Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Қош бол құтты әліппем!" әліппемен қоштасу

"Қош бол құтты әліппем!" әліппемен қоштасу


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты. «Қош бол сүйікті, Әліппем!» Кульбаева Шолпан

Мақсаты.

  1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен іскерліктерін ата – аналарға көрсету.

  2. Өз ойларын ашық, еркін ату, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан – жақты білімдерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, талғамдарын дамыту.

3.Білімге деген сүйіспеншіліктерін,білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға, өзін-өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу,ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Безендірілуі:тақырып жазылған билборд, мазмұнды суреттер, әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының макеттері, слайдтар, видеопроектор, жылжымалы тақта.

Барысы.

І Ұйымдастыру.

Кіріспе.

 Мұғалімнің сөзі.

         Құрметті  қонақтар, оқушылар, ата –аналар! Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының  әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Барлық кітаптың атасы-Әліппе. Бұл кітап – бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы жолы, білімге бастайтын сара жол. Әліппені алғаш қолға ұстаған сәт әрбір адамның есінде ұзақ сақталары сөзсіз.Сондай-ақ әліппемен қоштасу да бірінші сынып оқушылары үшін өміріндегі елеулі оқиға.Сөзімізге төмендегі        «Қош бол, сүйікті Әліппем!»атты сабақ нақты дәлел бола алады.Ондағы «Әліппенің» арқасында 42 әріпті таныған оқушылардың қуанышы сіздің де көңіліңізге нұр құяды.

Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн-«Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын! Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы- «Әліппемен қоштасу».Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді.Қош келдіңіздер! Олай  болса бүгін 1 «А» сынып оқушылары әліппені қалай меңгергендерін, сонымен қатар қалай есептеп, қалай жаза алатындарын көрсетпек. Мерекемізді бастайық!

1 – оқушы.

Өтті оқу сан сабақ.

Бүгін үлкен салтанат!

Оқулықпен достассаң,

Әліппеміз қоштаспақ!

2 – оқушы.

Іші толған әріпке

Білімдегі жарық не?

Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті Әліппе!

Әліппе

Армысыңдар, жас достар!

Армысыңдар, ата –ана!

Болашаққа жол ашар,

Әліппең келді ортаңа.

Менің атым – Әліппе!

Мені анаңдай дәріпте!

Мені оқып, ер жеткен,

Әпкең сенің, ағаң да!

ІІ Негізгі бөлім.

1 – бөлім

Сынып оқушыларымен таныстыру.

Слайдтар жылжып тұрады. Мұғалім оқушыларды таныстырып шығады.

2 –бөлім.

Күмбір, күмбір қоңырау,

Соғылған ай — қыркүйек.

Қалам ұстап, қолыма

Жазылған ай – қыркүйек.

Хор «Қоңырау»

Әдеби – музыкалық монтаж.

  1. Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен.

 

  1. Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар.

Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерлерін,

Бар қауым таңдана таңдай қағар.

 

  1. Қош бол,құтты Әліппе!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

 

  1. Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.

 

5.Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің сүйікті Әліппем!

Сенің арқаң оқи жаза білгенім,

Сауатты адам қатарына кіргенім.

 

6.Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпті.

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны Әліппе.

 

7.Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе!

 

8.Таныстырар әріппен

Мынау кітап-Әліппең.

«Әліппе» деген аты оның

Басталған қай әріптен?

 

9.А- ны айтқанда дауысымыз дірілдеді,

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын білем,

Сөз оқимын айырып әріпті енді.

 

10.Әліппе сенің сырласың,

Әліппе досың болады.

Әріптердің шұғыласы

Дәптеріңе қонады.

Хор. «Әліппе»

  1. Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадыңба Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде?  Түсінші.

 

  1. А-деген ол-аналар ғой ардақты,

Ә-деген ол -әкелер ғой салмақты,

Б-деген ол –балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

 

13.Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

 

14.Ата, ана атын сен

Бізге үйреттің, Әліппе!

Бізге нағыз жақын, сен.

Сенен білдік әріпті!

 

15.Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

 

16.Жақсы кітап-Әліппе

Үйретеді әріпке.

Қуыршақпен қоштастық,

Әліппемен достастық.

 

17.Әріптерді жаттаймыз,

Есте мықты сақтаймыз.

Ұмытпаймыз бәрін де

Атын,затын,түрінде.

 

18.Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен! (хормен)

Хор «Үйретеді»

19.Әліппем, менің, ӘліппемІ

«А» деген бастап әріптен

Сөз құрап, жаза бастадым.

Тақылдап, таңба танып мен.

 

20.Барлық әріп бағалы

Айтсақ әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

21.Әліппе – даңғыл жол ашты,

Жаңадан күндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған

Рақмет, ұстаз, алғашқы! (хормен)

Хор.«Ұстазым»

22.Әліппем, менің Әліппем!

Сені қолға алып мен

Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

23.Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын.

Ақыл бердің Әліппе,

Ақылды сен мұғалім!

24.Әліппем, менің Әліпем!

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп – көп рақмет! (хормен)

25.Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға «Ана тілін» аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты, міне, балаңыз.

Балалар, Әліппе, ұстаз, ата –ананың арқасында біз оқуды, жазуды үйрендік. Ендеше, қазір қалай оқитынымызды көрсетейік. Әліппе оқулығынан кезекпен оқыту.

Ойын. «Сөз құрастыр, тез құрастыр.»Кеспе әріптерден ана, Отан, мектеп сөздерін жаздыру.

 

Математика әлеміне саяхат.

 

Табақта үш алма

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?

( 5бес)

Көлден ұшты жеті қаз

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады енді нешеуі,

Қане, кім шешеді?

(5 бес)

42 жауынгер

Сапын түзеп тұрады,

Бүлдіршіндер қауымы

Сырын терең ұғады.

(Алфавит)

ІІІ Қорыту.

Қымбатты балалар ! Сендердің зейін қойғыштықтарыңңбек сүйгіштіктерің және білімге құштарлықтарың арқасында жеткен алғашқы жеңістеріңмен құттықтаймын. Сендер алфавиттің бүкіл әріптерін жаттап алдыңдар, әрі өздеріңнің тұңғыш оқулықтарың – «Әліппе» бойынша оқуды үйрендіңдер. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қана қойған жоқ, оның беттері сендерді бір-бірлеріңмен тату, дос болуға, адамгершілікке үйретті, мектеп ережелерімен таныстырды. Білім баспалдағына өрлеген сапарларыңыз сәтті болсын!




Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров187
Номер материала ДВ-465642
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх