Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Қош бол, даярлығым! (Тәрбие сағаты)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Қош бол, даярлығым! (Тәрбие сағаты)

библиотека
материалов

hello_html_2d509c6e.gifМектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Оразмагамбетова Анара Жумашевна

Тақырыбы: Қош бол, даярлығым!
Мақсаты:  Балаларды  мектепалды даярлық  тобынан  шығарып сала отырып, оқу-білімге   деген қызығушылықтарын оятып, Отанын,  елін, жерін, құрметтеуге баулып,  адамгершілікке,сыйластыққа  тәрбиелеу.
Әдісі:  Ертеңгілік.
Барысы:  І  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ   Кіріспе  сөз.  (Музыка ойналып  тұрады. )
–  Құрметті ата-аналар, қонақтар!    Бір жыл бойы мектепалды даярлық  тобында  тәрбиеленіп,  білім нәрімен  сусындап,  оң, солын танып,  білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен  қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.   Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып,
«Қош бол, даярлығым  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 
Өтті  қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар  мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен  қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Ешкімге сөз бермейтін,

Мен,мен деп тұратын

Бір – бірімен жарысып

Сабақ сұрағанда орнынан ұшып тұратындар (Тамирис,Бекасыл,Наурызбай, Аруна, Диас)

Сен тимесен, мен тимеймін бадырақ көз деген балалар (Азат,Мансур, Айдана, Камила)

Сабақ сұрамасан ренжейтін,

Тақпақ бермесен жылайтын (Елхан мен Ерсайын)

Ата – әжесінің құлыны,

Анасының көкесі.

Әкесінің ботасы,

Апайының еркесі (Эмир,Алмаз,Жалғас)

Тұр десем тұрмайды,

Ұр десем ұрмайды,

Отырғаны отырған деп (Дильназ,Даяна, Фелис,Сания)

Ешкімге сөз бермейтін,

Басқаны тыңдамайтын,

Апайын ғана сыйлайтын (Аянат пен Жансұлу)

Тәрбиеші:
Өсті міне  бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа  ортақпын,
Құтты  болсын тойларың!
Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар-деп келесі кезекті тақпаққа береміз.
Тамирис: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді біз бастайық.

Жүздеріңде көркем шаттық арайы,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың


Алмаз: Қуанамыз сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Алғашқы топты қимаймыз,

Қоштасатын күн бүгін.

Аруна: Жеті жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Ата – ананы қуантып,

Кілең бестік аламыз.

Наурызбай: Біз бақытты баламыз,

Жетіліп ой санамыз.

Тобымызбен қоштасып,

Мектепке кетіп барамыз.

Камила: Енді мен үлкен боламын,

Анамның тілін аламын.

Ұстаздың барлық айтқаның,

Миыма құйып аламын.

Тәрбиеші:Құтты болсын қадамдарың қонақтар,

Біздің тойдың көрермені болыңдар

Тамашалап балалардың өнерін

Марқайып, алақанды соғыңдар

Талай қызық той өткіздік,
             Бірақ орны ерекше.
             Даярлықпен қоштасатын,
             Бүгінгі той ерекше.
  ӘН:  «Әліппе,әліппе»   (хор)
Ойын: «ия, жоқ» балалармен
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Танартен ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Ата аналармен ойнау:
1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Тәрбиеші:Өнер десе өрілген

Биіктерден көрінген

Бишілерді шақырсақ

« » биімен.

Тәрбиеші: Алдыңдағы балалар,

Мектепке кетіп барады.

Тақпақ айтып бір – бірден,

Қимай кетіп барады – дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақтарын айтуға шақырамыз.

Эмир:Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім,ән тыңдап,

Алаңдауды білдмедім.

Жансұлу:Биыл күзде мектепке

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер қаламым.

Азат:







Дильназ:





Елхан:Үлкендердей тап – таза,

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

Ойын: «Кім жылдам сөз айтады?»

Шарты: ортаға әр түрлі әріптер тасаталады,балалар музыка тоқтағанда, балалалар әріптердің үстіне тұрып қалады. Сол әріпке сөз айтып, буынға бөледі.(Жеңіпаз баланы марапаттаймын.)

Тәрбиеші:Әсем әнмен арайлап таң атады,

Бар жүрекке нұрын құйып жатады.

Мерекеге арналған әсем әнмен,

Балаларды шапалақтап қарсы алайық. «Мұғалім ол біздің»

Тақпақ:

Бекасыл: Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген даналардың мекені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген білімнің ең үлкені.

Даяна: Мектеп қамқор анамыз,

Оқу білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін,

Біріншіге барамыз.

Мансур: Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып, ән жаттап,

Оқып, жазып үйрендік.

Ерсайын: Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Мектепалды тобымен қоштасып,

Біз мектепке ьарамыз.

Диас:

Жалғас:

Ойын: «Сөз жарыс»

Шарты: Ортаға бала мен анасы шығады. Баласы бир сөз айтады, сол сөз қай әріпке аяқталса, анасы сол әріпке сөз айту керек. (Жеңімпазды мадақтаймын)

Вальс: «Соңғы вальс»

ӘН: «Айналайын»

Оқушыларды марапаттау.

Тәрбиеші: Бір ата, бір ананың тірегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тірегіміз.

Бірлік бар да, тірлік бар деген бабам,

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!- дй отырып құттықтау сөзді ата-аналарға беремін.

































«Қостанай қаласы әкімдігінің № 9 орта мектебі бөлімінің»ММ

































Өткізген: Оразмагамбетова А.Ж











Қостанай, 2015 ж

C:\Users\Анара\Documents\фота\DSC01149.JPGC:\Users\Анара\Documents\фота\DSC01141.JPGC:\Users\Анара\Documents\фота\DSC01152.JPGC:\Users\Анара\Documents\фота\DSC01119.JPG

Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров232
Номер материала ДВ-411540
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх