Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / № 9 орта мектеп мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі: Оспанова Назгул Сериковна Тақырыбы: "Аналар –асыл қазынам!"

№ 9 орта мектеп мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі: Оспанова Назгул Сериковна Тақырыбы: "Аналар –асыл қазынам!"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Аналар – асыл қазынам!
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Аналар – асыл қазынам» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Жүргізуші:                       Армысыздар  аяулыаналар!:                              

 Мұхамбет : Армысыздар мейірімді әжелер!

Расул:                       Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Жүргізуші                          Ана десем  сезім билер тым ыстық,
                                            Жарасады адамдарға туыстық.
                                           Бар адамға берсе ананың мейірімін,
                                           Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аналар,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!
Мұхамбет:                                        Құрметтейік балалар аналарды
                                                    Бізді өмірге әкелген даналарды
                                                    Себебі ана деген асыл жан ғой
                                                   Ойлауменен істелік әр қадамды.
Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Расул:                                           Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
                                                      Қазақ қызы әдепті де әдемі.
                                                     Қазақ қызы –ақылына көркі сай,
                                                    Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Құрметті қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!
(балалар аналарына сыйлық береді)

Жүргізуші: Аналарымызға гүлдерімізді сыйлайық
Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.
Жүргізуші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)
Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет балалар сендерге.
Осы кезде көктемнің телефоны шақырады
Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап алып келдім. Міне ол. Балалар сау болыңдар.
Жүргізуші: Қандай қызық кітап. Ой аша алмай жатырмын, мұны кілтпен ашу керек екен. Ә, міне кілті. (Кілтті осы кезде бұзақы бала тартып алып кетеді). Кім бүгін бізбен қалжыңдасуға келген?
Бұзақы: Ол мен бұзақы бала. Сендерде не болып жатыр? Мен бұзақылық жасаған кейін анам мені далаға қуып жіберді.
Жүргізуші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта. Олай болса бізбен бірге ән айтып, би билейсің бе?

Бұзақы: Йа
Ән: "Ана туралы жыр" хормен

Жүргізуші:Бүгін наурыздің 8 - і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
балалар айтар лебізді.

Тақпақтар:
Мұхамбет:
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Ұлболсын: Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Думан: Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Аңсаған: Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!
Қолқанат: Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
Ерасыл: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Камал: Біз доспыз гүлдермен 
 Тек оны жұлмаймыз.
 Той күні бірбірден 
  Анаға силаймыз.

Жүргізуші:  Шалқып тасып әніміз,
      Жадырасын жанымыз.
                     Аналарды құттықтап,
                      Би билейміз бәріміз.
Сүйікті аналар сіздерге арнап би билейді
.
Би:
"Көбелек" орындайтын қыздар тобы

Жүргізуші: Мейірімді ғой керемет,-деп келесі кезекті аналарға арналған тақпақтарға береміз.
Аружан: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым.
Айсұлтан: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам
Саят: Айтсаң болды тіл алам.
Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда.
Ерқанат: Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.
Гүлназ: Қуанышы баланың
Бізді өсірген анашым.

Жүргізуш: –Ана дегеніміз-өмірдің  бастауымен  таусылмайтын жалғасы. Ана тіршілік көзі,үлкен тағдыр,махаббат пен шабыттың нәрі балалар.
Ендеше,біздің балалар,ана туралы  ән айтып берсін.

 Ән: "Ана" орындайтын Жанболатұлы Расул, Мұрат Мұханбет, Тәжік Ернар

Тақпақтар:
Іңкәр:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Бибіажар: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Ернар: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын

Нұрбақыт: Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің -
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!

Жүргізуші: Аяулы да алтын нұрлы анашым,
                     Жүрегімнен мәңгі бірге боласың.
                       Сен арқарсың, сен аспансың,биіксің,
                      Сен дархансың  сен жомартсың данасың.
Би: "Шөжелерім"

Данагүл: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Армангүл: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.

Айкөркем:Мамам менің, ақ мамам,
Менсіз таңы атпаған.
Менсіз күні батпаған,
Мен ұйықтамай жатпаған.
Менің мамам, ақ мамам.

Ойын: «Гүлді жина» эстафетасы

Ойының шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек-кезек бір бірден алады. Сосын құмыраға салады.
Бұзақы: Ойқанды жақсы балаларсыңдар. Міне сендердің кілттерің.
Жүргізуші: Ал енді кітапты ашайық. (Сиқырлы әуенмен кітап ашылады)
Кәмпитті ағашты көреміз. Қандай қызық ағаш. Әр бұтасында кәмпит өсіп тұр, міне балалар сендерге берген көктем ханшайымың сыйлығы.

Би биледік ән салып,

Асыр салып ойнадық,  

Көңілдеріңізді көтердік.

Соңғы біздің сыйымыз

Бұл әдемі вальс.

Би: "Вальс"

Ата - аналарға құттықтау сөз кезегін беру
Жүргізуші: Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне, осындай қойылым
Көрсетті балалар.

Жүргізіші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейрімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер . Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар.









Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.11.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров25
Номер материала ДБ-358606
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх