Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Тесты / Қош бол, құтты әліппем 1- сынып

Қош бол, құтты әліппем 1- сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қош бол, құтты ӘЛІППЕМ!

Мақсаты:

Әліппеден алған білімдерін тексеру, оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, ана тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу

Әжесі мен немересін жетектеп келеді.

1-жүргізуші

Автор:

Алты жасар баласын,

Алпыстағы әже жетектеп.

Келе жатыр көшеде,

«Қайда әлгі мектеп»-деп.

Алты келед жүгіріп.


Әже :

Балам,балам, жақсы бол,

Міне,сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал

Ақылды бол тентегім.


Немере:

Қыркүйекте келдім де

Сыныпқа кірдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейіріммен

Қадамымды құп алып.

Видео запись көрсету

Оқушылар залға кіреді

2-жүргізуші

Алдарыңызда 1 «а» сынып оқушылары

Тұраш Асылбек, Абайханқызы Гаухар, Балықбай Райхан,

Еркінқызы Аяулым, Жумагулова Маржан, Зайтын Нұрқанат, Самат Әлия,

Визнович Альбина, Амирбекова Альмира, Құмар Алданыш, Шарлиз Жұлдыз, Құсайынов Тасқын және Қапият Зәрует денсаулығына байланысты бүгінгі шараға қатыса алмайтыны өкінішті

Мұғалімнің құттықтау сөзі:

1 слайд. Музыка қосылып тұрады. (Асылбек Енсепов.)

1-жүрг-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар!

2-жүрг -Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!

1-жүрг-«Әліппе бітіру»мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүрг:

Өсті міне бойларың

Өсті,міне ойларың.

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!


Мұғалім:

Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

1-оқушы Асылбек

Ассалаумағалейкум, уа халайық!

2-оқушы : Гаухар

Армысыздар, ардақты әкелер мен ата- әже, аналар.

3-оқушы:Райхан

Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне қараңыз.

Ғылым, білім жолына

Енді қайық саламыз.

4-оқушы Аяулым

Осы біздер қандаймыз?

5 – оқушы:Маржан

Мың бұралған бишіміз

6 – оқушы:Нұрғанат

Біз қызықпыз, қызықпыз.

Сәл еркелеу бұзықпыз.

7-оқушы Әлия

Біз шеберміз

Ақылдымыз

8-оқушы Альбина

Үлкенге ізеттіміз

Кішіге қамқоршымыз

9-оқушы Алмира

Көп оқимыз

Көңілге тоқимыз

10 оқушы Алданыш

Өнерліміз

Жанып тұрған шырақпыз

11-оқушы Жұлдыз

Толқынды су бұлақпыз

12-оқушы Райхан

. Елімізді өркендетін

Қазақ тілін көркемдететін

Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»

1-оқушы: Асылбек

-Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.

2-оқушы: Гаухар

-Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын.

Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын.



3-оқушы: Жұлдыз

-Біз көп нәрсені-кітап оқуды,

өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.

1-жүргізуші

-Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен:

Болашаққа жол ашар,

Ол-сүйікті Әліппе!

Ол сүйікті Әліппе!

2-жүргізуші

Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!

Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе!

Әліппе ортаға шығады:

-Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

4-оқушы: Аяулым

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.


5-оқушы: Маржан

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны Әліппе!

6-оқушы:Нұрғанат

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.



.7-оқушы Әлия

Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

8-оқушы Альбина

Үйретіп бізге алғаш Әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

9-оқушы Альмира

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырыннан қаққаның.

10-оқушыАлданыш

Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

11-оқушы Жұлдыз

Әсем ою өрнекпен,

Көмкерілген Әліппем.

Сен болмасаң білімге,

Бастайтын жолды біліп пе ем

12-оқушы Гаухар

Жақсы кітап әліппе,

үйретеді әріпке,

Қуыршақпен қоштастым,

Әріптермен достастым.

13-оқушы Нұрғанат

Іші толы әріпке,

Мынау айбат әліппе

Барлық ілім, білімнің

Әжесі осы әліппе

14-оқушы Асылбек

Әліппем, менің Әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен

15-оқушы Тасқын

Ата-апа атын сен,

Бізге үйреттің Әліппе

Бізге нағыз жақынсың

Сенен білдік әріпті.

Мұғалім

Ендеше балалар біз Әліппеге осы 4 ай уақыт ішінде не үйреніп, не білгенімізді көрсетуге тиіспіз


-Топқа бөліну

2 топқа бөлеміз

Тапсырмалар

-Текшелер арқылы сөз, сөйлем құрастыру

-Қазақ әліппесінен берілген әріпке байланысты сөздерді теріп алу

1-минут ішінде

-Құрастырма сурет

Сергіту сәтін көрсетеміз

2-жүргізуші:

-Міне, білімнің кілті

- Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.

-Қане, әліппеге Қош айтайық!

Оқушылар хормен ән: Қош бол, құтты Әліппем!

Әліппе сөйлейді:

Білімінің көп қой саласы,

Әліппе соған жолбасшы.

Ғылымның қиын жалғасын,

Басқа кітаптан табарсың!

-Қош болыңдар, балалар!

Балалар хормен: -Қош бол құтты ӘЛІППЕ!

1-жүргізуші:

-Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына АНА ТІЛІ келеді.

-Қарсы алайық, танысайық

Ана тілі, Ана тілі

Ана тілі сөйлейді:

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымымын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін.

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.

2-жүргізуші:

Ана тілі отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.

1-жүргізуші:

-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар.

2-жүргізуші:

-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп,

қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана!

1-жүргізуші:

-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз. \

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!

2-жүргізуші:

Болашағын баланың,

Талабынан білесің.

Жақсы оқыса сабағын,

Жақсы көріп жүресің....

-Ата-анаға мың рахмет!

1-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар оқушылардың өнерін тамашаламас бұрын

сіздердің білімдеріңізді тексерейік.

Жоғалған жолдар

Ананың көңілі балада,....(баланың көңілі далада)

Ананың сүті – бал,...(Баланың тілі –бал)

Досы көпті жау алмайды, ...(Ақылы көпті дау алмайды.)

Еңбектің наны тәтті,....( Жалқаудың жаны тәтті.)

Ұлдың ұяты әкеге,... Қыздың ұяты шешеге

2-жүргізуші

Маған да, саған да,

Жақын туыс – бес адам.

Үш әріптен тұратын,

Оңға оқы, солға оқы,

Өзгермейді еш одан,

Бәрі де өз жұртың,

Айтады кәне: кім атын?(Ата; Ана;Апа; Аға; Іні)


1-жүргізуші

Енді келесі кезекте осы 4 ай уақыт ішінде үйренгенімізді, жеткен жетістіктерімізді көрсетпекшіміз

1-слайд

Ең алғаш біздің сыныбымыз «Алтын күз» мерекесіне қатысқан болатын. Бұл шарада сыныбымыздың намысын Гаухар әпкесімен қорғаған болатын.


Мектеп оқушылары арасында өткен Күнбағыс апталығында 1 «а» сыныбы Газет шығарудан да, қолөнерден де ерекшеленіп Бас жүлдені жеңіп алған болатын.

2- жүргізуші

Алдарыңызда 1 «а» сынып оқушылары « биімен»

1-жүргізуші:

Сол шарада біздің сыныптың ұлдар тобы орындаған «Сарбаздар биі» бас жүлдені алса, 16-желтоқсан күні Қарағайлы кентінде өткен шарада да үлкен бағасын алып келген болатын.

Тамашалаймыз алдарыңызда «Сарбаздар биі»

2-жүргізуші

Біздің сыныбымыз да Тәуелсіздік күніне өз үлесін қосты. Бастауыш сынып арасында өткен мәнерлеп оқуда Зәрует пен Гаухардың Диалогы ерекше аталды.

-Енді ортаға алдыңғы елу елдің қатарына қосылуға шақырған өлеңімен Райханды ортаға шақырамыз



1-жүргізуші

-«Желтоқсан желі» әнімен ортаға Алданыш пен Аяулымды, Асылбек пен Жұлдызды шақырамыз.

2-жүргізуші

1-желтоқсан Президент күніне орай ұйымдастырылған шарада

1-орын алған қыздар тобының орындауындағы «Бүлдірген» биін тамашалаңыздар

1-жүргізуші

-Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

2-жүргізуші:

Әліппені жақсы аяқтағандығы жөніндегі куәлікті тапсыру 1 «а»сыныбының жетекшісі Алмагүл Сәулеғұлқызына беріледі.

1-жүргізуші

Құттықтау үшін сөз мектебіміздің директоры Серік Көкенайұлына, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Надежда Зейнатоллаевнаға және ата-аналарға беріледі

2-жүргізуші

Осымен 1 «а »сыныбының «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігі өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға РАХМЕТ!





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Тесты
Просмотров295
Номер материала ДВ-052661
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх