Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / "Қош бол,құтты Әліппем!"ашық сынып сағаты

"Қош бол,құтты Әліппем!"ашық сынып сағаты

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

«Қош бол,құтты Әліппем!»

Бастауыш сынып мұғалімі: Жусупова М.И

Жүргізуші: Жеміске құты тола ма,

Бір-бірлеп теріп алмасаң?

Әп-сәтте шыға қоя ма,

Еккен дәнің ойласаң?

Білім де сондай,қарағым,

Біртіндеп сіңер ойыңа

Ұғып ал білім боларын

Шам-шырағың жолыңда.

Көлге ойнаған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болар әліппе; - деп ақын М.Әлімбаев ағамыз жырлағандай...

Құрметті ата-аналар!!!

1 сыныбының «Қош бол,құтты Әліппем» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!!!

Әліппе – барлық ілім-білімнің басы.Әліппе – ғылым анасы.Төрт ай бойы 42 әріпті оқып-жазуға үйренген,өлең жаттап тілдерін жаттықтырған,жаңылтпаш айтып тілдерін ширатқан,шағын мәтін,ертегілерді оқып,мазмұнын айтуға үйренген 1 «В» сыныбының талантты,өнерлі,әдемі оқушыларын ортамызға шақырамыз. (оқушылар кіреді).

Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,

Ақылына әлем халқы бас ұрсын!

Деген асыл ниетпенен ағайын,

Ақ жолына той шашуы шашылсын!



Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден құралған даналарым.

Өзі жазып оқитын халге жетті,

Құтты болсын білімің,балаларым!

1-бала:Армысыздар аналар!

Армысыздар ұстаздар!

Болашаққа жол бастар,

Балаң келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Болашағы қазақтың,

Басталады біздерден.

2-бала:Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

3-бала:Ең алғаш алғанымда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

4-бала:Әліппе даңғыл жол ашып,

Жаңа пәнмен жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған,

Рақмет ұстазға алғашқы!

Ән «Мұғалім – ол біздің»

5-бала:Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте.

Оқимыз қазір ертек те,

Үйретті оны әліппе.

6-бала:Осылай алға аттадым,

Әр әріпті жаттадым.

Жаттаған сайын әріпті,

Сөз құрап жаза бастадым.

7-бала: «Әліппе» деген – алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес,ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

8-бала:Ашыла берді алдымнан,

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдар алтыннан,

Әліппе білім бесігі.

9-бала:Әліппе – білім анасы,

Әліппе – кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы.

10-бала:Жақсы кітап «Әліппе»,

Үйретеді әріпке.

Қуыршақпен қоштастық,

«Әліппемен» достастық.

А-дан бастап әріпті

Түгел маған танытты.

Жүргізуші: Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Балалар: Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті Әліппе.

Жүргізуші:Бар кітапқа бас болған,

«Әліппе» - ғылым ағасы,

«Әліппеден» басталған

Даналықтың данасы- деп,бәрімізге қымбат дос Әліппені ортаға шақырайық.

Балалар: Әліппе,Әліппе,Әліппе!!!

Әліппе: Сәлеметсіздер ме,балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе,Әліппе!

Әліппе: Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң менен әпкең де.

Армысыздар жас достар!

Армысыздар,ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Алфавитті біліңдер,

Онда қалып жүйе бар

Айтыңдаршы,балалар,

Біздің қазақ тілінде

Қане,қанша әріп бар?

Балалар: 42 әріп

Әліппе:- Ендеше балаларым көрсетіңдерші,әріптер сендерге не үйретті?

«А»: Атама орағын Алтын,

Ай сыйлаған.

Ақ бұлттар аспанда-

Ақ мақта жинаған.

«Р»:Ара,ара,аралар,

Гүлден сорып бал алар.

Алысқа ұшып бара алар,

Бал тәтті ғой,балалар!

«Ш»:Шаян,шаян,шаян-ай,

Шағасың ба аямай?

Шалдуар ұл болсам да,

Шошынамын таямай.

«І»:Інісіне жағалы,

Ішік іздеп бағалы.

Іңкәр әлі күтіп жүр,

Інген мінген ағаны.

«Қ»:Қарбызы мен қауынын,

Жинап жатты ауылым.

Алмақ едім үлкенін,

Ауырын-ай,ауырын!

«Ж»:Жымыңдайды жұлдыздар,

Жарқырайды Ай жалғыз.

Жағада жүр ұл-қыздар,

Жалғыз отыр Айжан қыз.

«П»:Пай,пай тіпті күш алмай,

Піл қорықты тышқаннан.

Пана таппай жортады,

Пәледен жаман қорқады.

«Е»:Есек бірде еңіреп,

Есі кетіп ақырды.

«Есеп қиын екен» - деп,

Ешкі досын шақырды.

«Л»:Лағым суға түсті ырғып,

Лайлады бұлақты.

Лайықсыз іс қылып,

Ластады құрақты.

«З»:Зейнегүл-ау,Зейнегүл,

Зер дегенің осы ма?

Зерікпестен жейдені,

Зерлегенің осы ма?

«В»:Верандада Вова ағай,

Велосипед майлады.

Ваня барып вокзалға,

Валя әпкесін қарсы алды.

«Ө»:Өрмекші кетіп барады,

Өрмегін тоқып масаға.

Өнермен жемін табады,

Өрмелеп жүріп тасада.

«Ы»:Ықылас пен Жасыбай

Ыдыстарын тасымай,

Ырыскүлден үлгі алмай,

Ынтасыз жүр тілді алмай.

«О»:Отан – жерім,

Отан – суым,

Отан қуат,нәр береді.

Отан – ұран,

Отан – туым.

Отан мәңгі гүлденеді!

«Ә»:Әліппені оқимын,

Әріптерін жазамын.

Әпкемнен көп үйреніп,

Әсем үйлер саламын.

Жүргізуші:Ал,қанекей достарым,

Асқақ әнге салайық.

Думандатып мейрамды,

Шырқап-шырқап алайық.

Ән «Әліппе»

Әліппе: Жақсы ,рақмет, жас достарым!

11-бала:Әліппем ,менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңің сәуле жарықпен.

12-бала:Әліппені бітірдім,

Жаза аламын атымды.

Әліппені бітіріп,

Бала болдым ақылды.

13-бала:Аяқтадық сені міне, «Әліппем»,

Достастырдың бізді барлық әріппен.

Кітаптарды енді оқи береміз,

Ой жіберіп тереңінен танып кен.

14-бала:Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана,қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Әліппе: - Жарайсыңдар,балғындарым.Өнерлерің өрге жүзсін.Мен енді досымды ортаға шақырсам ба? – деп тұрмын.

Музыка ойнайды.Ортаға «Ана тілі» келеді.Оқушылар «Ана тілі» келді! – деп қуанысады.

Әліппе: - Мені оқып тамамдадыңдар,бұдан былай «Ана тілі» оқулығын оқитын боласыңдар.

Балалар: Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Ана тілі: Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымың.

Түсіндірер бәріне

«Ана тілі» пәнімін.

- Армысыңдар,жас достар!Сендер мені таниды екенсіңдер,рахмет!

Жүргізуші:Келіңіз,төрлетіңіз!

Ана тілі: - Мен сендерді «Қош бол,құтты Әліппем!» мерекелеріңмен құттықтап,дайындықтарың қандай екенін білу үшін бірнеше тапсырмалар алып келдім.

Әліппе: - Ал мен осы тапсырмаларды орындата отырып,Әліппені қалай меңгергендеріңді байқаймын.

1-тапсырма: Бірнеше мәтіндердің тақырыптары берілген.Ішінен Әліппеден оқыған мәтіндердің атын тауып көр.

«ҚАҚПАШЫ», «ЖАРЫС», «ҚҰСТАР», «ЕМЕН», «ВОКЗАЛ», «ӘЖЕ» т.б

2-тапсырма: Суреттердің бірінші әріптерінен сөз құрап жазу.

«АНА», «ӘКЕ», «БАЛА», «МЕКТЕП!, «ОТАН»

3-тапсырма:Осы сөздерге қатысты мақал-мәтелдер айтып көр.

КІТАП,ОТАН,БІЛІМ,т.б

- Кітап-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

- Жақсы сөз-жарым ырыс.

- Үлкенге-құрмет,кішіге-міндет.

- Отаным-алтын бесігім.

- Білімі жоқ ұл-жұпары жоқ гүл.

- Көп жасаған білмейді,көпті көрген біледі.

- Кісінің кісілігі киімінде емес,білімінде.

4-тапсырма: «ҚОЛШАТЫР»сөзінен бірнеше сөз құрастырыңдар.

/қол,шатыр,от қор,ор шал,шар,шыт,лақ,шот,ашық,тал,талшық ,тақыр,оқ,қора/ 16 сөз

5-тапсырма:Алдымен жұмбақ жасырамын,сол жұмбақтың шешуіне байланысты суреттердің арасына цифрлар жасырынып қалыпты,соны тауып көріңдер.

- Қысы-жазы бір түсте. /шырша/

3-/көбелек/, 1-/шырша/, 5-/алма/, 8-/матр(шка/, 6-/көзілдірік/, 2-/аққу/, 7-/саңырауқұлақ/

6-тапсырма: Ал мына кемпірқосақтың арасына не жасырынғанын қызыл түспен бояу арқылы біле аласыңдар. /Кемпірқосақтың суретін таратып беріп,қызыл түсті бояумен бояту/краска/.Алдын-ала майшаммен әр баланың атын ашық қалған жолаққа жазып қойдым/.

Ана тілі: Сендерге көп рахмет,білімдерің өрге жүзе берсін!

Барлық тілді үйренесің сен әлі,

Әдемі ұлдар мен қыздар болып саналы.

Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа,

Өз еліңнің туын көтер жоғары.

Мен анамды ұғындым деп мақтанам

Тілін білдім,жырын білдім сақтаған

Өз анасын сыйламаған пақырлар

Отанын да сыйламайды балалар

Өз ана тілдеріңді қадірлеңдер

Мені жақсы оқыңдар.

Әліппе:-Балалар,мен сендерге өте ризамын.Мені жақсы игеріпсіңдер.

Оқуда зейінді бол!

Еңбекте бейімді бол!

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын дәптерің,

Күнделігің беске толсын,

Тоқығаның есте болсын.

Айналайын балғындар,

Меннен білім алдыңдар.

Әр сөзімді жаттаған

Достар үшін мақтанам

Риза болып аттанам

Алда ұзақ жасым бар

Аман-есен болыңдар!

15- бала:Қош бол,құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреткен!

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеткен.

16-бала:Таныстырған 42 әріпке,

Қош бол,менің қасиетті әліппем.

Сенің арқаң оқи,жаза аламын,

Сауатты адам сапасына кіргенім.

17-бала:Қош «Әліппем» биіктеткен асқарға,

Қанат берген шарықтауға аспанға.

Қоштассақ та ұмытпаймыз өзіңді,

Тапсырамыз іні-қарындастарға.

Әліппе: -Хош,сау болыңдар,балғындарым.

Балалар: - Хош,сау болыңыз,Әліппе! Сізге рахмет!



Жүргізуші: «Ана тілі» сені де жақсы оқып меңгереміз деп сенім білдіремін.Ортамыздан орын алыңыз. «Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым ойлап қой»-деп Абай айтқандай осы бес қасиетті ойымызға дарыту үшін «Ана тілін» де меңгеруіміз керек.

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Ата-аналар қаттырақ қол соғындар,

Бишілердің билері қандай жақсы.

Би: «Ертегілер»

Жүргізуші:Өнерсіздік бас айып

Ән мен күйге басайық.

Ата-анамен бірлесіп,

Жаңа ойын ашайық.

Ойын: «Өз орына қайтарып қой» - балалар

«Золушка» - қыздар

«Рукодельница» - аналар мен қыздар

«Спринт» - ата-аналар мен балалар

«Баланы киіндіру» - ата-аналар

Жүргізуші: Балалар,сендердің оқуларыңа әке-аналарыңның,ата-әжелеріңнің,аға-әпкелеріңнің де көмегі көп болды.Енді бәріміз туысқандарымызға өз ризашылығымызды білдірейік.

- Анам – күнім,жүрегім.

- Әкем – өмір тірегім.

- Әжем – асыл ардағым.

- Атам – қамқор асқарым.

- Әпкем – саям тілегім.

Жүргізуші: - Қымбатты менің оқушыларым,бүгін өздеріңнің білімдеріңді,өнерлеріңді көрсетіп, «Ана тілінің» тапсырмаларын ойдағыдай орындап,қаншалықты дайын екендеріңді көрсеттіңдер.

Ата-ананың тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің, – деп келесі сөзді ата-аналарға береміз.

Балаларға сыйлық таратылады.



Ата-ана қуанып шаттанады,

Оқыды деп баласы мақтанады.

Алдарыңа бұлардың кім шығыпты,

Барлық маман мектептен басталады, - деп сөз кезегі мектеп директорына беріледі.

Жүргізуші: Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

Білімдерін ары қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын!

Құтты болсын осы шаттық күндеріңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүздеріңіз әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

-Мерекелеріңіз құтты болсын!!!

Ұлы халқым есептескен текпенен,

Ата салтын ешкім аттап өтпеген.

Мың пәледен құтқарады бір бата,

Адам болмас бата естіп өспеген, - деп атамыздан бата сұраймыз.





hello_html_1c38f876.png



hello_html_m4b73ef70.png

Автор
Дата добавления 03.04.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров46
Номер материала ДБ-005498
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх