрі де жақсы, бәрі өзім ойлағандай – мен бақыттымын».

Әрбір фразаны көздерің жұмулы күйінде 10 рет қайталау керек. Санауды саусақпен немесе жіптегі түйіндер бойынша жүргізу қажет. Оқушыларға тынысты жеңіл және ұнамды болатындай етіп жайлап, еркін алу керектігін ескертіледі.



  1. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.




Автор
Дата добавления 14.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1351
Номер материала ДВ-256800
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх