Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы«Ортақ іс және табысы»

«Ортақ іс және табысы»

Скачать материал

Күні:04.12.13 ж

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 4 «б»

Машықкер: Жылқайдарова М.Б.

Тақырыбы: «Ортақ іс табысы»

Мақсаты: Оқушылардың «еңбек», «сыйластық», «ынтымақ» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері.

-ынтымақ, бірліктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

-бірлесіп жұмыс істей білу іскерліктерін дамыту.

-өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын,әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Типі:Жаңа материялды игерту.

Түрі:Дәстүрлі.

Көрнекі құралдар: смайлик,оқулық, қорап, шаблондар, дәптер.

Кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1 мин

Шаттық шеңбері

3 мин

Әңгімелесу

2 мин

Жаңа сабақ

1 мин

Оқулықпен жұмыс

5 мин

Сұрақ – жауап

3 мин

Дәйексөз

4 мин

Шығармашылық жұмыс

6 мин

Ойын

3 мин

Өзім мен өзім

2 мин

Жаңа ақпарат

1 мин

Дәптермен жұмыс

8 мин

Жүректен жүрекке

2 мин

Қорытынды

2 мин

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Оқушылар қасымыздағы көршіміздің қолынан ұстап,үлкен шеңбер жасап тұрайық. Ал енді бір-бірімізбен амандасайық.

Мен сендерге дөңгелекшелер берем,сендер сол дөңгелекшелерге өз көңіл-күйлеріңді саласыңдар.Яғни смайлик саласыңдар!(балалар,смайлик жасайды).Сендер шаттық шеңберінде смиайлик жасадыңдар,кейін сабақтың соңында тағы смайлик жасаймыз.Сол смайликтың жасалуына қарай отырып бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандарыңды бақылаймыз.

-Жарайсыңдар.

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында әңгіме жүргіземін.

Осы оқыған өлеңдегі: «Берекелі бүгіндей, Бейбіт болсын болашақ!» деген жолдарын қалай түсінесіңдер?

Досыңмен ортақтасып істеген ісің болды ма?

«Ортақ іс табысы» дегенді қалай түсінесің?

Дұрыс айтасыңдар.

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ортақ іс табысы» деп аталады.

Сабақтың мақсаты: «Еңбек», «сыйластық», «ынтымақ» туралы түсініктеріңді кеңейту.

Оқушыларға бірлік ұғымының мәнін түсіндіру мақсатында әңгіме ұйымдастырамын.

Қане, бәріміз оқулығымыздың 73 бетін ашамыз             М. Төрежановтың  «Көп біріксе – береке» атты мәтініне назар аударайық.(Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқытамын)

Көп біріксе – береке

  «Бірлік» бастауыш мектебі жаңа салынған. Төрт сыныпта жүз бала оқиды. Бірінші сыныпта отыз оқушы бар. Сыныптары кең, терезелері үлкен, жарық. Мектептің маңы шарбақпен қоршалған.

  Бір күні бірінші сыныптың мұғалимасы Сара Сарыбаева балаларды аулаға алып шығып, өзі бас-көз болып, бір – бірден жас шыбық отырғызды. Басқа сыныптар да сөйтті. Әркім өз шыбығын баптап, су құйып, белгі тағып өсірді.

  Арада бірнеше жыл өтті. Бір талы қурамай мектептің ауласында жасыл орман жайқалды.

  Кейіннен бастауыш мектеп сегіз жылдық мектепке айналды. Балалар құлпырып тұрған тал, терек, қарағаштарды көріп:

-Мен бір-ақ ағаш өсірдім!

-Мен де бір тал шыбық отырғызған едім. Енді көрмейсің бе, қалың орман болып кеткенін! – десті.

-Біз көппіз ғой, әрқайсымыздың үлесімізге  бір-бір талдан ғана келсе де, ну орман болып тұр. «Көп біріксе – береке» деген осы! – деп шәкірттерінің сөзін Сара Сарыбаева толықтыра түсті.

Оқушылардың ойын білу мақсатында сұрақтар қоямын.

1.Мектеп жанындағы ағаштардың ну орманға айналуының себебі неде деп ойлайсыңдар?

2. «Көп біріксе- береке» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Көпшілікпен бірге еңбектенген ортақ істерің туралы естеріңе түсіріңдер?

«Келісіп істесе, көп іс бітеді» деген дәйексөзді қалай түсінесіңдер.

Балалардың жауаптарын дәйексөзбен түйіндеймін.

-Иә, дұрыс айтасыңдар. Әр оқушы бір тал шыбықтан егіп, өсірген ну орман – олардың бірігіп істеген ортақ еңбектерінің жемісі. Көп біріксе береке, мереке болады дегені – жұмыс әрі тез, әрі сапалы орындалады да берекелі болады, көпшілік болған соң бір – біріне қызық әңгіме айтып, әзіл – күлкіге орта толып мереке болады. Сондықтан да дана Құтып аталарың «Келісіп істесе, көп іс бітеді» деп тегін айтпаған. Өйткені күш бірлікте.

Оқушылардың сабақта алған білім – біліктерін іс жүзінде көрсетулеріне жағдай туғызу мақсатында шығармашылық жұмыс жүргіземін. Балалар оқулықтағы суретке қарап, әңгіме құрастырады. Оқушылар ойын тыңдаймын.

Айтылған ой бекітіле түсу үшін «Күш – бірлікте» атты ойын – жаттығу ұйымдастырамын.

Бір балаға бір қорап және қалған балалардың барлығына бір қорап беремін. Оқушыларға  шаблондарды яғни

( геометриялық фигуралар, таяқшалар,) бір балаға және топ балаға жинауды ұсынамын. Уақытты қадағалап отырамын.

Тапсырма орындалып болғаннан кейін қорытындылап өтемін.

-Жарайсыңдар, балалар! Ойын барысында өздеріңнің ұйымшылдықтарыңды көрсете білдіңдер. Бәріміз жұмылсақ, бітпейтін іс жоқ екен. Ылғи да осылай бірлігімізді көрсете білейік. Өздерің көргендей, біреу болып істеген істің өнімділігі де төмен болады екен.

Жарайсыңдар.

Балалар, днңелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Бүгін демалыс күні деп ойлаңдар. Аналарың сендерді «Алтыным», «Құлыншағым», «Күнім», «Жарығым», «Ботақаным» деген сөздермен ұйықыдан оятты. Сендер өте көңілді, жақсы көңіл-күйімен ояндыңдар, сондықтан барлығың аналарыңа алғыс айтып жатырсыңдар. Ал енді көздерімізді ашамыз

«Адам өз ортасында сыйлы, ортақ істерді жүзеге асыруда адал болса еңбегі нәтижелі болады» деген жаңа ақпарат беріп, балалардың алған білімдерін толықтырамын.

Сабақ тақырыбының мазмұнына сәйкес дәптермен жұмыс беремін.

1-тапсырма.

Дәптерде берілген ребусты шешу.

Ребустың шешуі: «Бірлік бар жерде – тірлік бар»

2- тапсырма. Достарыңмен бірігіп еңбектенген ортақ істерің туралы жазыңдар.

Өте жақсы.

Ал енді бәріміз қасымызда отырған көршіміздің қолынан ұстап  шеңберге тұрайық.Қазір көшілеріміз аттарына сын есім қосып бір-бірлеріне мейірімділік сезімдеріңді білдіріңдер!(мейірімді Мөлдір,т.б.)

Бүгінгісабақта не туралыөттік?

Қандайдәйексөзбентаныстық?

Соныменортақісарқылықандайнәтижегежетугеболады екен?

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ортақ іс және табысы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 916 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2015 3157
    • DOCX 20.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жылқайдарова Мөлдір Балтабайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5322
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе