Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Қош бол, құтты Әліппем" ертеңгілік 1 "а" сынып

"Қош бол, құтты Әліппем" ертеңгілік 1 "а" сынып

Скачать материал

Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппем!

Мақсаты:
Оқушылардың сауат ашу пәнінен оқу барысында алған білімдерін тиянақтау;
өз – өнерлерін ата – аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Құрметті жиналған қауым, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі қуанышты күн «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Осыдан 4 ай бұрын кішкентай бүлдіршіндеріміз алғаш мектеп табалдырығын жүрексіне аттаса, бүгін міне білімнің бастауы, ғылымның атасы әліппені аяқтап отыр. Бұдан кейінде әлі де асатын асулары көп, шәкірттеріме ақ жол тілеймін. «Қош бол, құтты Әліппем» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкум, уа халайық!

2 – жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, ардақты әкелер мен аруана аналар.

Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне балаңыз.

Ғылым, білім жолына,

Енді қайық саламыз.

1-жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрмыз баршамызда,

Мұндай күй болған сірә баршамызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырйық,

1 «а» сынып оқушыларын ортамызға.

(Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады)

2-жүргізуші: Жақсы білім көрімдік.

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Кәне, ортаға салайық.

1 оқушы: Айболат

Бар кітапқа бас болған,

Әліппеден басталған.

Әліппе-ғылым анасы

Даналықтың данасы.

2 оқушы: Әли

Ізгілікті ойға тоқитын

Шәкірт боп үздік оқитын

Әліппе атты кемемен

Кеземін білім мұхитын.

3 оқушы: Мәди

Үйретті бізді Әліппе

42-дербес әріпке

Сөз,сөйлем құрап әріптен,

Лайық болдық дәріпке.

4 оқушы: Нұрдәулет

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдық сауатты

Білімнің кенін қазатын.

5 оқушы: Серік











1-жүргізуші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешіп көріңдер.

Іші толған әріпке,

Білімдіге жарық не?

Оқушылар: Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті әліппе.

2-жүргізуші: Олай болса бәрімізге қымбат дос Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе!

Хормен: Қош келдіңіз – Әліппе!

Әліппе: Арай

Армысыздар, жан достар!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі ғажаптың

Басталады сендерден.

Құттықтаймын достарым,

Құтты болсын тойларың!



1-жүргізуші: Әліппе, сізге арналған балалардың ән шашуы бар.

Әліппе: Өнерлеріңді көрмес бұрын, мен сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр.

2-жүргізуші: Кел, достарым, біз дайынбыз ба?

Хормен: Иә, дайынбыз!

Әліппе: 1. Олай болса сендер қанша әріпті үйрендіңдер?

2. Онда қанша дауысты дыбыс бар? (15)

3. Онда қанша дауыссыз дыбыс бар? (27)

-Сендер, өте ақылды екенсіңдер ғой, мен сендердің өнерлеріңді тамашалайын!

6 оқушы: Малика

Әліппем менің Әліппем

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі күнмен жарықпен.

7 оқушы. Ералы

Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің Әліппе

Ақылды сен мұғалім!

8 оқушы: Толғанай

Пайдаң тиіп отанға,

Риза болсын халқымыз

«5» болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз.

9 оқушы:Жігер

Іші толы әріпке

Мынау әйбат Әліппе

Барлық ілім, білімнің

Әжесі осы Әліппе.



10 оқушы: Санжар

Ана тілің біліп қой

Бостандығың , теңдігің

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың елдігің.

1-жүргізуші: Ендеше, әннен шашу шашайық!

2-жүргізуші: Ән: Мектебім. Орындайтындар:

Нұрдәулет, Малика және Арай

1-жүргізуші: Келесі тындайтындарыңыз

Хор: Мұғалім ол біздің әні

2-жүргізуші: Хор «Әліппе әні» Тамашалыңыздар.

1-жүргізуші: Әліппеден оқыдық,

Мысал менен ертегі

Санамызға тоқыдық.

2-жүргізуші: Көрініс: «Саңырауқұлақ саясында».

1-жүргізуші: Жауқазындай гүл ашқан,

Ортамызда біздің биші қыздарымыз.

Қарсыалыңыздар «Айгөлек» биі.

2-жүргізуші: Ортамызда биші ұлдарымыз. Қарсы алыңыздар.

Әліппе: Жарайсыңдар, балалар! Өнерлі де білімді екенсіңдер!

Мен риза болдым. Қош болыңдар! Сендерге көп рақмет!

Хормен: Балаларға ақ тілеп,

Болашаққа бақ тілеп.

Біздерге білім үйреткен,

Әліппе саған рақмет.

  • Қош бол, құтты Әліппем!

1-жүргізуші: Алдарыңызда 1 «а» сынып оқушылары «Болайықшы осындай» әнімен. Қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітапты аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп, шықты міне балаңыз!- дей келе, бүгінгі «Қош бол, құтты Әліппем» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

1-жүргізуші: Сөз кезегін мектеп директорына береміз.

2-жүргізуші: Сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушілеріне береміз.

1-жүргізуші: Сөз кезегін ата-аналарға береміз.

2-жүргізуші: Сөз кезегін бастауыш сынып мұғалімдеріне береміз.




























Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қош бол, құтты Әліппем" ертеңгілік 1 "а" сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 866 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2016 657
    • DOCX 22.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акманова Жанерке Оралханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акманова Жанерке Оралханқызы
    Акманова Жанерке Оралханқызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 57759
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой