Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / ("Қош бол, тәтті балғын шақ"!) ертеңгілігі

("Қош бол, тәтті балғын шақ"!) ертеңгілігі


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Қош бол, тәтті балғын шақ!

Мақсаты:  Балалардың жыл бойы алған білімдерінің,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсетіп,балалардың сөздік қорын,тілін,ой-өрісін кеңейту,ойын дамыту мен оларды бауырмалдыққа,ұйымшылдыққа,отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі: шарлар,гүлдер,қанатты сөздер. 
І.Ертеңгілік
1-кезең. «Менің Отаным-Қазақстан»
2-кезең. «Білім-биіктегі алтын тұғыр»
3-кезең. «Біз өнерлі баламыз»
4-кезең. «Не білдік? Не үйрендік?»
ІІ.Ұйымдастыру бөлімі.
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобының «Қош бол,тәтті,балғын шақ!»атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!Бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыт ішінде мектептен тәлім – тәрбие алып,өнер үйреніп,жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен қоштасып,1-класқа қадам басқалы отыр.Қадамдарың құтты болсын деп ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.  (Әнұран ойналады).
                     1 кезең. «Менің Отаным - Қазақстан»
 (Қазақстан туралы музыка ойналып тұруы  қажет)
- Балалар,біздің Республикамыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
- Қазақстан республикасының бас қаласы – Астана.
- Қазақстан Тәуелсіз мемлекет,желбіреген  көк байрағы,айбынды Елтаңбасы,
асқақтаған   Әнұраны бар.Мемлекеттік рәміздер туралы не білеміз?
1-бала.
Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек  баладағы ең кіші.
Рәміздерім Әнұран,Ту,Елтаңба
Рәміздерді жатқа білген  жөн кісі.
2-бала.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй
Бұл таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі.
3-бала.
Айнымайды аспаннан, 
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
4-бала.
Әнұраным-жан ұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім.
Туған жерім-бағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
                  ІІ кезең. «Білім – биіктегі алтын тұғыр» 
Біз тәуелсіз ел болдық.Тілімізді,дінімізді,өнерімізді жаңғырттық.Ендігі өмір талабы өзгеше,ол білімділер заманы.Білім жолы – қиын жол.Елбасымыздың жас ұрпаққа арнайы назар аударып, «Ұрпақтың алдында жаңа қоғамда,жаңа мемлекет пен жаңа экономиканы құру жолында қиын жұмыстар күтіп тұр.Мұның бәрі білімді талап етеді ».Яғни осы мемлекетіміздің көркейуіне, байлығына ие болатын,өз үлестеріңді қосатын азаматтар  сендерсіңдер.Осындай сенім артқан істі атқару үшін білімді болу керек.Білім дегеніміз не?
            -----------------
Білім   -----------------
            -----------------
-Ендеше бүгін сабағымызда өз білімімізді сынап көрейік.Мына берілген пәндерден білімімізді ортаға салып  жарысқа  түсеміз.
«Нұр», «Шуақ» деп екі топқа бөлініп білім сайысын бастайық.
-Ерте заманда  «Ақтабан  шұбырынды ...»кезден бастап біздің халық түйе малын көлік етіп,көшпенді болған.Бүгінгі біздің сабағымызда білім шыңына  түйемен шығамыз.Ендеше іске сәт!
                                        І-тапсырма.Тіл әлемі.
1.-2топқа ертегі  беріледі.Сол ертекті сахналап беру.
 «Нұр»тобына - «Алма»
 «Шуақ»тобына - «Төлдер айтысы»
2.Мақалдың мағынасын ашу.
 «Нұр»- Отан отбасынын басталады.
 «Шуақ»- Қыстың қамын жаз ойла.
3.Жұмбақтар шешу.
 «Нұр»тобына 
Бұдан су қорқады,                  Күнді жабады,                          Қасқырды қабады              
Судан бұл қорқады.               Жаңбыр болып жауады.          Қойды бағады.
    (сабын)                                           (бұлт)                                          (ит)
«Шуақ»тобына
Сырт-сырт соғады,            Қабат-қабат  қаттама,            Кезікті бір жануар,
Уақыт озады.                      Ақылың болса аттама.           Үстінде екі тауы бар.
     (сағат)                                      (кітап)                                       (түйе)
4.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
                                ІІ тапсырма. Өзіміз жасаймыз.
1.Түстер.(2 топқа әртүрлі заттардың суреті беріледі,заттарды өз түсімен бояу керек)
2.Әр топқа түрлі-түсті қағаздан кемпірқосақ суретін құрастыру беріледі.
3.Суретті құрастыр.
                                ІІІ тапсырма. Қызықты математика
1.Қарлығаштың тапсырмасы. «Нұр» тобына беріледі.
- Ағаштардың жапырағын  рет санымен ілу. 
- Тура санау
- Кері санау
- Осы ағашқа неше торғай келіп қонды?
- Нешеуі ұшып кетті?
- Қонған торғай мен ұшып кеткен торғайды салыстыр.
 «Шуақ»тобына  беріледі.
- 1аптада неше күн бар?
- Жоғарыда- төменде,оң жақта,сол жақта  сөздерін қимылмен көрсет.
- Суретке қарап есеп құрастыр.(балақан)
- Қалып қойған сандарды тап.
- Перфокартамен жұмыс.

2.Математикалық жұмбақ есептер.
Бес алманың үшеуін,                              Табақта 5 өрік,
Досың сұрап алады.                                Қолымда  4 өрік.
Айтшы,сонда нешеуі,                             Қосқанда барлығын
Өз қолыңда қалады. (2)                          Болады неше өрік? (9)

Алма ағашта бес алма                             Сатып алып үш сәбіз
Қандай тәтті жесе алма.                          Салды қоян себетке.
Бесеуін де жеп қойсаң                             Тағы сонша қосса оған,
Қалады сонда неше алма? (0)                  Нешеу болмақ әдетте. (6)
Геометриялық фигураларды таныстыра отырып,бейне құрастыру.
                                  ІҮ тапсырма.До,ре,ми. 
Әндерден үзінді айту.
«А»әрпінен әліпбиді бастадық.
«А»әрпінен және әнді бастайық.
Ендеше балалар,Ана тілі әнін,
Бәріміз бірге шырқайық.
Музыкалық аспап домбырамен ән ырғағын ойнаймын.Балалар әннің атын табу қажет.
Балалардың бақытына 
Шаттығына арналған.
Айтайықшы көңіл-күймен
Құрдастардың маршын.
                                      Ү тапсырма.Ұшқырлы тіл.
1.«Нұр»тобына берілетін тапсырма.
Суреттер беріледі.Сол суреттегі заттарды буынға бөлу
Мысық,көбелек,балық,ту
Мына суреттегі  сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Доп,бала,айна.
«Шуақ»тобына берілетін тапсырма.
Қайық,өрік,жапырақ,кірпі
Алма,ту,шар
2.Атаулардың бастапқы әріптерін торкөзге жаз.Сөзді оқы.
Жүгері,Ұлу,Лақ,Доп,Ыдыс,Зымыран (Жұлдыз)
Суреттерден  жаңа сөздерді құрастыр.
Ақша+қар,Ай+балта,Қол+шатыр,Айна+гүл.
3.Атауларын айтып,кеспе әріптерден сөз құрастыру.
Күн,тиін,бұлт,банан,тай,аю,ағаш.
                           ҮІ тапсырма.Қоршаған орта.
Табиғатта қозғалыссыз ештеңе жоқ.
1.Мына суреттердегі бейнелердің  қайсысы жылдам қозғалады?
2. «Ойлан да аяқта»
Жылқы ... (шабады)
Қарлығаш ... (ұшады)
Жылан ... (жорғалайды)
Балық ... (жүзеді)
3.- Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің түрлері қандайкітапта тіркеледі?
- Жаны және жансыз табиғат туралы түсінік бер.
- Еңбек құралдарын қоршап сыз.
                                                     

                                                                                  Қортындылау.
-Балалар бүгін сендер ой-ұшқырлықтарыңды көрсеттіңдер.Ал енді мына сызбаға қарап не айтуғаболады?
           -------------------
Білім   -------------------
            -------------------
-Иә,білімнің серіктері ой,ынта,ақыл,ізденіс,нәтиже екен.Осы жақсы қасиеттерді бойларыңа қалыптастырсаңдар жақсы азамат  болып өсесіңдер.
 3-кезең.Біз өнерлі баламыз.Мұғалім: Бірге жүрген достардан,
                                                                    Есейіп сендер ертерек.
                                                                   Жеті жасқа жеттіңдер,
                                                                   Барасыңдар мектепке.
                                                                   Бір белестен өттіңдер.
бала :
Біз мектепке барамыз,
Оқып-білім аламыз.
6 жасым сенімен 
Достасып-ақ жүріп ем.
бала
Енді уақыт уақыт өзгеше,
Білім қажет бәрінен.
Қолыма гүл аламын,
Таң қалдырып достарды,
Мен мектепке барамын
бала
Қызық күндер өткіздік,
6жасар бағында.
Көп оқыдық,көп білдік,
Ел мен Отан жайында.
бала:
Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін.
Біріншіге барамыз.
бала
Біз бүлдіршін баламыз
Өсіп оймен санамыз.
Өмірге жол саламыз,
Біріншіге барамыз.
 Хор:«Біз – өмірдің гүліміз»
бала
Мен кішкентай баламын
Әлі-ақ өсіп толамын.
Елін,жерін қорғайтын
Ер-азамат боламын.
бала:
Ана тілін ардақтап,
Ана тілді біз сүйдік.
Сурет салып,ән жаттап.
Оқып жазып үйрендік.
бала::
Үйреткені -  адалдық,
Ұсынғаны адамдық.
Текті мінез даналық
Бар ұстазға тілейік.
бала::
Әріптерді үйреткен,
Жамандықтан жиренткен.
Ұстаз – біздің анамыз,
Жарқыраймыз жанамыз.
бала:
Дәріс алдым саналы,
Үлгілі ұстаз анадан.
Мейіріміңнен  нәр алдым,
Жалықпаған баладан.
бала:
Сәбилік көңілден 
Арналды жыр-әнім.
Баулитын өмірге
Ақылшым-мұғалім.
Хор: «Мұғалім –ол біздің»
бала:
Біріншіге барамын
Кілең бестік аламын.
Жақсы баға алғанда
Қуанып бір қаламын.
бала:
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың.
Ержетті деп бөбегім
Туған Отан қуансын.
Хор: «Біз бейбіт ел ұланы»
Мұғалім:
Шаттыққа толы жанары,
Ойлады нені кім білсін.
Мектепке кетіп барады,
Талабы таудай бүлдіршін.
Кеше ғана алаңсызойнап,шапқылап жүрген бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттап оқушыатанып  отыр.Бүгінде бүлдіршіндер аз да болса жауапкершілік жүгін арқалап саналы азаматық борыштарының алғашқы басқыштарын  басып,есейіп отыр.
                          Концерттік бағдарлама:
1.Абай. «Көзімнің қарасы» - Айжұлдыз
2.Орыс биі «Калинка» - Қыздар тобы(Асылай,Гүлім,Гүлмәуе,Қарақат)
3.КВН(Баһадүр,Дәулетхан,Асылхан,Дамир,Марғұлан)
4.Ән. «Бақыт деген...»Дәулетхан
5. «Бипыл»биі – Қыздар тобы.(Асылай,Шахназ,Гүлмәуе,Айжұлдыз)
6.Ән. «Достық».Орындайтын Айбану.
7. Ән.«Айгөлек» Гүлмәуе
8.Батырлар биі.Орындайтын ұлдар тобы.
9. «Домбырасыз ән қайда»Орындайтын Дилназ
10. «Солдат болам мен ертең».Орындайтын Дамир.
11.Ән. «Ертегілер әлемі» Шахназ
12. «Қазақы дастархан».Орындайтын Асылхан,Марғұлан
13.  Ән.«Қыз сыны» Гүлім
14. «Бала тілегі»Орындайтын Асылай мен Баһадүр
                              4-кезең. Не білдік? Нені үйрендік?
Мұғалім:Аз уақыт ішінде балалар мектептен тәлім-тәрбие алып,,өнер үйреніп,жыл бойы білімгежол ашқан даярлық тобынан не білдік,нені үйрендік?Сөз кезегі өздеріңде балалар!
Шахназ:
Оқуды,жазуды,есепті шығаруды,ән айтып,би билеуді үйрендік.
Дәулетхан:
Үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды,жерімізге,елімізге жақсылық жасауды үйрендік.
Гүлмәуе:
Отанды,ата-ананы,халқымызды,достарымызды,табиғатты аялауды  үйрендік.
Асылхан:Жақсылық пен жамандықты,адалдық пен арамдықты,ақ пен қараны білдік.
Гүлім:Адал азамат,оқымысты ғалым,елін,жерін сүйетін нағыз адам болуды үйрендік.
Мұғалім:
Қайырлы болсын, балапан,
Білімге қадам басқаның.
Сөмке асынып арқаңа,
Мектеп есігін ашқаның.
Айналайын дарын бол,
Сөнбейтұғын жалын бол.
Жақсы оқып ер жетіп,
Қатардан асқан ғалым бол!Міне,бүгін кешегі сәби бүлдіршіндеріміз оқушы қатарында. Сіздердіңсенімдеріңізден шығатын ұл мен қыздар.Тәуелсіз еліміздің саналы да білімді азаматтары болады еп сенім білдіреміз.
Хор:«Әрқашан күн сөнбесін»
Қош балалар,сәт сапар,
Бақытты бәрің болыңдар.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік алыңдар.
Үлгілі бала болып жүрген,
Сендерді ұмытпаймыз.
Естелік болсын сіздерге,
Сыйлықтарды сыйлаймыз.
Осымен «Қош бол,тәтті,балғын шақ!»атты ертеңгілігіміз аяқталды



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-204457

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG