923849
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокНачальные классыКонспектыҚош бол сүйікті әліппем! 1 сынып. Әліппе

Қош бол сүйікті әліппем! 1 сынып. Әліппе

библиотека
материалов

Тақырыбы:Қош бол, сүйікті Әліппе!

Ұстаз: Құрметті ұстаздар,ата-аналар! Қоңыр күзде қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген 1«Д» сынып оқушылары бүгін бір асудан асты. Алғаш рет қолдарына ұстап әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасқалы отыр. Балаларыңыз білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін дей отырып, балғын бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.

1-жүргізуші. Қайырлы күн, ұстаздар мен ата-аналар!

2-жүргізуші.Армысыздар аналар,

Бармысыздар балалар,

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз!

1-жүргізуші.

Кімдер зирек, кім тапқыр

Таланттарын табайық.

Қайсы биші, кім әнші

Талабына қарайық.

2-жүргізуші. Осы біздер қандаймыз?

Оқушы: Мың бұралған бишіміз.

Оқушы: Сәл еркелеу бұзықпыз.

Оқушы: Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқоршымыз.

Оқушы: Жанып тұрған шырақпыз,толқынды су бұлақпыз.

Оқушы: Елімізді өркендететін, Қазақ тілін көркемдететін

Оқушы: Бабаларға тағзым ететін, Аналарға бас иетін

Оқушы: Елтаңбасымен еңселі,

Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбатты

Хормен: Біз қазақ елінің болашағымыз!

Ән. « »

1-жүргізуші. ....... мен саған ертегі айтайын тыңдайсың ба?

2-Жүргізуші. Әрине, құлағым сенде.

1-жүргізуші. Ерте, ерте, ертеде......

1-жүргізуші. Балалар биылғы жылы елімізде қандай мерейтойлар ерекше аталып өтті?

Оқушы. Қазақ хандығының 550 жылодығы

Оқушы. Ұлы жеңістің 70 жылдығы.

Оқушы. Қазақ халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы

Хор: «Отан»

1-жүргізуші. Балалар мен сендерге сұрақ қоямын. Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен: Болашаққа жол ашар

Ол – сүйікті Әліппе!Ол – сүйікті Әліппе!

2-жүргізуші. Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.

Оқушылар хормен: Әліппе, әліппе!Музыка ойналады. Әліппе ортаға шығады.

Әліппе:

Армысыздар жас достар

Армысыз ата-ана, ұстаздар!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға.

Менің атым – Әліппе

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен

Ағаң сенің әпкең де.

Оқушы.

Әліппем менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықтың.

Оқушы.

«Әліппе» деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес алыс жол,

Тырмысып бақ намысқа

Хор: Әліппе.

1-жүргізуші. Балалар ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім?

Оқушы: Ыбырай Алтынсарин.Ол тұңғыш қазақ мұғалімі.

2-жүргізуші: Ал алғаш әліппенің атасы кім?

Оқушы: Ахмет Байтұрсынұлы

2-жүргізуші: Олай болса, ол кісілердің де рухына бас иіп, өсиеттерін әр кез есте сақтаңдар. Білмесбек болмай Білгішбек болыңдар.

Көрініс: Саханаға Білмесбек жүгіріп шығады.

1-жүргізуші: Балалар, біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып,үйрендік. Жүрекке жылы тиетін «Отан, Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөздерімен таныстық.

2-жүргізуші. Біздің білім алатын ордамыз – мектеп. Біз мектепке не үшін келеміз?

Оқушы: Білім,тәрбие алу үшін келеміз.

Оқушы:

Мектеп деген білім кені жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиелі адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Оқушы:

Мектебім алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

1-жүргізуші. Балалар біздің мектеп кімнің атымен аталады?

Хормен: Мағжан Жұмабаев

1-жүргізуші. Олай болса Мағжан атамыздың қандай өлеңін білесіәңдер?

Оқушы: Қарағым

Оқушы: Мен жастарға сенемін

Хор мектеп туралы.

Оқушы: Әке,шеше атын сен

Бізге үйреттің Әліппе.

Бізге жақын нағыз сен

Сенен білдік әріпті.

Оқушы : Үйретті бізді әліппе,

42 дербес әріпке.

Сөз,сөйлем құрап әріптен,

Лайық болдық дәріпке.

Оқушы. Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды.

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды қолдайды.

1-жүргізуші: Рахмет, балалар! Ал, енді алфавиттегі алғашқы үш әріпті атайықшы.

А Ә Б

Оқушы: Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші.

Оқушы. А деген ол – аналар ғой ардақты,

Ә деген – ол әкелер ғой салмақты.

Б деген ол -* балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да расында

Тұрады олар алфавиттің басында.



Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Enjoybook
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Обучающиеся с ОВЗ: Особенности организации учебной деятельности в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Формирование мотивации учебной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Enjoybook
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.