Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Қош келдің, әз Наурыз!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Қош келдің, әз Наурыз!"

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Қош келдің.docx

библиотека
материалов

Қош келдің әз Наурыз – 2016 жыл

І - бөлім «Бастауыш сынып» көктем көрінісі

І-бөлім:

hello_html_m467825a5.jpg

Қыс (Болатхан): - Армысыңдар, балалар! Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын!

Көктем келер, қыстыгүні қысым кетіп, 
Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп.
 
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,
 
Табиғат барша жанға рахым етіп.
 

  • Мінекей, жер бетін күн нұрына бөлеп, көктем мезгілі де келіп жетті. Менің сендермен қоштасатын уақытым келді. Биыл сендерге қатал мінезімді көрсеткен емеспін. Дегенменде әр мезгілдің өзіндік ерекшелігі бар ғой, иә балалар, маған өкпелерің жоқ шығар, ендеше мен кезекті «Көктем» мезгіліне бермекпін.

(осы кезде ортаға гүлдерін ертіп «Көктем» мен «Наурыз» шығады)

hello_html_m323794d2.jpg

Көктем (Арайлым): Нөкерлерім қасымда.

Ұлыс күнге,

Жеттім міне асыға.

Келген жылым,

Жақсылыққа басташы.

Қуанышпен әр үйдің,

Босағасын атташы.

Келген жылым,

Шуағыңмен, тасып от.

Адамдарды бір-біріне ғашық ет.

Келген жылым,

Болсын дәйім бақытты.

Мен тілеймін,

Баршаңызға шаттықты.

Наурыз (Саяжан):

Ақ атандай қалың қар шөккен мұзға,

Жатып алған жамбастап көптен сызға.

Кәрі қыстың қаһары қайтып қапты,

Бөркін шешіп бас иді көктем қызға.

Мен Наурызбын,

Көктемнің алғашқы айы.

«Наурыз» деп мына достар,

Ән бастайды.

Наурыз – думан,

Наурыз – той,

Наурыз – шаттық.

Жыл басы – Наурызымнан басталады.

Көктем (Арайлым):

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз.

Кел, жаңа жыл, жылымыз,

Ұлысымыз оң болсын!

Мешін жылы жол болсын!

Мешін (Елнұр): Мен мешін, жыл он екі айдың бірі болдым.

Жалғаймын қой жылының жора күнін.

Келдім мен ақ тілекті жалау етіп,

Нығманов мектебінің қонағымын.

Мен маймылмын, жақсы оқудың жалауымын,

Өнегелі тәртіптің алауымын,

Бұл мектептің, намысының бастауымын,

Бұл ауылдың алға сүйрер тарауымын.

Жүргізуші: Наурыз келсе,

Құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық. (шашу шашылады)


ән орындалады


Жүргізуші: Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!
 
Мал біткеннің бал татыған уызды,
 
Қуат болып қанымызға тарайды.
 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
 
«Аман ба» деп мал жаның?
 
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.
 

(ортаға Қызыр ата шығады)

Көктем(Арайлым): Қош келдіңіз, Қызыр ата!

(Қызыр ата бата береді).

Қызыр ата(Ғалымбек): Қош көрдік, балалар!

  • Ұлыс бақты болсын!

Әр күндерің жақсы болсын!

Ақ мол болсын!

Бәле жала жерге енсін!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Тамирис: Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Жанель: Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

Аружан:Наурыз тойы береке,

Наурыз тойы жыр-аңыз.

Қызық думан мереке,

Қызық думан құрамыз.


Ән: «Көктем, көктем, күн игі»



«Хош келдің, әз – Наурыз!» ІІ бөлім
О, жарандар, жарандар
Бәрің мұнда қараңдар
Наурыз тойы басталды,
Текке қарап тұрмаңдар
Әуелесін армандар
Үміті от боп жанғандар
Бақ дарып, Қызыр қарасын
Мерекеден қалмаңдар
1-жүргізуші: Шаттықтың бірге шалқып тасқынымен,
Жолықсын қариялар жас күнімен.
Үлгі алсын жас ұрпақтар, той бастайық,
Ежелгі ата - баба дәстүрімен
2 - жүргізуші: Ақынның шарықтасын асқақ әні,
Көтеріп жұрт көңілін тастағалы.
Ағайын жолыменен бұрынғының,
Отырмыз осы тойды бастағалы.
1- жүргізуші: Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінің Нау – жаңа, рыз – күн деген сөздерінен шыққан, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал, қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден наурыз айы, үшіншіден – ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады. Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күні» деп атаған.

1 - жүргізуші:

Жақсылықтың,достықтың күні бүгін

Тапшылықтың шықпасын үні бүгін

Наурыз күні ұлыстың ұлы күні

Тарту болсын достықтың гүлі бүгін


2 - жүргізуші: Көргенде қуанасың таза әуені
Құлаққа естілгендей жаз әуені
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызың құтты болсын – Қазақ елі!
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу - маржан шашайық!
Жиналған жұрт таң қалсын
Өнерден шашу шашайық!


Ән:.............................................................................
1 - жүргізуші: Наурыз – жаңа жылды қарсы алудың қазағымның ең бірінші салты, таң сәулесі қылаң бере шырақ жағып, үй ішін аластаудан басталады.
Ұлыстың ұлы Күн - Ана дүниеге өзінің сәулесін, нұрын, құтын құяды. Ол нұр, құтын көкжиектен көтерілген бастапқы алғашқы екі сағат мерзімде ерекше қасиетті мол ырыста болады деп есетеледі. Сондықтан Ұлыстың ұлы күні атқан таңды, шыққан күнді маңдайын тосып қарсы алған екен Ақ жаулықты аналарымыз, ендеше ағайын әжелерді ортаға шақырайық

Әжелер шығады.

Уа, халайық,

Зарыға күткен жыл келді

Алас,алас,алас

Жаңа жыл жарылқа

Ескі жыл есірке

Менің ұрпақтарымды аман ет

Пәле жаладан сақтай гөр

Жамандық әрі кет,кет

Жаңа- жылда жарылқа ,Тоқшылық толастама

Алас, алас, пәле жаладан қалас

2 - жүргізуші: Уа, халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық.
( әжелер шығып шашуларын шашады)

1 - жүргізуші: Ал, халайық тұрмайық
Әндетейік жырлайық
Ортамызды ашайық
Думандатып би - билеп
Інжу- маржан шашайық.
Ән: «Наурыз»
2 - жүргізуші: - Баба, халқымыздың салтында кез - келген той - томалақтың, ойын - күлкісіз думансыз өтпесі белгілі. Ал сол ойын - күлкінің көркі сәні болған Алдаркөсе, Қожанасыр, Тазша балаларды ұмытпаған боларсыз. Бүгінгі тойымызға сол кісілер келіп отыр. Соларды ортаға шақырып қызықтарын тамашаласақ қайтеді?

Алдар мен Қожанасыр тобы

1 - жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өркендерге тамсанайық,
Аңыз бен ертегіден бізге жеткен
Алдар мен Қожанасыр тобын қарсы алайық

Әндетіп Алдар келе жатады.(муз мен Алдыр)

Қожанасыр: Иә, Алдар көңіл-күйің жақсы екен, амансың ба?

Алдар: Аманбысың шуақты көктем!Наурыз мейрамы құтты болсын.

Иә, сараң байды алдап,мінекей наурыз мейрамына жаңа шапан киіп көңілді келем.

Қожанасыр: ,Ендеше, ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал,наурыз мейрамың құтты болсын!

Алдар: Рахмет көктем ! Мен сендерге құр қол келген жоқпын.Ұлттық ойындардың бірі асық ату ойын ойнауға бір дорба асықтар ала келдім. (Асық ойыны)

Жүргізуші-наурыз:: Рахмет, саған Алдар .Ойының балаларға өте ұнады.

Алдар: Рахмет

( 6,7 сыныптар ұлттық ойындар )

hello_html_5ecf4b46.jpg


2 - жүргізуші: Наурызым! Байлық – берекем!
Өзіңмен ғана ел екем!
Бар болғаны, ол сен жоқта,
Қол жетпейтін жер екен.


Ән................................................................


1 - жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен

Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем

Жарығыңмен шуағыңмен күн- ана

Алып келдің, жер бетіне гүл көктем

Мың бұралған бишілерді қарсы алайық


«Алтыным» биі


2 - жүргізуші:

Ұл, қыз өсіп балалар тұр ержеткен

Алдарыңда бозбала мен бойжеткен

8 сынып оқушылары « Бозбала мен бойжеткен» сайысы

Бозбала мен бойжеткен

Мақсаты: Оқушылар арасынан қабілетті, өнерлі, ынталы, жігерлі жеткіншектерді анықтау; ұлтымыздың салт - дәстүрін құрметтеуге, тілімізді сүюге, тапқырлық пен шешендікке тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе қағаздар, асықтар.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі 8 - сыныптың 4 жігіті мен 4 бойжеткені арасында өткізілгелі тұрған «Бозбала мен бойжеткен» сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.


Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып, тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық,-
деп сайысқа қатысатын бойжеткендерді ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Ата жолын жалғамақ.
Ел дәстүрін қолдамақ.
Жігіттер шықсын ортаға, -
деп жігіттерді ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр – шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса, нақ сын айтар, -
демекші, кез - келген сайыс бағалануы тиіс. Яғни, сайыстың ара - жігін ажыратып, әділдік айтып, тура шешім қабылдайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
(Құрамы үш адамнан тұратын қазылар алқасы сайланады)
Бұл сайыс барысында қатысушы қыз - жігіттер сайыс шарттарын орындауы тиіс, өз бойындағы өнерін, тапқырлығын, шешендігін көрсете білген жұп қана «нағыз бозбала мен бойжеткен» атағын жеңіп алады.

Жүргізуші:
Құрметті сайыскерлер, алдымен, мына қоржыннан асық таңдап алып, кезек номерлеріңізді анықтаймыз.
Номерімізді анықтап алдық, ендеше, орындарыңызға жайғасуларыңызға болады. (Әр жұп номерлеріне сәйкес орындарына отырады)
Сайыс бөлімдері:
1. Сәлем - сөздің анасы демекші бірінші кезеңімізде әр жұп бірін бірі таныстыруы керек.

2. «Ұшқыр ой» әр жұпқа сұрақ қойылады

3. «Өнерлі өрге жүзер»

4. Тапсырмалар беріледі: қыздар ою ояды, ұлдар қамшы өреді

5. Наурыз дастарханы

«Сәлем - сөздің анасы» бөлімі

Жүргізуші:
Армысың, айналайын дархан халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
«Сәлем – сөздің анасы» деген халқым.
Топ алдына шыққанда басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Өнерлерін паш етер сайыскерлермен,
Сәт те келіп қалғандай танысатын,-
Әр жұп өздерін таныстырады.


«Ұшқыр ой» бөлімі


Жүргізуші: Халқымызда «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа», «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды» деген сөздер бар.

Жүргізуші: Олай болса, сайыскерлеріміздің ... білімін байқап көрелік. (Сұрақ-жауап)

1. Әуеден ұшқан бұлдырық

Құбыладан соққан ызғырық

Жатқа кетіп барамын

Жаратқан соң қыз қылып.

Атасы жақсы құл болмас,

Анасы жақсы күң болмас.

Оң жақтан кетіп барамын,

Қыз еркелеп ұл болмас.

Қандай салт дәстүрден алынған үзінді?

(Қоштасу)


2. Есік ашар дәстүрі туралы айтып бер.

(Күйеу жігіт келіншегін алып, үйлену тойы өткен соң келісілген уақытта өзі қатарлас жас жігіттермен ата-енесінің үйіне келеді. Мұны халық әдебиетінде күйеудің алғаш есік аша келуі дейді)


3. Әдетте қарт аталар мен әжелер алғашқы немересін немесе жақын кісілер өз туыстарының баласын қолына алып, өз баласындай тәрбиелеп өсіреді, қолқанат қылады. Бұл дәстүр қалай аталады?

(Бауырына салу)


4. Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

(Байғазы)


5. Аузына түкірту қандай ырым?

(Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, т.б. елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп немесе оның отырған орнына аунатып алатын болған. Оның мақсаты – сәби сол адамдай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан шыққан)

6. Кең байтақ Қазақстан даласында салт-дәстүрдің қызықты түрлері көп. Соның бірі «біз шаншар». Еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында «хабаршы» орнына осы «біз шаншар» салты қолданылады. Бұл қандай салт?

(Ақсақал-қарасақалдар аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдет бойынша ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерді қарап одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қыз бар, құда болайық» дегенді білдіреді.)


7. Ауызбастырық деген не?

(Біреуді сөзбен жығып, ұтып оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда немесе өткір әзіл тастағанда (немесе ұятты іс істегенде) ұтылған адам өзінше әлгі сөзді басқа адамға таратпау үшін «ауызбастырық» береді.)

8. Ақ тілеудің белгісі – бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлеген. Батаның қандай түрлерін білесіңдер?

(Жас талапкерге бата, дастарханға бата, алғыс батасы, жаңа айдың батасы, наурыз батасы)

9. Сыралғы дегеніміз не?

(Олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан немесе саятшыдан кездескенде сұралатын дәстүрлі, кәделі жол әрі ырым. Мәрт аңшылар мұндайда «сыралғы» сұрағанның сөзін жерге тастамаған)


10. Атадан балаға мұра болып қалған үй «киелі үй» деп саналады. Оны қалай атайды?

(Қарашаңырақ)


11. А.Байтұрсыновтың

Келгенінше құттықтап бірін-бірі,

Қуанышта көрісіп кәрі-жасы

Көңілі түгел адамның сен келген соң,

Самарқанның елжіреп түскен тасы

өлең жолдарында қандай салт-дәстүр суреттелген?

(Наурыз күніне байланысты сөз. Аңызда әйгілі астроном Ұлықбек обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-мыс. Бұл күні әр адам қателігі болса, кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе «бұл күні Самарқанның көк тасы да жібиді, сен тастан да қаттысың ба?» деп тоқтатады екен)


12. Мінгені пайғампардың көк атан-ды,

Көп тұрсақ әрбір үйде таң атады.

Арқасында ақ атанның жауыры бар,

Баратын бұдан былай ауылым бар.

Мұхамбет үмбеті айтқан жарапазан,

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.

үзіндісі қай өлеңнен алынған? Бұл өлең қай уақытта айтылады?

(Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір жарты шүберек, басқа да сол сияқты нәрселер береді).

«Өнерлі өрге жүзер» бөлімі

Жүргізуші: «Өнерлі өрге жүзер» дейді халқым,
Өнерлі болсаң егер бұл да бір сын.
Қане жұртым көрелік өнерлерін,
Қағып таңдай, тамсанып, десіп шіркін, -
Біздің сайыскерлеріміздің бірі ән айтса, бірі билейді, бірі күй тартса, бірінің ағаштан түйін түйетін шеберлігі бар.
Ендеше, әр жұптың өз бойларындағы өнерлерін тамашалайық.


Тапсырмалар беріледі: қыздар ою ояды, ұлдар қамшы өреді

Жүргізуші: Ата-бабамыз «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» болсын деп, бозбала бойына билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты өнерлерді дарытып отырса, «Қызға қырық өнер де аз» деп, қыз баланы жастайынан кесте тігу, киім тігу, ою оя білу, ас әзірлеу сияқты алуан түрлі өнерге баулып отырған, олай болса, сайысымыздың келесі шарты бойынша сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап көрелік. Қыздар ою ояды, ұлдар қамшы өреді.

Наурыз дастарханы

Жүргізуші: Міне, біздер анықтадық тұлпарды,

Айта алмаспыз, міне, мынау кеш қалды.

Риза боп уәжісіне әділқазы алқасы

Құттықтаймыз нәтижемен озып шыққан тұлпарды, -

дей келе, жеңімпаздарды марапаттау үшін әділқазылар төрағасын шақырамыз.


Жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер

Ой білісті, бақ сынасты үміткерлер

Осымен бұл сайысты тәмамдасақ

Тағы да жүздесерміз Сіздерменен белестерде.

Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет.


hello_html_4c216455.jpg


hello_html_7bc57b60.jpg


1-жүргізуші:

Береке ,бірлік,бақ тілеп

Бой сергітер жақсы леп

Тұрмысы шалқып халқымның

Қабыл болсын ақ тілек.

Ән не би

2-жүргізуші:

Ата сөзі қасиетті киелі

Ата сөзі жанға жайлы тиеді

Ата сөзі өміріме өнеге

Ата сөзі тек шындықты сүйеді


Алдарыңызда қазақ халқының кемеңгерлері үш биі ауылын қарсы алайық.

«Төле би» «Әйтеке би» «Қаз дауысты Қазбек би» ауылының өнерлерін тамашалайық.

9 сынып

  1. Шешендік сөздер

  2. Әдет- ғұрыптар (Тұсаукесер, сет еткізер, бастаңғы )

  3. Наурызға шашу


hello_html_m51d870c4.jpg


1-жүргізуші:

Бауырласқа тәнтіміз

Бұзылмасын антымыз

Достығымыз жарасқан

Біз әр ұлттың халқымыз.


5 сынып Достық биі


2-жүргізуші:

Ажарын әншілердің ән ашады.

Күйшінің көңіл күйін күй ашады.

Өнерің болса егер бойыңызда

Айтысу өнеріде жарасады


Қыз бен жігіт айтысы


1-жүргізуші:

Ортаға балдырған айтыскерлер Қабдыуахит Нұрай мен Қимаш Ерсұлтанды шақырамыз.


hello_html_m13d7be16.png



2-жүргізуші:

Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке,
Қызық думан құрамыз- деп ендігі кезекті «Ағам және мен» сайысын көруге шақырамыз.

1.Таныстыру

2.Өнерлінің өрісі кең

Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.

3.Ағалар сайысы қол курес , гир көтеру


4. Іні- қарындастары а ) шешендік сөздер
ә)Жалғасын тап


Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады.
Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.

  1. Әдепті бала – арлы бала,
    .............................................

    Өлеңді жалғастыр
    ................. тоңбаймын,
    .................. қорғаймын.
    Ойынға бір. ..................
    Секеңдеуді . ....................

    2) Таулы жер бұлақсыз болмас,
    ...................................................
    Өлеңді жалғастыр.
    ..................... сайрайды,
    ..................... жайнайды.
    ...................... құлпырып,
    ....................... сыйлайды.
    3) Бір тал кессең -. .........................
    Өлеңді жалғастыр.
    ................. атпаймыз,
    ................. сатпаймыз.
    .................. қорғаймыз,
    ................. ақтаймыз.

    5. Жаңбырмен жер көгерер.

  2. Батамен ер көгерер деп - келесі кезекте ағалары Наурызбата беруден жарысады.
    hello_html_3e01c253.jpg

ән


1 - жүргізуші:

Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.


2 - жүргізуші:

Жақсылықтың,достықтың күні бугін

Тапшылықтың шықпасын үні бүгін

Наурыз күні,Ұлыстың ұлы күні

Тарту болсын достықтың гүлі бүгін

1 - жүргізуші:

Қазақ дейтін халқымыз

Кетер өрлеп даңқымыз

Өзге ұлттай біздіңде

Бар дәстүр мен салтымыз


Келесі кезекте 10-11 сынып оқушыларының «Қыз айттыру» дәстүрін тамашалайық


2-жүргізуші:
Наурыз тойын тойлайық , міне ағайын
Амандықпен туа берсін күн сайын
Бақыт тілеп, бақ тілеп халқымызға
Мерекені бүгінгімен жабайын
Молшылық пен тыныштық боп жерімізде
Бейбітшілік нық болсын елімізде
Достық пенен жайнай берсін Отанымыз
Желбіресін қазақ туы көгімізде.


Ән қосылсын әніңе


1 - жүргізуші: Жиналған құрметті қауым! Келесі наурызда да төрт көзіміз түгел, уайым - қайғысыз амандықпен кездесейік. Бас аман, бауыр бүтін болсын!

Автор
Дата добавления 10.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров72
Номер материала ДБ-073608
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх