Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Қош бол, Әліппе!" әліппемен қоштасу кеші

"Қош бол, Әліппе!" әліппемен қоштасу кеші

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Документы в архиве:

Название документа ?ош бол, ?л_ппе!.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

Қош бол, Әліппе!


Тақырыбы: Қош бол, Әліппе!
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін-өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу; Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарға жапсырылған қима әріптер мен цифрлар, «Әліппе» оқулығын мұқабасы, шардан жасалған бағаналар, ертегі кейіпкерлерінің киімдері, қызыл және көк түсті үйшік, сынып өмірінен үзінді слайдтар мен бейне таспа,

Барысы:
1. Қойылым: «Алғашқы қоңырау».
Жылымды мектебі туралы бейне баян жүріп жатады. Сахнада оқушылар мен мұғалімі тұрады. Мұғалім қолында 1 сынып деген кесте болады.Ортаға баласын жетектеген ата-ана шығады.
Автор: Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»- деп.

Баян Апа: Балам, балам, жақсы бол,
Міне, сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.

Мұғалімі: - Саламатсыз ба? Менің аты-жөнім Арай Косымбекқызымын. Мен сіздің балаңызды оқытатын алғашқы мұғалімі боламын.

Баян апа : - Ал, енді мынау менің балам! Баламды сізге тапсырдым. Білімді , сауатты азамат етіп шығарады деп сенемін!
Мұғалім: - Сеніміңізге рақмет!
Күндерің өтер осында әр,
Сыныптас ұл-қыз досың бар.
Ел-жұрттың ақтап үмітін,
Оқуды үздік оқыңдар!
Оқуды үздік оқыңдар!
Ал, балалар, жүріңдер білім әлеміне!
(бәрі сахнадан кетіп қалады)

жүргізуші Аружан:
Қыркүйектің ақ таңы,
Атып келе жатты әні.
Ұстаздар мен шәкірттің,
Қауышатын шақтары.
Ішінде бір кеменің
Өткізетін белеңін.
Дәл бүгіннен басталар
Іздеу білім тереңін.

жүргізуші Аружан:: Қалықтайды құс аппақ,
Бала жүр гүл құшақтап.
Алғаш келген шәкіртті,
Мектеп жатыр құшаққа ап.
Жүздерінде - қуаныш,
Жүрегінде жұбаныш.
Келе жатқан шәкірттің,
Барар жолы тым алыс.
Таудай болып талабы,
Үркектемей жанары.
Шәкірт енсін мектепке,
Құтты болып қадамы!

жүргізуші Аружан:Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға..

жүргізуші Аружан:; Армысыздар аналар
Бармысыздар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз
ІІ. «Сынып өмірінен үзінді» слайд

Меруерт: Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.

. Енді сіздердің назарларыңызға шағын презентация ұсынамыз.


ІІІ. Сазды - әуенді бөлім.
Төлеухан Олжастың орындауында
«Әліппе» әні
жүргізуші Аружан:Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Хормен: Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті - Әліппе!
Ол сүйікті - Әліппе!


1-оқушы. Темірлан
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.

2-оқушы Саят
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат ашып тойладық

3-оқушы. Гүлден

Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен.
Әліппе мен ұстазға,
Бас иеміз құрметпен.
Барлық әріп бағалы
Айтсақ әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды

4- оқушы. Мейрамбек

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын
Болармын күні ертең мақтанышың
Білім алып , тер төгем, еңбек етем
Ата-ана сеніміңді ақтау үшін.



5- оқушы. Мерей
Ата-анамнан кейінгі
Екінші адам өмірде
Бала бол деп зейінді
Мейір құйған көңілге
Тәрбиелі білікті
Ол ұстазың сүйікті


6-оқушы: Аязби

Шәкірт қана алаңы
Өсиеті адалдық
Тентек сотқар баланы
Шығаратын адам ғып
Тәрбиелі саналы
Ол ұстазың сүйікті

Хор: «Әліппе »


жүргізуші Аружан

Олай болса ортаға Әліппені шақырайық! (Әліппе келеді)
Әліппе Назерке: Армыссыздар, жас достар
Армысыздар ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйреніп не білдік
Кәне ортаға салайық!

жүргізуші
Аружан: Армыздар, жас достар
Болашаққа жол бастар
Әліппесін меңгерген
Әріптер әлеміне саяхатқа шақырамын.


