Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыҚош келдің Наурыз! Шұғыла тобы.

Қош келдің Наурыз! Шұғыла тобы.

Скачать материал

№50 «Заңғар» бөбекжайы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қош келдің  Наурыз!

 

 

 

Қазақтың 22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған наурыз тойы.

 

 

 

«Шұғыла, Байтерек, Балауса топтары»

 

 

 

 

 

 

 

                                                       

 

                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

Орал-2016

 

          Қош келдің  Наурыз!

Залдың іші безендіріліп, төрде үлкен киіз үй құрылып тұрады, үй іші – халықтың ұлттық ою - өрнегімен, үй жихаздарымен ,сандық, қоржын, қазақы дөңгелек стол, домбыра, қамшы, аң терісімен безендірілген. Әуенді «Сарыарқа» күйі ойналып тұрады.Балалар үстерінде қазақы киім киіп,музыка әуенімен залға кіреді.

Киіз үйдің ішінде Ақсақалды ата, бай, ауылдың қонақтары, шабандоз жігіттер отырады.

Музыкамен залға жүргізуші әже мен, қазақы киінген қызы шашу шашып кіреді.

Ортаға ақсақалды ата шығады киіз үйдің ішінен.

Ақсақал ата:                       

                                                 -Амансыңдарма балдарым,

                                                 -Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!

                                                 -Қайда барса жол болсын!

                                                 -Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын!

                                                 -Ұлыс береке берсін, Бәле-жале жерге енсін!

                                                 -Әр күніміз жақсы болсын!

                                                 -Достығымыз берік болсын, Наурыз құтты болсын! – деп атамыз балаларға бата сөздерін айтады.

Жүргізуші Әже:

                                                 Наурыз қайта оралды атыда аңыз,

                                                 Сұрамаймыз алғыс та ақы да біз.

                                                 Үй – дастархан, даламыз сахнамыз,

                                                 Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз!

Жүргізуші Қыз:

                                                Шапағатын аямай, бұл жақта аспан.

                                                Жадырайды жан-жануар мұң шақпастан.

                                                Оу, ағайын келіңдер, бүгін бізде,

                                                Наурыз-көже, құрт қатып, етін қосқан.

 

Жүргізуші Әже: Ұлыстың Ұлы күніне жиналған барша ағайын мынау Ұлыстың Ұлы күні құтты да, берекелі болсын!

Ақсақал ата:  -Уа халайық, дұрыс айтасыңдар! Осы елімізге келіп жеткен Мешін жылы молшылық, құт, береке, ырысын ала келсін! Мына толып отырған әдемі де сүйкімді  бүлдіршіндеріміз болашағымыздың үлкен азаматы мен азаматшылары болып, Қазақстанның гүлденуіне  өз үлестерін қосып жүре берсін!

Жүргізуші Қыз: Рахмет ата айтқаныңыз келсін - Әумин! Осы біздің Ұлыс күніне арнаған балаларымыздың жыр шашуларын қабыл алыңыздар!

Тақпақтар: 4 бала айтады.

Ән: «Наурыз біздің - Жаңа жыл» (балалар орындарына отырады.)

Музыка әуенімен залға атқа мініп 4 шабандоз кіреді.

Шабандоз балалар: -Уа халайық! Сүйінші, сүйінші наурыз келді !

                                              1. Наурыз мерекесі құтты болсын!

                                              2. Ұлыс оң болсын!

                                              3. Нанымыз көп болсын!

                                              4. Еліміз тыныш болсын!

Шабандоз бала: Осы мерекеге бізде өз биімізді ала келдік, қане тамашалаңыздар.

Би: Сарыарка (Байтерек тобының балалары билейді)

Жүргізуші Әже: Шабандоз жігіттер рахмет билеріңе, енді сендерде мына біздің балалармен ойнап өз күштеріңді сынап, білек сынастырып көріңдер.

Ойын: «Білек сынасу»

Жүргізуші Қыз: Ал, балалар осы бізде Наурыз мерекесі жылдың қай мезгілінде болады.

Балалардың жауабы: Көктемде. Ендеше біз балалар көктем туралы ән орындайық?

Ән:  «Көктем келді» (балалар орындарына отырады)

Тақпақтар: 3 бала. (Балауса тобы)

 

Музыка әуенімен залға қолында таяғы бар әуендетіп Тазша бала кіреді.

Тазша бала: Ой жана ғана мен аспанда ұшып жүріп,  ол жақта жұлдыздардын арасынан керемет бір үлкен терек көрдім, бірақ теректерде толған кәмпиттер, ойыншықтар, өсіп тұр екен, ал сендер балақайлар сондай теректерді көрдіңдерме? Ал аспанда жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр, ал сендерде жаңа жылды тойлап жатырсыңдарма?

Жүргізуші Әже: Ал балақайлар бізге келіп өтірік өлеңдерін айтып тұрған бұл бала кім екен? Сендер оны таныдыңдарма?

Балалардың жауабы: Тазша бала.

Тазша бала:

                                               Ей!-айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым,

                                               Қой қылып құмырысқаны жаздай бақтым.

                                               Бір пілді үш қонаққа сойып беріп,

                                               Жарты етін алып қалып пайда таптым.

 

Тазша бала: Балалар  шал болған кезімде күрескенде  бес жігітті бес жаққа лақтыра салушы едім. Қазір жасарған кезімде күшім тасып күрескім келіп тұр. Қане достарым тамаша бір күрес көрсетіп беріңдер! Кім күшті? Менімен күресер кім бар?

«Қазақша күрес әдістері»

Тазша бала: Ай бәрекелді! Неткен күшті жігіттер.

                       Нағыз палуан болар батырлар екенсіңдер.

Жүргізуші қыз: Біздің қыздарымыз да өнерлі.

Би: «Киіз басу» (Балауса тобының қыздары билейді)

Залға сүйінші сұрап  шабарман кіреді.

Алақай дүниеге бала келді! Ұл бала келді!

Бала көтеріп келіншек кіреді.

Әже: Айналайын бауы берік болсын. Атасы немереңнің атын өзің қойып бер.

«Ат қою» салты көрсетіледі.

Балауса тобы.

Ата: Ал әжесі бесігіңе бөлей қой.

«Бесікке салу» салты көрсетіледі.

Байтерек тобы.

Екінші әже: Бүгін менің немерем алғашқы қадамын жасады.

«Тұсау кесу» салты көрсетіледі.

Шұғыла тобы.

 

Осы кезде атқа мініп әндетіп Алдар Көсе кіреді.

Алдар Көсе:                      

-Мен Алдармын,Алдармын,

Сақалым болса талдармын.

Сақал түгел мұртта жоқ,

Мендей қулық жұртта жоқ.

   А-а-а, Е-е-е, О-о-о-о-деп өлеңдетіп келеді.

Саламатсыздар ма балалар. Мұнда наурыз мейрамын тойлап жатыр екенсіңдер. Менің жол болған екен. Мейрам құтты болсын. Балалар бүгін мен кімді алдасам екен-ай.

Жүргізуші Қыз: Ой, Алдар аға ортамызға қош келдіңіз!

Осы кезде Бай атпен ортаға шауып келеді.

Алдар: Баймен амандасады. (осы кезде қулана қолынан шап беріп ұстап алады да)

-Ау, байеке мынауыңыз қалай тонып қалғансызба?

Бай: -ия мен қанша қалың киінсемде, денем мұздап тоңып жүреді, Беліме суық ұстап қалғанба, қозғалтпай қалды ғой?

Алдар: Неге байеке, мына менің мына шапаным қанша жыртық шұрық тесік, жамау-жамау болсада, мен тоңбаймын, еш жерімде ауырмайды.

Бай: Қой, қой енді сен мені алдап шапанымдыда алмақсынба, оның бола қоймас!

Алдар: Рас айтам байеке, бұл шапанның сырын айтайын, оның себебі шапанға кірген  жел мына тесігінен кірсе, мына тесігінен шығып кетеді.

Бай: таңданып басын шайқап, шын айтасыңба ей?!

Алдар: шын сөзім байеке.

Бай: Ойпыр-ай, шыныменде солай болса, кел онда екеуміз шапан айырбастайық

Алдар: Қойыңыз байеке бұл шапанымды ешкімге бермеймін. Бұл шапан қымбат тұрат.

Бай: оу, алдар шапаныммен қоса атымды берейін.

Алдар: жарайт қоймадыңыз ғо, тауыңды қайтармайын.

 

(екеуі шапан ауыстырады)

Алдар: Шапанды ала сала, балалар міне мен байды қалай алдадым көрдіңдерме? Наурызда байдың алдап жаңа шапанын киіп алдым, қандай жылысынай! – дейді. Бай: басын ұстап айқайға басады, ойбай, ойбай мына Алдар мені тағыда алдап соқты.

Алдар  атпен шауып артынан бай қуады.

Жүргізуші Әже: Оу, ағасы Алдардың бір еркелігін көтермейсізбе? «Наурызда көк таста жібиді» - деген. Байеке жыл бойғы ренішті ұмытып, тәубеге келер, татуласар күн бүгін.

Бай: Жарайды олай болса мен бұл Ұлыс күнінде ешкіммен  ренжіспейін.  

Алдар мен Бай татуласады.

Жүргізуші қыз: Алдар мен Байеке мейрамда қонақ болып, балаларымыздың өнерлерін тамашалап, демалып төрге жайғасып отырыңыздар.

Би: «Ұлдар биі» (Шұғыла тобының ұлдары билейді)

Алдар: Байеке кел мында бұл мерекеде мына балдармен бірлесе екеуміз арқан тартып көрейік.

Ойын: «Арқан тартыс»

Алдар Көсе, Бай, Тазша бала әндетіп қоштасып шығып кетеді.

Ал, қане балалар мен енді өзімнің еліме кетейін, дастархандарың  мол болып, Өнердің өрінен, балабақшаның төрінен табылыңыздар, сау болыңдар.

Ән: «Наурыз келді алақай!»

Тақпақтар: 3 бала. (Балауса тобы)

Би: «Кесе»  (Шұғыла тобының қыздары билейді)

Ақсақал ата: Ал, балалар алысқа кеткен біздің шабантоз балаларымызда келді, ал балаларым еліміздің батырда қорғаушы азаматтары болып, елдеріңді қорғап, найзаның ұшымен, білектің күшімен келген Ұлыстың күнін тойлап жатырмыз, Өнерлерің өрге озсын!

Жүргізуші Әже: Ал қанекей балалар, мына мерекеде барлығыңыз Наурыз көже мен бауырсақтан дәм алыңыздар ! -деп балаларға, ата-анаға дәм ұсынады. Шашу шашады.

Ата: бата береді.

                                       Жана жыл бақыт жылы болсын,

                                       Малың тоқ, уайым-қайғы жоқ болсын!

                                       Көген толы қозы, желі толы құлын болсын!

                                       Малың базарлы, ұлың назарлы,

                                       Қыздарың ажарлы болсын!

Әумин! Рахмет ата бата беріп жатырсыз, айтқаныңыз болсын!

Жүргізуші Әже: Балалар келіңдер барлығымыз ортаға  шығып «Қара жорға » биін билейік .

Би: «Қара жорға »

Бәріңізге үлкен рахмет! Тойларыңыз тойға ұлассын.         

                             

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қош келдің Наурыз! Шұғыла тобы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 325 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.10.2016 1022
    • DOCX 511.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есенова Венера Бекбулатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есенова Венера Бекбулатовна
    Есенова Венера Бекбулатовна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48821
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Современные педтехнологии в дошкольном образовании

Воспитатель

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Управление дошкольной общеобразовательной организацией

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Воспитательный потенциал методики Никитиных на основе идеи необратимого угасания возможностей эффективного развития способностей детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 16 регионов

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 30 регионов

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов