Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Қош келдің, Наурыз" (Тәрбие сағаты)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Қош келдің, Наурыз" (Тәрбие сағаты)

библиотека
материалов

Тақырыбы;Қош келдің, әз Наурыз!

Мақсаты:Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін,дінін,ұлттық дүниетанымын,ұлттық киімін,тамағын,ұлттық ойындарын насихаттап көрсету. Тілгедеген,дінге деген ұлттық сезімдерін ояту,қазақ халқының салт-дәстүрлерін бағалап, Ұлыстың ұлы күнін мақтанышпен қарсы алып құрметтей білуге тәрбинлну.

Көрнекілігі: плакаттар,шарлар, шаңырақ,ұлттық тағамдар,түрлі суреттер,құттықтау сөздер,

Барысы.

Мұғалім:Құрметті ұстаздар,ата-аналар,қонақтар,бәріміздің көптен күткен Наурызымыз келді..

Наурыз тойларыңыз құтты болсын. Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді,тілектеріңіз қабыл болып,аман-есен тойдан тоға жетіп,ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп,жаңа жылда жаңа үміт,жаңа тіршілікпен,осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге,жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын.Бүгін біз мерекеге орай ауыл –ауылға бөлініп қойылым қоймақшымыз біздің ауылымыз «Шеңбер ауылы» деп аталады. Сондықтан Шеңбер ауылы туралы қысқаша мағлұмат бере кетейік. Тыңдаңыздар.


-1-БӨЛІМ. Шеңбер ауылы туралы мағлұмат беру.

Төремұрат:1957 жылы ақпан айында «Қараторғай» өзені бойында «Шеңбер»кеңшары бой көтерді. Тарих тағылымына зерделей қарап, терең үңілетін болсақ,Арғанаты атырабы сан қилы шежіреге толы,қойнауы құт, өрісті өлке.Арқа аруының күміс күлкісіндей сыңғыр қағып, аққан Қараторғай өзенінің бойында қоныс тепкен бұрынғы орғасын қазіргі Шеңбер ауылы. Осы өлкенің екі атауға иеленуінің сыры бар.1814 жылдан бастау алады.


Шеңберім менің

Шуақты біздің Шеңбердің елі

Сырқатымды сан емдеді желі

Топырағы тұнған қасиетті мекен

Сағындым сені

Кекті Кейкіге қорған болғансың

Ақ туым сенде,Алтын ордамсың

Асқақтап тұрар алыбың түгел-

Орманға орансын

Назды өлкем менің неткен жұмбақсың

Келешекте де көктеп тұрмақсың

Арқаға оралған ақ бөкендерім

Мекенін тапсын

Беймаза уақыт боздайды келіп,

Баянды өлкеңнен кеткен жоқ ерік

Ұлытау шыңын ықтап жатырсың

Торғайды еміп

Дей алам қалай қалып барасың

Қуатың қыран қалықтағансың

Шалғайда жатып шырайлым менің

Шарықтағансың

Ертегідегі жерұйық мекн

Тарихың тылсым тұңғиық пе екен

Қар суы менен толмаса арнаң

Жыр құйып кетем

Әнімді төгем бойда саған бар

Қауышқанымда тисе тағам дәл

Шеңберім сенсің өлең өлкесі

Мұқалтпас жырды Мұқаш ағам бар

Соғатын дәйім думанды дауыл

Жандары жомарт адал, дос-бауыр

Жырақта жатқан Шеңберім міне

Осындай ауыл


2-БӨЛІМ. Сәлемдесу рәсімін сахналау.

Ерсұлтан

Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады.. Бір-бірін көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді.Имандылық шариғатында сәлемдесуді тілмен айту-парыз.

Алдияр

Ассалаумағалейкүм! Мен адаммын. Алланың нұры жаусын.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Аслан.

Уағалейкумассалам! Мен де адаммын,адамдығымды білдіремін.Сізге де алланың нұры жаусын.

Ұлыс оң болсын,

Пәле-жала жерге енсін(Екі бала төс қағыстырып амандасады)


3-БӨЛІМ.Наурыз тойына шашу.

Айбол:Армысыздар жамағат

Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім,

Ала келген бар әлемнің шаттығын.

Қазан-қазан көже жасап,

Азан-қазан көңілменен күй кешу

Біздер үшін бақ бүгін

Сүндет:Наурыз келді нұрландырып дүниені,

Жерге басын алтын тәжді күн иеді

Бүкіл әлем жаңарады,түрленеді.

Кәрі дала жасанып гүлденеді.

Жан дүниемде ғажап сезім оянады,

Ой да қыр да алуан түске боянады.

Айбол:Наурыз өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінде«нау» жаңа,«рыз»күн деген сөздерден шығып,жылдың бірінші күнін білдірген.Бұл күні күн мен түн теңеліп,жан-жануарлар төлдеп,адамдардың ауызы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн.

Томирис:Қош келдің Наурызым,ардақты

Халқым саған бар үмітін арнапты

Жылда осылай келе бергің жасарып,

Гүлге орап,күнге орап жан-жақты

Данияр:Наурыз келді, Наурыз келді ағайын

Құшырлана құшағымды жазайын

Көктем шыға күлімсіреп көк аспан

Әнге толды ,күйге толды маңайым

Бағлан:Құт береке Наурыз айым келді деп

Жер түледі ,жасыл желек желбіреп

Айналайын атамекен кең далам

Толықсиды нұрға балқып елжіреп.

Айым:Наурыз келді жайраң қақты таң күліп

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым

Сен, өмірдің көктемісң мәңгілік

Бейбарыс:Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн өткен

Жарығыңмен,шуағыңмен күн ана

Алып келдің жер бетіне гүл көктем

(хор«Наурыз-Думан»)

бата:Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Жас ұрпақ өмірлі болсын

Әр күнің көңілді болсын

Мерейлерің тым биік болсын

Білімдерің аса терең болсын

Жетістіктерің орасан зор болсын

Бағаларың өте жақсы болсын

Аспандарың ашық болсын

Дұшпандарың қашық болсын

Әумин

Сүндет:Жыр силаған,нұр силаған тірлікке

Қастерледік қадіріңді білдік те

Құтты болсын Ұлы күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен тірлікке


4-БӨЛІМ. Көрініс.

Айбол:Ия Наурыз тойына жиналған халайық. Ойын тойымызды жалғастырайық. Той тойға ұлассын. Бүгінгі күн-салт дәстүріміздіжаңғыртып, көсегеміз көгерген күн.

Сүндет:Айтпақшы ,достым.бүгін Жамила әженің үйінде қуаныш тойболады деп естідім. Ендеше бекер тұрмайық қызықтан құр қалма деген тамашалайық. Кеттік.

Атасы:Ой,кемпір оның-мұның дайын болды ма? Жақсы хабар жетсімен опынып қалып жүрмеңдер.

Әжесі:Ой,байғұс ай,тек құлынымның жаны қалсын десейші.Өзгесін сонан соң көре жатармыз.

(бір топ бала шығып)

-сүйінші,сүйінші

-алақай,алақай

-дүниеге жас нәресте келді

-көкем ұлды болды

-әпкем ұл туды

-ата ,әже сүйінші,өмірге немерелеріңіз келді

-ақ түйенің қарны жарылды

Әжесі:Не дейді?Шын айтйп тұрсыңдар ма? Құлыным ай!

Атасы:Рахмет қарақтарым!Міне сүйіншілерің. Алыңдар, қарақтарым ала қойыңдар.

Әжесі:Алыңдар ,құлындарым қуаныш бәрімізге ортақ.

Келіншек:Ата,әже немерелеріңді әкеле жатырмын

Қонақ әже:Немерелеріңіздің бауы берік болсын

Атасы:Қарақтарым орта толсын.

Әжесі:Ой,құлыным-ай,өмір жолың ұзақ болғай. Тіл мен көзден аман болғай. Тіфә,тіфә. Құлыным аунымаған атасы ғой. Ал атасы немереңді сен ал қолыңа.

Қонақ әже:Жо-жоқ кезекті алдымен бізге бер. Біз атасынан көрімдік алайық.

Әжесі:Алыңдар,алыңдар,міне атасы екеуміздің көрімдігіміз. Төрлетіңіздер,отырыңыздар,құрметті қонақтар.Дәмнен ауыз тиіңіздер. Бүгін біздің үйімізде той-думан,немереміздің дүниеге келген күні.

Атасы:Құлыным үлкен жігіт бол

Халыққа сенім үміт бол

Ата-анаңа баршаға

Ұлы бақыт қызық бол

Анық ойлы шешен бол

Ел бастаушы көскм бол

Қорғансызға қамқор бол

Елеусізге шешен бол

Бар қазақтың ұлы бол

Көп қауымның дүрі бол

Өзің берік бұтағым

Қайда жүрсең тірі бол

ӘУМИН

Әжесі:Құрбыларым,келін,сіңілілерім,ата-бабамыздан қалған дәстүр бойыншабала туған күні сол жанұяда той болып,қалжа сойылады. Қалжа дәмінен ала отырыңыздар.

Қонақ әже:Тілектеріңізді тәңірім қабыл етсін. Айтпақшы ауылдың алты ауызын айтайық

Келіні:Ия,ауылдың алты ауызын айтқанға әжемнің сыйлығы бар

Қонақ әже:Жарайды,қоймадыңдар ғой,айтсам айтайын.Дүниедегі ең қымбат жан-Ана. Ана баланы өмірге әкеледі.Ана балаға өмір бойы қамқор болады. Ендеше ана туралы жырлайық.

(Ана туралы жыр айтылады.)

Әжесі:Құрбым дауысың керемет екен. Менің немереме жұғысты болсын. Мына сыйлығымды шын жүректен беріп отырмын,қабыл алыңыз.

Қонақ әже:Рахмет Жәмила әже. Немереңіздің өмір жасы ұзақ болсын. Амандық болса әлі талай осы үйден қуаныштарда кездесерміз.

Қонақтар:Ия біраз отырдық. Енді мына дәмге, өмірге келген жас сәбиге ақ батамызды берейік

Қонақ ата:Тума бауы берік болсын

Сұлу күндей көрік болсын

Әкесі мен анасына

Тек жақсылық беріп болсын

Арманға биік шыға берсін

Көп сөздерге сынап ерсін

Өз елінің ұлы болып

Ата салтын ұға берсін

Дені сау болсын ауырмасын

Жарқын жүріп қауым барсын

Қазақ ұлы деген атқа

Өмір бойы айырмасын

Әумин

Әжесі:Немеремнің қызығына ортақболғандарыңа рахмет айтамын.Енді қырық күннен кейін шілдехана тойын жасамақ ойымыз бар. Ал мынау тойдан тобықтай деп сіздерге тойдан сарқыт бар. Қабыл алыңыздар.

Осындай той қазақта бола берсін

Көңілдерге жақсылық тола берсін

Азамат боп еліне біздің жігіт.

Тұғырына биіктен қона берсін.

Айбол:Тойға ұлассын тойыңыз деп айтамыз

Той тарқарда біз енді нені айтамыз

Сүндет:Нені білдік бұл тойда нені көрдік

Той иесіне енді біз рахмет айтамыз













Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров111
Номер материала ДВ-551671
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх