Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы"Қош бол, сүйікті әліппем" (1 сынып)

"Қош бол, сүйікті әліппем" (1 сынып)

Скачать материал

Келісемін:                                                Бекітемін:

ДТЖО                Д. Қ. Жусупова             Мектеп директоры:             Ғ. Қ. Жантемиров

 

Тақырыбы: Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Мақсаты:
1
. Білімділік: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
2. Дамытушылық: Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
3. Тәрбиелік: Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылар дайындықтарын қадағалау, назарларын ертеңгілікке аудару.
ІІ.Негізгі кезең:
Мұғалім: Армысыздар, аналар!
                 Бармысыздар, балалар!
                 Сөзіме құлақ салыңдар,
                 Бір серпіліп қалыңыз.
                 Әліппеге арналмақ,
                 Бүгінгі жыр әніміз!
 - Міне, бүгін біздің шәкірттеріміз бар ғылымның бастауы «Әліппені» тәмамдады. «Қош, сүйікті әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
(Мерекелік залға сәнді киінген 1 сынып оқушылары кіреді.)
Жантөре: Өтті оқу, сан сабақ, 
                 Бүгін үлкен салтанат, 
                 Оқулықпен достассақ
                 Әліппемен қоштаспақ
                 Өсті білім бойымыз.
Хормен: Құтты болсын тойымыз.

Жүргізуші: Жақсы білім көрімдік, 
                     Болсын сізге халайық, 
                     Не үйреніп, не білдік?
                     Қане, ортаға салайық.

Би: «Вальс»

Жүргізуші: Нығманов орта мектебінің 1-сыныбында Әліппемен қоштасу кеші болыпты. Балалардың барлығы Әліппені шақырыпты.
Барлығы хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Жүргізуші: Әліппе келмепті. Әліппені тосып отырған балаларға, почташы бір хат әкеп береді. Балалар хатты оқи бастайды.

Тамирис: Мына хатта Әліппені Білім патшасы алып кеткен деп жазылған. Енді не істейміз?

Жанель: Білім патшасына барып, Әліппені алып келейік.

Барлығы: Иә, иә, дұрыс айтасын. Кеттік ендеше...

Жүргізуші:  Сөйтіп, балалар Білім патшалығына жол тартады. Жол жөнекей балалар мақал-мәтелдерге кезігеді.
Мақал: Әліппеден балалар
             Не оқыдың, не білдің?
             Қане, айтшы мақалдар
             Біліміңді көрейін.

Айдәулет: Бірлік болмай, тірлік болмас.

Жанель: Кітап – білім бұлағы.

Әлішер: Сөз атасы – мақал.

Балым: Жақсы сөз – жарым ырыс.

Жантөре: Өтірік айтпа, ұрлық жасама.

Тамирис: Үлкенге құрмет – кішіге ізет.

Жүргізуші: Әліппеден үйренген мақал-мәтелдерін айтып, балалар ары қарай сапарға аттанады. Жолда оларды жұмбақтар тосып алады.
Жұмбақ: Біз жұмбақтар айтамыз.
                Шешуін сіз тапсаңыз, 
                Жолыңды біз ашамыз.

1.     Құстай ұшар, қанатты тұлпар. (ұшақ)

2.     Шипалы мұртты,

Томпиған ұртты. (итмұрын)

3.     Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады. (қарлығаш)

4.     Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған. (бор)

5.     Алты қырлы,

Алтын сырлы. (қарындаш)

6.     Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

7.     Үйреткен ілімді,

Қырық екі білімді. (алфавит)

Жүргізуші:  Жұмбақтар елінен аман-есен өткен балалар санамақтарға тап болады.
Санамақ: Мен санамақ боламын, 
                 Ақыл-ойдан тұрамын.
                 Айтып берсең санамақ, 
                 Қазір жолды ашамын.

Жантөре:  1 дегенім - бесік,
                   Шықтың содан өсіп.
                   2 дегенім – елім,
                   Далам, тауым, көлім.
Жанель: 3 дегенім – үміт,
               Үміт артар жігіт.
               4 дегенім – төзім,
               Төзе білем өзім.
Әлішер: 5 дегенім – бақыт,
               Бағалайтын уақыт.
               6 дегенім – ақыл,
               Тыңдағаның мақұл.
Балым: 7 дегенім – жалау,
             Жүректегі алау.
             8 дегенім – сөзің,
             Серт беретін кезің.
Айдәулет: 9 дегенім – тоқтау,
                  Елдің жоғын жоқтау.
Тамирис: 10 дегенім – Отан,
                 Қорға соны, ботам.
Жүргізуші: Санамақ айтып, балалар ары қарай жолға шығады. Алдарынан ертегілер шығады.
Ертегі: Балалар, қандай ертегілермен танысып едіңіздер? Қане, өнерлеріңді тамашалап көрейікші.
Айдәулет: Келгенде алғаш мектепке, 
                   Білмеуші едік әріп те.
                   Оқимыз қазір ертекті, 
                   Үйреткен оны Әліппе.
Ертегі: «Кім неден күшті?»
Жүргізуші:  
Ерте-ерте ерте екен, 
                      Ешкі жүні бөрте екен.
                      Қырғауыл жүні қызыл екен.
                      Құйрық жүні ұзын екен.
                      Мұзға барып қонған екен, 
                      Жамбасы ауырып қалған екен.
 - Сол уақытта жасаған ием мұздан сұрапты:
Тамирис: Мұз, мұз, сен неден күшті болдың?
Жанель: Мен күшті болсам, күн көзінен ерімес едім.
Тамирис: Күн, күн, сен неден күшті болдың?
Балым: Мен күшті болсам, бетімді бұлт басар ма еді?
Тамирис: Бұлт, бұлт, сен неден күшті болдың?
Айдәулет: Мен күшті болсам, жауа-жауа жусан басын көгертпес пе едім?
Тамирис: Жусан, жусан, сен неден күшті болдың?
Жантөре: Мен күшті болсам, қошақан мені жер ме еді?
Тамирис: Қошақан, қошақан, сен неден күшті болдың?
Әлішер: Мен күшті болсам, құйрығымды қасқыр тартар ма еді?
Тамирис: Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?
Жанель: Мен күшті болсам, мерген атып алар ма еді?
Тамирис: Мерген, мерген, сен неден күшті болдың?
Балым: Мен күшті болсам, мылтығымның бауын тышқан қияр ма еді?
Тамирис: Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың?
Айдәулет: Мен күшті болсам, ала жаздай жинаған азығымды құмырсқа
тасып кетер ме еді?
Тамирис: Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?-дегенде, ол:
Жантөре: Арқаммен алты батпан, желкеммен жеті батпан ауырды
көтергендіктен күшті болдым, -деген екен...

Жүргізуші:Ертегі балаларды білім шаһарына алып келеді.
Білім патшасы: Мен сендердің келетіндеріңді білгенмін. Барлық
кедергілерден өз білімдеріңнің арқасында өттіңіздер.
Сендердің қайтпас қайсарлықтарыңа тәнті болдым.
Әліппелеріңізді қолдарыңызға ала қойыңыздар.
(Әліппе балалардың қасына келеді. Оқушылар әліппеге тақпақтарын тарту етеді.)
Хор: «Әліппе» әні
Балым: Ата, ана атын сен,

             Бізге үйреттің, Әліппе!

             Бізге нағыз жақын, сен,

             Сенен білдік әріпті!
Айдәулет: Бар кітапқа бас болған
                  Әліппе-ғылым анасы.
                  Әліппеден басталған, 
                  Даналықтың данасы.
Тамирис: Әліппе деген алтын жол,

                 Апарар сені алысқа.

                 Жеңіл емес, ауыр жол,

                 Тырысып бақ намысқа.
Әлішер : Әліппе сенің сырласың,

                Әліппе досың болады.

               Әріптердің шұғыласы,

                Дәптеріңе қонады.

 Жанель: Жақсы кітап әліппе,

               Үйретеді әріпке.

               Қуыршақпен қоштастым,

               Әріптермен достастым.

Жантөре: Әріптерді жаттаймыз,

       Есте мықты сақтаймыз.

       Ұмытпаймыз бәрін де,

       Атын, затын, түрін де.

Би: «флешмоб»
Жантөре: А-ны айтқанда дауысымыз дірілдеді,

                Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

                 Күн сайын әріптердің атын білем,

                 Сөз оқимын айырып әріпті енді.

Айдәулет: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

         Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

         Ұстаз – ана естен кетпес мәңгілік,

         Мейіріммен жауырыннан қаққаның.

Тамирис: Үйретіп бізге алғаш Әліппені,

                Ұстазым ғылымға жол салып берді.

                  Адамның ой-арманы, мақсаттары,

                  Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Әлішер: Жүзің жылы, құшағың кең,

               Сенен түлеп ұшамын мен.

               Өзің берген біліміңмен,

               Биіктерге шығамын мен.

Балым: Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

              Қызыға қарай бердім әріптерді.

              Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

              Ұстазым оның кілтін алып берді.

Жанель: Бәрімізді сүйіп өткен,

              Балаларға үйреткен.

              Әліппе мен ұстазға,

              Бас иеміз құрметпен.

Хор(өлең): Жарқын жүзді ұстазым.
Мұғалім: Балалар, бүгінгі қонақтарға Әліппеден алған білімімізді көрсетпейміз бе? Ол үшін тақтадағы шашылып жатқан әріптерден сөздер құрастыруымыз қажет. Кәнекей, кім бірінші болып сөз құрастырады?

(Тақтада хат, ата, жаз, сым, дене, тор сөздерін құрастыру)

Жантөре: Алфавиттің А тұрады басында, 
                   Әрқашан да Ә тұрады қасында.
                   Байқадың ба? Б тұрады үшінші.
                   Ал осының сыры неде?
                   Түсінші:
Балым :     А деген ол - аналар ғой ардақты, 
                  Ә деген ол - әкелер ғой салмақты, 
                  Б деген ол - балалар ғой әдемі.
                  Біздің елде үшеуі де кәделі.
Жүргізуші:    Жиналған қауым таң қалсын
                       Ән бимен шашу шашылсың
                       Мың бұралған бишілер
                       Бименен кешті жалғасын.

Би: «Айгөлек»
Жүргізуші:    Сан әріпті үйрендік,
                       Бүгін бізге сеніңдер.
                       Әріптер әлеміне,
                       Саяхаттап көріңдер.
                       Әріптердің атаманы қай әріп?

Айдәулет: А әрпінен есімім
                   Айтсам сөздің кесімін.
                   Айдәулет мен боламын,
                   Айдай өсіп толамын.

Жантөре: Ж дегенің Жантөре,
                 Жантөре деген мен болам.
                 Жақсы оқысам сабақты
                 Одан артық жоқ шарам.

Тамирис: Тамирис деген мен едім,
                 Алсам білім тереңін,
                 Т әрпінен есімім,
                 Аламын оқу білімін.

Жанель: Жанель деген есімді,
               Білдіңіздер кесімді.
               Ж әрпі бар ішінде,
               Тыңдасаңыз шешімді.

Әлішер: Әлішерді білесіз,
               Көңілге мені түйесіз.
               Ә әрпі де атымда
               Оқып – біліп жүресіз.

Балым: Б дегеніңіз Балым,
             Б-ны білу керек бұл.
             Б деген де тамаша,
             Бейбіт, бақыт демек бұл.

Хормен: Енді біз жаза аламыз,
                Әріпті қосып әріпке,
                Риза боп саған жүреміз,
                Сүйікті біздің Әліппе.

Мұғалім: Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Қыздар: Балаларға ақ тілек,
Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Біздерге білім үйреткен,
                Әліппе, саған рахмет.
Ән «Әліппе»
Жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
                    Енді қолға Ана тілін аламыз.
                    Ата – ана қуанышқа ортақ бол,
                    Сауатты боп шықты міне балаңыз
Әліппе: Балалар, рахмет сендерге. Мінекей, сендермен қоштасатын кез келді. Мен сендерге «Ана тілі» кітабын сыйламақпын. Алдағы уақытта, сендерге дұрыс жол көрсетіп, бойларыңа білім нәрін сіңіретін осы «Ана тілі» кітабы. Сендерге тілейтінім, зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан. Сабақтарыңды жақсы оқып, үлкен азамат болуларыңа тілектеспін.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, мінекей сендердің әліппемен қоштасатын кездерің келді. Сендер әліппенің көмегімен әріп танып, сөз құрастырып, сөйлем құрап, мәтін оқуды үйрендіңдер. Осы екі тоқсан бойы әліппе сендердің көмекшілерің болды. Мен сендерді Әліппемен қоштасу мерекесімен құттықтай отыра, сендерге мынандай дипломды және кішігірім сыйлығымды табыстамақпын.

Жүргізуші:    Өсті міне бойларың,
                       Өсті ақыл - ойларың.
                       Қуанышқа ортақпын,
                       Құтты болсын тойларың!, - дей келе, сөз кезегі мектеп директоры Ғалымбек Қазбекұлы Жантемировке беріледі.

Жүргізуші:    Біз енді Әліппемен қоштасамыз, 
                       Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
                       Білімнің бұлағынан сусындауға, 
                       Көптеген кітаптармен достасамыз, - дей келе, сөз кезегі ата-аналар өздеріңізде.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі ертеңгілігімізге уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рақметімізді айтамыз. Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!












Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қош бол, сүйікті әліппем" (1 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 819 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2016 777
    • DOCX 28.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тукенова Арайлым Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56824
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 398 человек из 63 регионов

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе