817187
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5 480 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1 400 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 60%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до 28 февраля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік іс-шара

«Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік іс-шара


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.


«БЕКІТЕМІН»____________ «КЕЛІСЕМІН» ____________

Мектеп директоры Тәрбие ісі жөніндегі Е.Б.Канапьянов орынбасары Ғ.Қ.Ағыбаева











«Қош келдің, Наурыз!»

атты мерекелік іс-шара

жоспары















Жауапты: 10 сыныптар






Үшбиік 2015



Мақсаты: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: киіз үй жабдықтары, видео-слайд,

Барысы:

І.Ұйымдастыру

Фан-фара /әуен/

Шырын:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Той дабылын қағып тұрған,

Мұнда қауым думан бар!



Ботағазы:

Наурыз тойы басталды,

Көргендерде арманда.

Көрмегенде арманда,

Қызықтан тыс қалмаңдар!



Шырын: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі ұлыстың ұлы күні – ата-баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы– бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Қазақтың ұлық мерекесі 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланады . Көктем мен Жаңа күн мерекесі.

Ботағазы: Иә, Наурыз сөзі нау – «жаңа», рыз –« күн» деген сөзден шыққан! Яғни бұл қазақша күнтізбеде жаңа жыл мейрамы. «Жыл басы Наурызда айтылған ақ тілектің бәрі толық орындалады»,- деп ата-бабамыз айтып кеткен. Сол секілді баршаңызға жаңа бақыт, жаңа шаттық, жаңа өмір, жаңа қуат тілейміз.

Шырын:

Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Шашу шашылады. /Қымбат апа/


Ботағазы: Құттықтау сөз білім ордасының директоры Ерзат Бияхметұлы Қанапьяновқа беріледі.


Шырын: Қадірлі қауым! Сіздерді наурыз мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, берекелі бірлік, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз. Әрбір шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Ботағазы: «Береке басынан басталады» демекші, «Жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен.

Шырын: Бұның мәні: Дала аралаған Қыдыр Ата келіп «Қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қыдыр Ата келе жатыр дейді. Уа, халайық, ендеше «Қыдыр Атаның» батасын алайық


Қыдыр ата – 10 «А» сынып оқушысы Масалимова Ай-Күннің папасы Құрманғазы аға

Ұлыстың ұлы күнінде,
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын,
Қыруар малың өріске толсын,
Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,
Сөздерің серттей берік болсын,
Еккендерің өнімді болсын,
Өмірлерің көңілді болсын,
Төрт - түлік төлді болсын,
Баққандарың шөлді болсын,
Ақ көп болсын,
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Сапарларың оң болсын,
Дәулетіңді асырсын,
Дұшпаныңды басырсын.

Әумин!

Ботағазы:

Тарт күйіңді, домбыра!

Төгіл, төгіл тәтті күй,

Тау суындай сылдыра,

Желпін, желпін жел соқтыр!

Тәтті-тәтті күйге тарт

Көргеніңді күй қыла,

Құлшына тарт, домбыра, дей келе мектебіміздің күйшісі Ануарбекова Аяжанды «Той бастар» күйімен қарсы алыңыздар!


Шырын: 10 «Ә» сынып оқушысы Айжан Төлеубекованың орындауында «Наурыз – думан» әнін қабыл алыңыздар.





10 сыныптың көрінісі
Ауыл көрінісі. Тігілген үй. Бірі – күйеу жігіттің үйі, екіншісі –қалыңдықтың үйі. Келісіліп қойылған құдалар қызды ұзатып өз үйіне алып кетуге келеді. Ұзатылатын қызды үйден алып шығады. Екі жеңгесі қыздың жолы ақ болсын деп ақ матаны қыздың жүретін жолына төсейді. Қыздың жүретін жолында туыстары онымен қоштасады. Осы кезде сахна артынан әкесінің 
«Қызыма» атты өлеңі айтылып тұрады. Қыз жылап, «Сыңсу» айтады.

Базардан келген құйысқан
Тарамай шашым ұйысқан.
Келіп кетіп жүріңдер,
Сағындырмай туысқан.

Туған ел-жұртым аман бол!
Ағайын ,жекжат сау бол!

Ақсақал кісі қызға жолың болсын,бақытты бол деп 
бата береді.


Құдайым сені қолдасын, еш жамандық болмасын.
Тілдінің тілінен сақтасын, көздінің көзінен сақтасын.
Жолың ақ болсын. Барған жерде бақытты бол, шырағым!
Судай сіңіп, тастай батып кет! Әумин!

Қыздың жеңгесі сөзі:
Қарағым бізден кетіп барасың,
Жат жұртқа келін боласың,
Барған жеріңде, бақытты бол, еркем!

Қыздың жеңгесі, осыларды айтып, күйеу жігітке тапсырады. Күйеу жігіттің жеңгелері, қызды қабылдап алып,
сөйлейді:

Бізге келген қадамың, құтты болсын, шырағым,
Өсіп –өніп, ата-енеңе сыйлы бол.
Келін емес, қыздай болып, сіңіп кет, ортамызға!
Күйеу жігітке тапсырып бірге, екеуі ауылына қарай төселген ақ жолмен ақырын жүреді.


Ботағазы:

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық! Тұрысбекова Шырынның орындауында «Сарыжайлау» әнін қабыл алыңыздар!



Келіннің келе жатқанын ауылға хабарлап «Сүйінші, сүйінші» деп бір бала жүгіріп келеді. (Бекмұхамбет ). Үлкен киіз үйде отырған әжелер мен апалар келіннің алдынан шығып, шашу шашып күтіп алады. Отқа май құйып , келінді ішке кіргізеді.

Әжей: Қане, шырағым, келіндер, келінді беташарға алып шығыңдар.

Екі жеңгесі келінді алып шығып,ортаға тұрады. Қалың көпшілік киіз үйден шығып, келінді ортаға алып тұрады.

Беташарды айтатын ер кісі:  
 Келін келді көріңіз,
  Көрімдігін беріңіз.
  Анау-мынау демеңіз,
  Түсін айтып қойыңыз,-
   Құлағың сал көпшілік,
  Домбыраны қолға алып.
  Тереңінен жүректің,
  Тебірене толғанып.
  Беташарға қам жасап,
  Әсем жырды толғалық,
  Қадам басты екі жас
  Ақ тілекті жолға анық.
  
Атасы мен анасы,
  Айналады толғанып.
  Той тамаша басталды:
  Куә соған бол, халық!
  Шын көңілден қуанып,
  Шаттанғанға не жетсін,
  Ақ көңілден лебізді,
  Ақтарғанға не жетсін.
  Сыйластығын  көңілдің.

Келінді үйге кіргізерден алдында , ақсақал жас келінге бата береді:
Әуелі құдай оңдасын, 
Періштелер болсын жолдасың 
Ақ батамыз пәк болсын! 
Ақ ордаңа бақ қонсын! 
Жас отауың басқа толсын! 
Аллаһ мың бір атты пәледен сақтасын! 
Тілдінің тілінен сақтасын 
Көздінің көзінен сақтасын 
Кезенгеннің кезінен сақтасын 
Өсек, аяң күндеуден 
Пәле – жаланың бәрінен 
Бір Аллаһ сізді сақтасын. 
Әумин, Аллаһу әкбар! 


Шырын: Уа, халайық, ауылымызға келін келгенде біз қалайша тыныш отырамыз, қанекей ортаға шығып би билейік!
Келіннің бетін ашып, жұрттың алдында біраз тұрады. Ауыл балалары шуылдап қуанып , сол жерде
ұлттық би «Қара жорға» биін билейді. Көрермендерді биге шақырады.
Шырын:

Наурыз жырын жырлаймыз
Онымен де тұрмаймыз.
Шыңдалып жеткен бұл күнге,
Ел дәстүрін сыйлаймыз деп «Балаға ат қою», «Бесікке салу» көрінісімен
Ботағазы: Наурыз тойына арнап өзінің көркем дауысымен сіздерді тамсандыруға 9- сынып оқушысы Ақсақалова Зульфияны «Наурыз» әнімен ортаға шақырамыз.

Шырын: Ендігі кезекте сахна төріне «Тұсау кесу» рәсімімен 9 «А» сыныбын шақырамыз.

Ботағазы:

Қимылынан еседі мың бір арман,
Тамашалап тамсанбай кім тұра алған
Жадыратар жаныңа жылу сыйлап
Бишілері қазақтың мың бұралған – деп 9 сыныбының биші қыздарын ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар.

Шырын: Мектебіміздің күміс көмей әншісі Есмұхамбетов Жалғасты « »
әнімен ортаға шақырамыз.

Ботағазы: Мектебіміздің мың бұралған бишісі Амангельдиева Еркежанды «Аққу» биімен ортаға шақырамыз.

Шырын: 10 сыныптардың «Төрлет, Наурыз» әнін қабыл алыңыздар!


Ботағазы:

Көкпар, бәйге, қыз қуу, асық ойын,
Наурызда ойналады ұлттық ойын
Төлдейді сиыр, түйе, бие, қойың
Құтты болсын жанары келген тойың,– деп ендігі кезекті ұлттық ойынымызға берсек.

9 «А» сынып:

9 «Ә» сынып:

10 сынып: Амангельдиева Еркежан ойын ұйымдастырады.


Жүргізушілер бірге:
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!



Краткое описание документа:

Мақсаты: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: киіз үй жабдықтары, видео-слайд,

Барысы:

І.Ұйымдастыру

Фан-фара /әуен/

Шырын:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Той дабылын қағып тұрған,

Мұнда қауым думан бар!

Ботағазы:

Наурыз тойы басталды,

Көргендерде арманда.

Көрмегенде арманда,

Қызықтан тыс қалмаңдар!

Шырын: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі ұлыстың ұлы күні – ата-баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы– бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Қазақтың ұлық мерекесі 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланады . Көктем мен Жаңа күн мерекесі.

Общая информация

Номер материала: 309783



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по подготовке учащихся старших классов к сдаче экзаменов»
Курс повышения квалификации «Основы музейной педагогики в работе учителя как одно из условий реализации Федерального государственного образовательного стандарта (ФГОС)»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.