Мейрамбек:Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақылғөй

Темірлан:Б дегенің бабамыз
Бауыржандай батыр ғой

Гүлден:Ауылда бар,
Елде жоқ (У)

Меруерт:Ж-дегенің жөргегің
Туып өскен жерлерің

Саят:Кірпікте жоқ,
Қаста бар.(Қ)

Олжас:З-әріпімен зердедім
Зергерлердің зергерін


Саят:Ы-дегенің ырысың
Орман-тоғай өзенің

Гүлден:О-дегенің отбасы
Отан деген ұғым бар

Олжас:С әріпінен тұратын
Сый, сияпат, сенімің


Әліппе; - Бәрекелді, қандай ақылды балалар? Бәрің сауаттаныпсыңдар. Мен туралы біраз нәрсе ұғыпсыңдар. Мен сендерге ризамын!
- Ал, қане маған әріптермен сөз құрап көрсетіңдерші.
Ә: - Сендер қай мектепте оқисыңдар?
Оқушылар қолдарындағы әріптермен «Жылымды» сөзін құрайды, хормен айтады.
Ә: - Сендер меннен нені үйрендіңдер?
Әріптер «оқу » және «жазу» деген сөздерді құрап, хормен айтады.

6-оқушы. Аязби
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің сүйікті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім.
Құрметтеп қадір тұтатын

7-оқушы. Олжас
Халқымның дана тілі бар
Әліппені білген соң
Білімнің жолын ұғынар
Сүйікті менің Әліппем
Өзіңмен қимай қоштасам

8-оқушы. Темірлан
Қош бол құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің

9-оқушы.Мейрамбек
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым.
Үйреніп, әріптер мен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым.

10—оқушы. Меруерт
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.


11- оқушы.Гүлден
Орындаймыз әліппе ақылыңды,
Жарысқанда жазамын тақымымды.
Қандай қиын жұмбақты шешу үшін,
Арттырамын ғылымға құштарлықты.
2-сынып оқушысы Мухаметжанова Шырын мың бұрала биімен.

жүргізуші Аружан алдарыңызда «Саңырауқұлақтар» биі

5-сынып оқушысы Қожабек Ақнұр әсем әнімен
жүргізуші Аружан:
- Ортаға сандарды шақырамыз!
Санамақ айту
1Меруерт
Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтіш тәтем жүр сауып.

2. Олжас
Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.
3. Темірлан
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.

4.Гүлден
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да...
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
5 Аязби
«Бестік» деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.

6. Мерей
«Алақай!» дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?!
7. Мейрамбек
Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.

8. Саят
Сен де, мен де баламыз,
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,

жүргізуші Аружан: - Қане, балалар, есепке қалайсыңдар?
Гүлден - 5пен 3-тің қосындысы нешеге тең?
Мерей - 7 мен 5-тің айырмасы ше?
Меруерт - 2 мен 4-тің қосындысы ше?

жүргізуші Аружан - Мектепте ағылшын тілін де меңгеріп келеміз. Куә болыңыздар!
Ағылшын тілінде сөздер айту

Темірлан –қарындаш

Аязби-қалам

Мейрамбек-өшіргіш

Гүлден- сызғыш

Олжас- дәптер

Саят- кітап

Мерей-сөмке

Меруерт-пинал
жүргізуші Аружан

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

ән: «Рахмет саған Әліппе»


Мұғалім: -Балалар, осы Әліппеден не білдіңдер, не үйрендіңдер соны айтып беріңдерші?
Оқушылар: Оқуды, жазуды, мақал-мәтелді , жаңылтпаш айтуды, жұмбақ жасыруды үйрендік.
Әліппе: Олай болса, балалар сіздердің білімдеріңізді ойын арқылы тексеріп көрейін.Алда қандай мереке келе жатыр?
Оқушылар: Жаңа жыл!
Әліппе: Дұрыс айтасыңдар! Жаңа жыл әсем шыршасыз өтпейтіні белгілі ғой сондықтан қазір біздер шыршаны безендіру ойынын ойнаймыз.
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
2. Өзің білетін бір мақал айт.
3. Ырым –тыйым сөздерді білесің бе?
4. Оқуға, білімге шақырып өлең жазған қандай ақын аталарымызды білесің?
5. ҚР рәміздерін ата.
6. ҚР президенті кім?

7.1 жылда неше мезгіл болады?

8.Апта күндерін ата

Әліппе; - Рахмет , балалар!Келесі оқитын пәндерің Ана тілін де жақсы меңгеріңдер.Маған өкпелерің болмаса, мен енді басқа балаларға барайын. Қош болыңдар, балалар!
Барлығы бірге; Қош, бол Әліппе!

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!

1- жүргізуші: - Құрметті ұстаздар, ата-аналар!Әліппеге арналған сазды әуенімізді аяқтаймыз!
1. Атасы балаларға бата береді.
2. Естелік суреттер мен сыйлықтар тапсырады.
3. Белсенді ата-аналарды марапаттау.



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров126
Номер материала ДВ-454195
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх