Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / «Қош келдің, Наурыз!» тәрбие сағаты
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

«Қош келдің, Наурыз!» тәрбие сағаты

библиотека
материалов

«Қош келдің, Наурыз!» мерекелік шараның сценариі

  Мақсаты: қазақ халқының Наурыз мерекесі туралы толық білуге талпындырып, ұлттық салт-дәстүрлерді, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу. Балалардың жеке ән салу, тақпақтарды мәнерлеп айта білу қабілеттерін арттыру.

Жүргізуші: Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы аламыз! Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелік тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Наурыз- «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы.

Арсен: Ау, жарандар, келіңдер! Той қызығын көріңдер! Наурыз айға бас иіп, Күнге сәлем беріңдер.

Наурыз басы: “Күнге сәлем ету”

Аружан Армысың қайырымды, Күн – Ана!

Атар таңға, шығар күнге  Тәу – тәу!

Басымызға амандық,

Елімізге береке дарыта көр!  Тәу – тәу!

Жыл басы келді, жаңғырта келді, Тәу – тәу!

Кең байтақ ұлысыма Ұлы күн келді,

Жаңа Жыл келді, Тәу – тәу!

Қайырымды Күн-Ана, тілегімді бере көр! Тәу – тәу!

Көрініс. Күн мен Түн.

Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең, күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмендер тек бірақ.

Жүргізуші:Балалар, ұлыс күнінде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен, кәне, соны көрейік.

Табиғат:

Амансыз ба, Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда болса, жол болсын.
Құралай

Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлігің ақты болсын.
Дильназ

«Ұлыстың ұлы күнінде»
«Оң болсын, - деп, - ұлысың!»
Төс түйісіп көрісер.
Көжедегі ырысын
Көпшілікпен бөлісер.
Нұрлыбек

«Наурыз көже»
Ашық болсын қос қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта - ағы бар.
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.

Ақниет Ж

«Наурыз тойы»
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді-салтымыз:
«Көгерсін!» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.

 «Ертегілер» әні орындалады.

 Ақниет Ш:

Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып, Қыс барады қиылып жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр, Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

 Жанар:

Алақай,ауылда Наурыз! Күлімдеп келіп тұр Бәріне базарлық беріп тұр, Бақшаға береке еніп тұр. 


Ән: «Ақ көгершін».

Жүргізуші: балалар, қазір сендерге мақал-мәтелдердің басын айтамын, ал сендер жалғастыру керексіңдер.  Мақал-мәтел сайысы.

Еңбек етсең ерінбей ……

Атаңның баласы болма  ……

Оқу білім бұлағы  ………

Әдептілік белгісі…..

Өнер алды ……

 Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар. Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар

 Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)     Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?  (Жауабы:  21 наурыз) 3.Наурыз күнгі тағам – “Наурызкөже” 4.Наурыз күнгі айтылатын ән: “Жарапазан” 5.Наурыз күнгі жауған қар – “Наурызша” 6.Наурыз күнгі тілекті қабыл қылатын қария – “Қызыр ата”

 

Қыдыр ата Уа, құдайым, оңдасын, Жаманшылық болмасын. Әруақ біткен жар болып, Қызыр бабам қолдасын. Аман сактап, төл басын, Еккен егін солмасын. Орта толып ырысқа, Бейбіт өмір орнасын. Бақыт ашып қақпасын, Мәңгі бақи жаппасын. Пәле-жала қазақты, Іздесе де таппасын. Әумин!

Вальс ырғағымен құшағын гүлге толтырған  «Көктем» келеді. Көктем: Ақжүніс  Армысыңдар, қырмызы гүлдей, Жайнаған менің берекелі елім. Армысыңдар, балалар! Тағы келдім сендерге, Наурыз тойын тойлайтын, Келіп жеттім елдерге. Гүлге толы құшағым, Құлпырады кең далам. Тіршіліктің бастауы Гүл көктемің мен болам.


 Жүргізуші: Бәрекелді, көңілімізге гүл сыйлаған, жарқұыратып күн сыйлаған, аманбысың, ару Көктем! Қош келіпсің! Төрлет, төріміздің сәні бол, Ару Көктем.

«Гүлдер» биі.

 Ұлттық ойын: Қожанасыр:  

Амансыңдар ма, балалар! Амансыңдар халайық! Мен Қожанасырмын, Шегі жоқ бұл даңқымның, Өмірімді арнаймын Бақыты үшін халқымның. Ақпейілмен дос болам, Жамандарға қаспын. Құтты болсын жаңа жыл Құтты болсын Наурызым!

 Жүргізуші: Бірге болсын! Қожеке, біздің балаларға әкелегн қандай сыйыңыз бар? (қалтасынан тақия алады).

 «Тақия тастамақ» ойыны.

Кішкентай бала сахнаға жүгіріп шығады.

Бала: Сүйінші ... сүйінші...

Дүниеге сәби келді, ағайын, сүйінші...

Көпшілік: Құтты болсын, бөбектің бауы берік болсын!

Осынау Ұлыстың ұлы күнінде өмір есігін ашып жатқан кішкентай періштеміздің бесік тойын тойлағанға не жетсін!

Алдымен бөбек өз атына ие болсын, азан шақырып ат қою рәсімін атап өтейік. Ал ауылдың көпті көрген ауыл әжесі өзіңіз, сондықтан азан шақырып атын қойып, бесікке бөлесеңіз, біз тыштырмаған тояр едік, солай емес пе?

Жаялыққа бөленген жас нәрестені ауыл әжесіне ұсынады.

Ауыл әжесі: Ал олай болса бүгінгі Ұлыстың ұлы тойының сыйы боп өмірге келген періштемнің есімін Наурыз қойсам деймін, келісесіздер ме?

Көпшілік: Әрине, келістік, Наурыз болсын.

Ауыл әжесі: Сенің атың- Наурыз, сенің атың – Наурыз. (Бөбектің алдымен оң жақ құлағына, содан соң сол құлағына есімін жария етеді.)

Ал әжесі, міне қазақтың қара бесігі. Ендігі кезек тағы сізде деймін-ау!

Ауыл әжесі: Бұл бесікті алдымен отпен аластау қажет, міне осылай. Содан соң бесік құралдарымен таныстырып өтейін сіздерді. Иә, мынау бесік көрпесі, жөргегі, қол бауы, құс жастығы, құс төсегі, тізе жастығы, тізе бауы, түбек және шүмегі болады. Енді бесіктің құрылысының да өз атаулары бар. Олар: алдыңғы басы, артқы басы, бел ағаш, қайқы табаны, жақтауы, тақтайшасы.

Ал, қане, Наурызжанымды бере ғой, бесікке бөлеп әлдилейік оны. Бесікке бөленген бала таза жатады, баланың қол-аяғының түзеу өсуіне септігі тиеді. Бесіктен шыққан бала керіліп- созылып рахаттанады, балаға ол да пайдалы. Бесікте жатқан балаға суық тимейді, қымтаулы жатады, естеріңде болсын, қарақтарым...

Ал бесік астына қолдарыңды созыңдар, қане ешкім де қалып қоймай тыштырмадан ауыз тиіңдер, балаларым. Ал, тыштыма...

Бөл-бөл бөбек, бөл бөбек

Бөлейін, бері кел, бөбек.

Бедерлі бесік, төрт есік,

Төгілте салдым төр төсек.

Бәрекелді, енді «Шілдехана» әнін жырламаймыз ба?

Кең жайылып Наурыздың дастарханы,

Алдымызға ақ жеңге ас тартады.

Жаса, жаса Ұлыстың ұлы күні,

Бар әлемге береке шашқан таңы.

Осынау үлкен тойда «Қаражорға» қалайша биленбейді,

Би «Қаражорға»

 Жүргізуші: Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы - Наурыз көже. Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.
- Қане, Наурыз көжеден дәм татайық

Оу, айналайын, балалар!

Тоя ішсін деп тамсанып

Жеті түрлі дәм салып

Наурыз көже пісірдім.

Оттан қазан түсірдім.

Бал көжеден татыңдар.

Бар қызыққа батыңдар.

Асқа кәрі – жасыңды

Шақырып , ием басымды.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Наурыз мерекесіне арналған мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағаныңызға рахмет! Сіздерді Наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-142514

Похожие материалы