Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қош бол сүйікті әліппем

Қош бол сүйікті әліппем


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін тиянақтап, өз өнерлерін ата-аналарына көрсетіп, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу. өзін-өзі басқару.
Көрнекілігі:
Талапқа сай безендірілген сахна, оқулықтар, әліппе, балдырған , айгөлек макеттері т.б.
Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Қоңыр күзде қоңырау үнімен алғашқ
ы білім сабағына енген 1 «В» сынып оқушылары бүгін бір асудан асты, Алғаш рет қолдарына ұстап әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ана тілінің ғажайып, ірі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын, бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол, әлемдік ғылым соқпағының басы - Әліппе оқулығы.
Анеля: — Армысыздар құрметті қонақтар!

Зарина: — Қымбатты ұстаздар мен  ата-аналар!

Анеля: – Өнер мен ғылымның, тәрбие мен білімнің ордасына  айналған

Зарина: – Жалпы білім беретін №9 мектеп-лицейіне

Бірге:  – қош келдіңіздер!

1-оқушы: Ералы Армысыздар аналар
Бармысыздар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр-әніміз.
2-оқушы: Асел Жақсы білім көрімдік, 
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық.
3-оқушы: Алихан Өтті оқу сан сабақ, 
Бүгін үлкен салтанат.
Басқа оқулық достаспақ, 
Әліппемен қоштаспақ.

4-оқушы: Индира Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол, 
Сауатты болып шықты міне балаңыз!
5-оқушы: Денис Әліппе деген алтын жол
Апарады сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол, 
Тырысып бақ намысқа.
Мұғалім: - Балалар, сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар:Болашаққа жол ашқан
Ол сүйікті Әліппе.
Мұғалім: -Олай болса бәрімізге қымбат дос Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе!
Әліппе: Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана !
Болашаққа жол ашар , 
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың, 
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың, 
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың, 
Айтары көп әріптің .
Қуанышы баланың

Қуанышы халықтың.
Мұғалім: Сенің нұрың сөнбесін
Ашық аспан жарық күн!
Келешегі сөйлесін, 
Қазақ деген халықтың!
6-оқушы: Аниса Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық , тойладық.
7-оқушы: Аружан У Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақты қолдайды
Томирис 8-оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Анеля 9-оқушы: Әліппем менің Әліппем!
А дан бастап әріптен
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен .
Осылай алға аттадым
Әр әріпті жаттадым
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым.
Зарина: Әліппем қош енді, әркез аман бол деймін. Хор: Әліппе

Мұғалім: -Балалар, осы Әліппеден не білдіңдер, не үйрендіңдер соны айтып беріңдерші?
Оқушылар: Оқуды, жазуды, мақал-мәтелді , жаңылтпаш айтуды, жұмбақ жасыруды үйрендік.
Әліппе: Олай болса, балалар сіздердің білімдеріңізді ойын арқылы тексеріп көрейін.Алда қандай мереке келе жатыр?
Оқушылар: Жаңа жыл! Әліппе: Дұрыс айтасыңдар!
1. Қазақ тілінде неше әріп бар? 2. Өзің білетін бір мақал айт.
4. Оқуға, білімге шақырып өлең жазған қандай ақын аталарымызды білесің?
5. ҚР рәміздерін ата. 6. ҚР президенті кім?
Қане, ендеше әріптерге байланысты жұмбақтарын шешіп көрейікші.
1. Қос бүйірін тіреніп, 2. Үш шырпыдан бір есік,
Тұрады ылғи шіреніп. ( Ф ) Құрастырып көр шешіп. ( П )

Зарина: Көңілді өскен балалар

Күлім қағып тұрады

Тойымызға сән беріп

Шырқатып әнге салады.

Ән - Мен ауылға барамын.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Әліппенің алғашқы бетінен «Айналайын»деген ет-жүректі елжірететін елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзінен бастау алған бөбектеріміз бүгінгі күнде өздері оқи алатын дәрежеге жетті. Елбасымыздың осы бір сөзін оқушыларымыздың өзі сіздерге оқып берсін.
(Үш оқушы шығып оқиды)
1-оқушы: Көп ойлап, отырма Дана – Ауылға қадірлі кім атын атай ғой?
2-оқушы: Акмаржан Әліппе, оқуға үйреткен әр күні – Мұғалім апай ғой

3-оқушы: Іңкәр Анаңдай аяулы мәпелеп өсірген – Кім атын атай ғой
4-оқушы: Алпамыс Үйретіп санауды көп еңбек сіңірген – Мұғалім апай ғой

Мұғалім: Рахмет, балалар! Менің де мәртебемді бір көтеріп тастадыңдар. Енді өтілген әріптерімізге байланысты тақпақтарыңызды айтайық.
Айсултан А: А дегенің ана ғой 
Ана деген дана ғой.
Іңкәр Ә: Әжем әнге басады,  Әтеш ұйқы ашады.

Айсултан:Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып әліппемен,

Ана тілмен достасамыз.

Зарина:Енді кезекті әнге береміз Ән – Жалқаубек

Алмат Б: Б дегенің бала ғой, 
Жұмсаса апаң бара ғой.
Гулжан Г: Гу деп алғаш бөбектер, 
Гуілдейді ақырын.
Айдана Ғ: Ғалым ғылым ғасырды, 
Ғ білімге асырды.
Нұралы Д: Дүлдүл аттар баптаған, 
Дәркенді жұрт мақтаған
М Аружан Е: Елге есті ер керек , 
Ер жет өсіп ертерек.
Дана Ж: Жасұланбыз, жастармыз
Жарқын істер бастармыз, 
Жерімізді түлетіп, 
Жайнатып –ақ тастармыз .
Акмаржан З: Зауза ұшады зыңылдап, 
Зымыранша зырылдап.
Саяжан Қ: Қартқа қол бер, 
Жасқа жол бер.
С Аружан Л: Лашын биік самғайды, 
Лашын көкті шарлайды.
Ч Аружан М: Мақтанышым ұдайы, 
Маңғыстаудың мұнайы.
Ен байлықтың қақпасы, 
Мақтаралдың мақтасы.
Мұғалім: Ата-аналар, ұстаздар! Балаларыңыз тек әліппені ғана игеріп қойған жоқ.Математика деген пенмен танысып сауаттанды. Сандар сырына көңіл бөлейік.С Аружан: Әліппе : Құрметті оқушылар! Өзімнен бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» ортаға шақырайық.
Ана тілі: Сәлеметсіздерме, балалар ! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сендер барлық әріптерді танып, оқи алатын болыпсыңдар.
Ендеше менің сендерге қояр сұрағым бар:
- Таулары бар ең биік
Даласы бар жерұйық –бұл қай ел?
-Төтеп беріп не сынға, 
Қайыспағаған ауырға
Адал болып досына
Бас имеген жауына
Ердің аты кім?
- Ең алғаш қазақ әліпбиін кім жазды?
- Ең алғаш қазақ балаларына арналған мектепті кім ашты?
Ыбырай Алтынсарин- тұңғыш қазақ мұғалімі.Ол алғаш мектеп ашқан.
Асел Бір аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!

Зарина:Үйренеміз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Тақпақ айтып, ән шырқап,

Би де билеп береміз. Би: «Көңілді күн»

Абай- қазақ халқының ұлы ақыны.
Томирис Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.

Ана тілі: Өте жақсы балалар! Тәртіп пен білім егіз, тәртіп болмаған жерде ешқандай білім болмайды. Сондықтанда ең алдымен тәртіпті болуларың керек.
Оқушылар: Сабақты жақсы оқып, үлгілі оқушы боламыз деп ант береміз!
Анеля:Қуанамыз сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Әліппені қимай біз,

Қоштасамыз біз бүгін. Ән – Ақ тілек

Әліппе: 42 әріпті игердің, 
Әріптен, буындап сөз тердің.
Ризамын балалар сендерге, 
Рахмет айтар кез келді.
Хормен: Қош бол құтты Әліппем Тіл тұсауын кестің сен! Хор: Рахмет саған Әліппем!
Мұғалім: Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң , арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан , - деп Абай атамыз айтқандай алдымызда «Әліппе» ұстап, санамақ ойнап тұрған бүгінгі бүлдіршіндер, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар.

Зарина:Сөзіме құлақ салыңдар,

Бір серпіліп қалыңдар.

Қоштасуға арналады,

Бүгінгі жыр әніміз. Ән - Ақ әжем

Білім негізі бастауышта дегендей, осы бүлдіршіндерді алға сүйреп, білімнің , өмірдің шыңына жетелеу - біздің міндетіміз.

Зарина:Бірге болсын ойымыз,

Құтты болсын тойымыз.

Қыздарымыз шаттана,

Би билейді тамсана. Ән – би: Ертегілер

Анеля:Үйренеміз жақсы ән біз,

Үйренеміз биді де.

Біздің сыныбымыз,

Осындай міне қараңыз. Ән – Мектебім.

Зарина:Бүгін бізде мереке,

Мереке жақсы емеспе.

Апайларда келіпті,

Бізді көріп білуге.

Би – заман ауи ұлдар тобы.

Талай-талай баспалдақты аттармыз

Ата-ананың үмітінде ақтармыз

Апай сізден алған ақылды

Есімізде өмір-бақи сақтармыз Би –Фиксики

Анеля:Қыздардың биші аяғы,

Той дегенде тұра алмас.

Тойларында билеп берсе,

Қандай қонақ қуанбас. Би – буги-вуги

Бүгінгі Әліппені аяқтап, жас ұрпақтың санасына білім сәулесінің шапағын ұялатқан күні ұстаз ретінде шәкірттерімнің балаң арман, сәби қиялдарына құлақ қойғанмын
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!, - дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Бізден бұрын келесіз

Бізден кейін кетесіз

Болашағымызға сенесіз

Қамқор болып жүресіз

Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Қ А Нұрғалиеваға

Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне қараңыз!

Ғылым,білім жолына

Енді күшін салады Құттықтау сөз кезегі Ата-аналарға беріледі.


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров54
Номер материала ДВ-526053
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх