Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Қош бол, құтты Әліппем" ертеңгілік
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

"Қош бол, құтты Әліппем" ертеңгілік

библиотека
материалов

Әліппемен қоштасу.

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Олардың мақал- мәтел, ертегі, ән айту, тақпақ айту мәнерін көрсету, оқушыларды Ана тілі оқулығымен таныстыру. Үлкендерді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Әліппе мен Ана тілін безендірген плакат суреті.

Мұғалім:

- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, кеше ғана мектептің табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, білім бастауы әліппені аяқтап отыр. Әліппені бітіру - алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Біз сол белестердің бірінен астық. Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деген тілекпен алғашқы айлардағы оқып, меңгергендерін, өнерлерін тамашалаңыздар. Шәкірттер ата-аналарының ғана ұл-қыздары емес, халықтың ұл-қызы болсын. Бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.

1-оқушы: Жақы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық

2-оқушы: Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

Мұғалім: Балалар, ендеше, ең басты кейіпкер «Әліппені» ортаға шақырайық.

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хор: Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті – Әліппе ( осы кезде Әліппе кіреді)

Әліппе: Барлық әріп бағалы,

Сөзге тірек болады.

Жетелейтін білімге

Мені сүген баланы.

Балалар, мен бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын.Жай келмедім,өзімнен бастау алатын,өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» шақыра келдім.

Ана тілі: Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,- деп ақын Қадыр Мырза Әли айтқандай,мен ана тілі оқулығымын.Көңілді дауыстарыңды естіп қуанып келдім.

Мұғалім:Әліппе,біздің білім есігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса, «Ана тілі» сөз сырын ұқтыртатын сырласымыз болатыны анық. Төрге шығып,төрлетіңіздер! Өнерімізге ортақ болыңыздар.

Оқушы: Әліппем, менің –Әліппем,

Қолыма сені алып мен,

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпын.

Оқушы: Бітті әліппе сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат,

Өзге оқулық достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ.

Оқушы:Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа бөленгін,

Сауатты боп шықты ,міне балаңыз!

Хор: «Әліппе»

Әні: Б.Ғизатов, сөзі: Ж.Нәжімеденов

1.Әліппе,әліппе,

Алғашқы әріппен,

«Ана» деп қазір біз,

Жазуға әзірміз.

2.Әліппе,әліппе,

Екінші әріппен,

«Бала» деп қазір біз,

Жазуға әзірміз.

3.Әліппе,әліппе,

Талай бір әріппен

«Отан» деп қазір біз,

Жазуға әзірміз.

Оқушы:Бүгін біз үшін қуанышты күн.Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітіріп, қоштасқалы тұрмыз. Біз кез келген сөздерді, сөйлемдерді оқи аламыз.Осы уақытқа дейін есеп шығаруды,сурет алуды,ән салуды, спортпен шұғылдануды үйрендік.

Мұғалім:Балалар,мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп отыр:Осы біздер қандаймыз?

- Осы біздер қандаймыз?

Талабы биік таудаймыз.

- Мың бұралған бишіміз,

Күмбірлеткен күйшіміз.

- Біз,қызықпыз,қызықпыз,

Сәл еркелеу бұзықпыз.

- Біз шеберміз

- Ақылдымыз

-Парасаттымыз

- Көңілдіміз

- Үлкенге ізеттіміз

- Кішіге қамқоршымыз

- Жақсылықты ұнатамыз

Жамандықтан тез қашамыз.

- Көп оқимыз

- Өнерліміз

- Жанып тұрған шырақпыз

Толқынды су бұлақпыз

- Қазақ тілін көркемдететін

- Елімізді өркендететін

- Бабаларға тағзым ететін

Аналарға бас иетін

-Елтаңбасымен еңселі,

Туымен тұғырлы

Әнұранымен айбатты

Бәрі:Біз қазақ елінің болашағымыз!

Хор: « Жаса, Қазақстан»

Сүйем сені,жасыл жалау,

Атамекенім

Сұлу көкше,ақ Алатау,

Жырлап өтемін.

Қ-сы: А,жаса мәңгі,Қазақстан!

А,жайна сенде, Астанам!

2.Көк байрағым желбіресін,

Әркез биіктен.

Туған жердің топырағын

Өтем сүйіп мен.

Қ-сы

Мұғалім:Әліппе,оқу мен жазуға үйрететін тұңғыш оқулық, қазақ балалары үшін алғаш Әліппені жазған кім?

Балалар:-Ыбырай Алтынсарин.

Мұғалім:- Ыбырай атамыз бізге қандай өсиет қалдырған?

Оқушы:Бір Аллаға сиынып,

Кел,балалар,оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз,балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар!

Әліппе: Жақсы,балалар, ал Абай аталарың туралы не білесіңдер?

Оқушы: Абай Құнанбайұлы қазақтың ұлы ақыны.Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды.

Оқушы:Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге

Бас нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз

Тілеуің,өмірің алдыңда.

Оған қайғы жесеңіз,

Өсек,өтірік,мақтаншақ,

Еріншек,бекер мал шашпақ.

Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап,еңбек,терең ой,

Қанағат,рақым,ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз...

Оқушы: Абай атамыз жастарды бес нәрседен –өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтан аулақ болуға,бес асыл іске –талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды, рақымшылық жасауға шақырды.

Мұғалім:Дұрыс, айтасыңдар, балалар, Абай атамыз жастарға үздіксіз еңбек етіп,білім алуды міндет етіп қойды. Білім алуға жұмсалған еңбек әрқашанда жемісті және ізгілікті болатынын қадап айтты .Елді өркениетке жеткізер жалғыз жол ол-оқу-білім екенін түсіндірді.

Ана тілі: Балалар,айтыңдаршы, қазақ тілінде неше әріп бар?

Оқушы: Алфавитті білеміз,

Онда жүйе,қалып бар.

Біздің қазақ тілінде,

42 әріп бар.

Әліппе: Осы әріптердің қандай сыры бар?

Оқушы: А - дегенде еске аламыз Алланы,

Осы әріпте күллі әлемнің бар мәні.

Оқушы: Ә - дегенде елестетіп Әлемді,

Пайымдаймыз кеңістік пен көлемді.

Оқушы:Б - дегенде, құлаш ұрып білімге,

Оқып - жазып талаптандық бүгінде.

Оқушы: Г- дегенде,гүлді көрдік бүр жарған,

Гүлдей жайнап өсу еді ізгі арман.

Оқушы: Ғ- дегенде,мына жүрдек ғасырда,

Ғалым болу керек бізге, расында.

Оқушы: Д - дегенде,дүниенің тылсымын танып,

Білсек деп ойлаймыз қыр-сырын.

Оқушы:Е- дегенде,ең алдымен Ел қымбат,

Еңбек ,ерлік шақырып тұр қол бұлғап.

Оқушы: Ж - дегенде,жерімізді жайнаған,

Айландырсам жұмаққа деп ойланам.

Оқушы: З - дегенде,зымыраған заманда ,

Заңғра мұрат бағыт сілтер адамға.

Оқушы: К - дегенім,көтерілген көк туым,

Көк тәңірдің көзі түскен тектімін.

Оқушы: Қ - дегенім,Қазақ біздің қуатты,

Бүгіні де ертеңі де шуақты.

Оқушы: Мақсат, Мұрат, мағыналы мақалым,

Бәрі М - дан басталатын аталым.

Оқушы:О - дегенім,оттан ыстық Отаным,

Отанымда ойнақтаған ботамын.

Оқушы: Т - дегенім,таңғажайып табиғат,

Оны қорғау бүгін басты қағидат.

Оқушы: Ш - дегенде,шындық-шынар тым биік,

Шыңға шықса шұғылалы нұр құйып.

Оқушы: Ырыс пен ынтымақтың төрінде,

Ы- дегенде ынтам артар өмірге.

Оқушы: І - дегенде, ізеттіміз, іріміз

Ізгілікке іңкәр елдің біріміз.

Ана тілі: Өте жақсы,енді маған бірнеше сұраққа жауап беріңдерші.

- Жерден ауыр не?

- Судан ауыр не?

- Оттан не ыстық?

- Көктен не биік?

Оқушы: Жерден ауыр дегенім-ақыл-білім

Судан ауыр дегенім-оқу-ғылым.

Оқушы:Оттан ыстық дегенім адамның өмірі

Көктен биік дегенім тәкаппардың көңілі.

Әліппе: Сен байқадың ба? Біздің достар бұл кешке бірнеше өнерлерін ала келіпті.Мақал-мәтел жарысына кезек берейік.

- Сәлемтсіз бе,көрген жерде ауыл бар деп келіп қалдық.

- Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді, демекші қалыңыз қалай?

- Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы, дегендей, қандай әдепті баласың?

- Келгенше қонақ ұялады,келген соң үй иесі ұялады деуші еді ,келіңіз, төрге шығыңыз!

- Жат асына қарайды, дос басына қарайды деуші еді аталарымыз.

- Қонағын сыйласа төрге шық, төрге шығайық!

- Жылқы кісінегенше, адам сөйлескенше демекші,таныса отырайық.

- Мыңның түсін танығанша,бірдің атын біл деген,есіміңіз кім болады?

- Ас адамның арқауы деген, ас алып отырайық.

- Жақсы ас қалғанша жаманның қарыны жарылсын.

- Досыңның асын қасыңдай іш демекші, Алла риза болсын.

- Дастарханға са қойдым,екі қолды бос қойдым деген,астан алып отырыңыз.

- Көңілмен берсе қара су да бал татыр.

- Ия, досы жоқ адам-тұзы жоқ тағам демекші, досы көп болғанға не жетсін !

- Халқымызда «қонақ кәде» деген болушы еді,өнеріңізді көрсете отырыңыз.

- Алдымен ауылдың алты ауызы айтылмаушы ма еді?

Ауылдың алты ауызы «Еркем-ай»

Әліппемен біз бүгін қоштасамыз,

Ана тіліммен бәріміз достасамыз,еркем-ай!

«Білімді ұрпақ елімнің» тірегі деп,

Айтып өтті елбасы,Нұр көкеміз еркем-ай!

Еркем,еркем,еркем-ай,

Еркелеген еркем –ай.

Еркелеген еркемді

Еркелетсем екен –ай!

Ана тілі: Өте тамаша,ендігі уақытта сендердің сауаттылықтарыңды, білімдеріңді ары қарай мына менің оқулығымнан тереңдете түсеміз. Ал сендер есепке қалайсыңдар?

Санамақтар сыры:

Бір дегенім- бесік,

Шықтым одан өсіп.

Екі дегенім-елім,

Далам,тауым,көгім.

Үш дегенім -үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім-төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алты дегенім –ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

Жеті дегенім жалау,

Жүректегі алау.

Сегіз дегенім-сөзің,

Серт беретін кезің.

Тоғыз дегенім-тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім –отан,

Қорға соны,ботам!

Ана тілі: Міне, тамаша, сендер біраз уақыттың ішінде көп нәрсе үйреніпсіңдер! Енді сендердін қандай өнерлерің бар? Соны көрсек деймін.

Мұғалім: Олай болса келесі кезекті биге берейік. Қазақ биі.

Оқушы: Келесі кезекті әңге берсек. «Ертегілер» орындайтын Абилжанова Гүлнұр.

Ана тілі: Сендердің өнерлеріңе тәнтті болдым. Әнді де, биді де жақсы билейді екенсіңдер. Тағы қандай өнерлерің бар?

Көрініс: «Алдар көсенің айласы»

Би:

Әліппе: Ал, балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым. Қазақта айтады « Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп. Енді осы білімдеріңді «Ана тілімен» бірге әрі жалғастырасыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Рұқсат болса мен қайтайын.

Оқушы: Білімге жолды бастаған,

Әліппем, саған мың алғыс.

Оқы-деп үндеу тастаған

Әліппем, саған мың алғыс!
Оқушы: Әліппенің құрметіне Әминаның орындауында «Бақытты балалық шақ» әнін қабыл алыңыздар.

Ана тілі: Құрметті Әліппе! Бізде саған ақ жол тілейміз. Мен сенің алдыңда бүгін ғана қолына Ана тілі оқулығын алған бүлдіршіндерге «Ана тіліміздің, дара тіліміздің, дана тіліміздің мәртебесін жоғары көтерейік» дегім келеді.

Мұғалім: Міне Әліппенің арқасында көп нәрсені үйреніп, сауатымыз ашылды. Ендеше, Әліппеге не дейміз?

Хормен: Рахмет саған, Әліппе!

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар

Балалардың білімі құтты болсын!

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын!

Білімдерін ары қарай дамытатын

Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын! – дей келе, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Құттықтау сөз кезегі өздеріңізде құрметті ата-аналар.










Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДA-028135

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"