Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Қош келдің, Әз Наурыз!" (Сыныптан тыс шара)

"Қош келдің, Әз Наурыз!" (Сыныптан тыс шара)

Скачать материал

 

 

Тақырыбы:  Қош келдің  - Әз Наурыз!

  Зал іші мерекеге сай безендірілген. Музыка әуенімен балалар залға кіріп, жарты шеңбер болып сахна төріне тұрады.

  Жүргізуші:

Наурыз  мейрам  жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.

Жарығымен, шуағымен Күн – Ана,

Алып келдің, жер бетіне гүл көктем! – деп ақындар жырлағандай,

 Құрметті ата – аналар, ертеңгілігіміздің қонақтары,бүлдіршіндер!

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш сыйласын!                                                                                       

«Бәйтерек» тобы бүлдіршіндерінің «Қош келдің, әз Наурыз!» атты ертеңгілігін бастаймыз. Ортаға сән – салтанатымен «Наурыз»  келеді.

Наурыз:  Жайнатамын бар гүлді,                                                                                

                Сайратамын бұлбұлды.

                Төгілтіп ән – күй жырды,

                Мейрамдайық бұл күнді.

                Тіршіліктің бастауы,

                Наурыз айы мен болам!

Жүргізуші: Қош келдің, Наурызым ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе берші жаңарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп  аймақты.  Наурыз айы, наурыз мейрамын бізбен бірге тойлаңыз  Біздің балалардың  әдемі әнін тамашалаңыз.

                               Ән: «Наурыз – біздің жаңа жыл!».

Наурыз: Рахмет, өнерлерің үстем болсын!

Ұлыс күнге жеттім міне, асыға.

               Келген жылым жақсылыққа басташы.

               Қуанышпен әр үйдің,

               Босағасын атташы.                                                                                             

               Тыңдаңыздар енді халқым,

               Жыл иесі маймылды.

Осы кезде музыка ойналып маймыл жылы кіреді.

Маймыл жылы:

         Мен жаңа жыл маймыл жылы боламын,      

         Жалғаймын жылқы жылын.

         Келдім мен ақ тілекті жалау етіп,

        «Бәйтерек» тобының қонағымын.

Жүргізуші:

         Қош келдің, маймыл жылы, Еліме бақыт жылы, құт жылы, бейбіт жылы боп кір, төрге шық.

Қазір біздің балаларымыздың  әдемі тақпақтары өздеріңе арналады.

Ортаға Бексұлтан, Санжар, Қарлығаш, Інжу, Адина, Аринаны  шақырамыз.

1.       Бексұлтан:

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр, аңыз.

Қызық дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.

     2.Санжар:

         Ұлы күні – Ұлыстың,

          Күн мен түнді теңеген.

          Тәтті дәмін ырыстың,

           Таттық наурыз көжеден.

3.Қарлығаш:

Наурызды халқымыз,

Жыл басы деп санайды.

Көнермеген салтымыз,

Көп елдерге тарайды.

4    Інжу:

Наурыз, наурыз - сәніміз, 

Наурыз біздің әніміз.

Наурыз тойда күліп – ойнап,

           Ән шырқайық бәріміз.

5   Адина:

Күн күліп көктен,

Шуағын төккен.

Келді Наурызым,

Сағынып күткен.

       6. Арина:

Наурыз айы - гүл айы,

Наурыз айы  - нұр айы.

Наурыз айда халқымның,

Құлпыра түсер шырайы.

Наурыз айы мен маймыл жылы:

Рахмет, балалар! Балалар енді мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.

-Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Балалар: ( арқан тартыс, көкпар, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу)

Наурыз: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, қазір біз теңге алу ойынын ойнап көрейік. Ойынның шартын түсіндіру.

Ойын: «Теңге алу».

Маймыл жылы: Жарайсыңдар, өте жақсы ойнадыңдар. Біз сендердің әдемі тақпақтарыңды, әндеріңді тамашаладық. Біздің басқа да балаларға баруымыз керек, келесі наурызға дейін сау болыңдар.

( Наурыз бен маймыл жылы қоштасып шығып кетеді).

Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні адамдар барлық өкпе – ренішті ұмытып, қыдырып жүреді екен, балалар бізге де қонақ келе жатқан сияқты. Аңызбен, ертегімен бізге жеткен құрметті қонақты қарсы алайық.

( Осы кезде әуенмен залға Алдар көсе келеді).

Мен  Алдармын, Алдармын,

Досымын адал жандардың.

Жақсыға талай серік боп,

Жамандарды алдадым.

А – а – а – е – е – е – деп ортада біреуді іздегендей болып тұрады.

Жүргізуші:  Алдеке кімді іздеп тұрсыз?

Алдар көсе:  Алдайтын адам іздеп тұрмын.

Жүргізуші: Алдеке бүгін біздің балабақшада Ұлыстың ұлы күні  Наурыз мейрамы тойланып жатыр. Біздің батырларымыз бен сұлуларымыз өз өнерлерін ортаға салып жатыр. Бізбен бірге мерекені тойлауға қалыңыз. Қазір біздің сұлу қыздарымыз «Қамажай» биін билеп береді.

Алдар көсе: Ой, неткен өнерлі балалар, жарайсыңдар!

Енді ортаға мерекеге арналған тақпақтарын  айтуға Әділет, Шыңғыс, Ерасыл,  Мирхан, Ернұр, Дамир, Диас, Адияны  шақырамыз.

1.Әділет:

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

         Дастарқанына елімнің,

         Береке – ырыс сыйлашы.

2.Шыңғыс:

Наурыз тойы – тамаша,

Наурыз тойы – жаңаша.

Табиғатта тамаша,

 Тамылжып тұр жараса.

3.Ерасыл.

Жақсы тілек айтамыз,

Наурыз құтты болсын деп.

Жаңа жылда сіздерді,

Қуанышқа толсын деп.

4.Мирхан.

О, Ағайын, ағайын,

 Думанға толы маңайың.

 Мереке болып келіп тұр,

Наурыз айы – бал айың.

5.Ернұр:

Салтымен ата – бабамның,

Жаңғырды қайта заманым.

Жаңа жыл басы – бұл Наурыз,

Қайырлы болсын қадамың.

6.Дамир:

Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

 Қуаныш сыйлап еліме,

 Күлімде, наурыз, күлімде.

7.Диас.

Осыншама жақсылық,

Алып келген наурызым.

Төрлет, бізге нұр беріп,

Шуақ шашып, ақ жүзің.

8.Адия:

Ата – бабам тойлаған,

Наурызым армысың!

Қызығына тоймаған,

Дархан дала, қарлы шың!

 

Алдар көсе: Неткен өнерлі балалар! Енді  мен бір ойын ойнағым келіп тұр, бірақ сендермен емес сендердің аналарыңмен ойын ойнағым келіп тұр. Ортаға үш – төрт ата – ана шыға қойыңдар.

Алдар көсе: Ендеше қазір сендермен «Кім жылдам?» ойынын ойнайық.

Шартын түсіндіру.

 Ойын: «Кім жылдам?».

Алдар көсе: Ой,сендер өте шапшаң, тапқыр екенсіңдер. Жарайсыңдар неткен өнерлі едіңдер.

Ендеше мені басқа да балалар күтіп қалған шығар, соларға тездетіп барайын. Сау болыңдар, балалар.

Жүргізуші. Алдар көсе біздің балаларды алдамай, олармен бірге ойын ойнағаның үшін саған да рахмет! 

Осы кезде әуенмен әже кіреді.

Әже: Наурыз тойы құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.Ұлыс бақты болсын, әр күндерің жақсы болсын! Ақ мол болсын, төрт – түлік ақты болсын, қайда барса жол болсын!

(шашу шашады).

Қолын көлегейлеп: Менің немерелерімнің бәрі осында екен ғой.

Жүргізуші: Армысыз, әже, мереке күні жақсы келдіңіз, бізбен бірге болып немерелеріңіздің өнерін тамашалаңыз.Төрге шығып  отырыңыз. Қазір немерелеріңіз сізге «Әжетайым» әнін айтып береді.

Әже: Ой, өркендерің өссін, қарақтарым.

Ән  аяқтала  қолында оралған кішкене бөпесі бар жас келін кіреді.

Келін: Армысыздар, халайық, Армысыз әже!

Бүгін менің кішкене сәбиімді бесікке салу рәсімін сізге жолдасам ба деп едім.

Әже: Рахмет айналайын, өркенің өссін. Жарайды қазір мен нәрестеңді бесікке салу рәсімін жасайын.

«Бесікке салу».

Жүргізуші: Міне, әжемізден біз керемет баланы бесікке салу дәстүрі туралы білдік. Енді әжемізден ауылдың алты ауызын сұрайық.

Ән: «Қазағымның  дәстүрлері».

Енді біздің ұлдар өзіңізге арнап «Қамшы» биін билеп береді.

Әже: Мен немерелерімнің әндерін, билерін тамашаладым. Енді қыздарымның бір өнерлерін көрсем деп едім.

Жүргізуші: Олай болса қазір қыздарыңыз әдемілеп сізге құрақ көрпе жасап береді.

Шартын түсіндіру.

Ойын: «Көрпе құрау».

Әже: Өркендерің өссін! Мен енді кетейін.

Жүргізуші: Олай болса, әже,

Жаңбырменен жер көгерер,

Батаменен ел көгерер – деген ақ батаңызды беріңіз.

Әже: Рахмет, балаларым!

Бер десең бата берейін,

Уа, халқым қол жайғын.

 Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,

Айналайын дарын болыңдар,

Сөнбейтұғын жалын болыңдар.

Балабақшаның нұры болыңдар!  Әумин.

Жүргізуші: Рахмет, әже. Айтқаныңыз келсін.

Әже: Сау болыңдар, балалар! Келесі наурызға дейін  аман болыңдар!

Жүргізуші: Бүгінгі  «Қош келдің, әз Наурыз»  атты ертеңгілігімізді «Көктем – біздің жаңа жыл!»  әнімен аяқтаймыз.

Ән: «Көктем – біздің жаңа жыл!».

Жүргізуші: Келген  жыл сіздерге шаттық әкелсін!

                    Отанымызға береке, байлық әкелсін!

                    Мерекелеріңіз құтты болсын!  

Бүгінгі «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Сау болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қош келдің, Әз Наурыз!" (Сыныптан тыс шара)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 343 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.07.2016 695
    • DOCX 18.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аташева Ардах Батыровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аташева Ардах Батыровна
    Аташева Ардах Батыровна
    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41705
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 150 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания архитектуры для детей дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Курс повышения квалификации

Теория и методика воспитательной работы в дошкольном образовательном учреждении

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 68 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 279 человек

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 50 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек