Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Қош бол сүйікті әліппем" атты сыныптан тыс іс шара

"Қош бол сүйікті әліппем" атты сыныптан тыс іс шара

Скачать материал

Сынып: 2 «Г»

Сынып жетекшісі: Алимбаева Таншолпан Мерекекызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әліппемен қоштасу» мерекесіне арналған сценари

Мұғалім:  Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата- аналар, құрметті жас шәкірттер. Сіздер бүгін 1 «г» сыныбының  «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Бала деген шіркін- ай балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып -аршып даладан келгенінде,

Бал иісін тарттырып алады екен – деп Кенен атамыз айтқандай кеше ғана  мектеп табалдырығын жасқана аттаған бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салыңыздар. Бүгінгі мереке осы балаларымыздың еңбектерінің беташары іспеттес.

Өсті міне бойларын,

Өсті ақыл- ойларын.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларын!

Еркебулан:  - Қайырлы күн, уа халайық. Армысыздар ата- аналар,ұстаздар, «Әліппемен қоштасу»  тойы құтты болсын.

Шашу шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық.  (шашу шашылады)

Жәмшит:  - Ассалаумағалейкум, жиналған қауым!

Кешегі сәби баланыз,

Жарады міне қараңыз.

Ғылым, білім жолына,

Енді қайық саламыз.

-         Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші «Осы біздер қандаймыз?»

Карина - Осы біздер қандаймыз, талабы биік таудаймыз.

Жанна -  Мың бұралған бишіміз.

Дияр -  Күмбірлеген күйшіміз.

Жанерке - Біз қазақпыз,қазақпыз, сәл еркелеу бұзықпыз.

Арнур-  Жақсылықты ұнатамыз.

Нурсипат-  Жамандықтан қашамыз.

Меруерт-  Жанып тұрған шырақпыз.

Нурсила -Толқынды су бұлақпыз.

Арай -Елімізді өркендететің.

Н.нурзат - Қазақ тілін көркемдететін.

Д. Нурзат - Бабаларға тағзым ететін, аналарға бас иетін.

Динара - Елтаңбасымен еңселі

Гүлзат -  Туымен тұғырлы

Аида - Әнұранмен әйбатты.

Хормен: Біз қазақ елінің болашағымыз!

Еркебулан: -Уа халайық, халайық,

                       Мұнда назар салайық.

                       Кімдер зерек, кім тапқыр,

                       Таланттарын табайық.

                        Қайсы күйші, кім биші

                        Талабыны қарайық

                        Іші толған әріпке

                        Бар білімнің бастауы.

                        Білімдегі жарық не?

                        Болашаққа жол бастар,

Хормен:          Ол сүйікті -  әліппе!

Еркебулан:  - Олай болса бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе, әліппе,әліппе. (әліппе ортаға шығады)

Әліппе: Армысыздар жас достар,

              Армысыздар ата- аналар.

              Болашаққа жол бастар

               Әліппе келді ортаға.

               Менің атым- әліппе,

               Мені анаңдай дәріпте.

              Мені оқып ер жеткен,

              Аған сенің әпкенде.

-         Балалар сендер мені оқыдыңдар, менен не үйрендіңдер?

Карина – Жұмбақ, санамақ, өлең және ән үйрендік. Енді біз кез келген кітапты оқи аламыз. Ыбырай және Абайды оқып таныдық.

Жәмшит: Құрметті ұстаздар мен ата- аналар,

                  Кез келді сіздерден ақ бата алар.

                  Ұл- қыздардың көрсетпекші өнерлерін,

                  Бар қауым таңдана таңдай қағар!

Дияр:   (Әліппеден әңгіменің үзіндісін мәнерлеп оқиды,сахнаға шығады)

-         Оқушылар тізіліп тұрып бірінен соң бірі тақпақ айтады.

Нурсипат:  - Жырын бастап жатамыз,

                      Жалықпастан қыс- жазы

                      Ұлы Ыбырай атамыз,

                      Ұстаздардың ұстазы.

                      Ұран тастап көп елге

                      «Кел балалар оқылық»

                      Деген сөзің көңілге,

                     «Ықыласпен тоқылық»

                      Оқығаннан кезінде

                      Озған алғаш сол екен,

                      Әліппенің өзің де

                      Жазған алғаш сол екен!

 

Жанерке  - Әсемпаз болма әрнеге,

                    Өнерпаз болсаң арқалан,

                    Сенде бір кірпіш дүниде,

                    Кетігін тапта бар қалан.

Дияр: Ғылым таппай мақтанба,

           Орын таппай баптанба,

           Құмарланып шаттанба

           Ойнап босқа күлуге,

           Бес нәрседен қашық бол,

           Бес нәрсеге асық бол,

           Адам болам десеңіз.

Гулзат  –  Әліппе даңғыл жол ашты

                 Жаңадан пәндер жалғасты

                 Әліппе сырын ұқтырған,

 Хормен:   Рахмет ұстаз алғашқы!

Карина – Көз салып қараңызшы бойымызға,

                 Ортақ боп бүгінгі өскен бойымызда.

                 Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

                 «Әліппемен қоштасу» тойымызға!

Аида: - Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

              Қощтаспақпыз сүйікті әліппемен

              Ризамыз бәрімізді таныстырған,

              Сөз бен дыбыс,әр түрлі әріптермен.

Нурсила:   - Енді біз жаза аламыз,

                      Әріпті қосып әріпке.

                      Ырза боп саған жүреміз,

                        Қош бол сүйікті Әліппе!

Дияр: - Келгенімде алдыңа,

             Қызыл жасыл гүл алып.

             Жақын тарттын жанына,

             Шәкіртім деп қуанып.

             Сипадың да басымнан

             Әліппені ұсындың.

             Бақытымның осыдан,

              Басталғаның түсіндім.

Арай   - Ең алғаш алғанымда әліппені,

              Қызығып қарай бердім әріптерді.

               Мен үшін жұмбақ болып қалар еді,

               Ұстазым оның кілтін алып берді.

Жанерке:    - Ақылшым, асыл ұстазым,

                    Жолымды айқын нұсқадың.

                    Қасыма кеп қанша сен,

                    Қамқор боп қалам ұстадың.

Жанна:   - Жүзін жылы, құшағын кең,

                   Сенен түлеп ұшамын мен.

                   Өзін берген білімінмен,

                    Биіктерге ұшамын мен.

Д.нурзат:   - Келгенімде алғаш мектепке,

         Білмеуші едік әріпте.

         Оқимыз қазір ертекте,

         Үйреткен сенсің Әліппе.

Балнур:  - Бар кітапқа бас болған

        Әліппе ғылым  ағасы.

        Әліппеден басталған,

        Даналықтың данасы.

 

Ақнур:  - Ширап іспен сөзіміз,

                Өсті осылай ойымыз.

                Әжемізге өзіміз,

                Ертегі оқып береміз.

Фариза:  - Біз жазамыз ана деп,

                Біз жазамыз қала деп.

                Біз жазамыз әке деп,

                Біз жазамыз қала деп.

Н.Нурзат:  - Таныстырған 42 әріппенен,

                Қош бол менің қасиетті Әліппем.

                Сенің арқан оқып, жаза білгенім,

                Сауатты адам санатына кіргенім.

Меруерт: - Үйретіп мұғалім бізге әліппені,

                 Мұғалім ғылымғы жалғасын берді.

                 Адамның ақыл- ойы, мақсаттары,

                Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Динара: - Әліппем сауатым мен санамды аштын,

                  Достарыммен теңесіп, араластым.

                  Үйретіп әріптермен әңгімені,

                  Ертеңгі сәуле жарықпенен.

Аяжан:   - Әліппем менің, әліппем,

                   Сені қолға алып мен.

                  Есігін аштым мектептің,

                  Ертеңгі сәуле жарықпен.

Әліппе:   - Балалар сендерге көп рахмет мені жақсы меңгеріпсіңдер!

Еркебулан:  - Қазір бізге бір қонақ келеді. Қане жұмбақтың шешуін табыңдаршы, кім екенің білесіңдер ме?               

                                          Қырық екі жауынгер,

                                          Саның түзеп тұрады.

                                          Бүлдіршіндер қауымды ел,

                                          Сырың терең ұғады.    (алфавит)

Жәмшит: - Олай болса ортаға алфавитті шақырайық.

Алфавит :  - Ой, мен қайда еліп қалдым, не деген көп адам, мынау менің достарым ғой. Сәлем жас достар!

Хормен:  Сәлеметсіз бе!

Алфавит: - Жас достар мен сендерге құр бос келгенім жоқ. Мен өзіммен бірге сендерге көп тапсырмалар  әкелдім. Менің бірінші сұрағыма жауап беріңдерші: -Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

Хормен:   - 42 әріп бар.

Еркебулан:     - Ана тілін ар тілі,

                         Бәрін біл сол арқылы .

                         Алуан алуан сыры бар,

                         Әліпбиді ұғып ал.

Жәмшит:   - Назарларынызға  «Қазақ биі»

Әліппе:   - Ал енді оқушылар менің жолға шығар уақытым болды.

Алфавит:    - Жоқ, жоқ  Әліппе, мына тұрған жас бүлдіршіндер менің тапсырмаларымды орындамайынша сен ешқайда бармайсын.

Әліппе:  - Қане достар олай болса алфавиттің тапсырмасын бірге орындайық!

Алфавит:   - Менің 1-тапсырмам: өлең  «Дәрігер боламын»

2- тапсырма: «Қазақстан менің Отаным»

3- тапсырма:  Алфавитті жатқа айт

4- тапсырма:  Неше дауысты,неше дауыссыз дыбыс бар?

5- тапсырма: Қандай дыбыс дауысты ды, дауыссыз да болып келеді?

6-тапсырма: Би билеу (Жанна үнді биі)

7- тапсырма: Көрініс «Мақта қыз бен мысық»

Жәмшит:  -Иә, балалар жарайсыңдар балалар! Сендер білімдерінің тереңдігін көрсеттіп алфавитті жеңіп кеттіндер!

Алфавит:     - Жарайсыңдар жас оқырмандар! Мен сендерге ризамын. Сондықтанда достығымыз ары қарай жалғаса береді.

Әліппе:   - Мен сендерге ризамын. Болашақта да осылай оқындар. Білім жолында жолдарын болсын. Сау болындар!

Хормен:   -Қош бол әліппе,қош бол әліппе, қош бол әліппе.  (Оқушылар бастарын иіп қоштасады)

Еркебулан :  - Ал енді 1 «Г» сыныбының атынан Әліппе әнің қабыл алыңыздар.  (оқушылар шығады айдады)

Жәмшит:   - Әліппемен қош айтысып қаламыз,

                     Енді қолға басқа кітап аламыз.

                     Ата ана қуанышқа ортақ бол,

                     Сауатты боп, шықты міне баланыз. (Ана тілі ортаға шығады)

Ана тілі  Ақыл ойы дананың,

                Ана тілі боламын.

                Ана тілі ардақты,

               Ақ сүтіндей анамыз.

               Өсірген ой білімді

               Мәнің терең білуде.

               Мейірімі мол балаға,

               Барлық барлық анаға.

- Мен әліппеден оқып білгенднрінді ары қарай жалғастырамын. Бәрін өнерлі, білімді шәкірт екесіңдер. Мені де осылай оқындар.

Еркебулан:     - Ана тілі төрлет, төрге шық. Міне балалар сендер енді білімді оқушысындар. Орталарында үнемі ана тілі болады.

Жәмшит:  - Қане оқушылар, мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Бағалы оның еңбегі,

Байытады сананы.

Ойлап көрсең,

Бергені,

Асылдан да бағалы.             (Ұстаз)

Жамшит:    - Иә дұрыс айтасындар, 3 «ә» сынып оқушыларының атынан «Ұстазым» әнің қабыл алыңыздар. (ортаға ұлдар шығып ән айтады)

Би: Қазақша би (қыздар шығып билейді)

Өлең: «Ертегілер» (Жанна ортаға шығады)

Би:  «Қара жорға»

 «Қош, сау бол әліппе» әні айтылады. (1 «г» сынып оқушылары )

Жамшит: - Бүгінгі жас бүлдіршіңдердің өнерлерін тамашалауға, қуанышын бөлісуге келген арамызда отырған қонақтарға,  ұстаздарға сөз берсек дейміз.

Еркебулан: - Директордың тәрбие ісі-жөніңдегі орынбасары - Майра Амандыққызына сөз беріледі.

Жәмшит: - Келесі сөз кезегі  бастауыш сынып мұғалімі, тәжірибелі ұстаз – Гүлбану Мэльсовнаға беріледі.

Еркебулан: -  Балалар, Әліппені меңгертудегі, жазуға, санауға үйреткен ата-аналардың үлесі мол.

Жәмшит: - Иә, иә дұрыс айтасын, баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп,қуансан-қуанып, ренжісен-жұбататын асыл адам- Ана.

Бүгінгі кеш, әр үйдің тойы болып саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан да, ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға, тілек айтар қонақтар - дей отырып, сөз кезегі ата- аналарға береміз. (ата-ана шығып құттықтау сөзін айтады, сыйлықтарын үлестіреді)

Еркебулан: - Осымен біздің «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіміз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келіп, назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қош бол сүйікті әліппем" атты сыныптан тыс іс шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 508 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2016 615
    • DOCX 30.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимбаева Таншолпан Мерекеқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39809
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов