Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / "Қош бол сүйікті әліппем"

"Қош бол сүйікті әліппем"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



«Әліппе-білім бастауы» әліппемен қоштасу ертеңгілігі

«Қош бол, сүйікті Әліппе!» әліппемен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Көрнекіліктер:Шарлармен безендіру,слайдтар
Жүргізуші мұғалім:
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.
-Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!

Шыңғыс

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеген сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар,ұстаздарым сымбатты.

Мадина

Армысыздар, әжелер,әке-аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Бүгін міне Әліппемен қоштасады,

Азамат боп кешегі сәби еркелер.

Мұғалім;

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрмет етіп сендерді,

Бүлдіршіндер шақырамын ортаға

Сонымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлері

1«Б» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
(Сахнаға 1 «Б» сынып оқушылары шығады)
Мұғалім: Сөз кезегін оқушыларымыздың өздеріне береміз.

Жансая

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, 
Әліппемен қоштасу тойымызға.

1.Аяла
А әріптің абыройы асқар ма?
Айсәулесіжарқырайдыаспанда.
Адам, ата, ана, менің де атым
- Аяла
А
-әрпіненбасталар.
2.Алтынбек

А әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін.
Алтынбек ,мен боламын,
Айдай өсіп толамын

3.Аяужан:
Ата-анамның ардақтаған
Аяужан атты қызымын.
Ата-апам еркелетіп
Дейді «Алтын жүзігім»
4.Алия
Ай нұрынан жаралған,
Ай мен күні анамның,
Ақылдысы баланың,
Кілең бестік сабағы
Алия деген сұлуың
Мен боламын,ағайын

5.Айдос
Жеңу үшін қиынды
Еңбегіңді аяма.
Алдарыңда тұрған ұл-
Есдаулет Айдос мен боламын

6.Бекзат

Ынталы да талапты,
Өнегелі
ұлыңмын.
Ата-анамныңақылдысы-
Бекзат Бақытбекұлымын

7.Гүлжан
Лаулатып сәби сезім ой алауын,
Шаттық тілеп таңменен оянамын.
Еркелеткен есті қызы атамның,
Мухатаева Гулжан мен боламын

8.Елнұр

Елнұр деп қойыпты есімімді,
Бұл әрине ата-ана шешімі де.
Ақылды боп көп істер атқарамын,
Ұстаз сөзін ұғамын жатқа бәрін.
9.Жансая:
Кең болсыншы еліміздің керегесі,
Тату болсын, болмағай ерегесі.
Таныстырсам өзімді, оу ағайын,
Жансаямын ата-әжемнің немересі

10.Жайна
Жақсы оқитын мен үлгілі баламын,
Азамат боп мен де өсіп толамын.
Бассам деймін даналардың тек ізін,
Мен Жайна Ержанқызымын.
11.Мирас

Жақсы әдепті, жақсы істі
Бойыма әркез термекпін.
Қиын-ау деп қайыспайтын,
Ер мінезді Мираспынпын

12.Мадина
Сабақтан еш қалмаған,
Ерінбей оқып талмаған.
Боламын дейді үлгілі
Мадина атты бір балаң.

13.Нұрасыл

Мен де есті баламын,
Айтқан тілді аламын.
Жұмсағанға барамын,
Жақсы менің сабағым.
Ғалымұлы Нұрасыл
Мен боламын ағайын

14.Сұңқар
Ұстаз ұғар қашанда
Дамуын әр баланың.
Жақсы оқитын сабақты
Сұңқар атты баламын.

15.Сақжан
Баршаңызға иіліп, сәлем берем,
Мен ұлымын Ермектің Сақжан деген.
Оқуды да, жазуды тез меңгердім,

42 әріпті жатқа білем

16.Тәттімбет
Шәкіртінсіз ұстаз ісі
Жарқырай ма,жана ма?
Жеті өнер де жеткіліксіз
Тәттімбеттей балаңа.

17.Шыңғыс
Шыңғыс деген баламын
Таудай биік талабым.
Жақсы оқып сабақты,
Білімді адам боламын.
18.Шыңғыс:
Ш әрпі иесі шарапаттың,
Шашу шашып, той өткізген бар қазақтың.
Ш әрпін иемденген Шыңғыспын,
Иесі осынау ғажап аттың.

1-сынып жүргізушілері

Сақжан: Армысыздар, көрермендер, әз жандар!

Аяла: Бармысыздар, инемен құдық қазғандар!

Жайна: Әліппеге рахмет деп шырқайық!

Алтынбек: Ал, қанеки енді тойды бастайық!

Гүлжан: Не үйреніп, не білдік, жырдан шашу шашайық!
Бәрі бірге орындайтын ән
: Әліппе /тыңдау/

Мұғалім: Балалар, сендер Әліппені әнге қосып, 4 ай бойы дос болдыңдар. Әліппе сендерге көп нәрсе үйретті. Ал ,қазір біз осы Әліппенің арқасында ер жетіп қалдық. Әліппемен қоштасатын кез де келген сияқты.
1-сынып жүргізушілері

Шыңғыс: Достар! Осы мен әліппемен қоштасуды жөн көрмей тұрмын.

Алия: Ой! Не болды! Неге олай дейсің?

Елнұр: Ал мен жылағым кеп тұр.

Нұрасыл: О, несі, неге жылағың кеп тұр?

Мирас: Мен Елнұрдың неге жылағысы кеп тұрғанын білемін, бірақ айтпаймын.

Мұғалім: Дауласпайық, балалар! Мен сендерден де бұрын біліп тұрмын. Себебі сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы Әліппемен қоштасқалы тұрсыңдар. Қимай тұрсыңдар, солай ма?

Тәттімбет: Дұрыс айтасыз.
Әліппеге рахмет айтсақ та қимай тұрмыз.

Бекзат: Балалар Әліппені ортаға шақырайық.
Бәрі: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

(Музыка ырғағымен ортаға Әліппе келеді

-Сәлеметсіңдер ме , балалар?

- Сәлеметсізбе, Әліппе?)

Айдос
Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтын
Ұрпағымын,сәнімін.

Жайна
Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.

Шыңғыс Ш.
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны «Әліппе».

Алтынбек
Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып,әріпке.
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе.

Әліппе: Ішім толы әріпке,
Менмін әйбат әліппе!
Барлық ілім -білімнің,
Бастауы мен –Әліппе!
Бұл жерге менің әріптерім меннен бұрын келіп қалыпты ғой.

Мұғалім: Әліппе, өзіңіз әмір бергендей әріптеріңіз дыбысталуына қарай 2 топқа бөлініп тұр. Не бұйырасыз?

Әліппе: Ал ендеше мұғалім, осының сыры неде екенін мына көрермендерге айтып берсеңіз.

Мұғалім: Жарайды, Әліппе. Балалар бұл бір үлкен ертегі. Ертегі тыңдағыларың келе ме?
Балалар: Ия
Мұғалім: Ендеше ертегілер еліне саяхатқа барайық.

Мұғалім: Ерте, ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде, Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты.Олардың атасы
«Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда болыпты. Ендігі кезекті осы әріптерге берейік.ән: Әліппе
(Ән айтып болғаннан кейін әріптер араласып тұра қалады.)
1.Аяла
З әрпімен зерледім
Зергерлердің зергерін

2.Алтынбек
Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақылгөй

3.Алия
А деген ол ана ғой,
Ана деген дана ғой

4.Айдос

Г-әрпімен гүлденер
Қызғалдақты қырат, тау

5.Бекзат
Ы дегенің-ырысың
Орман-тоғай өзенің.

6.Гүлжан
Ұ әрпі ұлысың
Ағайының өз елің.

7.Елнұр
Е-ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жараңдар

8.Жансая
В-дегенің вал болар
Толқын күшін шомылар.

9.Жайна
Ғ әрпімен бір келер
Ғылым атты ұлы тау

10.Мирас
М-дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар

11.Мәдина
И дегенің иманың
Адалдықтың асқары

12.Нұрасыл
Б дегенім бала ғой
Жұмсаса апаң бара ғой
13.Сұңқар
С әрпі сұлулықтың сымбаты
Сыпайылық сан- алуан сын тақты

14.Тәттімбет
Ө әрпімен өрістер
Өмір атты дүниең

15.Шыңғыс Қ.
О дегенің- отбасы
Отан деген ұғым ба

16.Шыңғыс
Ж дегенің- жөргегің
Туған-өскен жерлерің.

Әліппе: Рахмет,балалар! Әріптердің бәрін таныпсыңдар!
1-сынып жүргізушілері
Жансая:Айттың әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.

Мұғалім: Балалар, ал енді осы уақытқа дейін не үйреніп, не білдік, қане ортаға салайық. .
Балалар мен қазір сендерге
сұрақтар қоямын. Сұрақтың жауабын білетін оқушы қол көтеріп жауап береді.
1. Біздің елбасымыз кім?
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
2. Президент күні қай күн?
(1 желтоқсан)
3. Біз қандай мемлекетпіз?
(Тәуелсіз, егеменді)
4. Еліміз қалай аталады?
(Қазақстан)
5. Ел ордамыз қалай аталады?
(Астана)
6. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
(Ту, елтаңба, әнұран)
7. Ең алғашқы қоңырау біз үшін қай күні соғылды?
(1 қыркүйек)
8. Ең алғаш қолыңа алған кітабың?
(Әліппе)
9. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
(42)
10. У дыбысы қандай дыбыс?
(Дауысты да, дауыссыз да)
11. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата
(ю,я,ё)

Аяла: Достар! Одан да ұстазымыз «Математика» пәнінен білімімізді тексеріп көрсін.
Мұғалім: Математикадан не үйреніп жатқандықтарыңды жария етуге дайын болсаңдар, мен сынақ жүргізуге дайынмын.
-Ендеше тақтаға қарайық. Не берілген?
(5+3, 9-7) ,
>,<, =
-
1-10 дейін тура сана, кері сана

Әліппе: Жарайсыңдар,балалар математикадан да сауат алып қалыпсыңдар ғой.Енді айтыңдаршы кім сендерді сауатты оқып, жазуға үйреткен, көп еңбек сіңіріп, санауды үйреткен?
Бәрі бірге: Ол біздің мұғалім апай ғой

Гүлжан
Қыркүйекке келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейірмен
Қадамымды құп алып.

