Инфоурок Начальные классы Рабочие программыҚош бол, сүйікті Әліппем!

Қош бол, сүйікті Әліппем!

Скачать материал

Сабақтың  тақырыбы: Хош  бол, сүйікті Әліппем!

Сабақтың  мақсаты:  Төрт айда әліппеден алған білім-өнегелерін тиянақтау.Сөзік қорларын байыту.

Сабақтың міндеттері: 1.Б. Көркем әрі толық сөйлеу машықтарын  

                                                 қалыптастыру.

                                         2.Д.Ойын, тілін, есін дамыту.

                                         3.Т.Тілін, елін құметтеуге тәрбиелеу.

Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Осыдан төрт ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер 42 әріпті меңгеріп, Енді міне сүйікті Әліппесімен қоштасқалы отыр. Бүгінгі той – сіздер мен біздер үшін ортақ салтанатты мереке.
Қош келдіңіздер, дей отырып, «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға
рұқсат етіңіздер.

1 ж: Ендеше, 1 Г сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.

( екі-екіден, аттарын атап шақырады)

2-ж: Айбар мен Бекзат

1-ж: Дархан мен Меруерт.

2 ж: Бекзат және Аяжан .

1 ж: Әбілмансұр мен Төлеухан Аяжан

2 ж: Қыдырәлі мен Амина

1-ж: Әрсен және Алтынай

2-ж: Бақдәулет пен Айзере

1-ж: Жәйдар мен Жанерке

2-ж: Ифрат пен  Ділназ

1-ж: Женіс пен Жанар

2-ж: Ескендір мен Тахмина,

1-ж: Ернұр мен Зарина

2-ж: Мансұр мен Даяна....

1-ж: Ақниет және  Айдар

 

1-о: Армысыздар, аналар!

2-о : Бармысыздар балалар!

3-о : Асқар таудай әкелер!

4-о : Ұлағатты ұстаздар!

5-о : Аталар мен әжелер! бүгінгі меркемізге .................

Барлығы бірге: ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!

1-о: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.Сөзін жазғандарЖұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев.Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

Оқушылар Гимнді орындайды.

-М:Балалар,алғаш мектепке келген кездерің естеріңде ме?

Барлығы: ИЯ!!!

-М: Өздеріңе таңсық әлемнің есігін аштыңдар.Ол қандай әлем?

-Барлығы бірге: Ілім  мен білім

-М: Жақсы.Табылдырықты аттаған сәттеріңнен қолдарыңа алып, сауаттарыңды ашқан, әріп танытып, жазуға үйреткен не?

Барлығы бірге:  ӘЛІППЕ!

 

2-о:                Ең алғаш алғанымда Әліппені,

                       Қызығып қарай бердім әріптерді.

                       Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

                       Мұғалім оның кілтін алып берді.

 

3-о:                Іші толы әріпке,
                                Мынау- әйбат Әліппе!
                                Барлық ілім- білімнің,
                                Әжесі осы Әліппе!

 

4-о:               Көлге айналған бұлақтың

                      Қайнар көзі әліппе.

                      Том-том қалың кітаптың

                      Басы болар Әліппе.

 

                 

5 О :            Бар кітапқа бас болған,

                    Әліппе-ғылым анасы.

                    Әліппеден басталған

                    Даналықтың  данасы.

 

Ән: Әліппе хор

 

М :  Қане беріп қарайық,
                  Зейін қойып тыңдайық

        42 таңбалар

        Не болды екен, айтайық:

 

Барлығы бірге: Алфавит!!!

 

7 о: Алфавитте 42 әріп таңбаланған. Ал қазақ тілінде 40 дыбыс бар.Екі әріп дыбысталмайды.Олар - жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі.

8 о:  40 дыбыстың 14-і дауысты, 25-і дауыссыз дыбыстар.Ал 1-і қу дыбыс.Ол У дыбысы.У біресе дауысты, біресе дауыссыз болады

М: Жақсы.Алфавиттің сиқырлы  әріптеріне кезек берейік:

9 о: О: О о о о о о

Мен дауысты дыбыспын.Себебі, созыламын,кедергіге ұшырамаймын және оқулықта қызыл түспен берілемін.Сөз басында.ортасында және соңында кездесемін.

 

         Отан- жерім, Отан- суым,

         Отан қуат, нәр береді.

        Отан-ұран, Отан-туым,

        Отан мәңгі гүлденеді!

10 о:  Т:  Т т т т т ыыыыыыы  

     Мен дауыссыз дыбыспын.Өйткені, созылмаймын.Кедергіге ұшырап шығамын.Басында т дыбысы естілсе, соңында дауысты ы дыбысы естілді. және оқулықта көк түспен берілемін. Сөз басында.ортасында және соңында кездесемін.                                                   

                                Жарақты жаумен жұлқысқан 
                                           Қылышты жаумен қырқысқан
                                           Ең ежелгі астана
                                           Қасиетті Түркістан!

 

11 о: А: Аааааааа

      Мен дауыссыз дыбыспын.Өйткені, мен кедергіге ұшырамай ,таза айтыламын,созыламын.Әліппеде қызыл түспен берілгенмін.Сөздің басында да,арасында да,сөз соңында да келемін.

 

                  "А" деген ол -Абылай хан,

                  "А" деген ол -Абай ата.

                  "А" деген ол - ардагер ғой,

                  "Алғыр" бол деп берген бата.

                        

12 о: Н: :  НННыыыыыы

     Мен дауыссыз дыбыспын.Неге? Өйткені, мен созуға келмеймін,кедергіге ұшырап шығамын.Кітапта көк түске боялғанмын.                                         

                           Ас біткеннің анасы
                                     Қасиетті нан осы

                          Қай әріптен басталып,

                          Аяқталғанын қарашы.

 

М: Балалар, біз әріптерден қандай сөз құрадық?

Барлығы : ОТАН

 М: Біздің Отанымыз ?

Барлығы бірге: Қазақстан!!!!

ӘН: Отан

М: Балалар, сендер Тәуелсіз елдің  бақытты балдырғанысыңдар.Еліміздің болашағы, үкілеген үміті де өздеріңсіңдер.Қазіргі барлығы уақытша, құнсыз болған заманда ,тек білім мен ілім ғана таусылмайтын асыл қазына болып отыр.Осы асылды игеру кезінде сенімді серіктерің, әрине,ӘЛІППЕ болды. Ендеше Әліппеден не оқып, не үйренгенімізді ортаға салайық.

 

13 О: Біз асыл досымыз Әліппеден қызықты жұмбақтар шешіп, мақалдар жаттадық.

14 О: Қиял-ғажайыпқа толы ертегілермен танысып,әңгімелер оқыдық.

15 О: Жаңылыспай жаңылтпаш айтып, өлең оқыдық.

16 О: Ендеше, не тұрыс, достар, не біліп, не ұққанымызды көрсетейік..

17 О: Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

18 О: Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

 

19 О:  Өнерлі өрге жүзеді

 

20  О:  Еңбек түбі береке

 

20 О:  Жазу жазып жалықпаған,

Жаза –жаза арықтаған.

Ол не?

 

Барлығы бірге: Бор

 

21 О:   Қабат-қабат қаттама,

            Ақылың болса, аттама.

 

 Барлығы бірге: Кітап.

 

22 О:           Өшірді,сүртті,

                    Өзгені құртты.

                    Өзін де құртты.

 

Барлығы бірге : Өшіргіш.

 

«Кім неден күшті?» рөлге бөліп оқу.

Ән. Зарина. « Анамның  тілі»

Би: флешмоб.Қыздар және ұлдар

 

24 О: Болды ма ? Осымен әліппемен қоштастық па?

25 О: Достар, біз тағы бір жандарға алғыс айтуды ұмытып кетіппіз ғой?

Бәрі : кімге? кімге?

25 О: Ата-анамыз бен ұстазға.(сыбырлап айтасың)

26 О: Рас айтасың.

Барлығы шығады.

27 О: Аяулы анаға....

28 О: Ардақты әкеге...

29 О: Қамқоршы ұстазға...

Барлығы бірге : МЫҢ АЛҒЫС!!!

Ән. Мұғалім ол біздің.

 М: Балалар, сүйікті Әліппемізбен қоштасатын кез де келіп жеткен секілді, соңғы тілектерімізді айтып жіберейік

 

 

 

30 О:          Қош бол құтты әліппем,

                   Көп нәрсені үйреттің

                   Таныстырып әріппен,

         Тақылдатып сөйлеттің.

 

31 О:           Таныстырып 42 әріппен,

                    Қош бол менің қасиетті Әліппем!

                   Сенің арқаң оқи жаза білгенім

                   Сауатты адам санатына кіргенім.

 

32 О:             Әліппем менің, әліппем,

                     Өмірді көрем танып мен.

                     Қайталап айтам мың рет,

                    Өзіңе көп-көп рахмет!!)

 

33 О:          Әліппемен қош айтысып қаламыз,

                   Енді қолға Ана тілін аламыз.

                   Ата-ана қуанышқа ортақ боп

                  Сауатты боп шықты міне балаңыз. 

 

Ән. Біз өмірдің гүліміз.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 15 ОРТА МЕКТЕП

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хош бол, сүйікті Әліппем!

Құрастырған: Шаримбаева Ж.Б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014 – 2015 ОҚУ ЖЫЛЫ      

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қош бол, сүйікті Әліппем!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 432 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 630
    • DOCX 26.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаримбаева Жибек Бірліктіқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаримбаева Жибек Бірліктіқызы
    Шаримбаева Жибек Бірліктіқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 96570
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1106 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 283 человека

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе