Инфоурок Начальные классы Презентации"Қош бол, сүйікті бастауышым!"

"Қош бол, сүйікті бастауышым!"

Скачать материал

«Қош бол, сүйікті бастауыш!»  

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.

Жоспары:

І. Құттықтау сөз.

ІІ. Бастауыш туралы жыр

ІІІ. Ұстаздарға арнау

ІV.  Музыкалық номер

V.  Ата – ана тілегі

VІ. Ұстаздар тілегі.

VІІ. Қорытынды.

Барысы:

Кіріспе сөз:

Мұғалім:

- Құрметті, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар «Қош бол, сүйікті бастауыш!»  атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр

Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен болғалы отырған «Қош бол, сүйікті бастауыш!»  атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4в- сыныбын  ортамызға!

Қол соғып, қошеметтеп 4 – сынып оқушыларын ортамызға шақырайық!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын  6 жасар бала болса,  бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.  Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан – жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған балапан едіңдер. Бүгін, міне, 4 жыл білім нәрімен сусындатқан, қалам ұстап, әріп танытқан, білімнің негізі – бастауыш сатысымен де қоштасар сәт таянды. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр. Ендеше мерекелік кешімізді ашу үшін  оқу ісінің меңгерушісі Рахов Алданбек ағайға сөз кезегін береміз.

Ендеше бүгінгі шәкіртттеріміз қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. .

Вальс әуенімен сынып оқушыларын ортаға шақырайық!

Даулет:

Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

Робия:

 Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Даулет: Иә, осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді сорға көтеріп, мектеп табалдырығын зорға аттаған едік.
Робия:  Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Даулет: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Робия:

Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Даулет:  Дұрыс айтасың, Робия.  Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Робия:  Олай болса Даулет алтын ұя мектебімізге арнап

Бота Бисенова апамыздың «Мектебім» әнін шырқайық!

Ән: «Көңілді күн» орындайтын Орақовав Бибінұр және Қайрат Әйгерім

Слайд: «Мектептегі мерекелер

Даулет:  Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

Мадина: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

Робия:   Би «Әке толғауы» орындайтын Жеткізген Данагүл

Робия:   Мектеп – кеме, білі – теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.

Даулет:  Иә, өзіміздің дана ата бабаларымыз «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»,- деп білім күшінің зор екендігін аз сөзбен аса шешен сипаттаған ғой.
Робия:  Сонымен, білім сонша бағалы екенін түсіндік. Бірақ бағалы нәрсенің бәрі оңай қолға келмейді. Білім тек оқу арқылы, оқуды көкейге шын тоқу арқылы ғана келеді. Содан да болар, «Оқу инемен құдық қазғандай» деген қанатты сөз қалған.
Ислам ғұламалары білімнің байлықтан артық екендігін даналық сөздермен қалдырған емес пе?
Даулет:  Міне, адамның асыл мұраты бай болу емес, білімді болу екенін осыдан артық кім айта алады?
Робия: Ендеше, жүріңдер өз білімдерін ортаға салып, дауласып жатқан «Пәндер патшалығына» барып келейік.
Даулет:   Көрініс. «Пәндер айтысы»

Би: «Джадо» орындайтын Абай Индира

Робия:   «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстап, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Даулет?
Даулет:   Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Робия:  әрине  ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Даулет:    Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Берменова Құралай апайға...

Құралай апай тәрбиелікке оқытқан,

Санамызға қырын – сырын тоқытқан.

Ізгілік пен ізеттікке  жетелеп,

Ақыл кенін болаттай ғып қорытқан.

Робия: Басында жан мен дене екі басқа,

Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.

Дене сауыт сықылды жанның орны,

Оны да күту керек бұзылмасқа - деп Шәкәрім атамыз айтқандай ортаға оқушылардың спорттық жаттығуларын тамашалаңыздар!

Асыл апайға ...

Байсалды мінезімен бір қалыпты,

Меніңде көкейімде із қалыпты.

Асыл апай неткен төзімдісің,

Шәкіртің білім алып, білсін дейсің.

Ән: «Маусымжан» орындайтын Қайратұлы Диас

Әсел апайға ....

Шәкірттер сізді айтып мақтанады,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады .

Робия:  ұсынғаны:

Бәрі: адалдық

Робия:  Үйреткені

Бәрі: адамдық

Робия:  Бар ұстазға тілейміз,

Бәрі: Бақыт, табыс, амандық!

Даулет: 

Ән: «Ұстазым» орындайтын Қайратқызы Іңкәр

2-жүргізуші:  Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.

Даулет:  Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Робия:   Иә, дұрыс айтасың Даулет!.  Біз болашақта саналы да, ақылды  бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

 Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Даулет  ән: «Апатайым - Анашым» орындайтын Орақова Бибінұр

Робия:

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап  көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!

Ұстаздар тілегі:

Даулет:   Жақсы шәкірт Азамат атанады,

Халқынан,  ата – анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырамыз ата- ананы.

Сөз кезегі ата – аналарға беріледі.

Робия:

Алғашқы баспалдақ қоштасқым келмейді

Алғашқы ұстазбен қоштасқым келмейді.

Мен сенің көктемің,

Нұрыңмен көктедім,

Сол үшін өзіңе алғысым көп менің.

Даулет:

Ұмыспаймын жаныма

Білім нәрін еккенің.

Қош қымбатты ұстазым,

Қош бастауыш мектебім!

Қорытынды сөз.

Мұғалім сөзі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүрекпен мен тілеймін,

Тек – сәттілік шәкірттерім ертеңіңе.

 Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

 Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

 Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе 4 – сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларымен жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін. Ал ата – аналарға айтарым: қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын дегім келеді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қош бол, сүйікті бастауышым!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 730 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2016 721
    • DOCX 28.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есенова Асел Тогизбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есенова Асел Тогизбаевна
    Есенова Асел Тогизбаевна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7787
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 44 регионов

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 254 человека из 50 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 268 человек из 55 регионов

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 178 человек из 60 регионов

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 40 регионов

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе