Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / «Қош бол, құтты Әліппе!» Тәрбиелік шара
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

«Қош бол, құтты Әліппе!» Тәрбиелік шара

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппе!»

Мұғалім :Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін , оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын әліппемен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Алдарыңыздағы кішкентай бүлдіршіндер осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қуанышпен әрі жүрексіне аттап келгенде, алғаш қолдарына ұстаған оқулығы «Әліппе» болса, бүгінгі күн сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр. Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс! Әліппе – бұл бүкіл ғылымның алғашқы есігі, білім шыңына бастайтын алғашқы соқпақ. Ендеше, сіздерді осы асуды, осы белесті бағындырған шәкірттерімнің білімін, өнерін тамашалауға шақырамын.

Әліппелерімен қимай-қимай қоштасқалы тұрған балғын бүлдіршіндердің осы кезге дейінгі қадамдарын сіздерге ертегі-жыр ғып айтып берейін.

Мұғалім:
Тыңда, халқым, ертегі
Ертегі сыр шертеді
Бүгінгі мынау заманда
Жер шары деген ғаламда
Балаларға білім беретін
Мектеп патшалығы өмір сүріпті.
Патшалықты №15 орта мектеп деп атаған. Ол патшалықты өте білімді адам басқарыпты. Патшалықта оқу ісі меңгерушілері және балалардың тәрбиесімен айналысқан уәзірлер болыпты. Патшаның сарайында білім беру ісінде өз ісінің шебері атанған көптеген ұстаздар қызмет етіпті. Мектеп патшалығында іші балаларға толы шағын сарайлар болыпты. № 1 сарай балаларын Юханова Анаргул Базарбайбайқызы атты ұстазға тапсырыпты. Міне, 1 қыркүйектен бастап сол сарайдағы 16 баланы алаңсыз білім алсын деп өз бауырына басады.
Күндердің күнінде сол кішкентай балалар білім жолына есік ашқан әліппе оқулығын тамамдап, Ана тілі оқулығына қол созады. Сөйтіп олар Әліппелеріне алғыстарын білдіру үшін ұстаздары мен ата-аналарын мерекелік кештеріне шақырыпты.

Жүздерінде - қуаныш,
Жүрегінде жұбаныш.
Келе жатқан шәкірттің,
Барар жолы тым алыс.
Таудай болып талабы,
Үркектемей жанары.
Шәкірттер келсін ортаға
Құтты болып қадамы!

Оқушылар ортаға келеді

Бүгінгі мереке иелерін ортаға шақырайық.

1.Зерек, алғыр- Бекзатпенен, Ақнұрды

2.Кіп-кішкентай бойларында, ұшқырлық бар ойларында-

Айгеріммен, Нұрдәулетті

3.Жаны жомарт  Айбекті , пәк сезімді  Салтанатты

4.Жаны нәзік  Еркеназды , мейірімді Мейіржанды

5.Талабы таудай – Нұрбекпен тиянақты   Дананы

6.Жігерлі де талапты  Нұржанменен Абылайды

7. Ақылды ерке Маликаны, білімге құштар Абылайды

8. Жаны жомарт, сымбатты Мирас пенен Айымды

ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп не білдік,
Қане ортаға салайық!
Мұғалім: Балалар мен сендерге бір сұрақ қояйын.
Іші толған әріпке,
Болашаққа жарық не?
Балалар: Әліппе!
Мұғ : Олай болса, бәрімізге ең қымбат сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық.
Балалар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
(Ортаға мыстан кемпір шығады.)
Жүргізуші: Балалар, бұл кім келген? Әліппе қайда?
Балалар: Бұл мыстан кемпір ғой!
Мыстан кемпір: Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен мыстан кемпірмін. Мен әліппені тығып қойдым. Егер сендер өнерлеріңді көрсететін болсаңдар, әліппені босатамын.
Малика:Әліппем, менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.
Нұрдәулет: Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол менің қасиетті әліппем.
Сенің арқаң оқып, жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім.


Айбек: Білімге жолды бастаған
Әліппем саған мың алғыс
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған мың алғыс!


Әйгерім: Көлге айналғанбұлақтың,
Қайнар көзін көріппең.
Том-том кітаптың
Басы болар әліппең

Мыстан кемпір: Балалар, мен сендердің өнерлеріңе таң қалдым. Осы уақытқа дейін достарың болып келген сендердің сүйікті әліппелеріңді босатайын. Ендігі өнерлеріңді әліппеге көрсетіңдер.

Мұғалім :Олай болса балалар ортаға әліппені шақырайық

Балалар: Әліппе әліппе
Әліппе

Армысыңдар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға.
Менің атым - әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып, ержеткен
Ағаң менен әпкең де.


Сәлеметсіздерме, сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Ал енді бүгін маған өз білімдеріңді көрсетіңдер. Айтпақшы, Алматы қаласындағы мен шыққан «Алматыкітап » баспасынан хат келіпті. Сол хатты кім оқып береді?
Ақнұр : «Амансыңдарма, балалар! Міне, 2 тоқсан артта қалып, Әліппеңмен қоштасып жатырған боларсыңдар. Біз сіздердің жақсы оқып, елін, жерін сүйетін жаны ізгі азамат болып өсетіндеріңе сенеміз. Әліппемен қалай дос болсаңдар, Ана тілі оқулығымен де солай дос болады деп сенеміз. Ана тілін ренжітпеңдер!
Сәлеммен: «А
лматыкітап» баспасы.»
Жүргізуші: Балалар, «Әліппе» оқулығына өз өнерлерімізді көрсетейікші

Ал, балалар, осы әліппеден сауаттарыңды ашқан кім? (Ұстаз)

Дана:

Барша жұртқа сыйлаған
Ілім білім мұратын
Өмірдегі сыйлы адам
Бес әріптен тұратын
Жаны шуақ, мейірімді,
Ұстазды кім білмейді.

Ән Ұстазым менің ұстазым

Н.Абылай: Әліппе деген-алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа.
Нұржан: Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық, тойладық.
Салтанат:Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.


Бекзат: Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде?
Түсінші:
А деген ол - аналар ғой ардақты,
Ә деген ол - әкелер ғой салмақты,
Б деген ол - балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей сондықтан да, расында
Тұрады олар алфавиттің басында



Айым Г әрпімен гүлденер,

Қызғалдақты қырат тау

Мирас: Ғ әрпімен бір келер,

Ғылым атты ұлы атау

Дана: Д әрпімен бастасаң

Дархан, дария, далам бар.

Еркена Е-ні ұмытпас ешқашан

Елін сүйген жарандар

Айгерім Ж дегенің-жөргегің,

Туып-өскенжерлерің Нұрбек И-дегенің иманың,

Адалдықтың белгісі,

Мейіржан К-дегенің күй дарын,



Домбыраның дастаны.

Айбек: Қ әрпімен құралған,

Бас аяғы қазақтың.

Жасай берсін, бір Аллам

Жасай берсін, Азат күн!

Акнұр Мектеп берген білімнен ,
Марқаясың, жас ұлан.

Нұрдәулет: Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.

Нұржан Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Н. АбылайӨ - Өсті міне, бойларың,
Өсті ақыл, ойларың
Малика Ы-дегенің ырысың
Орман-тоғай өзенің


Салтанат

Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны,

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды,

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды, қолдайды.

Ән: Әліппе Таңатар Бекзат

Дана: Ең алғаш алғанымда әліппені,
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.




Н.Абылай:Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе.
А.Абылай: Әліппе-білім анасы,
Әліппе- кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған
Адамның бар ма баласы.


Жүргізуші:Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді,
Айтып берер санамақ?


Нұрдәулет: 1 дегенім – бесік,
Шықтың содан өсіп.
Айгерім: 2 дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
А.Абылай: 3 дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Малика:4 дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Ақнұр:5) 5 дегенім – бақыт,
Бағалайтын бақыт.
Мирас:6) 6 дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Дана:7) 7 дегенім – жалау,
Жүректегі алау.
Нұрбек:8) 8 дегенім – сөзің,
Серт беретін кезің.
Еркеназ: 9 дегенім – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Бекзат: 10 дегенім – Отан,
Қорға еліңді ботам.

Көрініс: Әліппе мен дәптер

Би: Чунга-чанга

Мұғалім:Балалар 1 аптада неше күн бар?

Малика: Дүйсенбі – бұл ойға алған жұмысты аяқтап тастаған жөн. осы күні тырнақ алса, ақыл – ой артады, зейін дамиды
Айбек Сейсенбі – сәтсіздіктен сақтанар күн. Мүмкін болса алыс жолға шықпаған дұрыс. 
Еркеназ Сәрсенбі – сәтті күн. Жолға шығып, күрделі іс бастағанның жолы болады. 
Бекзат Бейсенбі – қасиетті күн. Бұл күні тырнақ алса, мал – жаны өсіп, дәулеті артады. Тырнақпен бірге ауру да кетеді деп ырымдайды. Бұл күні аруақты қастерлеп, шелпек пісіріп құран оқытады. 
Дана: Жұма – мұсылманда күн санаудың ең қасиетті күні. Аллаға сыйынады. Мешітке барып жұма намаз оқиды. Өсек өтірік, ғайбат сөз айтпайды. Бұл күні таза жүреді. Осы күні тырнақ алып, Аллаға сыйынған адамның дәулеті артып, мерейі өседі. 
Айгерім Сенбі – сәтті күн. Әрбір іске кірісерде « Бүгін сенбі іске сәт»,-деп бастаса іс оңайымен шешіледі. 
Ақнұр Жексенбі – мұсылман үшін ауыр күн. Бірақ жеміс ағашын отырғызса, жемісті болады. 

Әліппе: Құрметтеріңе рақмет! Жас достар мен сендермен қимай-қимай қоштасқалы тұрмын. Енді сендермен достасуға «Ана тілі» асығып келе жатқан шығар, қарсы алайық.
Ана тілі: Сәлеметсіңдерме, менің жас достарым. Мен сендермен танысқаныма қатты қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Сонда ғана көп нәрсе үйренесіңдер.
Мұғалім:-Ата-бабамыз ежелден үш нәрсені бой тұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол-ел, жер және тіл.Ана тілі-әр халықтың төл бесігі.Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы үйренеді
Бекзат: Анам алғаш осы тілде
Бесік жырын жырлаған
Ұзақ түндер анам айтқан
Ертегілер тыңдағам.
Салтанат: Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Әліппе: Бәрі жақсы, балалар. Енді мен сендермен қоштасайын. Алдағы уақытта жақсы оқыңдар. Ата-аналарыңды, ұстаздарыңды тыңдаңдар. Менің досым Ана тілін ренжітпеңдер, оқыңдар.
Ана тілі: Балалар әліппеге, ұстазға, ата-аналарға рақмет айтайық.
Жүргізуші: Балалар әліппемен қоштасуға аз қалды.Ендеше Салтанаттың орындауындағы Рахмет саған әліппе әнін тамашалаңыздар

Нені үйрендік?


1. Ақнұр - Оқуды
2 – Бекзат: Жазуды
3 – Салтанат: есеп шығаруды
4 - Дана: ән айтуды
5 - Малика: би билеуді
6 - Нұрдәулет: үлкенді сыйлауды
7 - Мирас: кішіге қамқор болуды
8 – Мейіржан : елімізге жақсылық жасауды


Біз нені ажырата білеміз?
9 – Н.Абылай : жақсылық пен жамандықты
10 - Бекзат: ақ пен қараны
11 - Айгерім: арамдық пен адалдықты
Біз нені сүйеміз?


12 - Айбек: Отанды
13 – А:Абылай: ата - ананы
14 - Салтанат: халқымызды
15 - Еркеназ: достарымызды
16 - Ақнұр: ұстазымызды
17 - Малика: мектебімізді


Біз кім боламыз?


18 – Мирас : адал азамат,
19 - Ақнұр: ақылды ару


20 - Бекзат:
Тәуелсіздіктің туын биік ұстайтын
Елін сүйген ер «боламыз»


Би Буратино

Ән Дана

Би Джентельмен

Жүргізуші:

Ұстаздардың ұлағатты сөзінен

Өмір бойы таусылмас нәр аламыз

Ұстаздардың мейірімді көзінен

Бізге деген жылулықты табамыз-

Мұғалім:

Ойында мейірім, ақ тілек

Бойында ақ сүт тәтті леп

Анадай пейіл қайда бар?

Бәріне тұрған бақ тілеп

Арадай балын жиятын

Ақылы дария құятын

Ана көңілі кеңістік

Бүкіл әлем сыятын

деп ақын ағаларымыз жырлағандай сөз кезегін ата-аналарға береміз.

Жүргізуші: Қош болып тұр, әліппе анамдайсың
Жақсы бол деп біздерге алаңдайсың
Мен үйреткен әріптің құдіретімен
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.
Мұғалім:

Жеміске құты тола ма

Бір-бірлеп теріп алмасаң

Әп-сәтте шыға қояма

Еккен дәнің ойласаң

Білім де солай қарағым,

Біртіндеп сіңер ойыңа

Ұғып ал білім боларын

Шам- шырағың жолыңда

-деп Музафар Әлімбаев ағаларымыз жырлағандай бұл білімнің, ғылымның алғашқы жолы ғана.

Қош бол, құтты Әліппе! атты шарамызды аяктаймыз.














Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.11.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров67
Номер материала ДБ-334923
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх