Сценарий
тақырыбы: Қош
келдің, әз Наурыз!
Сценарий
мақсаты: Наурыз
мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және
оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сценарий
көрнекілігі: нақыл,
қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі. Сценарий барысы:
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер
жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының
сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
2- жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші
құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты
болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық
әкелсін! Құттықтау сөзі Мортық орта
мектебінің директоры Байгонов Серік Сағындықұлына беріледі.
1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық! Ақ сандықты ашайық, Бұл мереке, бұл
тойдың Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады).
Зейнолла Дәурен ән
2- жүргізуші: Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын оқушылардың аузынан
Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:
1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан,
пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін
қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.
2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген
аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен
есіктерін ашып қояды.
3- оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның
етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға
айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер»,
«Діреткізер» деп атаған.
4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады.
Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа
күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын
Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың
басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.
2 -жүргізуші:Ұлыс күндеріңіз құтты болсын.Ата – бабаларымыздың
сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн».Бұл күні бабаларымыз бен
әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан Үлкен кішіге ақ баталарын
беріп ізгі тілек тілеген. 2 сынып
ата-аналары дайындап келген наурыз көжеден дәм татыңыз!
Гүлнұр:
Ал, құрметті
қонақтар!
Айналайын балалар!
Жеп - ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,
Шақырамын бәріңді
2-жүргізуші:
Наурыз
– достық, Наурыз – күн.
Барша
халық бірлігі.
Тағы
келді ұлыс күн.
Жалғасып
ғалам тірлігі.
Ортаға
1 сынып оқушыларын «қазақша » биімен шақырамыз
1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын
ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. (Даярлық топ ойын1)
2-жүргізуші:
Наурыз мерекесі құтты болсын. Міне мерекеге қыздар мен балдарымыз айтыс өнерін
алып келіп отыр. Қарсы алыныздар
1-жүргізуші:
Наурыз
келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл
болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа
жаршы болған Наурызым!
Сен
өмірдің көктемісің мәңгілік!
Біздің
әдемі 3 сыныптың қыздарын ортаға шақырайық. «қазақша» биі
1
сынып ойын
2-жүргізуші:
Жылдың басы –
Наурыз,
Жырдың басы –
Наурыз.
Наурызға айналсын
Бүгінгі жыр мен
әніміз.
4 сынып «наурыз
көктем» әнімен
1-жүргізуші:
Жаңарғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата салтын
бабамның
Алып келді Ұлыс
күн.
Тамаша
биді қарсы алыныздар. Қаражорға .Даярлық топ
3 сынып
ойын
2-жүргізуші:
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында
Орындалды ойларын,
Құтты болсын тойларың!
1 сынып «Наурыз
»әнің орындайды
1-жүргізуші:
Наурыз – көктем
тойымыз,
Той дәмі мол,
тойыңыз.
Күн ұзарар
жылынып,
Өсер біздің
бойымыз.
2 сынып қамажай
биі
4 сынып
ойын
2-жүргізуші:
Жақсылыққа қашанда
Жан баласы
тоймаған.
Жаңа жылдың басы
деп
Жылда бізбен
тойлаған.
3 сынып «Наурыз
мереке »әні
1-жүргізуші:
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзін үйімде.
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде!
4 сынып «Боз жорға»биі
2 сынып ойын
1-жүргізуші: Лағыл
Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Қыдыр баба адамдарға дәулет
беріп, бақ қондырады екен. Жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария
кейпінде көрінеді. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ.
2-жүргізуші: Уа,
халайық, қараңдар, Қыдыр ата келе жатыр.Ұлыс күнгі ұлы тілек, Қыдыр атаның ақ
батасы алатын болдық.
2-жүргізуші:
Арда өсіп, адал
емген ақ уызың,
Қалдырған
ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі
байрағын желбіретіп,
Көк түріктер
тойлаған Наурызым!
1 Жүр: Халқымыз
ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше
бағалаған. Келесі жылы да басымыз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық!
Қош сау болыңыздар.!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.