Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Қош бол сүйікті әліппе" 1 класс

"Қош бол сүйікті әліппе" 1 класс

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі



















«Қош бол, сүйікті Әліппем!»

мерекелік іс-шара

1 сынып



hello_html_m63fea888.png



2014-2015 оқу жылы



Қош бол, сүйікті Әліппем!

1 сынып

Мақсаты: оқушылардың әліппеден алған білімдерінің тәрбиелік мазмұнын ашу. Оқуға, білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, эстетикалық талғамын ұластыра түсу.

Көрнекі құралдар: «Қош бол, сүйікті Әліппем», «Білім кілті – Әліппе» жазулары, шарлар, әріп белгілері, Әліппе және ана тілі кітабы.

Мерекелік іс-шараның жоспары:

1.Мұғалімнің, құттықтау сөзі

3.Оқушылардың Әліппеге арнаған өлеңдерін оқуы.

4. Ән

5. «Не үйрендік, не білдік, Қане,ортаға салайық

6. Ән

7. «Әліпені оқыдың сен қастерлеп,

Марапатқа лайықсын сен жас бөбек!»

8.Би «Қазақ биі»



























Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бүгінгі «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отыр. Балалардың қолдарына алғаш ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе.
Бұл кітаптан ғұлама ғалым да, данышпан ойшыл да, ақын жазушы да, ұстаз, дәрігер, де білім алған. Ендеше кішкентай бүлдіршіндеріміздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!
Білім әлемінің беташары – Әліппені табысты аяқтаумен құттықтаймын.

Жаза білер ол егер,

Қолға берсең қаламсап.

Зуылдата жөнелер,

Әліппені аласап- деп зор құрметпен оқушыларды қарсы алайық.

Топты бастап келеді
Жардем менен Жания
Оқуда да ынталы
Көрінер алдан үнемі.
Ілияс пенен Асия
Салмақты да сабырлы
Қажет кезде әрдайым
Қасымнан менің табылды

Ерасыл мен, Камила
Алғыр әрі тез шапшаң
Зерек туған балғындар
Келді міне ортаға.
Ақылды да зиялы
Терең ойлы тұлғалы
Қарсы алайық бәріміз
Бақберген мен Гулнурды

Балалар хормен:

Құрбыласпыз,тұрғыласпыз,

Сегізіміз бір сыныппыз.

Күлімдейміз, бір бақшаның гүліндейміз.

Үлгіліміз, талаптымыз,

Жақсы оқимыз сабақты біз!
Мұғалім: Өсті міне бойларың
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!

Мұғалім: Балалар қазір әліпеге арналған өлең жолдарымызды ортаға салайық.Ол үшін әліппені құрметпен ортаға шақырайық.

Әліппе:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар !

Оқушылар хормен:

-Қош келдіңіз, Әліппе!

Әліппе: Армысыңдар, жас достар!

Болашаққа жол ашар,

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Жақсы білім – көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйрендік, не білдік,

Қане, ортаға салайық.

Иә, балалар бүгін мен сендердің маған деген лебіздеріңді естіп кетейін. (Әріп таңбаларынан қалпақ киген оқушылар тізіліп тұрады)

Асия:Астана- Астанам, 
Астана-бас қалам. 
Ардақтап атыңды, 
Аузымнан тастаман. 

Жания: Келген алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреткен оны Әліппе.

Ерасыл: Ғимарат көп қаламда,

Ғаламат көп ғаламда

Ғылым қуып жалықпай

Ғалым болам қалайда.

Гулнур :Заузадан көре аласың

Заңғардан таба аласың.

Байқамасаң анықтап

Үш екен деп қаласың

Камила: Наркөз бота үнемі,

Нарға ілесіп жүреді.

Нағыз еңбек кепілі

Нан – тіршілік тірегі.

Бақберген :Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады.

Мына менен басталған

Екеуінің аттары

Жардем:Торғай, торғай, торғайсың 
Таяу келіп қонғайсың. 
Жем шашайын тойып ал, 
Сонда аязға тонбайсың. 
Ілияс: Ырыс алды –ынтымақ,

Ырысты болсын еліміз.

Ықыласы зор іске

Бала болып өсеміз.

Жардем: Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің әліппе.

Асия: Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліпенің сырын ұқтырған,

Рахмет ұстаз алғашқы!



Мұғалім: Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ.

Өсті білім, ойымыз,

Құтты болсын тойымыз!-деп назарларыңызға 1 – сыныптың орындауында

Ән: «Үйретеді мектебімде, үйретеді» ұсынамыз.

«Не үйрендік, не білдік, Қане,ортаға салайық»

Ал енді балалар біз осы уақытқа дейіңгі алған білімімізді көрсетейік. Ендеше казір екі топқа бөлінеміз. (Жұлдызшалар таратылады.)

Мына әріптерден сөз құрастырасыңдар. (Оқушылар сөз құрастырады.)

Ал енді балалар алда қандай мереке келе жатыр?

-Жаңа жыл.

Ендеше казір біз ойын ойнаймыз.

Ойын «Шырша безендіру» -деп аталады:қазір карточкалардағы тапсырмаларды орындап, дұрыс жауабын шыршаға ілесіңдер.

3+5=8 6-3=3

4+2=6 4+3=7

7-4=3 5+1=6

5-3=2 2+2=4

Жарайсыңдар оқушылар!

Әліппе: Ал балалар , мені жақсы меңгеріпсіңдер. Беттерімді шимайламай, күтіп, ұқыпты ұстадыңдар, сендерге ризамын, көп рахмет! Менің айтар тілегім-жаңа достарыңды да мендей сүйіп , мендей құрметтеңдер.

Енді мен сендермен қоштасамын.Сендерді «Ана тілі» атты әпкеме тапсырамын.(Ана тілі келеді)

Әліппе: Ал құрметті оқушылар, сендерге бүгін керемет көңіл – күй, алда оқуда үлкен табыстар тілеймін! Сау болыңдар!

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен «Ана тілі» әпкелерің болам.

Туған елдің тілімін, 
Ақылы мен танымы. 
Түсіндірер бәріне, 
Ана тілі пәнімін. 
Ана тілің-арың бұл, 
Ұятың боп тұр бетте. 
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте! 

Балалар: Сәлеметсіз бе!Ана тілі.

Ана тілі – біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап, бағып – қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілі: Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер. 
Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер: 
1. Қабат-қабат қаттама 
Ақылың болса аттама (кітап) 
2. Тақтада жазып, жалықпаған, 
Жаза-жаза арықтаған (бор) 
3. Үйреткен білімді, 
42 әріпті (алфавит) 
4. Алты түрлі түсі бар, 
Сурет салар ісі бар (қарындаш) 

Рахмет, балалар, жарайсыңдар! 
Мұғалім: Ана тілі отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Ардақты ұстазым»

«Әліпені оқыдың сен қастерлеп,

Марапатқа лайықсын сен жас бөбек!»

Мұғалім:Ендігі сөз кезегі мен марапаттау рәсімі мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Исабаева Ақтоты Тұрсынбаевна-ға беріледі.

Енді сөз кезегін мектебіміздің кітапханашысына береміз.

Мұғалім: Енді, сөз кезегі ата - аналарға беріледі.

Мұғалім:Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық, ңұрлы достық, күн достық.

Достық деген қасиетті ұранға

Кең даланың жүрегі де үн қосты

Биші қыздар биімен де үн қосты

Би: «Қазақ биі»

Мұғалім: Қымбатты балалар!

Мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Әліппе сендерді тек әріптермен танысытырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті.

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып оқитын халге жетті,
Құтты болсын қадамы балалардың.
Балалардың білімі құтты болсын!
Денсаулығы әрқашан мықты болсын,
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!- дей келе ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Осымен бүгінгі «Қош бол, сүйікті Әліппем» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келіп, тамашалағандарыңызға көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-003610
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>