Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "Қош келдің, Алтын күз!" Мектепке дейінгі тәрбие "Қарлығаш"тобы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

"Қош келдің, Алтын күз!" Мектепке дейінгі тәрбие "Қарлығаш"тобы

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Қош келдің , Алтын күз!»

Мақсаты:  Күз туралы және күзгі табиғат құбылыстарының ерекшеліктері
жөнінде мәлімет бере отырып, балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру. Сөздік қорларын молайту,білімдерін дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой – өрісін дамыту. Табиғатты аялауға, қорғауға баулу.

(Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді)

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Берекелі де, мерекелі Алтын қүз баршаңызға құтты болсын.Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне біздің бүлдіршіндеріміздің дайындаған кішігірім ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ендеше бүлдіршіндеріміздің өнерін сіздерге ұсынамыз.

Бүгінгі мерекемізді «Күз келеді» атты көңілді әнмен бастасақ. Қабыл алыңыздар!

Ән: «Күз келеді»

Жүргізуші:Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!

- Ал, балалар, балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

-Дұрыс, күз мезгілі. Ал, күз мезгілінде қандай өзгерістер болады екен?

Балалардың жауаптары:

-Күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі, күн салқын болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жаңбыр жауады, көкөніс пен жемістер піседі.

Жүргізуші:Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз - «Алтын күзді»шақырайық!

(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді)

Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар!

Сәлеметсіздерме, қонақтар!

Мен - Алтын күзбін!

Жайдары, жарқын жүзбін.

Қонаққа келдім сендерге.

Жүргізуші:Иә, Алтын күз қош келдің біздің мерекемізге, жол жүріп шаршаған боларсың, мында отырып біздің балалардың бүгінгі мерекеге дайындаған өнерлерін қабыл алыңыз.

Жүргізуші:Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін

Мақтанбақшы сендерге , көкөністер сан түрлі!

Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды.



Пияз - Айдынбек:

Асханадан шықпаймын,

Атым - пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан да сақтаймын!



Қызанақ - Сымбат:

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен- қызанақ,

Күнге қарап ұялып!



Картоп - Асель:

Картоп-біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз!

Сәбіз - Дархан:

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз!

Қияр - Нурислам:

Көктеп ерте шырмалып,

Өсемін мен бүр жарып.

Атым-қияр, теріп ал,

Жиі жиі суғарып.

Асқабақ- Мақсат:

Күзді күтіп жатамын,

Жиып нәрді бойыма.

Асқабақпын, жараймын,

Қыстай сақтап қоюға.

Қызылша - Нағима:

Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім қанға нәр.

Зияным жоқ біліп қой,

Қызылшамын, пайдам бар.

Қырыққабат-Мейрамбек:

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын,

Қабат-қабат киініп,

Қырыққабат атандым.



Алтын күз: Бәрекелді, керемет!

Жүргізуші: Ал енді біздің биші қыздарымыз сізге қолшатырмен би билеп бермекші. Биші қыздарымызды ортаға шақырайық. Қолшатырмен би.

Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Қолшатырларың қандай керемет! Қандайақылды балаларсыңдар!

Жүргізуші:Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесізбе?

Алтын күз: Білмейді екем...

Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз. Ойын «Көкөністерді жемістерден ажырат»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам.

Алтын күз: Иә расында да бәрі шапшаң балалар екен.

Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар көкөністер туралы тақпақтар айтып қана қоймай, адам ағзасына пайдалы дәрумен, жемістер туралы тақпақтар да біледі. Қане ендеше жемістерімізді ортаға шақырайық.



Өрік-Нурасыл:

Өрікпін мен өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін.

Баптап мені күткен соң,

Талды бойлап өріппін.

Шие-Асылан:

Шиемін мен шиемін,

Піскенше тон киемін.

Бала келсе піскенде,

Басымды мен иемін.

Алмұрт-Ақниет:

Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Жүзім-Айтолқын:

Өзім шебер жүзіммін,

Толып пісіп үзілдім.

Бақшасында бағбанның,

Моншақ болып тізілдім.

Қауын-Асылжан:

Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған,

Балдай тәтті қауынмын.

Қарбыз-Бағлан:

Көрсең егер бақшада,

Доп екен деп қалма.

Шөл қандырар қарбызбын,

Ерте үзіп алма!



Алтын күз: Рахмет, рахмет қандай өнерлі, қандай білімді балалар өзі.

Жүргізуші: Алтын күз, біздің қыздарымыз аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Солай ғой, қыздар? Ендеше «Алтын күз-2014» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: Келесі кезекті Алтын күз балаларымыз әдемі ән мен күз мерекесінің сәні сары алтын жапырақтармен ұсынғалы отыр.

Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, бүгінгі сендердің өнерлеріңе тәнті болып отырмын, сендерге алғысым шексіз, әкелген сыйлығымды қабыл алғайсыңдар. Менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!

Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді)

Жүргізуші: Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Ал, келген қонақтарымызға « Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.







































Автор
Дата добавления 11.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров76
Номер материала ДВ-517766
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх