Инфоурок Начальные классы Научные работы"Қош бол, сүйікті Әліппем" (1 сынып)

"Қош бол, сүйікті Әліппем" (1 сынып)

Скачать материал

Бекітемін:           

Тақырыбы:   «Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанның адал ұл-қызы болуға тәрбиелеу. Ой-өрісін дамыту. Сүйікті оқулықтары – Әліппемен қоштасу кешінде оқулықтардың қабілеттерін, шеберліктері мен өнерлерін таныту.

Көрнекілігі: слайд, шарлар, плакатқа жазылған сөздер, өлең жолдары.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Ертеңгіілкті ашу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, 1-сынып оқушыларының Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Бүгін ғылым әлемінің алғашқы басқышы Әліпені аяқтап, білім атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрмыз.

Қымбатты балалар! Біз бүгін Әліппемен қоштаспақпыз. Сіздерді Әліппені аяқтау барлық әріптерді тану, білім сарайының есігін ашу деген сөз. Әліппені жемісті аяқтауға көмегін аямаған ата-аналарымызға мың алғыс. Сүйікті Әліппенің арқасында сауатты адам қатарына ендік. Сондықтан Әліппемен қоштасу салтанатты мереке. Енді «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

-         Ендеше, осы ертеңгіліктің иелерін 1-сынып оқушыларын шақырайық. (Әр оқушы өздерін таныстырады)

1.     Мержан деген ұл едім,

Білім алып, түледім.

Сабағымнан «бес» алып,

Озат болып жүремін.

2.     Анелямын – айдаймын,

Тек оқуды ойлаймын.

Оқып, жазып үйреніп,

Бүгін аздау ойнаймын.

3.     Арсен деген баламын,

Таудай менің талабым.

«Бестіктермен»басталды,

Ең алғашқы қадамым.

4.     Әрбір іске жауапты,

Айеркемін талапты.

Білім көгін шарлаған,

Қыран болам қанатты.

5.     Әсем менің есімім,

Жақсылардың досымын.

Топтан озып бәйге алу

Алға қойған шешімім.

6.     Әріптерді ерте білдім,

Ерасылмын – ерке ұлмын.

Неше түрін айта аламын

Қызық-қызық ертегінің.

7.     Сыныбымның мақтанышы

Шұғыла деген мен боламын.

Оқу оқып, білім іздеп,

Ертең жайлы толғанамын.

8.     Жалықпай оқыдым,

Көңілге тоқыдым.

Бекарыспын ақылды,

Кітаптың досымын.

9.     Айым деген қызбын мен,

Жанарынан күн күлген.

Оқу оқып мектепте,

Жайраң қағып жүрмін мен.

Мұғалім: Барлық әріп бағалы,

                  Айттық әділ бағаны.

                  Әріпсіз сөз болмайды,

                  Буын онсыз толмайды.

                  Адам барлық әріпті

                  Бағалайды қолдайды.

Ән: «Әліппе»          Хор

Әсем: Біз барлық ғылымның атасы Әліппені бітіріп, қоштасқалы тұрмыз.

Мұғалім: Сырлары көп ғылымның

                   Шертілмеген әлі де.

                   Тереңдігі білімнің

                   Керек екен бәріне. – демекші, 4 ай бойы алған білімдерімізді ортаға салып көрейік.

Слайд.

-         Сұрақтарға жауап алу.

-         Математика пәнінен есептер шығарайық.

1.     Бір-бірімен жарасқан,

4 аю, бір арыстан,

2 қоян, бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді?       (8 аң)

 

2.     Табақта 5 алма,

Қолымда 2 алма,

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?        (7 алма)

3.     Ала қанат сауысқан

Құртты көрсе жабысқан.

Үшеу едің басында

Екеуін қосса қасына

Нешеу болдың туысқан?           (3+2=5)

-         Әрі қарай сандар әлеміне тоқталып санамақтар айтайық.

1-5 саны:  Арсен

Бір дегенім – баспана,

Нанды жерге тастама.

Екі дегенім – ирек.

Қар жауады сирек.

Үш дегенім – үтік,

Құрбымды көп күттік.

Төрт дегенім – ту,

Айлакер түлкі қу.

Бес дегенім – бақ,

Тайға мініп шап.

6-10 саны:   Бекарыс

Алты дегенім – бау,

Балық аулайтын ау.

Жеті дегенім – жұлдыз,

Аспандағы құндыз.

Сегіз дегенім – серке,

Ән салайық Ерке!

Тоғыз дегенім – талғам,

Досым, дұрыс ойлан.

Он дегенім – орақ,

Ай деп қалма бірақ.

Мұғалім: Өте жақсы балалар. Енді ата-аналар, ұстаздар өтірік өлеңайту да бір өнер екен. Балалардың дайындаған өтірік өлеңдерін тыңдайық.

Мержан: Тауықпенен ұшып,

                  Айға қонып келдім.

                  Қасқырларға ұрысып,

                  Тышқан сойып бердім.

Айерке:    Көбелектер қыста

                  Киіп алып тонды.

                  Ілесіп ап құсқа

                  Гүлден-гүлге қонды.

Айым:   Қоян түнде жорытады,

               Қасқыр одан қорқады.

Әліппе: Ал балалар, рұқсат болса мен кетейін. Мені жақсы меңгерген екенсіңдер. Рахмет сендерге.

 

 

Ерасыл:  Таныстырған 42 әріппен,

                  Қош бол менің қасиетті Әліппем!

                  Сенің арқаң оқи жаза білгенім

                  Сауатты адам санасына енгенім.

Анеля:  Әліппемен қош айтысып қалдық біз,

               Енді қолға басқа кітап аламыз.

               Ата-ана қуанышқа ортақ боп,

               Сауатты боп шықты міне, балаңыз.

Мұғалім: Балалар Әліппемен қоштастық. Енді қандай оқулықты оқитын боламыз?

Оқушылар: «Ана тілі»

-         Олай болса ортаға Ана тілін шақырайық.

Ана тілі: (Әсем)

Ана тілі біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап бағып қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе

Анасынан безген ұл деп қараңыз.

Ал балалар, кім жұмбақтар біледі екен. Мен сіздермен жұмбақтарымды шеше алсаңдар ғана достасамын.

1.     42 жауынгер санын түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер қауымды ел

Сырын терең ұғады.              (Алфавит)

2.     Бар ғылымның бастауы

Бар білімнің бастауы

Болашаққа жол ашқан

Қандай кітап алғашқы?       (Әліппе)

-         Енді мен сендермен әрқашан біргемін.

Ән: «Ұстазым ол біздің»            Хор

Қосымша концерттік бағдарлама.

Мың бұралса біз қарап тамсанайық,

Сіздерге жақсылықпен жар салайық.

Шақырып бишілерді ортаға біз,

Қол соғып қошеметпен қарсы алайық.

Би: «Аққулар»

Ән: «Әкелер»                Орындайтын: Игілік Ерасыл

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»                Орындайтын: Ануар Шұғыла

Ән: «Ертегілер»                    Орындайтын: Жолдығалиева Әсем

Ән: «Қошақаным»                 Орындайтындар:  Айтен Мержан, Орынтаев Бекарыс

Көрініс: «Ақымақ қасқыр»

Ата-аналар атынан мектеп әкімшілігіне сөз беріледі.

Мұғалім:  Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

Балалар есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға шашу шашар аналар.

Шашу ырымын Сара апайға береміз.

Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты кешіміз аяқталды.

-         Сау болыңыздар!

                

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қош бол, сүйікті Әліппем" (1 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 260 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.05.2016 645
    • DOCX 21.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтқалиева Қарылғаш Амангелдіқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5273
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 887 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека