Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Ортанғы топқа ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекеті «Күзгі орманға саяхат»

Ортанғы топқа ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекеті «Күзгі орманға саяхат»

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

үзгі орманға саяхат

 

Ортанғы топқа ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекеті
«Күзгі орманға саяхат»
Мақсаты: Балаларды шығарманы тыңдай білуге үйрету арқылы әуенді ырғақты сезіне қабылдауын дамыту. Музыканың эмоционалды - бейнелі мазмұнын қимыл арқылы шығармашылықпен жеткізе білуге баулу. Жаңа ұғымдарды енгізу(жанр, темп, ұрмалы аспаптар.) Түрлі сипаттағы музыкаға деген тұрақты ынтасын, қызығушылығын
арттыру.
Пайдаланатын құралдар: Компакт - дискілер, суреттер, магниталық тақта, карточкалар, балалар аспаптары, үш үйшік, маска - көңілді нотканың, шырша дәмдері - бүрілер.

Сабақ барысы: Балалар марш екпінімен залға кіріп жүреді, жеңіл жүгіреді, бастапқы қалыпқа түседі, тоқтайды. Муз жетекші: Балалар, қараңдаршы бізге бүгінгі оқу іс - әрекетімізге көп қонақтар келіп отыр, кәне бәріміз музыкалық сәлемімізді берейік.
- Здравстуйте, здравствуйте, здравствуйте!.....(әуенмен дауыстарын жоғары көтереді.)
- Сәлеметсіз бе! (төмен түседі. тағы бір қайталайды.)
(Осы кезде есік ашылып, көңілсіз ергежейлі - гномик кіреді де балаларға сәлемдеседі.)

Муз. жетекші: - Балалар сендер таныдыңдар ма бұл кім?
Ергежейлі сенің неге көңілің жоқ?
Ергежейлі:- Күз бітіп қыс та жақындап қалды, ал менде
тұратын үй жоқ, мен тоңып қалтырап жүрмін, үй іздеп
ыңғайлы ештеңе таба алмай жүрмін. Балалар сендер маған көмектесесіңдер ме? (балалардың жауабы)
Муз. жетекшісі:- Балалар ертегілерде ергежейлі қайда қоныстайды? (балалардың жауабы) - Дұрыс орманда, ендеше бәріміз орманға саяхатқа шығайық, ергежейліге үй табуға көмектесейік. Жылдам жету үшін біз поровозға отырайық, кәне біріміздің артына біріміз тұрайық. Балалар жол тегіс емес сондықтан ирелектеп жүреміз. (Поровоз әуенімен балалар орманға кетеді. Бірінші үйге келіп тоқтайды.)
Муз. жетекші: Балалар мына үйде қандай суретті көріп тұрсыңдар? (Балалардың жауабы)
- Дұрыс бесіктің суреті салынған, ал біз бесік жырын білеміз бе? (балалардың жауабы)
- Ендеше бізде қуыршағымызды әлдилеп ән айтайық.
Ән « Әлди - әлди қуыршақ»(ергежейлі бұл әнге ұйықтап
қалады)

Муз. жетекші: Балалар бұл ән қандай жанрға жатады?
Бұл бесік - жыры жанрына жатады, әр әннің өзінің жанры болады, бұл әннің жанры бесік жыры немесе орысша
айтқанда колыбельный жанр дейміз. Ергежейлі ұйықтап қалыпты ғой, тұра ғой саған бұл үй ұнады ма?
Ергежейлі: Жоқ мұнда ұйқым келеді де тұрады, маған бұл үй ұнамайды. Басқа үй іздеуге кеттік.(балалар поровоз болып тұра қалып әуенімен қозғалады, кішкене жүргеннен кейін екінші үйшікке келіп тоқтайды. Бұл үйдің сыртында музыкалық аспаптардың сүреті салынған.)
Муз жетекші: Балалар мен мұнда шу естіп тұрмын, үйдің сыртында ненің суретін көріп тұрсыңдар?(балалардың жауабы)
- Балалар музыкалы дидактикалық ойын ойнайық.
«Музыкалық аспаптардың үнін тап»

Муз. жетекші: Балалар сендер мұқият тыңдаңдар үнтаспада әртүрлі аспаптың үні жіберіліп тұрады, сендер ненің үні екенін тауып үстелдің үстінде жатқан карточкалардан аспап суретін тауып, мына магниталық тақтаға орнатасыңдар.(Музыка әуені ойналады балалар шешуін тауып бір бірлеп тақтаға шығып карточкаларды орналастырады) Муз. жетекшісі: Жарайсыңдар балалар! Ергежейлі саған үй ұнады ма?
Ергежейлі: Жоқ, жоқ бұл үй өте шулы екен, басым аурады.
Муз. жетекші: Ендеше басқа үйді іздейміз.(балалар тағыда поровоз құрып тұра қалады, әуенімен жүріп үшінші үйге келіп тоқтайды. (Үйдің сыртында нотаның белгілері бар екен.) Музыка жетекші:- Тук - тук кім мұнда тұрады?
Ау - ау, кім әнді айтады, Ау - ау, кәне шыға ғой бізге,
Көңілді, әсем балаларға! Көңілді нота: - Бұл мен, мен көңілді ноткамын!
Сәлеметсіздер ме балалар!
Мен сендерге өлең айтып берейін. Ән:« Гномик» Музыка жетекші: Рахмет саған, көңілді ергежейлінің әні екен. Ұнады ма саған осы үй, ергежейлі? Ергежейлі: Ия, өте көңілді үй екен, енді мен мұнда тұратын болдым. Рахмет балалар! Сендер маған
көмектестіңдер, керемет үй тауып бердіңдер. Ал енді мен, сендерге ойын ойнатып жіберейін, манағы өлеңге менімен бірге қимыл қозғалыс жасайсыңдар, өлең біткеннен кейін мына жердегі жатқан бүрілерді (шишка) тез жинап аласыңдар, кімге жетпей қалса сол бала ойыннан шығады......(Балалар әнді айтып билейді әуен біткесін бүрілерді (шишка) алуға шапшаңдық көрсетеді, ойын бірнеше рет қайталанады. Ойнап болғасын ергежейлі балардың бәріне бүрілерді үлестіреді.)

Ергежейлі: Біз көңілді нотка екеуміз үйімізге кетейік, ал сендер балалар балабақшаларыңа тездетіп жетіп алыңыздар.
Сау болыңдар!
Музыка жетекшісі: Сау болыңдар! (Ергежейлі көңілді нотамен бірге шығып кетеді.)
- Балалар орман іші қандай тып тыныш, ауасы қандай керемет! Біз бүгін не істедік? Кімге көмектестік?
Ал сендер өз үйлеріңде мамаларыңа, әкелеріңе көмектесесіңдер ме? Дұрыс өзімізден үлкен кісілерге бәріне
қол ұшын тигізіп тұру керек. Ендеше балалар, орманнан
балабақшамызға жылдам жету үшін біз тұлпар болып
шабайық. Ән: «Тұлпарым»
Муз. жетекшісі: Міне балалар бала бақшамызға да жеттік.
Бүгінгі оқу іс - әрекетімізге сендер өте жақсы қатыстыңдар сау болыңдар!



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 08.10.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров81
Номер материала ДБ-244865
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх