Инфоурок Другое Презентации"Қош келдің, Әз Наурыз"

"Қош келдің, Әз Наурыз"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қош келдің, Әз Наурыз!

(мерекелік концерт)

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы: Сагидан А.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз. Ендеше бүгінгі «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» мерекесіне арналған  концертімізге қош келдіңіздер!

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым.

 

2- жүргізуші:

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

 

1-жүргізуші:

Наурыз – достық, Наурыз – күн,

Барша халық бірлігі.

Тағы келді Ұлыс күн,

Жалғасып ғалам тірлігі,-дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Доскалиева Индира Каиргалиевнаға береміз!

 

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

Ән шашу «Отырардағы той» орындайтын Аманғалиев Бердіхан.

 

1-жүргізуші:

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

Қазақ биі орындайтын Әсем Дербісалықызы және Жиенбаева Перизат.

 

1-жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы!

Ән-шашу «Тойға тілек» орындайтын Аманғалиева Ұлмекен және Махамбетова Аяжан.

 

2 жүргізуші:
    Қадірлі жиналған қауім, ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанибет болар еді. Ендеше сіздің назарларыңызға қазақ халқының көне салт-дәстүрлерінің бірі «Құдаларды қарсы алу» рәсімін көрсетуге рұқсат етіңіздер.

 

2 жүргізуші:
Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды», « туар жыл нұрлы болады», « Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған. Ендеше осынау ұлы мерекеде сіздерге арналған «Сағындырған әндер-ай» концерттік бағдарламамызды тарту етеміз. Сіздердің назарларыңызға Бекетов Айдостың орындауындағы «Арыстың жағасында»ән шашуымызды ұсынамыз.

 

1 жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
Ән шашу«Ақ жайнақ» орындайтын Жиенбаева Перизат және Амандыкова Эльмира.

2 жүргізуші:
Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!
Ән«Саған халқым» орындайтын Маржан Мұсабаевна.

 

1 жүргізуші:

Досы үшін дос көнеді бейнетке,

Дос деген сөз ең қадірлі жер - көкте,

Жақсылардың айырылмас досы көп.

Қолын берген қиыншылық кездессе.
Ән шашу «Жан досым» орындайтын Алтынбек Серікбайұлы.

2 жүргізуші:

Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Ән шашу «Әгугай» орындайтын Исатаева Арайлым,Аблаева Аружан, Қапашева Айгерім.

1 жүргізуші:

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
 «Қазақ биі» орындайтын 2 «а» класс оқушылары.

 

2-жүргізуші:
Наурызым - тойлы нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ән шашу «Алға, қазақ жігіттері» орындайтын Дәулетов Темірлан және Аманғалиев Бердіхан.

 

1-жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем-дей келе 3-4 класс оқушыларының орындауындағы

«Қазақ биі».

 

1-жүргізуші:
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке,
Қызық думан құрамыз,-дей келе осымен «Қош келдің, Әз Наурыз» мерекелік концертімізді жабық деп жариялаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қош келдің, Әз Наурыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 054 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2016 1156
    • DOCX 19.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагидан Алтынбек Серикбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сагидан Алтынбек Серикбаевич
    Сагидан Алтынбек Серикбаевич
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 74712
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой