Алматы облысы Алакөл ауданы
Қызылқайың орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Мырзабекова Галия Омирзаковна Қош бол, 1 сынып!
Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл,ой өрісін дамыту. Түрі: дамытпа, сайыс сабақ. Әдісі: өтілген материалды қайталау, сұрақ-жауап, логикалық тапсырма, ізденушілік.
Көрнекілігі: үлестірме қағаздар, суреттер
Сабақтың барысы
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «1 сыныппен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Сауат ашуды бітірді балаларым,
Сауат ашудан нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың,
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
Айхат: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Айдидар: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
1 сыныппен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
– Осы сендер қандайсындар?
- Талабы биік таудаймыз.
- Мың бұралған бишіміз.
- Біз шеберміз.
- Ақылдымыз.
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
- Көп оқимыз.
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
.Оңдасын.Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды ұстаз мейіріммен,
Қадамымды құп алып
Реат:Сауат ашуды бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Сауат ашуды бітіріп, Бала болдым ақылды.
Айгерім: Ең алғаш қолға алғанда Сауат ашуды
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыр жұмбақ бұл кітаптардың,
Ұстазым маған кілтін алып берді. ("Мұғалім - ол біздің" әні)
Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.
Динара: Алфавитті жатадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар.
.Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Ақерке: А-ға й-ді қосаңыз,
Көкте туған ай болар.
Т-ны алдына тоссаңыз,
Бәсірелі тай болар.
Жанел:Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақыл ғой.
Б дегенің бабамыз,
Батыржандай батыр ғой.
Мерей:В дегенің вал деңіз,
Толқын күшін шамалар.
М дегенің мал деңіз,
Қадір тұтқан бабалар.
Мирас:Г әрпінен гүлденер,
Қызғалдақты қырат тау.
Ғ әрпімен бір келер,
Ғалым атты ұлы атау.
Реат:Д әрпінен бастасақ,
Дарқан, дария далам бар.
Е-ні ұмытпас ешқашан,
Елін сүйген жарандар.
Еламан:Ж дегенің жөргегің,
Туған, өскен жерлерің.
З әрпімен зерледім,
Зергерлердің зерлерін.
Айхат:И дегенің иманың,
Адамдықтың асқары.
К дегенің күй дарын,
Домбыраның дастаны.
Саян:Қ әрпінен құралған,
Бас-аяғы қазақтың.
Жарылқасын бір Аллам,
Жасай берсін Азат күн!
Мөлдір:Л әрпінің шөресі,
Лақ деген түлікпін.
Н әрпінде келесі,
Нар есімді үлекпін
Жарас:О дегенің «Отбасы»,
«Отан» деген ұғымдар,
Я деген Ясы ғой,
Қала болған бұрындар.
Олжас:.Ө әрпімен өрістер,
Өмір атты дүниең.
П дегенің періште,
Желеп-жебер мың иең.
Балнұр:Р дегенің рақым,
Мейірің мен пейілің.
С әрпінің тұратын,
Сый-сыяпат сенімнің.
20-оқушы:
Ұ әрпі ұлысың,
Ағайының өз елің.
Ы дегенің ырысың,
Орман-тоғай, өзенің.
Айдидар:Ү әрпі үкідей,
Үлпілдеген үмітің.
І дегенің інідей,
Ізбасардың бірі-тіл.
Елдар:Ш дегенің шапағат,
Тие берсін баршаға.
Х дегенің сәлем хат,
Қуанышы қаншама.
Аружан:Жазуды да жазамыз,
Суретті де саламыз.
Нұрға толған санамыз,
Біз өнерлі боламыз. ("Бала тілегі" әні)
Қоштасу кешіміздің 2 бөлімі сайыс түрінде өтеді
Ойын кезеңдері: 1.Бәйге 2. Сен білесің бе ? 3.Ойлан да , ойна 4. Достық алақаны 5. Қорытынды
1-айналым «Бәйге»
1 ұяшықтың сұрақтары:1) Біздің Отанымыз қалай аталады
2) Ұлыстың Ұлы күні жасалатын қасиетті ас.
3) Жұмбақты шеш :
Білімнің жол басшысы
Шәкірттің қолбасшысы.
4) Бейбітшілік құсы
2 ұяшықтың сұрақтары:1) Жұмбақты шеш :
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады.
2) Күзде жапырақ қайтеді?
3) Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді?
4) Ең үлкен бір таңбалы сан
3 ұяшықтың сұрақтары:1) Біз қай облыста тұрамы
2) 1 аптада неше күн бар ?
3) Ең кіші екі таңбалы сан
. 4) Жұмбақты шеш:
Күндіз аяғымды қаптаймын,
Түнде босағаға тастаймын.
4 ұяшықтың сұрақтары:1) «Орман емшісі»қай құс ?
2) Жұмбақты шеш:
Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп боп оралады
3) Бір жылда неше ай
4) Мемлекеттік рәміздерге не жатады?
5 ұяшықтың сұрақтары:1) Мектепте сабақ қай айда басталады
2) 1 тәулікте неше сағат?
3) Жұмбақты шеш :
Көшіп жүріп желменен,
Сеуіп шықты тамшысын
Қыраттарға шөлдеген.
. 4) Көктемде алғашқы шығатын гүл .
2-айналым «Сен білесің бе ?»
Сауат ашу- 10 ұяшық: Қазақ әліпбиінде неше әріп, неше дыбыс?
20 ұяшық: Буын саны қай дыбысқа байланысты?
30 ұяшық: Жұмбақты шеш:Естиміз, бірақ көре алмаймыз
Айтамыз, бірақ жаза алмаймыз
40 ұяшық: Сөйлем туралы не білеміз?
Математика- 10 ұяшық: Қосу амалының компоненттерін ата
20 ұяшық: Азайту амалының компоненттерін ата
30 ұяшық: Есеп қандай бөліктерден тұрады?
40 ұяшық: Санды өрнектер арасында “< ” немесе“ > ” белгісі тұратын математикалық өрнек қалай аталады
Дүниетану- 10 ұяшық: Ең алғашқы адамдар жер бетінде қай жерде пайда болды. ?
20 ұяшық: «Шөл даланың наны» деп нені атайды?
30 ұяшық: «Бәйтерек» монументінің биіктігі қандай:
40 ұяшық: Ежелгі өркениет қай жерден басталған?
Жаратылыстану- 10 ұяшық: Астрономия нені зерттейді?
20 ұяшық: Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?
30 ұяшық: Әр адамның шағын отаны
40 ұяшық: Расытхана деген не, олар қайда орналасады?
3-айналым «Ойлан да, ойна» Логикалық тапсырмалар
1тапсырма: теңдік дұрыс болатындай екі шидің орнын ауыстыр
2 тапсырма:Қарияның бірнеше қояндары мен қаздары бар. Олардың бастарының саны 12 , ал аяқтарының саны 32 .қарияның неше қояны, неше қазы бар ?
3 тапсырма: Кәмпиттер 6 тәрелкеге бөліп салынған. Тәрелкелердегі кәмпиттерге тиіспей, оларды екі қызға қалай тең бөліп беруге болады ?
4 тапсырма: ”Сөзден сөз жаса” ОЙЫНШЫҚТАР – сөзінен кім көп сөз шығарады
Кері байланыс «Достық алақаны»
Қорытынды: Жеңімпаздарды марапаттау