Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / ҚОРЫТЫНДЫ САБЫҚ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТІ Сабақтың түрі : Комплекстік Тақырыбы: «Бауырсақты іздеу жолында» Топ атауы: «Ботақан» ІІ-сәбилер 2-тоқсан

ҚОРЫТЫНДЫ САБЫҚ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТІ Сабақтың түрі : Комплекстік Тақырыбы: «Бауырсақты іздеу жолында» Топ атауы: «Ботақан» ІІ-сәбилер 2-тоқсан



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

КМҚК «Дәншік» балабақшасы









ҚОРЫТЫНДЫ САБЫҚ

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТІ



Сабақтың түрі : Комплекстік

Тақырыбы:

«Бауырсақты іздеу жолында»

Топ атауы: «Ботақан» ІІ-сәбилер

2-тоқсан



Тәрбиеші: Нурпиисова М.С.















Самар ауылы 2015 жыл



Тақырыбы: «Бауырсақты іздеу жолында»

Мақсаты: а) Балалардың ертегі бойынша танымдық қабілеттерін , екі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру ; ә) Тіл байлығын, сөздік қорын молайту; б) Карточкада кескінделген суреттердің санына қарай «бірдей», «тепе-тең», «қанша болса сонша» ұғымдарын бекіту; в) Тәуліктің уақытын: «таңертең», «күндіз», «кешке», «түнде» бағдарлауға, геометриялық пішіндерді ажыратуды, «ұзын», «қысқа» ұғымдарын бекіту; г) Жақынына, достарына деген достық қарым-қатынастарына ықпал жасау.

Қажетті құралдар: Ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары, хат, геометриялық пішіндер, саңырауқұлақ салынған карточкалар, қоңыздар, орманның бейнесі, көгал.

Қолданған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойын-жаттығулар, диолог, монолог, көркем сөздер.

Қос тілдік компонент: шаршы-квадрат, үшбұрыш- триугольник, шеңбер-круг.

Аймақтық компонент: аңдар (аю, түлкі, қоян), поезд, саңырауқұлақ, жаңғақ.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауадан салайық,

Достық мейірімін салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық!



Балалар шеңбер бойына тұрып орындайды



Іздену - ұйымдастыру

Есік қағылып, сауысқан ұшып келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен адасып кеткен жоқпын ба? Хат әкелдім, «Ботақан» тобы сендер ме?

-Иә біз, кімнен хат келді екен?!

Хатты ашып оқимын:

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біздің бауырсақ орманға қашып кетті. Сендер оны тауып беруге көмектесіңдерші. Сәлеммен ата мен әже».

-Міне балалар, біздегі хаттың мазмұны осындай екен. Ата мен әжеге көмектесейік пе?

-Ендеше орман өте алыс, сондықтан да,орманға немен баратынымызды ойластырайық.

- О, балалар, поезбен барсақ қалай?

-Ендеше поезымызды құрайық:

Қане кімнің бойы ұзын,

Паравозы ол пойыздың.

Поезды біз құрайық,

Пыш-пыш-пыш, біз кеттік

Орманға біз жеттік.

-Енді біз түсейік,қараңдар балалар, алдымызда екі жол жатыр, біреуі ұзын, екіншісі қысқа екен.Қай жолмен жүрейік?

-Неге қысқа жолмен жүреміз?

-Қайсысы ұзын жол, қайсысы қысқа жол екенін қайдан білеміз? Қалай салыстыру керек?

Екі жолды салыстыру, қысқа жолмен жүру.Түстерін атау.

-Қараңдаршы балалар, қандай әдемі көгал! Көгалда не бар? Иә, дұрыс айтасыңдар, көгалда көп ағаштар бар екен.

-Осындай ағаштар біздің балабақша алаңында бар ма?

- Мынау қалың орманда адасып қалмас үшін алдарыңда, арттарыңда, оң жағында, сол жағында нелер тұрғанын естеріңе сақтаңдар.

-Қане, енді өзімізге ыңғайлы жер тауып, жайғасайықшы, шаршап қалдық қой.

Ағаштың түбінен қоян шығады.

Тәрбиеші:

-Балалар, бұл секіріп келген кім екен?

-Қоян бізге келмей жатыр ғой, ол бізге келу үшін оған өзі туралы тақпақ айтып берейікші. Кім айтады?

Қане, Назерке айта ғойшы.

Назерке:

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып, ытқып секірді

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпандап,

Көжегі екен өзінің

-Балалар, мүмкін қоян орыс тілінде сөйлейтін шығар, қане қоянды орыс тілінде қалай атаймыз?

Қоян:

- Сәлеметсіңдер ме балалар? Сендер орманда не істеп жүрсіңдер?

Тәрбиеші:

-Біз әже мен атаның бауырсағын іздеп жүрміз, сен бауырсақты көрмедің бе?

Қоян:

-Көрдім, менен қашып кетті, егер менің тапсырмамды орындасаңдар, мен сендерге көмектесемін.

Балалардың алдарында алдын ала дайындалып қойған геометриялық пішіндер тұрады.

-Мен мына орман тұрғындарының барлығында үй болғанын қалаймын. Алдарындағы пішіндерді атап, олардан үй құрастырып беріңдерші.

Геометриялық пішіндерді сұрақ-жауап арқылы бекіту, түстерін атау

Қоян:

-Жарайсыңдар балалар, геометриялық пішіндерді жақсы білесіңдер екен, қазір мен көршімді шақырып келейін, мүмкін ол да бауырсақты көрген шығар.

Ырылдап қасқыр шығады.

-Балалар, бұл кім екен?

-Қасқырды орыс тілінде қалай атаймыз?

-Қане қасқырмен амандасайық. Сәлеметсің бе қасқыржан, сен біздің бауырсақты көрдің бе?

Қасқыр:

-Сәлеметсіңдер ме балалар. Бауырсақты көрдім, ол менен қашып кетті. Мен сендерге көмектесемін, бірақ мені қызықтыратын сұрақтарыма жауап беріңдерші.

Қоян көршім, сендерді балабақшадан келгендеріңді айтты, қояр сұрақтарым:

-Сендер балабақшаға қай уақытта барасыңдар?

-Сонда қай уақытта ойын ойнап, серуендеп, астарыңды ішесіңдер?

-Ал, қай уақытта ата-аналарың келіп сендерді үйлеріне алып кетеді?

-Ал үйлеріңде қай уақытта ұйықтайсыңдар?

-Сұрақтарыма керемет жауап бердіңдер. Көмегім ретінде көршімді шақырып берейін, мүмкін бауырсақтың қайда кеткенін ол білетін шығар.

Балаларға аю келеді.

-Балалар,бұл қорбандап келе жатқан кім екен?

-Аюды орыс тілінде қалай атаймыз?

Аю:

-Сәлеметсіңдер ме балалар? Мені неге шақырдыңдар?

Тәрбиеші:

-Аюжан, бауырсақты кездестірмедің бе, оны табуға көмектесші.

Аю:

-Бауырсақ менен қашып кетті ғой, жарайды көмектесйін, алдымен менің тапсырмамды орындаңдар

-Менің қолымда екі себет бар, біреуінде жаңғақтар, екіншісінде саңырауқұлақтар бар. Бірақ мен түсінбей тұрмын. Мұның қайсысы көп, ал қайсысы аз, соны маған айтып бересіңдер ме? (жауап)

Саңырауқұлақтың біреуін қоянға берейін деп ем, сонда саңырауқұлақтан қанша қалады?

-Тағы бір саңырауқұлақты қасқырға берейін, сонда қанша саңырауқұлақ?

-Өте тамаша, кіп-кішкентай білгіштерім. Сендерді түлкіге ертіп апарайын, мүмкін ол білетін шығар, бауырсақтың қайда кеткенін.

Сергіту сәті:

Қорбандаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Балалардың алдарынан қу түлкі шығады.

-Балалар, бұл кім?

-Түлкіні орыс тілінде қалай атаймыз?

Түлкі балалармен амандасып мән жайды сұрасады:

-Менің тапсырмамды орындасаңдар, мен сендерге бауырсақты қайтарамын. Менің тапсырмам осында.

Балаларды алдын ала дайындаған үстелге отырғызамын.

-Түлкінің үйінде саңырауқұлақтар көп екен, мына қоңыздарды саңырауқұлақтардың үстіне қондырайық, демалсын. Балалар енді біз оң қолдарымызды көрсетейікші, енді сол қолдарымызды. Сол қолымызбен карточканы ұстаймыз, оң қолымызбен солдан оңға қарай қоңыздарды саңырауқұлақтардың үстіне орналастырамыз. Қанша саңырауқұлақ?

-Қанша қоңыз?

-Қанша саңырауқұлақ, сонша қоңыз, олрдың саны бірдей. Қане барлығымыз бірге айтайықшы.

-Дұрыс балалар, біз түлкінің тапсырмасын жақсы орындадық.

Түлкі:

-Ой, балалар сендер бәрін жақсы біледі екенсіңдер, міне сендердің бауырсақтарың , ата мен әжеге апарып беріңдер, келгендеріңе өте қуаныштымын

-Ал, балалар, бақшамызға оралайық, бауырсақты әжеге апарып берейік, қанеки поезымызға отырайық.

Топта балаларды әже қарсы алады. Ол бауырсақты алып, балаларға алғысын айтады.

-Мынау менің сендерге берген тартуым.

Балаларға тәттілер береді, алғысын айтып қоштасады

Балалар таң қалады























Балалар көмектесуге келіседі







Балалардың жауабы



Балалар бір-бірінің артына тіркеліп, поезды құрайды да, өлең жолдарын қайталайды









-Қысқа жолмен жүреміз

-Орманға тез жету үшін

-Біреуінің үстіне екіншісін қою керек







-Көгалда, ағаштар, бұтақтар бар





-Балабақша алаңында осындай ағаштар бар





Балалар, жан-жақтарына қарайды





Балалар отырады.





-Қоян



























Қоянды орыс тілінде -

Заяц деп атайды





Балалар да қоянмен амандасады











Балалар тапсырманы орындауға келіседі

















Балалар геометриялық пішіндерді атап, олардан үй құрастырады, түстерін айтады















-Ол қасқыр

-Қасқырды орыс тілінде – волк деп атаймыз.

Балалар амандасады













Балалар келіседі







-Балабақшаға таңертең барамыз



-Түс уақытында



-Кешкі уақытта алып кетеді

-Түнде ұйықтаймыз















-Аю



-Аюды орыс тілінде – медведь, мишка деп атаймыз

Балалар аюмен амандасады









Тапсырманы орындауға келіседі









-Жаңғақтар көп, ал саңырау құлақтар аз







-Бір саңырауқұлақ қалады



-Біреуі де жоқ





Балалар орындарынан тұрып жүреді











-Ол түлкі

-Түлкіні орыс тілінде – лиса деп атаймыз



Балалар түлкінің де тапсырмасын орындауға келіседі





















Балалар қолдарын көрсетеді











Балалар айтады

























Балалар топқа келеді
















Рефлексті-

Коррекциялаушы

  • Балалар, біз қай ертегі әлеміне барып келдік?

  • Біз кімдерді кездестірдік?

  • Олар неліктен бізге көмектесті?

  • Бауырсақты кімге апарып бердік?

  • Сендер тағы қандай ертегілерді білесіндер?

  • Келесі жолы бұл ертегілерге саяхат жасауға келісесіңдер ме?

Балаларды мадақтау.

-Бауырсақ ертегісіне



-Қоянды,Аюды,Түкіні, қасқырды

-Әжеге апарып бердік

-Шалқан, қолғап т.б



-Келісеміз



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Геометриялық пішіндерді.

Игерді: «Ұзын», «қысқа», «қанша болса сонша», «көп», «аз», «біреу», «біреу де жоқ» деген ұғымдарды

Меңгерді: Шаршы мен шеңберді ажыратуды, карточкадағы кескіндеген суреттерді санына сәйкес зат қоюды



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

КМҚК «Дәншік»  балабақшасы

 

 

 

 

                         ҚОРЫТЫНДЫ  САБЫҚ

 МАТЕМАТИКА  ЖӘНЕ  КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТІ                                                                                                                      

Сабақтың  түрі : Комплекстік

Тақырыбы: «Бауырсақты іздеу жолында»

Топ атауы: «Ботақан» ІІ-сәбилер                2-тоқсан

 

Тәрбиеші: Нурпиисова М.С.

 

 

 

 

 

 

 

                                        Самар ауылы  2015 жыл

 

Тақырыбы:  «Бауырсақты іздеу жолында»

Мақсаты:  а)Балалардың ертегі бойынша танымдық қабілеттерін , екі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру ; ә) Тіл байлығын, сөздік қорын молайту; б) Карточкада  кескінделген  суреттердің санына қарай  «бірдей», «тепе-тең», «қанша болса сонша»  ұғымдарын бекіту; в) Тәуліктің  уақытын: «таңертең», «күндіз», «кешке», «түнде» бағдарлауға, геометриялық пішіндерді ажыратуды, «ұзын», «қысқа» ұғымдарын бекіту; г) Жақынына, достарына деген достық қарым-қатынастарына ықпал жасау.

Қажетті құралдар: Ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары, хат, геометриялық пішіндер, саңырауқұлақ салынған карточкалар, қоңыздар, орманның бейнесі, көгал.

Қолданған  әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойын-жаттығулар, диолог, монолог, көркем сөздер.

Қос тілдік  компонент: шаршы-квадрат, үшбұрыш- триугольник, шеңбер-круг.

Аймақтық компонент: аңдар (аю, түлкі, қоян), поезд, саңырауқұлақ, жаңғақ.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауадан салайық,

Достық мейірімін салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық!

 

Балалар шеңбер бойына тұрып орындайды

 

Іздену - ұйымдастыру

Есік қағылып, сауысқан ұшып келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен адасып кеткен жоқпын ба?  Хат әкелдім, «Ботақан» тобы сендер ме?

-Иә біз, кімнен хат келді екен?!

Хатты ашып оқимын:

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біздің бауырсақ орманға қашып кетті. Сендер оны тауып беруге көмектесіңдерші. Сәлеммен ата мен әже».

-Міне балалар, біздегі хаттың мазмұны осындай екен. Ата мен әжеге көмектесейік пе?

-Ендеше орман өте алыс, сондықтан да,орманға немен баратынымызды ойластырайық. 

- О, балалар, поезбен барсақ қалай?

-Ендеше поезымызды құрайық:

Қане кімнің бойы ұзын,

Паравозы ол пойыздың.

Поезды біз құрайық,

Пыш-пыш-пыш, біз кеттік

Орманға біз жеттік.

-Енді біз түсейік,қараңдар балалар, алдымызда екі жол жатыр, біреуі ұзын, екіншісі қысқа екен.Қай жолмен жүрейік?

-Неге қысқа жолмен жүреміз?

-Қайсысы ұзын жол, қайсысы қысқа жол екенін қайдан білеміз? Қалай салыстыру  керек?

Екі жолды салыстыру, қысқа жолмен жүру.Түстерін атау.

-Қараңдаршы балалар, қандай әдемі көгал! Көгалда не бар? Иә, дұрыс айтасыңдар, көгалда көп ағаштар бар екен.

-Осындай ағаштар біздің балабақша алаңында бар ма?

- Мынау қалың орманда адасып қалмас үшін алдарыңда, арттарыңда, оң жағында, сол жағында нелер тұрғанын естеріңе сақтаңдар.

-Қане, енді өзімізге ыңғайлы жер тауып, жайғасайықшы, шаршап қалдық қой.

Ағаштың түбінен қоян шығады.

Тәрбиеші:

-Балалар, бұл секіріп келген кім екен?

-Қоян бізге келмей жатыр ғой, ол бізге келу үшін оған өзі туралы тақпақ айтып берейікші. Кім айтады?

Қане, Назерке айта ғойшы.

Назерке:

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып, ытқып секірді

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпандап,

Көжегі екен өзінің

-Балалар, мүмкін қоян орыс тілінде сөйлейтін шығар, қане қоянды орыс тілінде қалай атаймыз?

Қоян:

- Сәлеметсіңдер ме балалар? Сендер орманда не істеп жүрсіңдер?

Тәрбиеші:

-Біз әже мен атаның бауырсағын іздеп жүрміз, сен бауырсақты көрмедің бе?

Қоян:

-Көрдім, менен қашып кетті, егер менің тапсырмамды орындасаңдар, мен сендерге көмектесемін.

Балалардың алдарында алдын ала дайындалып қойған геометриялық пішіндер тұрады.

-Мен мына орман тұрғындарының барлығында үй болғанын қалаймын. Алдарындағы пішіндерді атап, олардан үй құрастырып беріңдерші.

Геометриялық пішіндерді сұрақ-жауап арқылы бекіту, түстерін атау

Қоян:

-Жарайсыңдар балалар, геометриялық пішіндерді жақсы білесіңдер екен, қазір мен көршімді шақырып келейін, мүмкін ол да бауырсақты көрген шығар.

Ырылдап қасқыр шығады.

-Балалар, бұл кім екен?

-Қасқырды орыс тілінде қалай атаймыз?

-Қане қасқырмен амандасайық. Сәлеметсің бе қасқыржан, сен біздің бауырсақты көрдің бе?

Қасқыр:

-Сәлеметсіңдер ме балалар. Бауырсақты көрдім, ол менен қашып кетті. Мен сендерге көмектесемін, бірақ мені қызықтыратын  сұрақтарыма жауап беріңдерші.

Қоян көршім, сендерді балабақшадан келгендеріңді айтты, қояр сұрақтарым:

-Сендер балабақшаға қай уақытта барасыңдар?

-Сонда қай уақытта ойын ойнап, серуендеп, астарыңды ішесіңдер?

-Ал, қай уақытта ата-аналарың келіп сендерді үйлеріне алып кетеді?

-Ал үйлеріңде қай уақытта ұйықтайсыңдар?

-Сұрақтарыма керемет жауап бердіңдер. Көмегім ретінде көршімді шақырып берейін, мүмкін бауырсақтың қайда кеткенін ол білетін шығар.

Балаларға аю келеді.

-Балалар,бұл қорбандап келе жатқан кім екен?

-Аюды орыс тілінде қалай атаймыз?

Аю:

-Сәлеметсіңдер ме балалар? Мені неге шақырдыңдар?

Тәрбиеші:

-Аюжан, бауырсақты кездестірмедің бе, оны табуға көмектесші.

Аю:

-Бауырсақ менен қашып кетті ғой, жарайды көмектесйін, алдымен менің тапсырмамды орындаңдар

-Менің қолымда екі себет бар, біреуінде жаңғақтар, екіншісінде саңырауқұлақтар бар. Бірақ мен түсінбей тұрмын. Мұның қайсысы көп, ал қайсысы аз, соны маған айтып бересіңдер ме? (жауап)

 Саңырауқұлақтың біреуін қоянға берейін деп ем, сонда саңырауқұлақтан қанша қалады?

-Тағы бір саңырауқұлақты қасқырға берейін, сонда қанша саңырауқұлақ?

-Өте тамаша, кіп-кішкентай білгіштерім. Сендерді түлкіге ертіп апарайын, мүмкін ол білетін шығар, бауырсақтың қайда кеткенін.

Сергіту сәті:

Қорбандаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Балалардың алдарынан  қу түлкі шығады.

-Балалар, бұл кім?

-Түлкіні орыс тілінде қалай атаймыз?

 Түлкі балалармен амандасып мән жайды сұрасады:

-Менің тапсырмамды орындасаңдар, мен сендерге бауырсақты қайтарамын. Менің тапсырмам осында.

Балаларды алдын ала дайындаған үстелге отырғызамын.

-Түлкінің үйінде саңырауқұлақтар көп екен, мына қоңыздарды саңырауқұлақтардың үстіне қондырайық, демалсын. Балалар енді біз оң қолдарымызды көрсетейікші, енді сол қолдарымызды. Сол қолымызбен карточканы ұстаймыз, оң қолымызбен солдан оңға қарай қоңыздарды саңырауқұлақтардың үстіне орналастырамыз. Қанша  саңырауқұлақ?

-Қанша қоңыз?

-Қанша саңырауқұлақ, сонша қоңыз, олрдың саны бірдей. Қане барлығымыз бірге айтайықшы.

-Дұрыс балалар, біз түлкінің тапсырмасын жақсы орындадық.

Түлкі:

-Ой, балалар сендер бәрін жақсы біледі екенсіңдер, міне сендердің бауырсақтарың , ата мен әжеге апарып беріңдер, келгендеріңе өте қуаныштымын

-Ал, балалар, бақшамызға оралайық, бауырсақты әжеге апарып берейік, қанеки поезымызға отырайық.

Топта балаларды әже қарсы алады. Ол бауырсақты алып, балаларға алғысын айтады.

-Мынау менің сендерге берген тартуым.

Балаларға тәттілер береді, алғысын айтып  қоштасады

Балалар таң қалады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар көмектесуге  келіседі

 

 

 

Балалардың жауабы

 

Балалар бір-бірінің артына тіркеліп, поезды құрайды да, өлең жолдарын қайталайды

 

 

 

 

-Қысқа жолмен жүреміз

-Орманға тез жету үшін

-Біреуінің үстіне екіншісін қою керек

 

 

 

-Көгалда, ағаштар, бұтақтар бар

 

 

-Балабақша алаңында осындай ағаштар бар

 

 

Балалар, жан-жақтарына қарайды

 

 

Балалар отырады.

 

 

-Қоян

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоянды орыс тілінде -

 Заяц деп атайды

 

 

Балалар да қоянмен амандасады

 

 

 

 

 

Балалар тапсырманы орындауға келіседі

 

 

 

 

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров184
Номер материала 534230
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх