1132987
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокДругоеДругие методич. материалы"Қош бол менің сүйікті Әліппем" ертеңгілік

"Қош бол менің сүйікті Әліппем" ертеңгілік

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

hello_html_452af233.png

Жетимекова Анаргуль Жексенбекқызы

«№25ЖОББМ» КММ

ШҚО Семей қаласы

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Тақырыбы:Қош бол, мeнің қасиeтті Әліппeм!

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері  арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру.Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, қызыл,көк үй макеттері, кеме макеті, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд

Музыка «Кең жайлау»  ойнап тұрады.Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады. 

C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\20151218_121207.jpgC:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\20151218_121202.jpgC:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\20151218_121237.jpg

Алихан:Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар, 
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Қызы Аяжан: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не береді?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
 Керек емес білімің
Айдос: Уа, тақсыр, армысыз, 
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 «а» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!

Сахна ашылады: Сахнаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру.Сахна бұрышында сиқыршы қыз ертегі кейіпкерлерімен билеп жүреді.

«Танец волшебниц»

Сиқыршы қызАялаИ:Ой,бүгін күн қандай тамаша!Табиғат-ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай!Қараңдаршы қандай әдемі,қандай көрікті.Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен?Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып,сиқыршы оқушылар ортасына келеді)

C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\20151218_121359.jpgC:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\20151218_121342.jpg

Сиқыршы Аяла И: Ой, мен қайда келіп қалдым? (Мұғалімге кездеседі)

C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\20151218_121425.jpgC:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\20151218_121454.jpg

Мұғалім:Армысыз, кішкентай сиқыршы!

СиқыршыАяла И:Сәлеметсіз бе?!Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда келіп тұрмын?

Мұғалім: Кішкентай сиқыршы,сіз біздің мектебімізде тұрсыз.Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр.Мектептің 1 «а» сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр.Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!

СиқыршыАяла И: Рахмет,маған да сізге көмектесіп тұруға бола ма?

Мұғалім:Әрине болады.Әзірге балалармен бірге отыра тұрыңдар.

 Әуез: Армысыздар аяулы ұстаздар, құрметті атааналар бүгінгі 1 «а» сынып оқушыларының: Қош бол, менің қасиетті Әліппем! атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\20151218_121533.jpg

Диас Ә: Кешегі сәби балаңыз, 
 Жарады міне қараңыз. 
 Ғылым, білім жолына 
 Енді қайық саламыз. 

Қымбат: . Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Алина:Ұлдар, ұлдар тоқтаңдар! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.

Кең жайлау музыка әуенімен Хан мен оның қызы келеді: Алихан

Уа, халайық осында 1 «а» сыныбының әліппемен қоштасу кеші болып жатыр деп естіп едім сол распа? Осы кешке арнайы қызымды алып келдім бір көмегі тиер деп. Егер қызыма осы 1 «а» сыныбы ұнаса осында оқуға қалдырамын.





C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\20151218_121628.jpg

Бақытжан: Йа, атай сіз шатаспай келдіңіз қош келдіңіз біздің кешімізге, төрлетіңіз.Ендеше біздің оқушыларымыздың өнерін тамашалаңыз!

Бәрі бірге орындайтын ән: Мектебім

C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\20151218_122216.jpg

Нұрали: Армысыздар, көрермендер, әз жандар! 
Дина: Бармысыздар, инемен құдық қазғандар! 
Даулет: Әліппеге рахмет деп шырқайық! 
Айзере: Ал, қанеки енді тойды бастайық
Мұғалім: Балалар, сендер Әліппені әнге қосып, 4 ай бойы дос болдыңдар. Әліппе сендерге көп нәрсе үйретті. Ал қазір біз осы Әліппенің арқасында ер жетіп қалдық. Әліппемен қоштасатын кез де келген сияқты.  
Алина: Достар! Осы мен әліппемен қоштасуды жөн көрмей тұрмын. 
ДиасА: Ой! Не болды! Неге олай дейсің? 
Диас Ә: Ал мен жылағым кеп тұр. 
Нұрай: О, несі, неге жылағың кеп тұр? 
Динара: Мен Диастың неге жылағысы кеп тұрғанын білемін, бірақ айтпаймын. 
Аяла Т: Дауласпайық, балалар! Мен сендерден де бұрын біліп тұрмын. Себебі сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы Әліппемен қоштасқалы тұрсыздар. Қимай тұрсыңдар, солай ма? 
Бәрі: Дұрыс айтасыз. 
Маржан: Әліппеге рахмет айтсақ та қимай тұрмыз. 
Мұғалім: Балалар Әліппені ортаға шақырайық. 
Бәрі: Әліппе, Әліппе, Әліппе! 
Әліппе(Музыка ырғағымен ортаға Әліппе келеді) 



ӘліппеМади: Ішім толы әріпке, 
Менмін әйбат әліппе! 
Барлық ілім -білімнің, 
Бастауы мен –Әліппе! 
Бұл жерге менің әріптерім меннен бұрын келіп қалыпты ғой. 
C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\IMG-20151218-WA0056.jpg

Аяла Т: Әліппе, өзіңіз әмір бергендей әріптеріңіз дыбысталуына қарай 2 топқа бөлініп тұр. Не бұйырасыз? 

C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\IMG-20151218-WA0059.jpg
Әліппе Мади: Ал ендеше мұғалім, осының сыры неде екенін мына көрермендерге айтып берсең. 
Исаева А: Жарайды, Әліппе. Балалар бұл бір үлкен ертегі. Ертегі тыңдағыларың келе ме?
Балалар: Ия 

Исаева Аяла: Ендеше ертегілер еліне саяхатқа барайық. 
Сиқыршы қызАрайлым: Ерте, ерте ертеде, 
Ешкі жүні бөртеде, 
Орманда екі үй болыпты:
біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты.Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда болыпты. Ендігі кезекті осы әріптерге берейік. 
Диас Авд В-дегенің вал болар 
Толқын күшін шомылар. 
Маржан
Б дегенім бала ғой 
Жұмсаса апаң бара ғой 
Диас Ә 
Г-әрпімен гүлденер 
Қызғалдақты қырат, тау. 
Қымбат
Ә әрпінен табамыз 
Әжемізді ақылгөй 
Мади
Е-ні ұмытпас ешқашан 
Елін сүйген жараңдар. 
Динара
И дегенің иманың 
Адалдықтың асқары 
Нұрсләм
Ж дегенің- жөргегің 
Туған-өскен жерлерің. 
Айзере
З әрпімен зерледім 
Зергерлердің зергерін. 
Бақытжан
М-дегенің мал болар 
Қадір тұтқан бабалар. 
Дина 
Ы дегенің-ырысың 
Орман-тоғай өзенің. 
Айзере
Ұ әрпі ұлысың 
Ағайының өз елің. 
Еркежан 
О дегенің- отбасы 
Отан деген ұғым бар. 
Әлихан
Ғ әрпімен бір келер 
Ғылым атты ұлы тау. 
Нұрали
К дегенің- күй дарын 
Домбыраның дастаны. 
Аяла Т
Х дегенің-сәлем хат 
Қуанышың қаншама 
Айша Т 
Я деген-Яссы 
Қала болған бұрындар. 
Әуез
А деген ол ана ғой, 
Ана деген дана ғой 
Дәулет
Ө әрпімен өрістер 
Өмір атты дүниең 
Нұрай 
Ш дегенің –шапағат 
Тие берсін баршаға. 
Алина
Р дегенің- рақым 
Мейірің мен пейілің. 
Арайлым
С әрпі сұлулықтың сымбаты 
Сыпайылық сан- алуан сын тақты 
Айдос
І-ні көріп кітаптан 
Шырағданға ұқсатам 
Маржан
Ал мында у тұр ғой, 
Өзі айнымаған циркуль ғой 
Динара
Әжем ойған оюды 
Әкем қойды көрмеге 
Еркежан
Лашын биік самғайды, 
Лашын көкті шарлайды 
Аяжан
Наурыз айы келгенде, 
Наурыз тойы тойлансын! 
Әліппе: Рахмет,балалар! Әріптердің бәрін таныпсыңдар! 

C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\IMG-20151218-WA0058.jpg

Ән «Әліппе»

C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\IMG-20151218-WA0030.jpg

Бақытжан; Балалар кім есікті қағып тұр.

C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\IMG-20151218-WA0060.jpg

Ана тілі Нұрали:

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылам.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам,

Ана-тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

Мұғалім:Ал, енді балалар біз осы 4ай бойы не үйренгенімізді мына тапсырмалар арқылы  көрсетейік. Тақтадағы сиқырлы сандардың арасында әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар жазылған. Дұрыс жауап берсеңдер, құпия суретті сөз ашылады.

  1. Біздің елбасымыз кім? 
    (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев) 
    2. Президент күні қай күн? 
    (1 желтоқсан) 
    3. Біз қандай мемлекетпіз? 
    (Тәуелсіз, егеменді) 
    4. Еліміз қалай аталады? 
    (Қазақстан) 
    5. Ел ордамыз қалай аталады? 
    (Астана) 
    6. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? 
    (Ту, елтаңба, әнұран) 
    7. Ең алғашқы қоңырау біз үшін қай күні соғылды? 
    (1 қыркүйек) 
    8. Ең алғаш қолыңа алған кітабың? 
    (Әліппе) 

Слайдпен жұмыс
Мұғалім: Міне құрметті қонақтар балалардың қандай білімді болып өсіп келе жатқандығының куәсі болған шығарсыздар. 

Теңізшілер биі

C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\20151218_125043.jpg

Хан: Мына балалар білімді екенменің қызым осы мектепте білім алар

Ханшайым: Йа, әке шынында да білімді балалар екен осы сыныпта қаламын. Олармен дос болуға қарсы емеспін.

Оқушылар ханшайымды өзіміздің сыныбымызда қалдырамызба?

Айша: Йа, әрине қалдырамыз. Бірақ біздің сыныпқа өтпестен бұрын бізге бір өнерін көрсетсін.

ЖарайдыАяжан: сендерге бір ән орындап берейін Ертегілер

Маржан:
Қыркүйекке келдім де 
Сыныпқа кірдім қуанып. 
Қарсы алды ұстаз мейірмен 
Қадамымды құп алып. 
Аяла Т
Келгенімде алдыңа 
Қызыл-жасыл гүл алып, 
Жақын тарттың жаныңа 
«Шәкіртім» деп қуанып. 
Сипадың да басымнан, 
Әліппені ұсындың. 
Бақытымның осыдан 
Басталғанын түсіндім. 

Әліппе: Ендеше барлығымыз мұғалімімізге арнап би билеп берейік

Видеоролик 1а

Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Бағанадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Сіздерге Ж, Қ, А, О, Т әріптерін береміз. Мен қойған сұрақтарға тек сіздерге берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер. 
-Балаңыздың аты кім? 
-Балаңыздың досы кім? 
-Балаңыз қандай? 
-Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді? 
-Балаңыз бос уақытында немен айналысады?

C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\20151218_125513.jpgC:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\20151218_125510.jpg
Ата-аналарға қойылатын сұрақтар 
1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.) 
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді) 
3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады? 
4.Үй тышқанның неше құлағы бар? 
Қуыршақ биі

C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\20151218_125929.jpgC:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\20151218_125947.jpg

Мұғалім: 
Балалардың білімі құтты болсын, 
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын. 
Білімдерін әрі қарай дамытатын, 
Ерінбейтін енбекқор күшті болсын! Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін ортаға мектеп директорын Жанар Манатқызын шақырамыз. 
Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі. 
Мұғалім: Ертеңгілігіміздің соңында балаларымыздың мың бұралған биін тамашалаңыздар!

C:\Users\admin\Desktop\Новая папка (2)\IMG-20151218-WA0049.jpg

Қазақстан әні



  

Общая информация

Номер материала: ДВ-559702

Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Гид-экскурсовод: Основы туристского сопровождения»
Курс повышения квалификации «Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Введение в сетевые технологии»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания конституционного права с учетом реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Этика делового общения»
Курс повышения квалификации «Страхование и актуарные расчеты»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс повышения квалификации «Психодинамический подход в консультировании»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности секретаря руководителя со знанием английского языка»
Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по водоотведению и очистке сточных вод»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс повышение квалификации «Информационная этика и право»
Курс профессиональной переподготовки «Управление корпоративной информационной безопасностью: Администрирование и эксплуатация аппаратно-программных средств защиты информации в компьютерных системах»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.