Әліппе: Ендеше барлығымыз мұғалімімізге арнап ән айтайық.
Ән: «Сүйікті мектебім» Аяужанның орындауында.

Мұғалім: Рахмет балалар.Әліппені оқуға тек қана мен емес, ата-аналарыңның да көмегі көп тиді сондықтан ата-аналарымызға да рахмет айтайық.
Бәрі бірге: Рахмет сіздерге ата-әже, әке-ана!
Мұғалім:
Алия біздің аналарымыздың құрметіне «Аяулы анашым» әнін орындап береді. Қабыл алыңыздар!

Әліппе: Рахмет. Осы ана сүтімен дарыған ана тіліміз біздің қай тіл?
Оқушылар: Қазақ тілі. Ана тілі
1-сынып жүргізушілері

Нұрасыл:Біз Әліппені бітірген соң не істейміз?

Алия:Соны мен де ойлап тұрмын.

Шыңғыс : Шынымен де не оқимыз?

Аяла:Қиналатын түгі де жоқ

Мадина:Достарым. Анатілідегендосымыз бар.

Әліппе: Балалар мен сендерменқоштасамын. Ендісендерқолдарыңабасқакітапалатынболасыңдар. Олкітапанатілідепаталады. Ендешежаңадостарыңызанатілінқарсыалыңыздар.

Бәрі бірге: Ана тілі, ана тілі ,ана тілі

Анатілі: Сәлеметсіңдермеменіңжаңадостарым.

-Сәлеметсіз бе, Ана тілі.

Ана тілі.Енді мені оқитын боласыңдар.
Мен де келдім дайындалып тойыңа,
Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек.
Сыр құямын, нұр құямын бойыңа,
Таза ұста, оқы мені қастерлеп.

Оқушылар: Оқимыз, таза ұстаймыз

Ана тілі туралы тақпақтар;

Нұрасыл Ана тілім-ұраным

Ана тілден аламыз

Ана тілім ардақтым

Ақ сүтіндей анамның

Айдос Ана тілім- ұраным

Ана тілім – құралым

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым

Елнұр Ана тілі біздің туған анамыз

Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз

Ана тілін сүйеміз

Басымызды иеміз.

.
Әліппе: Ал енді балалар мен кетейін. Алда қыс, көктем, жаз бар. Жақсылап демалып сен сияқты балаларды күзде қарсы алып әріптеріммен таныстырамын

Тәттімбет:
Білімге жолды бастаған
Әліппем саған,мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған, мың алғыс

Мирас;

Әліппе сауатыңмен санамды аштың,

Достарыммен теңдес араластың.

Үйреніп әріптер мен әңгімені,

Күн бойы алға қарай қадам бастым.

Шыңғыс

Әліппе жарты жылдай жолдас болдың,

Ана тілге әкеліп жалғастырдың,

Әр әріпті қостырып ,сөзін құрап,

Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.

Ән «Қош сау бол, Әліппе»

Әліппе; Қош сау болыңдар,балалар!

Бәрі: Қош сау болыңыз, Әліппе
Мұғалім: Ал енді балалар әліппемен қоштастық. Енді қолымызға ана тілін алатын боламыз.
Ана тілдің құрметіне
ән «Төлдер» . Қабыл алыңыздар!
Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Сіздерге Ж, Қ, А, О, Т әріптерін береміз. Мен қойған сұрақтарға тек сіздерге берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер.
-Балаңыздың аты кім?
-Балаңыздың досы кім?
-Балаңыз қандай?
-Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?
-Балаңыз бос уақытында немен айналысады?
Ой ұшқырлығына құрылған есептер
Ата-аналарға қойылатын сұрақтар
басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)
3.Тақта алдында 3 бала тұр. Олар: Самат, Марат, Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады?
Мұғалім:
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін енбекқор күшті болсын!

Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін ортаға оқу ісінің меңгерушісі Малгаждарова Г.А және пән бірлестігінің жетекшісі Нурсапина Б.И.
Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі.
Мұғалім: Ертеңгілігіміздің соңында Ән: «Атамекен» Нұрасылдың орындауында

Ән «Ұстазым» Орындайтын Аяужан анасы Тотымен бірге.








Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 27.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров64
Номер материала ДВ-488963
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх