Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Қош келдің Наурыз" тәрбие сағаты

"Қош келдің Наурыз" тәрбие сағаты


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы; Қош келдің, Наурыз!

Мақсаты ; Ұлыстың ұлы күні ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін балаларға түсіндіру. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өсіру. Үлкенге құрметті , кішіге ізетті болуға тәрбиелеу .Халқымыздың салт –дәстүрін дәріптеу. Елжандылыққа , адамгершілікке тәрбиелеу.

Ертеңгілік барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Құрметті ата-аналар , Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен қазақ даласына Жаңа жыл келді. Наурызда күн мен түн теңеліп, табиғатта жаңадан түлейді.Ұлыс мерекесі тек жақсылық әкелсін!

Қыдыр ата келеді: Амансыңба ел-халқым, амансыңдарма балалар! Дала кезіп ,ел кезіп елімді Наурызымен құттықтағалы келдім. Мен білсем тойдың үстінен түстім-ау осы.

Тәрбиеші:Ия, Қыдыр ата дәл таптыңыз, мына бүлдіршіндерге өз батаңызды берсеңіз.

1-оқушы Наурыз қайтып оралды,аты да аңыз

Сұрамаймыз алғыста ақы да біз

Үй, дастарқан, даламыз, сахнамыз.

Ұлы мейрам-Наурызға шақырамыз

2-оқушы Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ

Қалыс адам болмасын некен-саяқ

Ән шырқап, би билейік қауым болып

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп

3-оқушы Қанекей, қарсы алайық жылдың басын

Қосылып жасқа жас, басқа бас,

Барайық келер жылға төрт көз түгел

Аман боп, алыс-жақын, кәрі- жас

4-оқушы Наурыз – шыр айналған жылдың басы

Адамның өлшенеді өмір жасы

Қазақтың пейіліне жарасады

Әр үйде дастарханда толған асы

5-оқушы Келді Наурыз жар салып,

Би билейік ән салып,

Жылда келсін Ұлыс күн

Тұрайық есен қарсы алып

6-оқушы Малдар төлдеп, қой қоздап

Сүтке бұлақ ағызған

Молшылыққа аңыз боп

Басталыпты Наурыздан

7-оқушы Сәнді көктем нұрымыз

Наурыз тойы жырымыз

Көңіл гүлдей жайнасын

Құтты болсын ,Наурыз той

8-оқушы Ой, халайық, халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық

9-оқушы Жаңарғаны сананың

Ұмытады мұны кім

Ата-салтын бабамның

Алып келді Ұлыс күн

10-оқушы Күн күліп көктен

Шуағын төккен

Келді Науырызым

Сағынып күткен

11-оқушы Жыл басы Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боянды

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды

12-оқушы Әнім де саған , биім де

Құт қонақ өзің үйімде

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде ,Наурыз,күлімде

13-оқушы Наурыз тойы береке

Наурыз тойыжыр-аңыз

Қызып дулы мереке

Қызық думан құрамыз

14-оқушы Ұлы күні Ұлыстың

Күн мен түнің теңелген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық наурыз көжеден

15-оқушы Наурызда оюлы

Ұлттық киім киеміз

Бастап ән-күй ойынды

Би билеуді сүйеміз

16-оқушы Кел балалар ойнайық

Наурыз тойын тойлайық

Баянды боп мереке

Қыр гүліндей жайнайық

17-оқушы Ұлыс бақты болсын

Төрт түлік ақты болсын

18-оқушы Ұлыс береке берсін

Пәле-жала жерге енсін

19-оқушы Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді

20-оқушы Арпа бидай бастаған

Жеті дәмнен аспаған

Наурыз көже –көп көже

Бұл тойдағы бас тағам

Тәрбиеші: Сәнге толы қазағымның тірлігі

Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі

Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді

Сезіміңді серпілтеді би енді

Би: Ұлданайдың орындауында үнді биі

«Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісінен көрініс.

Тәрбиеші; Ата-бабаларымыз қазақтың салт-дәстүрін сақтай білген.Сол мақсатпен біз бүгін ортаға әжелерімізді шақырымыз! «Тұсау кесу» рәсімі.

Тәрбиеші: «Ұлыс күні қазан толса ,ол жыл молшылық болар» деп тағыда ортаға әжелерді шақырсақ «Наурыз көже» жасалу жолын көрсетеді. Наурыз көжеден ауыз тиіп, енді біздің Асқар бата береді: Ал көтерің білекті,

Құдай берсін тілекті.

Ақ мол болсын!

Ұлыс оң болсын!



Тәрбиеші: Мейірім айы- Наурыз. Кешірім айы –Наурыз,Қанағат беріп көңілге,сабырлық берсін-дей отырып «Қош келдің , Наурыз» атты ертеңгілікті аяқтаймыз



































Біз кішкентай балдырған

Қылығымен таң қылған

Біздің орта көңілді

Отты үрлеп жандырған



Қуыр –қуыр-қуырмаш

Балдырғанға құлақ ас

Секір, жүгір тоқтама

Ой болмасын жасырмас



Балдай тәтті балдырған

Құмарыңды қандырған

Өнер тапқан саусақтан

Жоқ нәрсені бар қылған



Біз бақытты балдырған

Ұшы аяқ талдырған

Сөздің сырын түсінбей

Небір сұрақ жаудырған




Автор
Дата добавления 20.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров38
Номер материала ДБ-275711
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх