Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / " Қош бол Әліппе"

" Қош бол Әліппе"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қош бол, құтты әліппем!

Мақсаты:

1. Оқушылардың Әліппеден алған білімдерін қорытындылау, әліппеге құрмет ету, оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру

2. Оқуға деген қызуғышылығын, эстетикалық талғамын дамытып, сахна мәдениетіне тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Тақырыпқа сай безендірілген нақыл сөздер, дәйексөздер, шарлар,гүлдер.

Сабақ барысы:

Мұғалім сөзі:

  • Қымбатты жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар, бүлдіршіндер! Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ.Бүгін біздер үшін үлкен мереке той. Кеше ғана мектеп табалдырығын қымсына аттаған балаларымыз, бүгін бір саты жоғары аяқ басып, өздеріне оқуды, жазуды, үйреткен сүйікті оқулықтары «Әліппемен» қоштаспақ.

Әліппені бітіру – алдағы өмірге бастайтын көа белестердің бірі. Ендеше бүгінгі күні біз сол белестердің бірінен астық. Бұл белес сіздердің балаларыңыз үшін ұмытылмай айта жүретін белес. Мерекелеріңіз құтты болсын! Тойымыз тойға ұлассын! – дей отырып сахнаға сол бүлдіршіндерді шақырайық.

(Ән әуенімен балалар ортаға шығады)

1- Бастаушы: Армысыздар аналар

Бармысыздар балалар

Сөзіме құлақ салыңдар (Бағдаулет)

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр-әніміз

2-Бастаушы; Көз салып,қараңызшы бойымызға

Ортақ боп,бүгінгі өскен бойымызға (Назым)

Хош келіпсіз,ұстаздар, ата-ана

Әліппемен қоштасу тойымы

2-Бастаушы: Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассақ (Жанерке)

Әліппеміз қоштаспақ

Өсті білім бойымыз

Бәрі бірге: Құтты болсын тойымыз!

Оқушы: Күмбір, күмбір қоңырау

Соғылған ай қыркүйек (Томирис Т)

Қалам алып қолына

Жазылған ай қыркүйек.

Оқушы: Бар кітапқа бас салған

Әліппе ғылым данасы

Әліппеден басталған (Алишер)

Даналықтың данасы.

Оқушы: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті (Томирис Б)

Үйреткен оны әліппе.

Оқушы: Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза болып жүреміз (Аружан)

Сүйікті біздің әліппе!

Оқушы: Әліппем менің, Әліппем!

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің (Нұрай)

Ертеңгі сәуле жарықпен

Оқушы: Мынау менің Әліппем!

Көгілдір туым түсіндей

Ақылшы жақын досымдай (Бекарыс)

Қымбатты маған кісімдей

Оқушы: Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп, (Айым С)

Сауат ашып тойладық

Оқушы: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен

Ризамыз бәрімізді таныстырған (Ролан)

Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен

Хор:

Оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып, қалар ма еді. (Айзат)

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Оқушы: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным

Өз қолыммен «Әліппені» алғаным

Санай ашып, «Әліппенің» парағын (Альжан)

Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым

Оқушы: А-ны айтқанда дауысым дірілдейді

Ұстазым көз алдымда күлімдейді

Күн сайын әріптердің атын біліп (Назым)

Сөз оқимын айырып, буынды енді

Оқушы: Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен (Асыл)

Тақылдатып сөйлеттің

Оқушы: Әліппем, менің Әліппем!

Өмірді келем танып мен

Қайталап айтам сан рет (Ақбаян)

Өзіңе көп-көп рахмет!

Оқушы: Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сандар алтыннан (Әбдінұр)

«Әліппе» білім бесігі

Оқушы: Қош бол құтты Әліппем

Тіл тұсауын кестің сен

Аяулы ана болып, сен (Сымбат)

Айыбымды кештің сен

Оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол, ()

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Оқушы: Таныстырып қырық екі әріппен.

Қош бол ,менің қасиетті әліппем.

Сенің арқаң оқу ,жаза білгенім. (Айым К)

Сауатты адам санатына кіргенім.

Оқушы: Таныстырып әріптермен,

Білімге жол салып берген.

Кем көрмеймін анамнан мен , ()

Айналайын Әліппеден.

Хор: Әліппе,әліппе.

Оқушы: Алдыңа келіп ұстазым!

Тұңғыш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен,

Мейірімді сезінгем.

Оқушы: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді

Бар асылын жиып бізге мол береді

Қанатымен су себелеп бар асылдан

Әр баланы өз баласынан кем кормейді.

Оқушы: Жазуларымды қаттаған,

Жақсы көріп мақтаған.

Ардақты ұстаз, жақсы адам, (Альжан)

Айтқанын ұғып жаттаған.

Оқушы: Өз аузына қаратқан,

Ұстаз ойын ұғамыз.

Сөйтіп әрбір сабақтан, (Айзат)

Сәл есейіп шығамыз.

Оқушы: Жүзің жылы ,құшағың кең.

Биіктерге ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

Оқушы: Жетелеп әрі сынап та

Жеткізген мені мұратқа.

Ұлағат ісін сүйемін,

Бәрі бірге: Ұстазға басымды иемін!

Оқушы: Әріптерді үйретіп

Жақын болған кім бізге

Ол-мұғалім

Жамандықтан жирентіп

Ақылшы болған кім бізге

Ол-мұғалім

Әліппе сырын ұқтырған,

Рахмет ұстаз алғашқы.

Оқушы: Әліппені меңгеруге,жазуға,санауға үйретуге көп еңбек еткен ата-аналарымыздың да үлесі мол .Олай болса,біздер ата-аналарымызға ризашылығымызды білдірей

Оқушы: Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба? Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші.

Оқушы: А деген ол – аналар ғой ардақты,

Ә деген ол – әкелер ғой салмақты

Б деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Оқушы: Әжетайым, ардағым

Борышын өтеу арманым

Ұмытылмас мен үшін

Ұйқыдан талмай қалғаның

Оқушы: Кешіксем жолды күзеттің

Қатемді көріп түзеттің

Жамандықтан жирентіп

Ізіне ерттің ізеттің

Оқушы: Әжетайым тірегім

Кеудеде соққан жүрегім

Шаттансам бірге шаттанып,

Қиналсам сенде жүдедің.

Оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын.

Болармын күні ертең мақтанышың.

Білім алып,тер төгіп, еңбек етем,

Ата-ана сеніміңді ақтау үшін.

Хормен: Ата-аналарға мың рахмет!

Оқушы: Осымен концертіміздің әдеби-монтажды І бөлімі аяқталды. Енді оқушылардың өнерін тамашалаңыздар. Оқушылар екі жаққа бөлінеді.

ІІ бөлім: (Оқушылар өнер көрстеді.)

Оқушы:Сонымн оқушылар сөз соңында біз қандай екенбіз?

-Мың бұралған бишіміз!

-Талабы биік таудаймыз

-Көп оқимыз

-Өнерліміз,жанып тұрған шырақпыз

-Үлкенге ізеттіміз,кішіге қамқормыз.

-Елімізді сүйетін

-Тілімізді құрметтейтін

Бабаларға тағзым ететін

Аналарымызға бас иетін

-Біз қазақ елінің болашағымыз!-дей келе келесі әнді Роланнын орындауында қабыл алыңыздар.

Қазақтай ел қайда –орындайтын Оралбай Ролан

Оқушы: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сандықтанда кешіміздің соңында

Ақ тілекпен баршаңызға шашу шашпақ аналар.

(Шашу шашу)



















Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров83
Номер материала ДВ-440084
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх