Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қош бол, сүйікті Әліппем!
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Қош бол, сүйікті Әліппем!

библиотека
материалов

Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
І-жүргізуші: (Илияс)
Қайырлы күн, уа, халайық!
ІІ-жүргізуші: (Айжан)
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
І-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, 
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім: 
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: - Осы сендер қандайсындар?
-Талабы биік таудаймыз.
-Мың бұралған бишіміз.
-Біз шеберміз.
-Ақылдымыз.
-Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
-Көп оқимыз.
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
1-оқушы: 
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Би: Медиана
Мұғалім:

Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.
Қазір балалар мен сендерге жұмбақ жасырам, шешуін тапсаңдар бір сөз шығады.
1.Әжеде бар, атада жоқ
Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә)
2.Мынау-доға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? (Л)
3.Ірімшік жедің ғой,
«Тәтті екен» дедің ғой.
Оның аты біз жазған,
Қайсы әріптен басталған? (І)
4.Ата-анаңмен барып сен,
«Пілді» көрдің «парктен»
Осы атауға зер салшы Басталған қай әріптен? (П)
5.Пілде бар, шілде жоқ.
Допта бар, шарда жоқ. (П)
6.Ешкіде бар, қойда жоқ
Кеседе бар, қасықта жоқ (Е)

4 – оқушы:

Ата баба жерінің

Қасиетін мен білдім

Әжеміз ғой үйреткен,

Әліппесін өмірдің

5 – оқушы:

Лағым менің лағым,

Селтеңдейді құлағың

Босқа жүрмей сенімен

«Л»-дан сөзді құрадым

6 – оқушы:

Босағдан табылған

Кейде перде жамылған

Бұйымның бас әрпі не?

Киімге арнай қағылған.

7 – оқушы:

Ата- анаңмен барып сен

Пілді көрдің парктен

Осы атауға зер салшы

Басталған қай әріптен

8 – оқушы:

Бала отыр партада

Оқы,үйрен шаршама

«П» дыбысы дауыссыз

Мәлім болды баршаңа

9 – оқушы:

Жорға шығып ойнайды

Ойынға бір тоймайды

Болса-дағы сақалы

Секеңдеуді қоймайды

Ән: «Әліппе»

Мұғалім: Отырып-тұру

Кәне қызық ойындар
Қатарласа қойыңдар

Отырыңдар, тұрыңдар,
Маған мойын бұрыңдар.

Қолымызды жайайық,
Құстай қанат қағайық.

Аяқты бір басыңдар
Кәне тағы - тағы да

Қол соғайық жабыла
Кәне тағы - тағы да! – жарайсыңдар балалар, отыра қойыңдар!

І-жүргізуші:

Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.

ІІ-жүргізуші:

Енді ортаға әріптерді шақырайық. «ОТАН»

10-оқушы:
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
11-оқушы:
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
12-оқушы:
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.
13-оқушы :
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
Би: Тики – так

І-жүргізуші:

«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған 
Рахмет ұстаз алғашқы.

ІІ-жүргізуші:

Ендігі кезекті ұстаздарға арналған жыр – шумақтарына берсек.

14-оқушы :

Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.

15-оқушы :

Достастырған өзіңмен,
Ұстазыма мың алғыс!
Иландырған сөзіне
Қамқоршыма мың алғыс

16-оқушы :

Анамыздай аялап
Ақылшы болған ұстазым
Өзіңнің ғана еңбегің
Бүгінде биік ұшқаным

17-оқушы :

Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жаңа берем

І-жүргізуші:

Бізді осындай дәрежеге жеткізген ұстаздарға айтатын алғысымыз шексіз
ІІ-жүргізуші:

Музыка пәнінің мұғалімі Зәуреш апайға, ағылшын пәні мұғалімі Гүлім, Айсұлу апайларға, өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Жайнаргүл апайға және сүйікті ұстазымыз Гүлжазия Утегенқызына
Хормен: Мың алғыс!

Мұғалім:
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао! 
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне, енді мақалдар құрастырып, оқу сауатымызды көрсетейік. Сөздерді дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек. Содан соң шыққан сөзді оқимыз.

«ОТАН», «ӘЛІППЕ» Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді. 
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерің ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.

І-жүргізуші: Ән: «Ұстаз»

Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.

Мұғалім: Енді, балалар жаңа оқулықты ортаға шақырайық. Ана тілі оқулығын қарсы алайық.
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, менің жас достарым?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар.

Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз, 
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!

ІІ-жүргізуші:

Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім
Сауатты адам қатарына кіргенім.

І-жүргізуші:

Бәрімізді сүйІп өткен
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Екеуі: Бас иеміз құрметпен!
Хормен: Рахмет саған, Әліппем!

ІІ-жүргізуші:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.

18-оқушы :

Ақыл-ойын дананың 
Ана тілден аламын 
Ана тілім ардақты 
Ақ сүтіндей анамның. 

19-оқушы :

Ана тілім 
Ана тілім, 
Жүрегісің анамның. 
Жүрек-ана, 
Мен өзіңнен жаралдым. 
Сағат сайын саулығыңды тілеймін, 
Сенсіз мынау керегі не ғаламның! 

20-оқушы :

Ана тілім бал тілім 
Өзің барда шалкыдым
Өз тілімде ән шыркап 
Термелетіп балкыдым 
Тілім барда мактанам 
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сактаган

Мұғалім: Балалар! Сендер әліппеден әріп танып қана қоймай, математикадан санауды да үйрендіңдер. Сондықтан мен сендерге логикалық есептер алып келдім, сол есептердің шешуін табуға дайынсыңдар ма?

1есеп:

Табақта 6 алма

Қолымда 2 алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?(8)`

2 есеп:

Көлден ұшты  7 қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады енді нешеуі,

Қане, кім шешеді? (5)

3 есеп:

10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)

4 есеп:

Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер сайынға,
Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).

5 есеп:

Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)

6 есеп:

Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалды. Ол қалай? (Ж: біреуі торымен алған).

І-жүргізуші:

Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды қолдайды

ІІ-жүргізуші:

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоымадық

Әріптерді үйреніп

 Сауа аштық тойладық

Мұғалім: 
Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі жазып, оқитын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың- дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Сөз кезегі ұстаздар мен ата-аналарға беріледі.




















І-жүргізуші: (Илияс)
Қайырлы күн, уа, халайық!

І-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, 
Әліппемен қоштасу тойымызға.


І-жүргізуші:

Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.


І-жүргізуші:

«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған 
Рахмет ұстаз алғашқы.


І-жүргізуші:

Бізді осындай дәрежеге жеткізген ұстаздарға айтатын алғысымыз шексіз

І-жүргізуші: Ән: «Ұстаз»


І-жүргізуші:

Бәрімізді сүйІп өткен
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен!

І-жүргізуші:

Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды қолдайды












ІІ-жүргізуші: (Айжан)
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.

.

ІІ-жүргізуші:

Енді ортаға әріптерді шақырайық.


ІІ-жүргізуші:

Ендігі кезекті ұстаздарға арналған жыр – шумақтарына берсек.


ІІ-жүргізуші:

Музыка пәнінің мұғалімі Зәуреш апайға, ағылшын пәні мұғалімі Гүлім, Айсұлу, Алтын апайларға, өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Жайнаргүл апайға және сүйікті ұстазымыз Гүлжазия Утегенқызына
Хормен: Мың алғыс!


ІІ-жүргізуші:

Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім
Сауатты адам қатарына кіргенім.


ІІ-жүргізуші:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.


ІІ-жүргізуші:

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

 Сауат аштық тойладық
















1-оқушы: 
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.


2-оқушы:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!


3-оқушы:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

4 – оқушы:

Ата баба жерінің

Қасиетін мен білдім

Әжеміз ғой үйреткен,

Әліппесін өмірдің (Ә)


5 – оқушы:

Лағым менің лағым,

Селтеңдейді құлағың

Босқа жүрмей сенімен

«Л»-дан сөзді құрадым (Л)


6 – оқушы:

Босағдан табылған

Кейде перде жамылған

Бұйымның бас әрпі не?

Киімге арнай қағылған. (І)


7 – оқушы:

Ата- анаңмен барып сен

Пілді көрдің парктен

Осы атауға зер салшы

Басталған қай әріптен (П)


8 – оқушы:

Бала отыр партада

Оқы,үйрен шаршама

«П» дыбысы дауыссыз

Мәлім болды баршаңа (П)


9 – оқушы:

Жорға шығып ойнайды

Ойынға бір тоймайды

Болса-дағы сақалы

Секеңдеуді қоймайды (Е)


10-оқушы:
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары. (О)


11-оқушы:
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың. (Т)


12-оқушы:
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман. (А)


13-оқушы :
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы. (Н)

14-оқушы :

Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.


15-оқушы :

Достастырған өзіңмен,
Ұстазыма мың алғыс!
Иландырған сөзіне
Қамқоршыма мың алғыс


16-оқушы :

Анамыздай аялап
Ақылшы болған ұстазым
Өзіңнің ғана еңбегің
Бүгінде биік ұшқаным


17-оқушы :

Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жана берем


18-оқушы :

Ақыл-ойын дананың 
Ана тілден аламын 
Ана тілім ардақты 
Ақ сүтіндей анамның. 


19-оқушы :

Ана тілім 
Ана тілім, 
Жүрегісің анамның. 
Жүрек-ана, 
Мен өзіңнен жаралдым. 
Сағат сайын саулығыңды тілеймін, 
Сенсіз мынау керегі не ғаламның! 


20-оқушы :

Ана тілім бал тілім 
Өзің барда шалкыдым
Өз тілімде ән шыркап 
Термелетіп балкыдым 
Тілім барда мактанам 
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сактаган
























( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?

Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао! 
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)

Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.


Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.

Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді. 

Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)

Автор
Дата добавления 23.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров164
Номер материала ДВ-182040
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх