«Қош бол
сүйікті балабақшам»
1 бала.Сыңғыр, сыңғыр қоңырау
Қоңыраудың шақырған
Тәтті әуені ән думан
Білім алған бақшадан
2.бала. Біз көңілді балдырған
Шақырады мектепке
Білім алған бақшадан
Біз көңілді балдырған
Шақырады мектепке
Сыңғырлаған қоңырау!
Жургізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер
Өздеріңмен қоштасатын күн туды
Бізден ұшып талмай қанат қағындар
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!
Құрметті ата-аналар, қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп
өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз.
Балаларға «Қадамдарыңа гүл бітсі, талаптарыңа нұр жаусын» дей отырып, «Қош бол сүйікті
балабақшам» атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
Тақпақтар:
Ән: «Біз бақытты баламыз» Балалар
орындарына отырады
Жүргізуші: Сендерді осы күндеріңмен құттықтауды
сәбилер тобының балалары келіп тұр екен. Бәріміз ду қол шапалақтап оларды қарсы
алайық.
Залға көңілді музыка әуеніммен «Ақжелкен»
тобы кіреді
1.
Сендермен
бірге өстік біз
Көп жақсы нәрсе үйрендік
Шығарып сап мектепке
Құттықтауға біз келдік
2.
Амал қанша
бұл анық
Қоштасатын кез келді
Ойыншықтар мұңайып
Іздейді ау сендерді
3.
Өздеріңді
олар да
Сағынада біліңдер!
Бізбен бірге ойнауға
келіп кетіп жүріңдер!
«Ойыншықтар» әні
Жүргізуші:
Балалар, егер алдына өздеріңнің мақсаттарын қойсандар, барлық армандарын,
тілектерін орындалады. Сол кезде бір ғажайып болады, сендер ғажайыпқа
сенесіңдер ме? Менімше бір арманымыз орындауға жақын сияқты...
(Әуен естіледі, залға Сиқыршы кіреді)
Сәлеметсіңдер ме, құрметті қауым!
Мен мейірімді Сиқыршымын!
Жүргізуші: Балалар, қандай ғажап, бізге Сиқыршы
дәл өзі келді! Жүргізуші:Сиқыршы-
, біздің бүлдіршіндеріміздің бүгін ерекше күн, бізде бүгін үлкен мереке.
Сиқыршы: Мереке дейсіңдер ме? Мерекені мен өте
жақсы көремін.
Ал сендердің тойларында мен қандай көмек бере
аламын?
Жүргізуші: Сен ата-аналардың тілктерін орындай
аласың ба?
Сиқыршы: әрине менің сиқырлы ағашыма
ата-аналар тілектерін жапсырсын! Мына қағазда өнерлі баланың суретін
салыпты.
Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз ұлттық биде билей алады. Ендеше ортада
Би: «Тұлпарлар» Сиқыршы:
Мында сандардың суреті салыныпты, баллалар мүмкін сандарға байланысты ойын
ойнарсыңдар! Жүргізуші:
«Көршісін тап» ойыны
Жүргізуші:
Балалар, бүгін сендердің ойыншықтарың да көңілсіз. Сендерді қимайды. Бірақ
сендер олармен қоштасып, мектеп табалдырығын аттап оқушы атанасыңдар! Сиқыршы:
Мында қуыршақ ойыншықты салыпты, ата-аналарың сендердің ойыншықтармен
қоштасқандарыңды қалайды. Жүргізуші:
Олармен қоштаса отырып, ән арнайық. Қыздарымыздың
орындауында
Қуыршағымнің» Сиқыршы:
Міне сиқырлы ағашта жапырақтар қалмапты , ата-аналардың жазған армандары
бәрі орындалды. Ал менің кететін уақытым болды. Сендерге тек жақсылық тілеймін!
Сау болыңдар! ( музыкамен шығып кетеді)
Жүргізуші: Мектеп
ана шақырады бізді
алдан
Алдымызда әлі талай сан
арман
Қоштассақта балабақшам сенімен
Санамызда өзің берген өнегең- деп қоштасқалы тұрған түлектеріміздің
лебіздерін тыңдалық Тақпақтар:
«Біз
мектепке барамыз» әні
Жүргізуші: Міне сендер енді балабақшадан кеткелі тұрсыңдар! Сондықтан
соңғы қоштасу вальсімізді
билейік
Би: «Қоштасу вальсі» Марпаттау
сыйлықтар
беріледі
Жүргізуші: Осымен «Қош бол сүйікті балабақшам» атты ертеңгілігіміз
аяқталды. Қош сау болыңыздар!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.