1140484
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокНачальные классыДругие методич. материалыҚош бол, құтты Әліппе!

Қош бол, құтты Әліппе!

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Қош бол, құтты Әліппе!

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сауат ашу барысындағы алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеті арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу. Өнерлерін тамашалау. Әліппе оқулығының қадір-қасиетін ұғындыру.

Дамытушылық: оқушылардың іскерлік-дағдыларын дамыту, сөйлеу мәдениетін дамыту, ой-саналарының өскендігін көрсету.

Тәрбиелік: Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: сөздер жазылған шарлар, слайд, суреттер мен плакаттар, көрініске қажет заттар.

Барысы:

Ертегілер әні орындалып тұрады.

Мұғалім: Салеметсіздер ме құрметті қонақтар! Кеше ғана қыркүйек айы еді. Сіздер балаларыңызды біздің мектепке көңілдеріңізге үмітпен, сеніммен әкелдіңіздер. Ал біздер құшақ жая қарсы алдық. Арада өткен уақыт бойы біздер көп еңбектендік те, арасында біраз қиналдық та, жетістіктерімізге қуандық. Ал енді бүгін «Әліппемен қоштасу» мерекесі. Соңғы жылдары елімізде білім саласында көптеген жаңалықтар мен өзгерістер, жаңа бағдарламалар еніп жатыр. Бірақ сонда да Әліппе оқулығы сауатымызды ашқан ең алғашқа алтын кітабымыз болып қала береді. Біз Әліппемен қоштасамыз. Бірақ әлі алда әлі көп қызықтар, білім қоры, шығармашылық күтіп тұр. Сонымен, мерекемізді бастайық.

Өсті міне ойларың,

Өсті, міне бойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

1- жүргізуші: Жансұлу

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға,

Хош келіпсіз ұзтаздар ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға!

2-жүргізуші: Абай

Баршаңызға салеметсіздер ме?, қымбатты оқушылар мен құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі мерекеге бізді жинап отырған қандай кітап? (әліппе)

3- жүргізуші: Айдана

Қыр гүліндей жайнаймыз,

Ән сап билеп ойнаймыз,

Бүгін бізде мереке,

Қоштасуды тойлаймыз!

4-жүргізуші: Ерасыл

Біз бүгін өте қуаныштымыз! Себебі оқуды, жазуды үйреткен, алғашқы оқулығымыз — әліппемен қоштасамыз! Құрметті қонақтар ортаға 1 «Е» сыныбын шақырайық!

1-оқушы: Қобыланды

Аман-есен жүрмісің аяулы елім?

Басымды иіп әдеппен сәлем бердім

Мен ұлымын Жеткергеннің Қобылан деген

Сабақты жақсы оқитын баламын мен.

2- оқушы: Назерке

Баршаңызға иіліп сәлем берем

Мен қызымын Ерланның Назерке деген,

Оқуды да, жазуды да тез меңгердім,

42 әріпті жатқа білем!


3- оқушы: Нұршат

Отбасының еркелеткен

Жарқыраған жұлдызымын,

Сабақты жақсы оқитын

Нұршат деген бір қызымын.



4-оқушы: Айбек

Жақсы әдепті, жақсы істі,

Бойыма әркез теремін

Қиын-ау деп қайыспайтын

Ер мінезді Оқан Айбекпін.

5- оқушы: Дәурен

Дәурен деген баламын,

Таудай биік талабым,

Жақсы оқып сабақты,

Білімді адам боламын.

6-оқушы: Толғанай

Ай нұрынан жаралған

Ай мен күні анамның

Ақылдысы баланың

Кілең бестік сабағы

Толғанай деген сұлуың

Мен боламын ағайын.

7-оқушы: Арайлым

Мен де есті баламын

Айтқан тілді аламын

Жұмсағанға барамын

Жақсы менің сабағым

Арайлым деген ару қыз

Мен боламын ағайын.

8-оқушы: Ернат

Жақсы оқитын сабақты

Мен үлгілі баламын

Азамат болып мен де өсіп толамын

Бассам деймін даналардың тек ізін

Мен Ерболұлы Ернатпын!

9- оқушы: Мейрамбек

Суретті шебер саламын,

Есепті тіпті шағамын,

Білімді де өнерлі,

Мейрамбек атты баламын.

10-оқушы: Гүлжайна

Жеңу үшін қиынды

Еңбегіңді аяма

Алдарыңда тұрған қыз

Кайруллаева Гүлжайнамын.

11-оқушы: Несібелі

Әліппені жатқа білем бүгінде

Өз бетіммен оқи алам ертегі

Танысыңыз, әдепті қыз Несібелі

Мен боламын еліміздің ертеңі.

12-оқушы: Бекнұр

Лаулатып сәби сезім ой алауын

Шаттық тілеп таңменен оянамын

Еркелеткен есті ұлы атамның

Мына мен Боранбай Бекнұрмын

13-оқушы: Аманжол

Сабақтан еш қалмаған,

Ерінбей оқып талмаған,

Боламын дейді үлгілі,

Аманжол атты бір балаң

14-оқушы: Толқын

Ынталы да инабатты,

Өнегелі бір қызбын,

Ата-анамның ақылдысы

Ақылбекқызы Толқынмын.

15-оқушы: Аружан

Түсінсем деп бар кітапты,

Ынта қойып қарамақпын,

Сыныптағы ең кішісі –

Кавит Аружан Абайқызымын!

16-оқушы: Алихан

Оқуды көп оқыдым

Қызығына тоймадым

Әріптерді үйренген

Мен боламын Алихан

17-оқушы: А. Жансая

Сыныбымда жақсы оқимын сабақты

Ізденемін, алғыр Жансаямын инабатты

Салтанат апайыма еліктеп

Дарынды қыз болсам деймін жан-жақты

18-оқушы: Ғазиз

Күндерге күн ұласты

Жылжып-жылжып ай асты

Әліппені бітірген

Ғазиз атты баламын.

19-оқушы: Ш. Жансая

Алдыңа келіп ұстазым

Тұңғыш қалам ұстадым

Әліппені бітірген Жансаямын

Енді ертегі оқи аламын

20-оқушы: Джумаш Назерке

1 «Е» сынып оқушысы Джумаш Назерке мен боламын

21-оқушы: Серік

Серік деген баламын

Айтқан тілді аламын

Азаматы боп осы елдің

Білімді өнерлі боламын


22-оқушы: Жандарбек

Ойынды да ойнаймын

Кітапты да оқимын

Ақылды бала мен болам

Жандарбек есімім ағайын


23-оқушы: Даулеталы

Жақсы әдепті,жақсы істі

Бойыма әркез теремін

Қиын-ау деп қайыспайтын

Ер мінезді Даулеталымын


Хормен:

Бойымызды қуаныш кернеп,

Баршаңызды, баршаңызды,

Бірінші сынып бірінші рет,

Мерекесіне шақырады!



Мемлекеттік гимн орындалады.



1-Жүргізуші: Жансұлу

Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан?

Бәрі: Әліппе.

2- жүргізуші: Айдана

Біз оқи аламыз, жаза аламыз. Оны біз қайдан үйрендік?

Бәрі: Әліппеден үйрендік.

1-жүргізуші: Жансұлу

Сонымен қатар өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді оқуды, әуелі жаттауды үйрендік. Осының барлығын бізге үйреткен сүйікті Әліппемізді ортаға шақырайық.


Әліппе: Абай

Сәлеметсіңдер ме? балалар, сендер мені оқып бітірдіңдер, әріптерді жақсы меңгердіңдер. 42 әріппен таныстыңдар.


2- жүргізуші: Айдана

Біз қазақ алфавитіндегі 42 әріппен түгелдей таныстық. Ортаға әріптерді шақырайық!

Бекнұр:

Ал әріптер, шығыңдар

Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық қане айтысты

Жібермейік намысты.

1-оқушы: Серік

«А» дегенің – «Ана» ғой,

«Ана» деген дана ғой.

2- оқушы: Несібелі

«Б» дегенің «бала» ғой,

Жұмсаса апаң бара ғой.

3-оқушы: Жандарбек

Ғалым, ғылым, ғасырды

«Ғ» білімге асырды.

4-оқушы: Ғазиз

Елге есті ер керек.

Ер жет өсіп ертерек.

5-оқушы: А. Жансая

Жыр алыбы- Жамбыл ата

Ардақтайды оны бала.

6-оқушы: Даулеталы

Игі істе батыр болам,

Игілікке жақын болам

7-оқушы: Қобыланды

Уық деген немене

Уыз деген немене

У әрпінен атаулар

Басталып тұр балалар

8 – оқушы: Аружан

Сыйламаған жолдасын

Сыйлай алмас өз басын.



9-оқушы: Мейрамбек

«Ұя» десе, соңында,

«Сия» десе соңында

Тұратұғын қайқайып,

Айтыңдаршы, қайсы әріп?

10-оқушы: Ернат

«Үйрек» десе – бірінші,

«Бүйрек» десе – екінші,

Бұл қайсы әріп екенін

Біреу айтып берсінші.

11 – оқушы: Толғанай

«Ф» — ның екі көзі бар,

Футбол деген сөзі бар.

12-оқушы: Назерке

«О» кәдімгі дөңгелек,

Кетпесін ол дөңгелеп

Назерке:

Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды!


1-жүргізуші: Жансұлу

Хор: «Әліппе» қабыл алыңыздар!


Әліппе: Абай

Жарайсыңдар балалар! Енді сендерге ары қарай білім беретін мына «Ана тілі» болады, танысыңдар.

Оқушылар хормен: Сәлеметсіз бе «Ана тілі»! Қош келдің!

Әліппе: Абай

Міне, сендерді де таныстырдым,енді сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Алда сіздерді биік-биік белестер күтіп тұр, білімдерің аса берсін. Ал мен кетейін (Әліппе кетуге ыңғайланады.)


1-жүргізуші: Жансұлу

Ал, балалар, Әліппеге арнаған өлеңдерімізді айтып берейік.

Даурен:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.


Толқын:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те

Үйреткен оны әліппе


Ш. Жансая:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа


Арайлым:

Әліппем, менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен!


Бекнұр:

Әріптерді жаттаймыз

Есте мықты сақтаймыз

Ұмытпаймыз бәрін де

Атын, затын түрін де

Бәріміз сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен!


2-жүргізуші: Айдана

Хор: «Желбірейді жалаулар» қабыл алыңыздар!


Ана тілі сөйлейді:

Ана тілі: Ерасыл

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.

1. Карточка мен жұмыс (оқушылар карточканы қоржыннан алып сұраққа жауап береді)

Сұрақтар:

Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

Мемлекеттік рәміздерді ата.

Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?


2. Мәтін жазылған парақты қоржыннан алып дауыстап оқиды.

3. Жаңылтпаш айту. Оқан Айбек

Шеше кеше неше кесе алдың кеше.


Ана тілі:

- Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.

Математикадан алған білімдеріңді сынайық.

4+5, 6-3, 2+7, 3+2,

Салыстырудың неше түрі бар?

Бір таңбалы сандарды ата.


Ана тілі: Ерасыл

Жарайсыңдар! Сендер әліппеден көп оқып, үйреніп алған екенсіңдер!

1-жүргізуші: Жансұлу

Қоштасу тойы басталды,

Ән мен биге бастайық,

Өнерімізді көрсетіп,

Әнмен шашу шашайық.

Дарьябаева Назеркенің орындауында ән «Оқуда озат боламын» қабыл алыңыздар!


1 – оқушы: Айбек

Ана тілің, біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің, біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.


2– оқушы: Қобыланды

Ана тілім – елдігің,

Ана тілім- ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім


3– оқушы: Толқын

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте


4-оқушы: Нұршат

Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.


5-оқушы: Гүлжайна

Өсірген ой, білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.


1-жүргізуші: Ерасыл

Ел басқарған ағам бар

Жасыл жайлау далам бар

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Әкем мен анам бар

Сондықтан да елімде

Біз бақытты балалар!

Бүгінде біз кез келген ертегіні оқи аламыз. Анамыздың, апамыздың, әкеміздің, ағамыздың маған мынаны оқып берші деп есін шығармаймыз.


2-жүргізуші: Айдана

Анамыздың мейірімі

Жүзіне біз қараймыз

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз


3-жүргізуші: Абай

Бізге қарап елжіреп

Сүйсе беттен күнім деп

Құшақ ашса келші деп

Жүгіреміз күлімдеп

Сыныбымыздың озат оқушысы, Махметова Жансұлудың орындауында ән «Аяулы анашым» қабыл алыңыздар!



1-жүргізуші: Ерасыл

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

-дей келе біз ана тілімізден басқа ағылшын тілінде оқып жүрміз. Келесі кезекті ағылшын тіліне береміз.

Даурен

Алихан

Назерке

Қобыланды


2- жүргізуші: Айдана

Ең алғаш қолға алғанда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін ашып берді

хор: «Жарқын жүзді ұстазым» қабыл алыңыздар!


Ант қабылдау

1. Отанымды сүюге

2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге

3. Отанымызды мақтаныш етуге

4. Ата-ананы қадірлеуге

5. Білімге ұмтылуға

6. Салауатты өмір салтын ұстануға

7. Табиғатты аялауға

8. Мектеп ережесін сақтауға

9. Үлкенді құрметтеуге

10. Кішіге қамқор болуға

11. Ұстазды тыңдауға, білім алуға


Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз.


1-жүргізуші: Жансұлу

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде – дей келе сыныбымыздың биші қыздарының орындауындағы билерін қабыл алыңыздар!


Би: Жаяу «Қыздар» тобы

Би: «Қаражорға»

Сыныбымыздың оқушыларының орындауында Вальс


Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар, осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет!


Құттықтау сөз беріледі.



Общая информация

Номер материала: ДВ-446514

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.