Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!" (мектеп бітірушілер кеші)

"Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!" (мектеп бітірушілер кеші)

Скачать материал

         "Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!" (мектеп бітірушілер кеші)

 

Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер.
2010-2011 оқу жылында 43 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден мектебіміздің үмітін ақтаған «Алтын белгі» иегері Гайсина Бақыт Бекетқызы, 100 балдан жоғары жинаған оқушыларымыз: Сағынгалиева Гүлназ Сағынгалиқызы (112), Гусман Нұрдан Айбарұлы (111), Туманова Асель Мержанқызы,(109), Көшенов Сағынғали Амантайұлы (105), Хаппар Даражат Музапарқызы (104), Құрманбек Қуаныш Болатұлы (101), Болатова Айнұр Болатқызы (100), жалпы 81,4 орташа балмен мектеп, ұстаз және ата – ана мерейін үстем қылды.

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде 
Шырқалсын Қазақстан әнұраны.
(Ән ұран ойналады.)

Бүгінгі «Қош бол, ұстаз алтын ұя мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.
1.--------------------------------------------------------- 
2.---------------------------------------------------------
3.---------------------------------------------------------
Сонымен бірге ардагер ұстаздарымыз 
1.----------------------------------------------------------------------------------
2 ---------------------------------------------------------------------------------
3.----------------------------------------------------------------------------------
4.---------------------------------------------------------------------------------- 
қатысып отыр.
Қош келдіңіздер.

Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,

Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысы Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі. 
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты,
Мың бұралып бишілер би билейді.
Халайық қол соғыңыз мархабатты.- дей келе, алдарыңызда «Тойбастар» биі. Қабыл алыңыздар!

Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берійік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
құрметті қонағымыз --------------------------------------------------------------------------- беріледі.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері: ----------------------------------------------------- беріледі.
Дархан Даулетияровтың әні «Атамекен Казталов» Ор: Қайрат Абдулов
Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі, 
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.
Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте- дей келе,

Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Талпахов Альберт Асқарұлына тапсырылады.
(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)
Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған Е.Хасанғалиевтің әні: 
«Қоштасу вальсі» ор: Нәрік Дүйсенов.

Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір –дей келе құттықтау сөз кезегі 
ардагер ұстаздарда. ------------------------------------------------
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары: Ищақова Шынасыл Аманқызы, Аділгереева Гүлжан Сапақызы.
Ендеше құттықтау сөз кезегі түлектеріміздің алғаш қолдарына қалам алғызып, әріптерін үйреткен алғашқы ұстаздары атынан Әділгереева Гүлжан Сапақызына беріледі.

Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас-қағым.
5 сыныптан бері жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген сынып жетекшілері Жұмағалиева Римма Ғиниятқызы мен Ажғалиева Гүлнұр Зейінқызына алғысымыз шексіз. 
Келесі сөз кезегі 11б сынып жетекшісі Ажғалиева Гүлнұр Зейінқызына беріледі.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,-дей отырып, кезекті әсем әнге жолдаймыз. Ән: «Ұстазым» орындайтын Ибраев Аңсар

Ата-ана тәрбиелеп балапаның, 
Әлдилеп, аялаған алақаның, 
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар, 
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата-аналары атынан «Алтын белгі» иегері Гайсина Бақыттың ата-анасы Гайсин Бекет Исқақұлына беріледі.

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады. –деп, биші қыздарымыздың орындауындағы «Өзбек биін» қабыл алыңыздар!
Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз-қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе
Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі Гайсина Бақыт Бекетқызына беріледі.

Жаны құштар жаңалыққа жансыңдар,
Ататұғын туған елге таңсыңдар.
Ұстаз жаққан кеудедегі от сөнбей,
Біз аспаған биіктерден асыңдар.
деп мектеп түлектеріне арнау мектебіміздің мақтанышы, аудандық «Балдәурен» байқауының жүлдегері Хаппар Даражатқа береміз.
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің. 
Ән: «Мектеп вальсі» Ор: Ибраев Аңсар.

(Әнұран ойналады)
Қиындықтар мойытпасын сендерді, 
Батылдық пен асыңдар сан белдерді .
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді 
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
-.деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.
Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.

Кешіміздің екінші бөлімі аудандық әкімшілік жанында жалғасады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!" (мектеп бітірушілер кеші)"

Настоящий материал опубликован пользователем Калауова Анар Сагиндыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

Скачать материал
    • 14.12.2015 2527
    • DOCX 24.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калауова Анар Сагиндыковна
    Калауова Анар Сагиндыковна

    Учитель начальных классов

    • На сайте: 9 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7200
    • Всего материалов: 5

    Об авторе

    Я Калауова Анар учитель начальных классов. Работаю в Чапаевской ОСОШ . Стаж работы 16 лет. Начала работу в 1999 году , учителем начальных классов и казахский язык в русских классах . Выпустила 4 класса . Я люблю работать с детьми. Мне очень интересно работать с детьми. И думаю в дальнейшем буду работать .

«Қош келдің, Наурыз!» мерекелік сценарий

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
1014
7
11.03.2025

Материал разработан автором:

Алпысбаева Ляйла Мухаметкалымовна

учитель биологии и химии

Разработок в маркетплейсе: 142
Покупателей: 423

Об авторе

Категория/ученая степень: Первая категория
Место работы: КГУ Атыгайская средняя общеобразовательная школа
Моя основная профессия – учитель биологии и химии. В прошлом году у меня доминировали уроки химии, и некоторые свои задачи я опубликовал в Интернет ресурсах. Стаж работы составляет -22 года. Тема самообразования: Формирование функциональной грамотности учащихся на основе межпредметной интеграции на уроке биологии и химии.
Подробнее об авторе

Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Алпысбаева Ляйла Мухаметкалымовна. Инфоурок является информационным посредником

«Қош келдің, Наурыз!» Мерекелік сценарий Кіріспе (Қазақтың ұлттық күйі немесе Наурызға арналған ән ойнап тұрады. Жүргізушілер ортаға шығады.) Жүргізуші 1:Армысыздар, ағайын!Жер-дүниені жаңғыртып, көктемнің шуағын ала келген әз-Наурыз құтты болсын! Жүргізуші 2:Наурыз – бірлік пен татулықтың, мейірімділік пен жаңарудың мерекесі. Күлімдеген күннің шуағындай көңілдеріңізге қуаныш, шаңырақтарыңызға шаттық әкелсін! Жүргізуші 1:Ендеше, баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, бүгінгі думанды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Краткое описание методической разработки

«Қош келдің, Наурыз!»

Мерекелік сценарий

Кіріспе

(Қазақтың ұлттық күйі немесе Наурызға арналған ән ойнап тұрады. Жүргізушілер ортаға шығады.)

Жүргізуші 1:
Армысыздар, ағайын!
Жер-дүниені жаңғыртып, көктемнің шуағын ала келген әз-Наурыз құтты болсын!

Жүргізуші 2:
Наурыз – бірлік пен татулықтың, мейірімділік пен жаңарудың мерекесі. Күлімдеген күннің шуағындай көңілдеріңізге қуаныш, шаңырақтарыңызға шаттық әкелсін!

Жүргізуші 1:
Ендеше, баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, бүгінгі думанды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Развернуть описание
Смотреть ещё 5 968 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 354 686 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 333 304 материалы из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Система дополнительного образования и социально-экономические аспекты в индустрии спорта

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теоретические аспекты психологии личности и мотивации поведения

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 968 курсов