Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҚош бол, құтты әліппем!

Қош бол, құтты әліппем!

Скачать материал

Төлегенова  Мөлдір  Маратқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Өмірлік  орта мектебі

Ақмола облысы  Жарқайың ауданы  Далабай ауылы

   Қош бол, құтты әліппем!

Мақсаты: алғаш  қолдарына  алған білім  бастауы болған әліппеден үйренгендерін тиянақтау, тиянақтау өнерлерін тамашалау; білімдерінің артып, сөз байлықтарының молайғанын, саналарының өскенін, өз өнерлерін ата-аналарға көрсету. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеп, эстетикалық талғамдарын кеңейтіп, оқу білім алуға тәрбиелеу.

Өту  барысы:

Мұғалім:

  Құрметті жиналған қауым, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!  Егеменді ел болып, керегеміз кеңейіп, елдік атымыз алысқа жетіп жатқан шақта сіздер үшін тойларыңызға тағы той қосылмақ. Кеше ғана алаңсыз шапқылап жүрген бүлдіршіндеріңіз бүгінде  бойларында жауапкершілік сезім пайда болып, білім асуының алғашқы белесінен аман-есен асып тағы бір жасқа есейіп отыр. Әліппе – бұл бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы. Бүгін сіздердің алдарыңызға шәкірттер Әліппеден тоқыған білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салмақ. 

    Ерте, ерте  ертеде  бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек. Бұл елде ханзада мен ханшайым  ұзақ  жылдар өмір сүріпті. Содан екеуі елдің орта шегіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болған алма ағашы тамыры кеңге жайылып, көкке жайқалып өседі. Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен?

Ханзада: Е, ханшайым, біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен, неліктен жеміс бермейді?

Ханшайым:  Ханзада, мұның да бір себебі болар-ау.

Ханзада: Иә, солай шығар. Күндердің күнінде жемісін беріп, барлығымыз да дәм татармыз.

(Ортаға 1-сынып оқушыларын жетелеп, музыка әуенімен әліппе шығады)

Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Әліппемен қоштасу  құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, Өмірлік орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Шаяхметова Рауза Саумбекқызына береміз.

Әліппе:

Ішім толы әріпке,

Менмін әйбат әліппе.

Барлық ілім-білімнің,

Бастауы мен әліппе.

Амансыңдар ма, ханзада мен ханшайым. Мен мұнда өзімнің әріптерімді алып келдім. Менің әр әрпімнің сыры бар. Ендеше солардың сырын ашайық. Олардың сендерге пайдасы тиіп  қалар. (Әр оқушы әріптер туралы айтып, қолдарындағы алманы апарып ағашқа іледі)

 

1-оқушы: А-Ә

А деген ол Ана ғой,

Ана деген дана ғой.

Әжем әнге басады,

Әтеш ұйқы ашады.

2-оқушы: Б-В

Б дегенің бала ғой,

Жұмсаса апаң бара ғой.

Велосипед, витамин,

В  әрпінен басталар.

Ән: «Жақсы көрем» орындайтындар: Жасұлан, Руслан, Ерлан.

3-оқушы: Н-Ң

Н әрпінде екі тіреу,

Ортасында  басқыш біреу

Мен «ң»-мын қасарып

Көнбеймін болуға бас әріп.

4-оқушы: О-Ө

О кәдімгі  дөңгелек,

Кетпесін ол дөңгелеп.

Өрісте сөздің басындамын

Бөрікте б-ның қасындамын.

5-оқушы: Ұ-Ү

Ұстазы жақсының

Ұстамы жақсы.

Үмітпен алға қарадық,

Үлгі алып ата-анадан.

Ханшайым: Керемет! Ағашымыз бірнеше жеміс берді. Әріптер, сендерге көп рақмет. Ендеше қоштасу мерекелеріңізді біздің сарайымызда өткізіңдер.

Ерлан

Міне, бүгін бұрынғыдан саналымын

Қоңырау болып күмбірлейді жаңа үнім.

Дәптердің жазылмаған ақ парағы,

Аяулы алты жасар балалығым.

Би: «Ақбота»  бишілер тобы

Арайлым

Әліппем менің, әліппем,

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым білімнің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Сабина

 Әке-шеше атын сен

Бізге үйреттің әліппе

Бізге нағыз жақынсың

Сенен білдік әріпті.

Алишер

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті әліппем

Сенің арқаң оқи жаза білгенім

Сауатты адам  санатына кіргенім.

Әліппе:  Ханшайым, ханзада, балалар тек мені ғана оқып қоймай, математика пәнін де оқыды, олай болса, математиканы арамызға шақырайық.

Математика:

Менмін есеп сабағы,

Менімен қояр бағаны.

Бәткенімен әліппе,

Мен біткенім жоқ әлі.

Сәлемет пе,  достарым,

Сабағы боп жоспардың.

Төрт амалды қолданған

Математика достарың

-         Балалар, мен де сендерге өз білгенімді үйретудемін. Ендеше осы уақытқа дейін менен үйренгендеріңді мына ханшайым мен ханзадаға көрсетіңдер.

 

3+2=                 5+5=

5+2=                 4+3=

8-1=                  10-8=

 

Салыстыру

4*7                     3*8

5*5                     0*2

10*9                   4*4

 

Ханзада:

Балалар, сендердің білімдеріңмен біздің  алма ағашымыз жеміс бере бастады, осының барлығын үйренуге тек әліппе мен математика  көмектесті ме?

Оқушылар: Жоқ, мектеп, мұғалім, ата-ана.

Ерлан

Біліміңді аяма,

Ата-анадай аяла.

Мектеп ана болмаса,

Бала құшақ жая ма.

Мұғалім

Ал балалар,  енді қазір бірнеше жұмбақтарды жасырамын жауабын шешейік

 

1.     Дыбыс емес, тек әріп,

Жіңішкертер  көршісін,

Балалар, бұл қай әріп? /ь/

2.     Екі кісі кеп күресті,

Арқалары тіресті.  /х/

3.     «Аяқта»  бар, «қолда» жоқ

«Таяқта» бар, «жолда» жоқ.  /я/

 

4.     Жер өлшейтін саржан

Белін буып алған.

Бұл қай әріп?  /А/

5.     Дөп-дөңгелек жүзік пе,

Әлде шеңбер ме?

Мұны соққан ұста ма,

Әлде зергер ме?  /о/

 

1-оқушы:

Жайнатар кең өлкені,

Болашақтың ертеңі.

Біз бақытты балдырған,

Ата-ананың өркені.

 

Ән: «Көбелек»

Әліппе:

Балалар мен сендерге ризамын.

Меңгердіңдер мені де,

Болмадыңдар босқа тер

«Ана тілі» әпкем бар

Сендерді әркез жетелер.

(Ана тілі оқулығы  келеді)

 

Ана тілі:

Ақыл-ойын  дананың,

Ана тілден  аласың.

Ана тілің  ардақты,

Ақ сүтіндей  анаңның.

Қадірменді  бүлдіршіндер,  мен сендерді жетелер серіктерің боламын. Есімім Ана тілі. Әліппеден алған білімдеріңді жалғастырып, өздерің жемісінің гүлденуіне көмек берген алма ағашының жемісін ары қарай көбейтуге мен көмектесемін.

 

Әліппе: балалар сендермен қоштасар сәт те жетті. Қош болыңдар.

 

Оқушылар:  Қош бол, құтты әліппем!

 

Ханзада: Балалар жаңа достарың  ана тіліне қандай сыйлықтарың бар?

 Ән: «Балалық шаққа саяхат» орындайтындар: Дильназ, Сабина, Арайлым

 

Ханзада: Балалар,  сендерге көп – көп рахмет. Бізге үлкен көмек бердіңдер. Сендер енді «Әліпби» елінің тұрғындары болыңдар. Алма ағашын бірге қарап, жемісін бірге жейік. Ханшайым  екеуміздің сендерге сыйлығымыз бар.  (Ана тілі оқулығы  беріледі).

 

Мұғалім:

Қымбатты бүлдіршіндер,  өз еңбектеріңмен алған білімдерің  өздерің  үшін де, еліміз  үшін  де, таусылмас  қазына! Елімізді,  жерімізді  сүйетін жақсы азамат болып өсулеріңе тілектеспін. Ата-аналар, балаларыңыздың осындай дәрежеге жетуіне сіздердің  де еңбектеріңіз  көп. Сондықтан  сіздерге  рахметімді айта отырып, балаларыңыз жақсы азамат болып өссін деймін!  Қонақтарға сөз  беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қош бол, құтты әліппем!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 131 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2016 569
    • DOCX 20.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Төлегенова Мөлдір Маратқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Төлегенова Мөлдір Маратқызы
    Төлегенова Мөлдір Маратқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24731
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1105 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 288 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе