Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Научные работы / Орта мектепте математиканы оқытуда деңгейлі бағдарлама негізінде оқытуды зерттеу
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Математика

Орта мектепте математиканы оқытуда деңгейлі бағдарлама негізінде оқытуды зерттеу

библиотека
материалов

КІРІСПЕ


Ғылым мен техника барынша дамыған қазіргі кезеңде оқушыларға әрбір пән бойынша берілетін білімнің ғылыми жағы мейлінше тереңдетіліп, сапасы және оларға қойылатын талаптар арта түседі. Сондықтан мұғалімдер оқушылардын өз беттерімен ізденуін, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын тәрбиелеу жолында талмай жұмыс істеулері керек.

Олар жалпыға білім беретін мектеп оқушысының шығармашылық іске мұқтаждығын оята және ұйымдастыра отырып, шығармашылық қабілеттілікке танымдық ізденімпаздығын, оқушылардың шығармашылық ойларын дамытулары қажет. Осы бағыттың маңызды құрамдаc бөлім – математикалық білім сапасын арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандартында математика пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. Онда «математика» пәнінің мақсаттары:

Қоғам талабына сай білім беруде математикалық даярлықтың ролі мектепте математиканы оқытудың төмендегі мақсатын анықтайды: практикалық қызметте пайдалануға, іргелес пәндерді оқып үйренуге, білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгерту; оқушыларды интеллектуалды дамыту, математикалық іс-әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлау сапасын қалыптастыру; математиканың идеялары мен әдістері туралы таным әдістері және нақты нәрсені танып білу мен сипаттау формасы ретіндегі математика жәйлі түсініктерді қалыптастыру; жалпы адамзат мәдениетінің бөлігі ретіндегі математика туралы түсінік қалыптастыру және оның қоғамдық прогресс үшін маңызын ұғындыру»-делінген.

Басты міндеттері – ақыл-ой еңбегі мәдениетіне енетін дағдылар мен тәсілдерді, оларды іс-әрекеттің басқа салаларына қолдануды, білімді өз бетімен меңгерту іскерлігін қалыптастыру екендігі атап көрсетілген [1].

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мектепте математика пәнін оқытудың әдістемесін жетілдіру қажет.

Математикалық білім тікелей оқытудың әдістерін жетілдіру, ғылыми-техникалық білімнің қол жеткен дәрежесіне сәйкес келтіру қазіргі заманның талаптарына сәйкес оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдануға байланысты.

Бұл жұмыстың бағыты – математикалық әдістермен түрлі міндеттерді шешу үшін жаңа технологияларды тиімді қолдана білумен сәйкес болуын қамтамасыз ету. Бұл міндеттердің біріншісі негізінен бағдарламалар мен оқулықтар арқылы шешіледі, екіншісінің шешімі – оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруымен және оның мазмұнымен, сонымен бірге өз бетімен жұмыс істеу дәрежесімен анықталады.

Мектепте математиканы оқыту тәжірибесін байқау, оқушылардың білім сапасын талдау нәтижесінде олардың білімін бағдарламалық талаптарға сәйкестендіру қажет екендігін, оқушылардың теориялық білімін нақтылы жағдайда қолдана білу дағысын қалыптастыру керек екендігіне көз жеткіздік. Сондықтан оқытудың тиімділігін, оқушылардың математикалық білім сапасын арттырудың басты шарттарының бірі ретінде математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолдану проблемасын қойдық.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында : «Білім беру «Қазақстан 2030» ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. қазақстан Президенті респубдиканың әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады» делінген. 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасында мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа, үш деңгейлі бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі бағдарламасы білім беру саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе негізінде жасалған. Бағдарламаның негізгі бағыттары ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерімен үйлеседі [2].

Зерттеу проблемасының өзектілігі - орта мектепте математиканы оқытуда деңгейлік бағдарлама аясында жаңа технологияларды қолдану арқылы еркін ойлайтын, өз дәлел уәждерін сенімді жеткізе білетін, ынталы, сандық технологияны қолдануға құзырлы, сыни тұрғыдан ойлай білетін тұлға қалыптастыру заман талабы.

Зерттеу жұмысының мақсаты – орта мектепте математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолданудың әдістемелік жүйесін жасау, әдістемелік жүйені мектепте математиканы оқыту процесіне енгізіп, сол арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға қол жеткізу.

Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет болды:

1) Зерттелетін проблема бойынша педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге, баспа материалдарын оқып талдау, өзіндік қорытынды жасау.

2) Мектепте математиканы оқыту тәжірибесімен танысу.

3) Орта мектепте математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолданудың әдістемелік жүйесін жасау.

4) Әдістемелік жүйені мектепте математиканы оқыту процесіне енгізу.

5) Математиканы оқытуда ұсынылған жаңа технологияларды қолдану әдістемесінің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру, зерттеу жұмысын қорыту.

Зерттеу жұмысының нысаны – орта мектепте математиканы оқыту процесі.

Зерттеу пәні - орта мектепте математиканы оқытудың жаңа технологияларын қолданудың оқушылардың білім сапасының артуына әсері.

Зерттеу болжамы. Егер математика курсын оқытуда жаңа технологияларды қолданудың әдістемелік жүйесін жасап, оны оқу процесінде тиімді қолдана білсе, онда оқушылардың пәнге қызығушылығы мен білім сапасы артады.

Жұмысты орындау барысында мынандай әдістер қолданылды.

педагогикалық, оқу әдістемелік әдебиеттер мен қарастырылып отырған проблема жөніндегі педагогикалық баспа материалдарын оқып талдау;

- Мектепте математика сабағын оқыту процесіндегі жинақтаған іс-тәжірибесін қорыту.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- орта мектепте математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру заманның талабы екендігі, математикалық білім сапасының қоғам дамуына қажеттілігі.

- орта мектеп математика курсын оқытуда жаңа технологияларды қолданудың әдістемелік жүйесі.






























ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ МЕН БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ДЕҢГЕЙЛІК БАҒДАРЛАМАҒА САЙ ЖАҢАША ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ


Қазіргі заманғы мұғалімнің басты мақсаты- оқушыны  терең білім алу мен сапалы ойлауды дамытуға жетелеу болып есептеледі.   Бірлескен топ жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, алынған ақпаратты  топ болып түсініп,талдап, синтездейді, салыстырып болжамдар жасай отырып ортақ шешімге келеді. Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін  ойдағыдай меңгерген  мұғалім  шәкіртін  білім алуға   қызықтыра алады және  жеке  іздеуге дағдыландырады. Нәтижесінде оқушы  еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық  жеткізе білетін  сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары  дамыған болып қалыптасады .Топтық жұмыс арқылы ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін  топ ішінде талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау екені мәлім.

Жаңа әдістің ерекшелігі мұғалім бағыт бағдар беруші, ол оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеруіне жағдай жасайды. Ал оқушылар ізденуші, зерттеуші ретінде ақпарат мағынасын өз бетінше жете түсіне алады, өткен тақырыппен салыстыра отырып қорытынды жасай алады. Барлық жастағы оқушылардың кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айтуына, саналы шешім қабылдауына бағытталады.

Әр ұстаз ойлау қабілеті жоғары оқушысы болғанын қалайды. Жас ұрпақты қазіргі заман талабына сай оқыту әр мұғалімнің міндеті. Мемлекетіміздің рухани және әлеуметтік дәрежесі қазіргі таңда білім деңгейімен бағаланады. Жас ұрпақты осы талапқа сай тәрбиелеу үшін мұғалім өзінің оқыту әдістерін күннен күнге жетілдіріп отыруы тиіс. Математика пәні оқушылардың қызығушылығы мен тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін дамытады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Олар өз бетімен ізденуі барысында білімнің шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Әр оқушыға жас ерекшелігі, ойлау қабілеті, айналасы үлкен әсерін тигізеді. Дарынды балалардың ерекшеліктерін танып білу арқылы олардың қабілеттерін дамыта білуіміз керек. Логикалық ойлау білімді меңгертудің бірден бір жолы. Кез келген есепті шешу барысында оқушыларды талдауға, яғни есепті шешудің бірнеше жолдарын қарастыруға, ойландыруға үйрету керек. Бір стандартты есепті талдау арқылы, тіпті сондай есептерді көптеп шығарса да оқушылардың ойлау қабілетін жақсы дамыта алмаймыз. Кейде оқушылар ойлануды талап ететін стандартты емес есептерді шешу тәсілдерін меңгерсе де, нәтижеге жете алмай жатамыз. Оның себебі, негізгі білімді жете меңгермегендіктен. Сондықтан жас ұрпаққа озық ойлы оқушы болатындай бағыт бағдар беруіміз керек. Пәнге қызығушылығын үнемі арттырып, зеректілігін, ойлау қабілетін сабақ барысында дамытамыз. Оқушының жас ерекшелігіне байланысты бойындағы қабілетін анықтау, қасиеттерін ажырата біліп, жеке тұлға ретінде қарап, тек ғылыми білім негіздерінде ғана оқытпай, әр баланың ой өрісін дамыту, келешекте нағыз маман иесі болуға тәрбиелеу ұстаздардың талмай еңбек етуінің жемісі.

Осы уақытқа дейін өткізген және басқа мұғалімдердің дәстүрлі сабақтарына қатысып жүрген кезімде мен, сыныпта оқушылардың аз сөйлеп, көбінесе мұғалімнің сөзін , берілген тапсырмаларды үн – түнсіз тыңдау үдерісі қалыптасқанын түсіндім. Ондай сәттерде үлгерімі жақсы оқушылар зерігіп, ал үлгерімі төмен оқушылар өзінің тілдік қорын дамыта алмай немесе түсінбегендерін сұрауға дәті бармай, сабақты түсінбестен үйіне қайтады. Әрине, бұрынғы дәстүрлі сабақтағы әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.

Бағдарламаға сүйене отырып, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бойынша оқушыларға алдымен әр сабақ сайын тренинг өткізілсе, сабақ көңілдірек болатынына көз жеткіздім. Тренинг-оқушы назарын жаңа сабаққа аударуда, қызығушылықтарын арттыруда, ынтымақтастық қалыптастыруда маңызды тәсіл. Сабақ бастамас бұрын тренинг өткізу оқушыларға жағымды, оң әсер етті. Ең бастысы оларға ұнады. Ынтымақтастық орнату мақсатында «Жақсы тілек», «Әсем күлкі,ақ тілек» тренингтерін ұйымдастырдым.Бұл тренингте оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтып, сабақты жақсы көңіл-күймен бастады. Топқа бөлу барысында оқушылардың сабаққа белсенді қатысулары, өз ойларын ашық, еркін жеткізулері, бастысы, топта оқушы оқшауланып қалмайтындығын көрсетті. Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл әдіс сонымен қатар топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға,ойын еркін ортаға салуға, бірінен- бірі үйренуге септігін тигізді. Яғни, топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу, проблемаларды шешу және топ ішінде шығарманы жан-жақты талдауға көмектеседі. Топтық жұмыстың артықшылығы:

Оқушылар өзара достық қатынаста болады;

Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді

Өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді;

Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді;

Оқушылардың мектепке деген көзқарасы өзгереді. Уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді.

Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар,олар:

-Әңгіме-дебат барысында;

-Топтық әңгіме барысында;

-Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде байқалады екен[1].

«Диалогті оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» деп К.Д.Ушинский [2] айтқандай баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасап, сабақ барысында оқудың белсенді әдістері, диалогтік оқыту және оқу әдісін қолдануда білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, білімді бірлесіп құру, талқылау, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әр сабағымда оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын ашық, еркін айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетсе, сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Бұл оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Біз көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ – жауап ретінде қолданамыз. Яғни, бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлер мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды. Жұмыс жасау барысында оқушыларға көптеген сұрақтарды қоюға болады. Мысалы, кез келген сабақтың басталуы сұрақ – жауаптан тұрады. Сұрақтардың берілуіне байланысты оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас орнайды. Диалогтік оқыту оқушы мен оқушы арасында да туындауы мүмкін. Мұнда оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Бір-бірінің жауабына қанағаттанбаса, қосымша да сұрақтар беруі мүмкін.

Сын тұрғысынан ойлау – креативті тұлғаны қалыптастырудың бір жолы. Сыни тұрғыдан ойлануды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтіргендер – Джинни, Л.Стил, Куртис, С.Мередит, Чарльз Темпл.Жобаның негізінде Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлану әдіс- тәсілін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артқаны байқалды.

Бұл әдіс – тәсілдер оқушыларға:

-еркін ойлауға мүмкіндік береді;

ақыл-ойын дамытады;

-шығармашылық белсенділігі артады;

-ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;

-тіл байлығы жетіледі;

-жан-жақты ізденеді;

-өз ойын жеткізеді;

Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану – заман талабы. Әр мұғалім өз сабағын түрлендіріп өткізгісі келеді. АКТ-ға теледидар, интернет, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер немесе ноутбук жатқызылса, әрқайсысының өзіндік қолданылу орны бар. АКТ оқушы қызығушылығын арттырады және есте сақтауға көмектеседі. Өйткені естігеннен, оқығаннан гөрі көзімен көрген есте жақсы қалады. Қайта қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артады. Интерактивті тақта арқылы оқытудың басқа тәсілдерге қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек болады.

Бағдарлама бойынша бұрын-соңды қолданбаған жаңа тәсілдің бірі – критерий бойынша бағалау. Осы 7 модульді сабағымда колданған кезде сыныптагы көрініс, оқушылардың көзқарасы мен оқу үрдісіне қатысы бойынша орын алған өзгерістерге соның ішінде оқытуды бағалау және оқыту үшін бағалау модуліне тоқталғым келді. Бағалау – оқыту үрдісінде және мұғалімнің қолындағы маңызды да әсерлі құрал екендігі рас.

Ол бізге тек қана оқушының білім деңгейі мен жетістіктері туралы ақпарат беріп қана қоймайды, оқушылармен кері байланыс орнату құралы болып табылады. Бағалаудың мақсатына қарай оның бірнеше түрлері бар. Олар: формативтік бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесін өзгертуге әкеледі. Бір мұғалім оқытса да оқушылардың білім игеру деңгейлері әр түрлі болып табылады. Әр оқушының мұғалімді түсінуі мен тақырыпты қабылдауы әр түрлі, сол себепті жетістіктері де бірдей емес. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеуі және түсіндіру үдерісі. Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді талап етеді. Оқытуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды [1,59 бет].

Бағдарламаның жеті модулінің соңғысы – « Білім берудегі басқару мен көшбасшылық». Білім беруде басты көшбасшы тұлға – мұғалімнің өзі. Жоғарыда айтылған идеялардың барлығын қамтып, бір-бірімен тығыз байланыстыра, шебер қолдана білсе, ол мұғалім көшбасшылығы болмақ. «Нағыз ұстаз өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді», – деген екен Мәлік Ғабдуллин. Оның бұл сөздерінен көп нәрсе аңғаруға болады.[3] Оқушы өзінің ұстазына қарап, еліктеп өседі.

Оқушы бойындағы көшбасшылық қасиеті:

  • топтық жұмыс кезінде оқушының топтарды басқаруы;

  • жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуі;

  • мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуы;

  • топтық жұмыстарды жүргізуде көмекші болуы;

  • сынып оқушыларын бір іске жұмылдырып, ұйымдастыра білуі;

  • тапсырылған істі жауаптылықпен орындауы

сияқты іс-әрекеттерінен байқауға болады. Әр сабақ сайын оқушылардың орнын ауыстырып, топқа бөлу де, топтасып жұмыс жасау да, ақпараттық технологияны жиі пайдалану да, сыни тұрғыдан ойлату да, қажымай, талмай дарынды, талантты оқушыны анықтап, оның дарындылығын одан әрі дамыту да, шығармашылық тапсырмаларды көптеп беру де оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, білім беру жүйесінде оң нәтижелер береді деп ойлаймын. Мұғалім мен оқушы көшбасшылығы – мұғалім жеті модульді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізе алса – мұғалімнің көшбасшылығы, ал оқушыларда топқа бөлінгеннен кейін-ақ көшбасшы көрінеді, топта айрықша белсенділік танытқан оқушы–көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастарын, топты алға сүйрейді.

Осыған орай, бағдарламаның модульдерін сабақта тиімді қолданысқа енгізсек, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін, оқудың қызықты әрі жеңіл өтетіндігін, топта бірлесіп жұмыс жасауда білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын білдім. Оқушы өз ой пікірін ашық еркін айтады, бір бірін тыңдауға үйренеді.















ҚОРЫТЫНДЫ


Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында «Өмір бойы білім алу әр қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», деп бекер айтпаған болар. Қазіргі таңдағы педагогтар қоғамының алдында тұрған өзекті мәселе бұл жан жақты дамыған, көп мәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру.

Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Қоғамның, білімнің, технологияның дамуы бір деңгейде тұрып қалмайды, үнемі өзгеріп отыратындығы заңдылық. Осындай жағдайды көргендігімен ескеріп отырған Елбасы білім беру саласының әлемдік білім беру кеңістігіне енуімізге өте үлкен мүмкіндік жасап отырғаны баршамызды қуантады. Әлемдік білім беру жүйесінің озық тәжірибелерін енгізуді мемлекеттік деңгейде іске асыру бағытында Кембридж Университетінің мамандарының тәжірибесімен бөлісе отырып, ұйымдастырған жобаның маңызы зор.

Әдетте дәстүрлі оқытуда мұғалім сабақты өзі түсіндіруші, ұйымдастырушы рөлін атқарса, ал жаңаша оқытуда білім алушылар білімді алу көздерін өздері іздестіреді, топта өзара талқылап, өздері қорытынды жасайды. Мұның артықшылықтары білімнің тұлғаға бағытталуында, ол тұлғаның шығармашылығын дамытады.

Әрине, аталмыш модульдердің көпшілігі бұрындары өзгеше тәсілде сабақтарда пайдаланылғанымен, олардың тереңіне үңіліп, мағынасын жете түсінуге пайдасы зор болды. Бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Аталған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан, сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

Қорытындылай келе, жеті модульді де сапалы қолдана алсақ, оқушыларымызды сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы етіп тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз.

9

Автор
Дата добавления 29.05.2016
Раздел Математика
Подраздел Научные работы
Просмотров183
Номер материала ДБ-102530
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх