Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Қош бол даярлық" (тәрбие сағаты)

"Қош бол даярлық" (тәрбие сағаты)

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Қош бол даярлық!

  1. Мақсаты: Балалардың мектепалды даярлық сыныбынан алған білімдерін тиянақтау.Ой-өрісін жан-жақты дамыту.Ертеңгілік өткізу арқылы өнер білімге деген қызығушылығын арттыру. «Қош бол даярлық» ертеңгілігін өте қызықты етіп ұйымдастыру және ұйымшылдықпен қатыстыра білу.
    Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда
    Жол табар қараңғыда адасқанда,
     
    Мал озбас біле білсең білім озар,
     

    Ақыры керек болар бір сасқанда.-деп Міржақып ақын айтпақшы тарыдай болып кіріп,ақыл ойлары толысып,оң мен солын танып,жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндердің ұйымдастыра өткізілгелі отырған «Қош бол даярлығым!» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.
    Толқимыз,толқып тұрсыз баршаңызда, Мұндай күй болған сірә қаншаңызда Қол соғып,қошеметтеп шақырайық, Балдырған бүлдіршін түлектерді.- деп мектепалды даярлық тобының түлектерін шақыруға рұқсат етіңіздер.
    1)Өнерлі баламыз – Бекзат пен білімді қызымыз - Жанерке.

  2. Сабырлы да ақылды баламыз – Туремурат мен сұңғақ бойлы, биязы мінезді қызымыз - Гаухар.

  3. Әдепті баламыз – Мәди мен инабатты қызымыз - Әсем.

  4. Сабырлы да, шыншыл баламыз Мансур мен мың бұралған биші қызымыз - Ильнара.

  5. Қайсар баламыз – Нұрсанат мен сүйкімді қызымыз – Жанель.


6)Талантты баламыз - Ілияс бен ерке қызымыз – Ильнара.

7)Алғыр баламыз Айдос пен салмақты қызымыз – Ильназ.

8)Нәзікте белсенді баламыз – Мадиар мен белсенді де сүйкімді қызымыз – Ұлжан.

9) Жан-жақты, зейінді баламыз Нұрасыл мен сүйкімді де ақылды қызымыз Ботагоз.

10)Спортта үздік үнемі -Жаскайрат ,Ұяң баламыз – Ералхан мен биязы мінез, топтағы әр баланы бауырындай көріп жүреді- Расул.

Ертеңгілігіміздің алғашқы сөзін сөз береміз.
Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер, алты жасқа жеттіңдер.Барасыңдар мектепке, бір белестен өттіңдер- деп келесі кезекте балалардың тақпақтарына кезек береміз.

Ботагоз:Құрметті ұстаздар мен ата-аналар
Кез келді сіздерден ақ бата алар 
Ұл қыздарын көрсетпекші өнерін.Бар қауым тамсана таңдай қағар.

Нұрсанат: Құрметті қонақтар армысындар
Бәріңізде есен - сау бармысыздар 
Таусылмайтын ағытып ат арманының
Ал достарым, ақ жол тілеп, сөз бастағым
Нұрасыл: Ақ тілекті ағытып бір тастайық 
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздеріңнен көркем шаттық арайын
Болсын солай әр бір күнің, әр айың
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі 
Алтын ұя ақ босаға киелі
Қанат қақтың білім алып өзіңнен
Күллі бала басын саған иеді.

Мадиар: 6 жасқа толамыз 
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата-ананы
Мектепке кетіп барамыз
Сезімде туған баламыз
Оянды оқып санамыз
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамын
Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында 
Көп оқыдық көп білдік
Ел мен отан жайында

Әсем:Қуанбаймыз неге біз,күліп күн де тұр асқақ,оқығалы келгенбіз,біз бірінші сыныпқа.

Айдос: Биыл күзде мектепке,біріншіге барамын,мақтанбаймын мен текке,дайын дәптер,қаламым.

Назира: Шықтық бүгін алға енді,даярлық топ қош енді.Қадам бастық есейіп,қызық өмір алда енді.
Тәрбиеші: Балалар сендер ертегі еліндегі кейіпкермен бірге болғыларың келеді ме? Бір ерте заманда бір кішкентай түймедей ғана қыз болыпты .Ол кішкентай болған соң оның аты-Түймеқыз екен.Ол кішкентай болғаны соншалық гүлдің ішінде өмір сүріпті.(сол кезде гүлдің күлтешелері ашылып ішінен Түймеқыз шығады.)
Жүргізуші: Балалар қараңдар міне Түймеқыздың өзі де келді.
Түймеқыз: Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің атым –Түймеқыз.Мен кішкентай болғансоң менің атымды –Түймеқыз деп қойды.Мен гүлдердің арасында отырып шаршадым.Мен және менің досым Ханзада да мектепке барғымыз келеді.Бірақ ол Ханзаданы таппай жүрмін.Көрмедіңдер ме?Менің достарым сол ғана.
Тәрбиеші: Түймеқыз сен уайымдама.Сенің досың сені таппай жатқан болар табылады.Ормандағы гүлдер майысып тұрып билемекші.Мүмкін қазір бидің дауысын естіп,Ханзада келіп қалар. 
Олай болса «Гүлдер»биін тамашалайық.Біздің сүйкімді қыздарымыз әдемі гүлдерімен би билейді.
Тәрбиеші: Біздің Гүлдердің тақпақтарына кезек берейік
Туремурат: Мектепке ертең барамыз,Оқимыз сауық құрамыз
Қашық болмас арамыз,Сіздерге келіп тұрамыз.
Бақша біздің панамыз,Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан,Оқып білім аламыз. 
Жанерке: Біз мектепке барамыз
Қолға қалам аламыз
Кітапты да оқимыз
Суретті де саламыз.
Беске толды жасымыз
Ересек біздер баламыз
Екіні қосып екіге 
Санайда біздер аламыз.
Гаухар: Ұқсатпа мені басқаға
Есейдім 5 жастамын
Қош айтып енді бақшаға
Мектепке жолды бастадым.
Бекзат: Еркесі едім атамның
Еркесі едім әжемнің
Толып биыл беске,Мен оқушы атандым.
Ұлжан: Ботақандай бөбек деп.Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше.Қуантатын күн бүгін.
 
Оқимыз білім аламыз.Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып.Біз мектепке барамыз.
Ілияс:Әліппеден әріп танып,алғаш рет оқимыз.Тәрбиеден тәлім алып,санамызға тоқимыз.

Жанель:Енді мен үлкен боламын,анамның тілін аламын.Ұстаздың барлық айтқанын,миыма құйып аламын.

Мәди: Нағыз білім ырыс бақ,дүниені тұр ұстап.Енді біздер сабаққа ,кірісеміз дұрыстап.

Тәрбиеші: Балалар,біз мектепке не үшін барамыз?Балалар:Оқып білім алу үшін.Үлкен азамат болу үшін,елімізге еңбек ету үшін.Балалар,ең алғаш балаларға мектеп ашып,әліппе жазған Ыбырай Алтынсарин атамыз екен. Ыбырай атамызға мың алғыс айтқым келеді.Ыбырай атамыздың «Кел балалар оқылық» әнін есімізге түсірейікші қане,кім айтады?

Кел балалар оқылық,оқығанды көңілге.Ықыласпен тоқылық.Оқысаңыз балалар шамнан шырақ жағылар.Тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар.

Тәрбиеші:Біздің топтың балалары ақылды,білімді. Ендеше балалар мені ұятқа қалдырмаңыздар,9 ай үйренген білімдерімізді ортаға салайық.

«Кім жылдам сөз айтады».Шарты: ортаға әр түрлі әріптер тасталады,балалар музыка тоқтағанда,әріптерді алып,сол әріптерге сөз айтады.

Ойын «Тез тұратын сандар» . Шарты:Балаларға бірден 10-ға дейінгі сандар беріледі,музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.

Тәрбиеші:Балалар,оқу,білім туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер? 1.Оқу-білім бұлағы,Білім-өмір шырағы.(Мәди) 2.Қына-тасқа бітеді,Білім-басқа бітеді.( Ілияс) 3.Білегі күшті бірді жығады,Білімі күшті мыңды жығады.(Мансур) 4.Оқусыз білім жоқ,Білімсіз күнің жоқ.(Ильнара) 5.Ақыл – азбайды,білім тозбайды.(Бекзат) 6.Екпей егін шықпас,үйренбей білім жұқпас.(Расул)

Жүргізуші: Түймеқыз саған бір дос боламыз деп кішкентай гномдар келіп тұр.
Гном(Нұрсанат): Сәлеметсіңбе Түймеқыз. Мен және менің достарым сенімен дос болғымыз келеді.Мен достарыммен би билеп беремін.
Тәрбиеші: Ұлдарымыз көңілді,
Шақырамыз ортаға,
Тойымызға сән беріп,
Би билесін шаттана.-дей отырып, ортаға кішкентай гном мен оның достарын шақырамыз.
 
«Гномдар»биі
Жүргізуші: Түймеқыз кішкентай гномдармен дос болады.Сөйтіп бір күні Түймеқыздың жанына бір сұр тышқан келеді.
Тышқан(Ілияс): Әй, Түймеқыз сен неге ойланып отырсың? Мен сені қазір өзіммен бірге алып кетемін.Сен гүлдің ішінде отыруың керексің. Жүр қане.Мен сенің өлеңдеріңді естіп отыратынмын.Енді маған кім өлең айтып береді.

Тәрбиеші: Балалар тышқаннан құтылу үшін не істесек екен?
Қане ,көмектесейікші. Олай болса қазір біздін балаларымыз тақпақтарың айтып береді.

Ильнара: Құшағында жарқылдап,өтті сәби күндерім.Би биледім,ән тыңдап,алаңдауды білмедім.
Расул:
Оқимыз,білім аламыз.Болашақ жолын саламыз.Даярлық топпен қоштасып,біз біріншіге барымыз.

Мансур:Мектеп қамқор анамыз.Оқып,білім аламыз.Өнерпаз боп өсетін,біз оқушы боламыз.

Эльназ:Баптап баулып өсірген,бұзықтық етсек кешірген,ұмытпаймыз өзіңізді,ұмытпаймыз сөзіңізді.

Ералхан: 5 болсын алар бағамыз,білімнен бақыт табамыз.Өнер-білім көп тоқып,өсе берсін санамыз.

Жаскайрат: Тәрбие берген ұямыз,тәртіпті бала боламыз.Қоштасып даярлық топпенен ,біріншіге барамыз.

Тәрбиеші: Біздің балалар сіздерге шағын көрініс әзірлеп келіпті ендеше тамашалайық.

Ертегі: «Портфель» 
Тәрбиеші: Бір күні Әліппе келе жатып жолда бір әдемі үйшік көреді, әрі қарап бері қарап былай дейді: 
Әліппе: Нұрасыл: Мынау маған бір ыңғайлы үй екен ғой. Ертең балалар мектепке барғанда мені осы үйге салса өте жақсы болар еді. Бұның атын мен портфель деп қояйын. Балалар менсіз мектепке бара алмайды ғой және оқи алмайды.

Тәрбиеші::портфельдің ішіне кіріп, отырады. Дәптер келеді. 
Дәптер: Бота: -Қандай әсем үй? Бұл үйде кім тұрады? 
Әліппе:Нұрасыл: Мен әліппемін. Тұрып жатқан үйім портфель. Балалар мектепке барғанда мені осы портфельдің ішіне салып алады ғой. Ал сен кімсің? 
Дәптер:Бота: Мен дәптермін. Мен де балаларға керекпін ғой. Балалар әріп, сандарды жазу үшін дәптер қажет қой. Мен де осында тұрайыншы. 
Әліппе:Нұрасыл: Жарайды бірге тұрайық. 
Тәрбиеші:Қалам келеді. 
Қалам:
Жанель : -Қандай әсем үй? Бұл үйде кім тұрады? 
Нұрасыл:-Мен әліппемін. 
Бота:-Мен дәптермін. Ал сен кімсің? 
Қалам: Жанель:Мен қаламмын, балаларға өте қажетпін. Дәптерге әріп, сандарды жазу үшін қалам керек қой. Менсіз балалар мектепке бара алмайды. Мен де осында тұрайыншы. 
Нұрасыл-Бота:Жарайды кел тұр. 
Тәрбиеші: Сөйтіп портфельдің ішінде әліппе, дәптер, қалам тұрып жатады. Бір мезгілде сурет дәптер мен түрлі-түсті қарандаш келеді. 
Түрлі түсті қарындаш-Ілияс: Қарашы мынау қандай әсем үй. Бұл үйде кім тұрады? 
(Әліппе, дәптер, қалам осындай тұратының айтады)
 
Қалам: Ал сендер кімсіңдер?
 
Сурет Дәптер-Мадиар -Мен сурет дәптермін. Түрлі-түсті қарындаш: Мен түрлі-түсті қарындашпын. Ертең балалар мектепке барғанда сурет салу үшін біздер қажетпіз. Сондықтан біздер де сендермен бірге портфельде тұрайықшы. (жарайды, тұрыңдар) Бір мезгілде күнделік келеді. 
- Қандай әсем үй. Бұл әсем ү
йде кім тұрады? 
(әрқайсысы өзі таныстырады).
-Ал сен кімсің?
 
Күнделік:Мансур: Мен күнделікпін. Мен де өте қажет затпын. Ертең балалар мектепке барғанда алған бағаларын маған қояды ғой. Сондықтан мен де сендермен бірге тұрайыншы. 
Сурет дәптер:Мадиар: Жарайды кел бізбен бірге тұр. 
Бала: -Нұрсанат: келеді: Мынау қандай керемет портфель. Бұл портфельдің (Бала портфельдің ішін ашып, құралдары көрсетіп, атап-атап үстел. Маған керек қой. Мен мектепке барғанда, бұл құралды ұқыпты ұстаймын, ренжінпеймін. (Автор сөзі) 
Тақпақтар:
 
Әліппе: -Нұрасыл: -Менің атым-Әліппе
Мені апаңдай дәріпте
. 
Мені оқып ержеткен,
 
Бауыржан да,
Мәлік те. 
Математика:
Жанерке - Біздің келер, шамасыз, 
Бестен үшті аламыз.
 
Төртті бөліп екіге,
 
Жауабын тез табамыз.
 
Дәптер. –Бота: Ел құрметтеген балалар, 
Досың бар, ол –тазалық,
 
Кел, дәптерге, балалар
 
Тап-таза етіп жазалық.
 
Күнделік: - Мансур: Жазулы менде әр күнің. 
Бар мінезің, тәртібің.
 
Дос болайық жарқы
ным! 
Жолдасымсың біргемін,
 
Екеуімізде намыс бар.
 
Жаман оқып жүрмегін.
Тәрбиеші: Жарайысыңдар.
(Осы кезде шиқылдап Қарлығаш-Туремурат ұша алмай келеді)
Қарлығаш-Туремурат: Шиқ-шиқ,шиқ-шиқ .Ай Түймеқыз мен ұша алмай жатырмын.Маған көмектесші.Мен сенің досыңды табуға көмектесемін.
Түймеқыз-Жанерке: Қарлығаш сенің қанаттарың жаттығу жасамағандықтан ауырып қалған шығар.Ұшар алдында жаттығу жаттығу жасау керек.Қане олай болса бәріміз бірге жаттығу жасайық.
Жаттығу Биі.
Қарлығаш-Туремурат: Менің қанатым ауырмайтын болды.Алақай! Түймеқыз менің жотама мін мен сені досыңды табуға көмектесемін.(Түймеқыз Қарлығаштың артынан ұстап жүріп ұшады ) 
Жүргізуші: Қарлығаш пен Түймеқыз ұшып бара жатып бір тәж киген баланы көріп қалады.
Түймеқыз-Жанерке: Алақай менің досым табылды.Мен мектепке досыммен баратын болдым.
Ханзада бала-Бекзат: Алақай мен де сені таптым.Түймеқыз сені биге шақыруға болады ма?
Би: «Ертегілер»
Түймеқыз
: Балалар мен досымды таптым.енді мен мектепке барамын.Сендер сабақтарыңды жақсы оқыңдар.Ақылды болыңдар!Сәт сапар!
Тәрбиеші: Балалар міне Түймеқыз бен Ханзада мектепке барыпты.Оларда оқушы болыпты.сабақтарын жақсы оқыпты. Сендерде сабаққа дайынсыңдар ма? Олай болса қазір «Иә»,немесе «Жоқ» ойынын ойнаймыз.
1.Мектепке біз барамыз ба?
2.
Кілең бестік аламыз ба?
3.Айтқан тілді аламыз ба?
4.Ақылды бала боламыз ба?
5.
Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6.Ертеңгісін тұрамыз ба?
7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба
?
8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9.Екі алғанда жылаймыз ба?
10.Оқушы біз боламыз ба?
Ал енді ата-аналарыңмен ойнап көрейік.
1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2Сабақ оқып,есепке сіз жүйріксізбе?
3.Тамағын уақтылы бересізбе?
4.Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5.Сериал көріп жатасыз ба?
6.Ұрып,нұқып үйретуге барасызба?
7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген сөзді айтасыз ба?
8.Сен оқыт,мен оқытып шаршадым деп айтасыз ба?
9.Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10.Бала үшін асулардан асасыз ба?


Тәрбиеші:Жаңа өмір басталсын
Үміт сенім ақталсын,
Ұмытылмай даярлық вальсі
Көңілде мәңгі сақталсын - деп даярлық вальсін тамашалаңыздар.
Вальс биі.
Тәрбиеші: Әрбір ұрпақ болашағымның алтын діңгегі.ендеше ұрпақты өмірге әкеліп адал ниет ақ батасымен өсірген ата-ана емес пе?Баланың осы қуанышын бөлісіп отырған ата-анаға сөз береміз.
Ата-ана тілегі
Сөз кезегі:
: Марапаттау рәсімі
Тәрбиеші: Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын.-деп «Қош бол
даярлығым» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Бекзат:Жоқ-жоқ әлі аяқтамаймыз ең қызық сәт енді басталды.Сендерді сыртқа қызықты ғажайып сәтке шақырғым келіп тұр.Жүріңдер менімен.Менің қолымдағы шарларды көрдіңдер ме ?Олай болса қазір біз тілек тілеп шарларымызды ұшырамыз.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 08.10.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров28
Номер материала ДБ-245233
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх