1837640
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Иностранные языки Научные работыОрта мектептерде Қайым Мұхамедханов шығармашылығын оқыту жолдары

Орта мектептерде Қайым Мұхамедханов шығармашылығын оқыту жолдары

библиотека
материалов

Орта мектептерде Қайым Мұхамедханов шығармашылығын оқыту жолдары

Жалпы білім беретін мектептерде Қайым Мұхамедханов шығармашылығын аймақтық компонент ретінде оқытуда басты ұстанатын бағыт – оның жан – жақтылығы болуы тиіс. Өзінің ғылыми зерттеу еңбектерінде де Қайым Мұхамедханов қазақ әдебиеті шеңберімен ғана шектелген емес. Оның қаламынан Пушкин, Лермонтов, Тарас Шевченко, Әлішер Науаи, Ғабдолла Тоқай, т.б. туралы мақалалар туындады. Сонымен бірге әдебиетші – ғалымның жанынан халық ақындары Төлеу Көбдіков, Сапарғали Әлімбетов, Нұрлыбек Баймұратов, Шәкір Әбенов, Тәңірберген Әміренов тағы басқаларының шығармашылығы да тыс қалмағанын ескеруіміз керек. Білімі тек қана қазақ әдебиеті ғана емес, сондай- ақ орыс, батыс Еуропа және шығыс әдебиеті тарихынан толықтырылғандығы Қайым Мұхамедхановтың әр жанрлық шығармашылығына көп әсерін тигізетіндігін де тілге ала жүруіміз керек. Фольклор туындыларына байсалды да айнымас қызығушылығы, жыраулар шығармашылығын да түбегейлі зерттеуіне әкеліп тоғыстырды. Шәкәрім Құдайбердиев қазақшаға А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Метель» шығармаларын өлең сөзбен дастандар түрінде аударғаны белгілі. Осы дәстүрді жалғастырып Қайым Мұхамедханов та Н.Керамзиннің «Бедная Лиза» туындысын «Сормаңдай Лиза» деп өлеңмен аударғандығын айту келер ұрпаққа бұл ұлы тұлғаның сан қырынан танылуына әсер етеді. Өткен ғасырдың 40-шы жылдары Абай атындағы Семей облыстық театрдың сахнасына оның аудармасын Узаир Гаджибековтың «Аршин мал алан» деген сазды комедиясы қойылғандығы да құнды дерек болып табылады. Қайым Мұхамедхановтың «Комиссар Габбасов» атты тарихи драмасы Абай атындағы театр сахнасында әр түрлі редакциямен еліміздің екі жетекші режиссерлері, Қазақстанның халық артистері Байтен Омаров пен Есмұқан Обаевтың басқаруларымен 1960 және 1980 жылдары екі мәрте қойылғандығын да оқушы санасына ұялату керек. Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге арналған зерттеу еңбектері мен мақалаларын төмендегідей жіктеп оқытуға болады:

  1. Қазақ ауыз әдебиеті және айтыс ақындарына байланысты сын зерттеулері («Қаракерей Қабанбай батыр», «»Бөгенбай батыр», Орынбай, Шөже, Жанақ, Кемпірбай, Шашубай, Төлеу, Сапарғали, Баймұрат және т.б.).

  2. ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындрының шығармаларын зерттеу мақалалары (Шоқан Уәлиханов, Бұқар жырау, Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлы, Шернияз, М.Ж. Көпеев).

  3. Абай Құнанбаев және оның ақын шәкірттері туралы монографиялар мен ғылыми еңбектері.

  4. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған мақалалары.

  5. Алаш арыстары жөніндегі зерттеу мақалалары (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ы. Мұстамбаев, Т. Хасенов).

  6. Қазақ әдебиеті және қоғам қайраткерлері туралы мақалалары (І. Жансүгіров, Ә. Марғұлан, Ж. Шалин, Е. Смайлов, М. Сералин, С. Ғаббасов және т.б.).

  7. Шетел жазушылары мен ақындары туралы ғылыми мақалалары мен зерттеулері (И. Крылов, А. Пушкин, Ю. Лермонтов, Л. Толстой, А. Мицкевич, Т. Шевченко, Лу Синь, Ғ. Тоқай, И. Борганский, Х. Файзханов және т.б.).

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ақын – жазушылар мен қоғам қайраткерлері туралы жазған ғалымның зерттеулері мен сын мақалаларын осылай бөліп оқыту оның ғылыми қарымын тереңірек танып білуге мүмкіндік береді. Ғалымның көлемді еңбегі «Қаракерей Қабанбай батыр» жыры. 1945 жылы М. Әуезовтің басшылығымен «Қазақ әдебиеті тарихынан» бірінші томын даярлау қолға алынып, 1948 жылы І томы жарық көргені белгілі. Міне осы кітаптың «Тарихи жырлар» бөліміне кіретін Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырларға арналған халық жырлары туралы мақала жазу Қ. Мұхамедхановқа тапсырылды. Ғалым ұстазының ақыл – кеңесі, нұсқаған бағыты бойынша «Қаракерей Қабанбай батыр», «Қанжығалы Бөгенбай батыр» жырларының тарихи оқиғасына, көркемдік тіліне зерттеу жұмысын жүргізіп, әдеби талдау жасап академияға тапсырады. Бірақ бұл мақалалар түрлі идеологиялық кедергілермен жинаққа енбей қалады.

ЮНЕСКО деңгейінде өтетін болған Абай Құнанбаевтың150 жылдық мерейтойына байланысты республикалық «Абай» қорының тікелей қатысуымен жетпіс жастағы Қайым Мұхамедханов өзінің бар күш – жігерін салып, ұқыпты дайындап, «Дәуір» баспасынан «Абайдың ақын шәкірттері» деген жалпы атпен 4 кітап шығарды (1993, 1994, 1995).Бүгінде өмірден өзі кеткенімен, жүректен сөзі кетпеген, ғибратты ғұмыры көп қазаққа үлгі. «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған, Азаттық жолында ар үшін қиған жан!» деп Қайым Мұхамедханов небәрі 27 жасында – ақ Кеңестік Қазақ елінің тұңғыш Әнұранын жазды. Ұлы ұстазы Мұхтар Әуезовпен бірге тұңғыш абайтану ғылымының негізін қалады. Абайтану сабақтарында болсын, тіпті қазақ әдебиеті сабағында болсын аймақтық компонент ретінде Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығын таныту бізге жүктелген міндет.

«Өлеңнің бар асылын кеткен жазып,

Бойға – қуат, жанға болған азық.

Қалам алсам, қолыма, өлең жазсам,

Алдымда Абай – Темірқазық!» - деп Қайым Мұхамедханов бүкіл өмірін Абайдың ақындық айналасына арнағандығын тереңірек оқуымыз керек.

«ШҚО Семей қ. ББ» «№32 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанар Кеңесбекқызы Рахимбаева



Курс профессиональной переподготовки
Учитель английского языка
Курс профессиональной переподготовки
Учитель немецкого языка
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Английский язык: лингвистика и межкультурные коммуникации»
Курс профессиональной переподготовки «Французский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Испанский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Китайский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания английского языка с учетом требований ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания французского языка с учетом требований ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания итальянского языка с учетом требований ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика билингвального обучения иностранным языкам»
Курс повышения квалификации «Организация кросс-культурной адаптации иностранных студентов в образовательных организациях в сфере профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания русского языка как иностранного»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.