Қош
бол сүйікті әліппем!
Әліппемен
қоштасу ертеңгілігі
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден
алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін
көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын
арттыру. Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге
тәрбиелеу
«Қазақ биі»
Бекнұр: Бар
білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан?
Хормен:
Болашаққа жол ашқан, ол сүйікті, «Әліппе»!
Бекнұр: Ендеше, құрметті ата –
аналар, ұстаздар!
Бүгін сіздер бірінші сынып оқушыларының
алғаш қолдарына ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған
ертеңгілікке келіп отырсыздар. «Қош келдіңіздер», - дей отырып мерекені
бастайық.
(Әнұран айтылады).
Бекнұр: Асыл әжелер, сіздердің
құрметтеріңізге Русланның орындауында
«Сағындым әже» әні
1 – оқушы: Ең
алғаш алғанымда «Әліппені»,
Қызығып қарай
бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып
қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін
алып берді.
2 – оқушы:
Жақсы білім - көрімдік,
Болсын
сізге халайық.
Не үйреніп не
білдік,
Қане ортаға
салайық.
3 – оқушы: Бүгінгі
біздің қуанышымызда шек жоқ.
Өйткені біз тұңғыш рет
сауатымызды ашқан «Әліппені бітірдік».
4- оқушы:
Біз енді өзіміз – ақ кез – келген сөздерді, сөйлемді, қысқа әңгімелерді қатесіз
оқи аламыз.
5 – оқушы : Өтті
оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Басқа оқулық
достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
6 – оқушы: Әліппемен
қош айтысып қаламыз,
Енді
қолға, басқа кітап аламыз.
Ата – ана! Қуанышқа
ортақ бол,
Сауатты боп шықты,
міне балаңыз.
7 – оқушы:
Әліппе деген – алтын жол
Апарады
сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
Бекнұр: Құрметті ата – аналар сіздер үшін Дамирдің
орындауында
«Ата-ананы тыңдаймыз!» әні.
Бекнұр: Достар,
олай болса ортамызға менің де, сендердің де достарың Әліппені шақырайық.
Оқушылар: Келіңіз «Әліппе»,
келіңіз!
Әліппе:
Құттықтаймын, саусыңдар ма,
Бүлдіршіндер,
балдырғандар?
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен
Бауыржан да, Мәлік те.
Балалар, мені зәулім сарайдай мектептеріңе,
керемет мерекелеріңе шақырғандарың үшін сендерге шексіз разымын! Олай болса,
өнерлеріңді сендердің ата-аналарыңмен бірге отырып тамашалайық!
8 – оқушы:
Бар ғылымға бас болған,
Әліппе – ғылым ағасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың даласы.
9 – оқушы:
Сөйледі олар тіл бітіп,
Небір
қызық сырларды.
Тыңдай бердім мен
жұтып,
Тіл біткен тақпақ
жырларды.
10 – оқушы:
Алфавитті білдіңдер,
Онда
жүйе қалып бар.
Біздің қазақ
тілінде,
Қырық екі әріп бар.
11 – оқушы:
Әліппенің тойында,
Әркім
құмар ойынға.
Әріптер сыр ашады,
1 «А» сыныбы әнге
басады.
Хор: «Әліппе» әні орындалады
12- оқушы:
Бастайық кәне айтысты
Әріп деген не? –
десең,
Ол
– дыбыстың таңбасы.
Сөз құраса ол егер,
Болар білім қамбасы.
13 – оқушы: Танысаң
әріп қарасын
Боласың сен
сауатты.
Кітаптардан табасың
Көп сұраққа жауапты.
14 – оқушы: Жаттап
алсаң әріпті,
Сапалы
өмір сүресің.
Бұрынғы өткен
тарихты,
Әріптен оқып білесің.
15 – оқушы: Барлық
әріп бағалы,
Айттық
әділ бағаны.
Әріпсіз сөз
болмайды,
Буын онсыз
толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қолдайды.
Бекнұр: Іңкәр мен Сұлтанбектің орындауында
«Туған жер» әні. Қабыл алыңыздар!
16 – оқушы: Таныстырған
қырық екі әріппен,
Қош
бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқан оқи,
жаза білгенім,
Сауатты адам
санатына кіргенім.
17 – оқушы: Әліппем
менің әліппем,
Өмірді
көрем танып мен.
Қайталап айтам мың
рет,
Өзіңе көп – көп
рахмет!
18 – оқушы: Қош
бол құтты Әліппем,
Көп
нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып
сөйлеттің.
Бекнұр: Рамаданның орындауында
«Буратино» биі
19 – оқушы: Ата
– аналар, ұстаздар, балаларыңыз тек әліппені ғана игеріп қоймай математика
деген пәнмен де танысып сауаттандық.
20- оқушы: Мені
келсе, білгің,
Мен
таяқша бірмін
Барлық санға
жол ашып,
Ең басында
тұрмын.
21 – оқушы:
Бірден кейін тұрғаным,
Бірден
кейін тұрамын.
Бірге – бірді
қосқанда,
Мен шығамын
шырағым.
22 – оқушы :
Екіден соң әрқашан,
Үш
саны мен тұрамын.
Орыныма
барамын,
Екі айшық
саламын.
23 – оқушы:
Үш сызықтан таяғым,
Оқушылар
қояды
Төрт дегенім
баяғы,
Төрт түліктің
аяғы.
24 – оқушы:
Төрттен кейін бесті,
Білу
оңай десті.
Санашы бір қолдың
саусағын
Оңай табасың бесті.
25 – оқушы:
Мен өзімді қатарға,
Бестен
кейін қоямын.
Басым бірден
басталып,
Нөлмен бітер аяғым.
26 – оқушы:
Қара мына қызықты,
Көсемді
кім ұмытты.
Жеті болам бір
тартсаң,
Бел ортамнан
сызықты.
27 – оқушы:
Менің атым сегіз,
Жетіден
соң деңіз.
Жазылғанда қос
дөңгелек,
Мен боламын сегіз.
28 – оқушы:
Сегізден кейін - тоғыз,
Алтыны
төбесінен тұрғыз.
Сонда боламын тоғыз.
29 – оқушы: Әліппеде
О – ға ұқсаймын,
Сонда
нөлге ұқсаймын
Жеке тұрсам мәнім
жоқ,
Бір орынды
ұстаймын.
Ал санайық, санайық
Сан қырына қанайық.
Бекнұр: Анель мен Нұрәлінің орындауында
«Біз үшін» әні.
Әліппе: Қырық
екі әріпті игердің,
Әріптен
буындап сөз тердің
Ризамын балалар,
сендерге.
Рахмет айтар кез
келді.
Хормен:
Қош бол құтты Әліппем,
Тіл тұсауын кестің сен!
Әліппе:
Рахмет балалар! Әріп танып, тақылдап сөйлей аласыңдар.
Енді
сауатты жазып, озат оқушы боласыңдар деп үміттенемін.
Қош, сау болыңдар!
Хор: «Мұғалім ол біздің»
30-оқушы:
Мұғалім ғазиз мұғалім,
Сарқылмас
мәңгі бұлағым,
Ұланның
мәңгі тойында,
Арналған
саған бұл әнім
31-оқушы: «Жаңа
ғасыр» мектебім,
Биігі
білім шыңының.
Қарызым
саған көп менің,
Бірінші
«А» сыныбым!
Әмина
атым ұстазды
Екінші
анам атаймын
Тәлімін
алып келемін
Аяулы
Сымбат апайдың!
Бекнұр: Барлық
аналарға арналған Кәусардың «Ана» әнін қабыл алыңыздар!
Құттықтау сөз кезегі.
Мұғалім: Құрметті
қонақтар! Осымен мерекелік ертеңгілігіміз мәресіне жетті. Келесі кездескенше
сау болыңыздар!
Алматы қаласы Әуезов ауданы «Жаңа Ғасыр»
№175 гимназия
Сыныбы: 1 «А» сынып
Сынып жетекшісі: Бірімқұлова Сымбат Сейсенбекқызы
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.